Минасипова Сағдат, Сұлтан Рамазан

Ш.Есенов атындағы №153  мектеп-лицей, Қазақстан, Қызылорда облысы

 

ОҚУ  БАРЫСЫНДАҒЫ ТАНЫМ  ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Әр  түрлі  еркін  назарды  қажет  ететін  мысалдар  мен операциялар  жиынтығының  күрделілігіне  және  оларды  шешуге  байланысты  деп  ойлауға  болады. Біз  еркін  назарды  қажет  ететін  кәдімгі  мысалдардың  бірін  шешу  кезінде,  осындай  операциялық  сараптама  жасап  және  оның  нәтижесін  тексергенде,  көрсетіліп  берілген  материал мен  белгілі  бір  үлгіні  салыстыру  варианты  зерттелді. Бұл  зерттеу  мектепте  табысты  оқудағы  психологиялық  алғы  шарттардың  бірі. Өйткені, оның  жоқ  болуы,  сөз, әріп,  және  цифрларды  жіберуі  мен  оларды  дұрыс  айта  алмауынан  көрінеді. Зерттеу  мынандай  үлгіде  құрылады: 1) Еркін  назары  жетіспейтін  балалар  іріктелінеді. 2) Оның  операцияны  іске  асыруына  қажетті  нәрселер  жиналады. 3) тест дайындалады. Баланың назарын  тексеріп,  зерттегенде,  іріктеу  мен  нәтижелерді  қайта  тестілеу үшін   классикалық  Бурдон  тестісінің  балаларға  арналған  түрі  қолданылады. Бұл  үлгі  еркін  түрде  балаларға  жақсы  таныс  және  қарапайым  пішіндер, мысалы  жұлдызша,  квадрат,  шеңбер,  үшбұрыш,  жарты  шеңбер,  жалауша  орналасқан  парақтан  тұрады. Зертеушілерге  белгілі  бір  фигураның  астын  сызу  ұсынылады. Тапсырманы  орындау  уақыты  шектелуі  мүмкін. Балалардың  назар  аудару  деңгейін,  жіберілген  қателерге  қарап  бағалайды. Мұндай  тапсырманы  орындау,  балалардан  төмендегідей  нәрселерді  талап  етеді: 1)  сызылуға  тиісті  бір  және  бірнеше  фигураларды  есте  сақтау, 2) парақтағы  әрбір  фигураны  берілген  заттармен  салыстыру. Осы  жолмен  беттегі  барлық  жол  қаралып  шығуы  тиіс. Берілген  фигураны  іштей  сақталуы  тиіс  екендігін,  ал  салыстырудың  ойша  елестетілген  фигура  бейнесі  арқылы  жүзеге  асатынын  атап  айтсақ,  сызылуы  тиіс  фигура  ұмытылған  жағдайда  немесе  жолдағы  барлық  фигуралар  тексерілмеген  жағдайда  туындауы  мүмкін. Соңғы  қателіктің  мүмкін  себебі,  жалпылама  қарау  немесе  әрбір  фигураны  сараптаудың  орнына, жәй  ғана  көз  жүгіртіп  шығу. Бұл  анықтама  көбіне  мектепке  дейінгі  балалардың  қателіктеріне  лайықты. Олардың  қабылдауында  көпке  дейін  бөлшектерді  анықтап   қарамай,  ойша  белгілерді  қамтуы  басым  болады. Мұндай  жалпы  қамту,заттарды  тануын  қамтамасыз  етеді,  яғни  қабылдаудың  негізгі  міндеттерін  атқарады. Алайда  ол  назарға  арналған  міндеті  атқаруға  мүмкіндік  бермейді. Осы  тұжырымдарды  тексеру  үшін  біз  балалардың  бойында  екі  көріністі  бөлшектеп  салыстыру  істерін  қалыптастырамыз. Мұның Бурдон  мәтінінен  айырмашылығы,  онда  балалар  ештеңені  сақтауды  керек  етпейді. Олар  тек  қана,  екі  қатар  қарапайым  көрініс  пен  заттарды  бөлшегімен  салысыру  істерін  қалыптастыруды  керек  етеді.

