Әбуұлы С.
К.Сабиров атындағы
орта мектеп, Қазақстан, Қызылорда облысы
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ
ЖАСТАҒЫ
БАЛАЛАРДЫҢ ИНТЕЛЛЕКТ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
Интеллект -
қоршаған ортаға және
мәдениетке жемісті бейімделуге
қажетті
дағдыларды меңгеру мен
оны қабылдау қабілеті болып табылады. Біз
үшін
интеллектінің анықтамасы ең
құнды болып саналады.
Мәдениет
әлеуметтік
өзара
әрекеттесу және моторикалық жұқа
координация тұрғыдан денелік
даярлықтың,
математикалық, мнемоникалық
және т. б. дағдыларды талаптануы
мүмкін. Әр түрлі
мәдениетке бейімделуге қажетті қабілеттердің
көлемі кең болғандықтан, бір
мәдениетіндегі
жоғары интеллектісі бар
адамның ерекшеліктері басқа
мәдениетіндегі
жоғары интеллектілі адамға қарағанда
сапалы болуы мүмкін. Мысалы,
қазіргі Америкада тілге,
әдебиетке және математикаға көп
көңіл
бөлінеді.
Олардың айтуынша, осы
саладағы
адамның білімі мол
болса, онда ол
басқа салалардан білімді
адамға
қарағанда
интеллектісі жоғары деңгейде дамыған деп санайды.
Ал Калахариядан (Оңтүстік Америка)
кунг-сан халқында керісінше,
бұнда бірінші орынға аңшылық
шеберлігі бар адамдарды
қояды, ал Тынық
мұхитының
оңтүстігінде
навигаторлық таланты ерекше
бағаланады.
Қандай
қабілеттер ерекше
бағаланатыны белгілі бір
қоғамда
қалыптасқан
түсініктер мен
наным-сенімдеріне,
және өмір сүру
жағдайда тірі қалуына қажетті
нәрселерге байланысты болады.
Алғашқыда интеллект
жалпы жете білушілік
ретінде қарастырылды, яғни
кең ауқымды байқалатын қабілеттілікті
көрсетті. Бірақ уақыт
өткен сайын әр түрлі
қабілеттер міндетті түрде
біртұтас етіп құрылмайды деген
пікірді жақтайтындар жоғарыда айтылған
көзқарасты
жоққа
шығарды. Интеллект көптеген мәселелерді
шешуде айқын көрінетін жалпы қабілет немесе
арнайы танымдық қабілеттер жиынтығы болып табылады
ма? деген сұрақ бірнеше жылдар бойы
шешілмей жүр.
Бұл сұрақтың бір
жауабы болмаса да,
көпшілік психологтар адамдар
бір-бірінен белгілі бір
қабілеттердің
айқын көріну деңгейімен ерекшеленеді деген пікірге
келіседі. Бір балалардың сөздік
интеллектінің
деңгейі жоғары, екіншілерде кеңістіктік ойлауы
жақсы дамыған, ал
үшіншілерде
математикаға деген данышпаны
бар. Осыған ұқсас қабілеттер
басқа да мәдениетінде байқалады.
Жан
Пиаженың интеллектуалдық даму
теориясы. Пиаже мамандығы
бойынша зоолог және
адамның
мінез-құлқын
зерттеген кезінде тағы
басқа тірі ағзалардың мінез-құлқын кірістіруге
тырысты. Оның негізгі
мәселесі - жануарлардың өмір
тіршілігіне бейімделу болды. Ал адамның интеллекті
бейімделуді қамтамасыз етудің құралы
ретінде қарастырды.
Пиаже жеке
өзгешеліктер мен «интеллектіні тестілеумен»
айналысқан жоқ. Ол
адамның қалыпты дамуын
ашып түсіндіргісі келді.
Пиаже айналысқан екі
аймақ - биологиялық және
эпистемологиялық - адамның интеллектуалдық
дамуының зерттеуінде шиеленісті.
Біз Пиаженің дамуын жеке
тұлғаның
өмірінде немесе тарихи
эволюцияда қалай болып
жатқаны ретінде қабылдауымыз керек. Бірақ бір
тұлғаның
өмірінде
интеллектуалдық
дамуын түсіну үшін,
біріншіден, оның
тұтас
биологиялық бейімделу жайында
айту керек.
1. Биологиялық бейімделудің
ерекшеліктері.
2. Адам
инетеллектісі: дамуы.
3. Адамның интеллектісі:
теориялық
түсініктер.
Пиаженің айтуынша,
тірі ағзаның маңызды белгісі - өз-өзінен реттелу
жүйесі болып табылады.
Тірі емес ағзалармен салыстырғанда,
қауіп төндірген уақытта олар өз құрылымын бұрынғы қалпына келтіруге немесе қорғай алуға
жағдайы бар. Физиологиядан екі мысалды алатын
болсақ: егер
саусағымыздың терісін жарақаттап алсақ,
оның терісін қалпына келтірудің жағдайымыз бар;
сыртқы ортаның температурасы кенет ауысса, жеткілікті
түрде біздің денеміздің жылылығын
сақтай аламыз.
Егер бұл
процесті жүзеге асыруға мүмкіндігі
жоқ болса, тірі
ағза өледі. Барлық тірі ағзалар ақырында өлетін
болғандықтан,
түгелімен бейімделуге қол
жетпейді:
әрқашанда
жаңа
қауіп-қатерлер
туындайды. Бірақ адам
ортаның өзгерістеріне икемді
түрде жауап қайтаратын қабілетке ие.