Тәжірибе  жүргізгенде    іріктеу    тестісінің  құрамында  үш  тапсырма  болады. Олар  бір-біріне  күрделілігі  мен  атқарылу  жолындағы  ішкі  істерге  деген  қажеттілігінің  әртүрлілігімен  ерекшеленеді. Бірінші  топтарда  балаларға  барлық  дөңгелектерді  бояп  шығу,  яғни  бір  фигураға  назар  аудару  ұсынылды. Мұны  орындау  үшін: 1) бір  фигураны  есте  сақтау, 2) бір  істі (баяу) есте  сақтау, 3) парақтағы  барлық  дөңгелектерді  көріп  алуы  керек. Екінші  топтарда  балалар  барлық  жалаушалар  мен  ұшбұрыштарды (үйшіктерді) бояуы  қажет,  яғни  назар  кеңістігінде,  екі  фигураны  есте  сақтауы  керек. Бұл  тапсырманы  орындау  үшін  мыналар  қажет: 1) бір  фигураны  есте  сақтау. 2) екінші  фигураны  есте  сақтау, 3) бір істі (баяу)  есте  сақтау.  Өз  істерін  осы  екі  тәсілдің  бірі  арқылы  ұйымдастыру-алдымен  бүкіл  парақты  сосын,  бірдей  фигураның  барлығын  тексеріп  шығу керек. Содан  кейін  екінші  фигураға  және  әр  тексергенде  екі  рет  тексеру  жүргізу қажет. Бірінші  жағдайда  шын  мәнінде  бірінші  тапсырманы  екі  рет  орындау  қажет  болады. Алдымен жалауша  үшін, кейін  үйшік  үшін. Екінші  фигураны  бояу  қажеттілігін,  бірінші  жұмыстың  соңына  дейін  есте  сақтау  қажет  болады. Екінші  тәсілде  жолдағы  әрбір  фигураны  тексеру  процесі  күрделенеді. Енді  оны  бір  талап-үлгімен  емес,  екіншісімен де  салыстырылу  қажет. Байқап  отырғанымыздай  тапсырма  кәдімгідей  күрделенуде. Үшінші  тапсырмада  балалар  баяғыша  екі  фигурамен   жұмыс  істеуі  керек. Бірақ біріншісі  бояу,  ал  екіншісі  қоршау. Тапсырма  тағы  бір  істі  есте  сақтау  қажеттілігімен  күрделенеді. Мысалы, балалар, 1) фигураны, 2) оны  ерекшелендіру  ісін /бояу/,  3) екінші  фигураны, 4) оны  ерекшелендірудің  жаңа  жолын /қоршау/  есте  сақтауы  керек. Бұл  тапсырманы  орындауда  жоғарыда  сипатталған  екі  тәсілдің  бірімен  іске  асырылады. Екінші  және  үшінші  тапсырмалардың,  бірінші  тапсырмалардан  айырмашылығы,  олардың  құрамын  есте  сақауға  арналған  қосымша  элементтері болады, яғни  істің  ұйымдастырылуы   күрделірек болып  келеді.

Біз  жүргізген  эксперименттен  байқағанымыз,  балалардың  басым  бөлігі  төрт  элементтен  тұратын  тапсырмаларды  орындауда  қиыншылықтар  туғаны  байқалды. Бұл  мәліметтер,  арнайы  сабақтардың  санын  екі  есе  көбейтуге  әкелді. Тек  жаңа  әдістерді  игеру  арқылы  балаларға  бес  элементтен  тұратын  тапсырмаларды  орындауға  арналған  сабақтар  саны,  басқа  сериялармен  салыстырғанда  аз  болды. Жаңа  әдістерді  игерудің  көрсеткіштерінен  бақылау  жүргізу  кезінде байқалғаны, қайта  тестілеуде  алғашқы  үш  серия    болғанымен,  басқа  фигураларды да  ерекшелеу  керек болды. Дайындалған  мәліметтерге  қарағанда  қалыптасқан  тәжірибелер  пайдалы  екендігі  анықталды. Бір  тапсырманы  орындауда  балалардың  қате  жіберу  көрсеткіштері  төрт-жеті  есе  азайған,  ал  кейбіреуінде 1,5 есе болған. Бурдон  тестісіндегі  бірінші және  екінші  қатардағы  фигураларды  ерекшелеу  үшін  балалар  фигураларды  естерінде  сақтай  алмайды. Берілген  фигураларды,  фигураларға  сәйкес  рет-ретімен  орнату,  балалардың  барлығын  алдын-ала  ойда  сақтауын  талап  етеді.  Біздің  байқауымызша осы  тестпен  балаларға  басқаша  жұмыс істеу  қиынға  соғады.