Абдрахманова
А.Т., Даниярова Ж.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
НАШАҚОРЛЫҚҚА ТӘУЕЛДІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Нашақорлық (грек
тілінде narcomania - құмарту) – есірткі заттарына
паталогиялық құмарлық. Нашақорлық–
бүкіл қоғамның қасіреті,
болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет.
Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер
шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің
тұзағына түсіп қалған адамдар көбейіп
келеді.
Нашақорлық–жеке
тұлғаның толық бұзылуы. Нашақорлықты
емдеумен айналысатын мамандар оны «биопсихоәлеуметтік рухани»
бұзылыс деп атайды. Яғни есірткіге тәуелді адам бірте-бірте
өзін-өзі сыйлауды жоғалтады: өзінің адамгершішік
қасиеттерін жояды, психикасы қалыпты болмайды, достарынан, отбасынан
айырылады, мамандық ала алмайды және қоршаған
адамдарға, өзіне зиян келтіреді.
Нашақорлықтың
қалыптасуының екі негізі бар:
Отбасының
қалыптастырған жеке тұлғаның спецификалық
белгілері.
Сыртқы факторлар,
әлеуметтік ортаның ықпалы, есірткінің сәнге айналуы,
қиыншылықтар т.б.
Нашақорлық ертеден
белгілі. Біздің дәуірімізге дейінгі 5 ғасырда өмір
сүрген Герадот жазбаларында да есірткінің адам ағзасына
әсері жайында мәлімет бар. Медицина атасы Гиппократ апиынды емге
пайдаланған екен. Александр Македонскийдің жауынгерлері апиынды
Оңтүстік Азияға алып келіп еккен көрінеді. Екінші
дүниежүзілік соғыстан соң нашақорлық тек
Азия елдерінде ғана емес, Европа және Америкада кеңінен
тарады. Нашақорлықтың дамуы туралы нақты мәлімет
ешқандай елде көрсетілмеген. Себебі медициналық мекемелер
нашақорлықты тек жартылай анықтайды. Психоактивті
заттарға тәуелді адамдардың нақты саны
медициналық мекемелерде тіркелгендерге қарағанда 5–10 есе
көп. Сонымен қатар соңғы жүз жылдықта
нашақорлық психиатрия саласының мәселесінен бөлек,
жалпы әлеуметтік мәселеге айналды.Психоактивті заттар ерте
уқыттан бері дәстүрлі нормаларға, діни
дәстүрге және медициналық мақсатқа
байланысты қолданыла бастады.
Кокаин әсерін зерттеуге
үлкен үлесін қосқан Венгрия дәрігері,
болашақ психоанализ негізін қалаушы Зигмунд Фрейд (1856-1939)
болды. 1833 жылы Фрейд ауыр депрессияға түседі. Оны жеңу
үшін Фрейд азғана кокаин ерітіндісін ішеді және содан кейін
ол өзін жақсы сезінеді, көңіл күйі
көтеріледі. 1884 жылы Фрейд кокаинизмге арналған, кокаин
әсері туралы сипаттаған кітап шығарады. Психикалық
тәуелділіктің қалыптасуының шешуші шарты «орындай
аламын» уайымы, яғни қажеттіліктерін қанағаттандыру
мүмкіндігін шектен тыс уайымдау. «Орындай аламын уайымы» мен орындай
алмаймын уайымынан өзгеше. «Орындай аламын»- бұл шектен тыс уайым,
оны С.Л.Рубинштейн «қызығушылық», В.А.Петровский «талпыну»
терминімен белгілейді.
Нашақорлыққа
психологиялық тәуелділікке жеке теориялар: бейімсіз белсенділік
концепциясы ( В.АПетровский) және «эго» жағдай концепциясы (Э Берн)
қарастырылды. Нашақорлыққа тәуелділік
мәселесіне психологиялық ықпалды психологиялық жетекші
бағыттар жасады. Олардың теорияларының негізіне
тоқталып өтсек:
Бихевиоралды
бағыт. Бұл
бағыт өкілдерінің пікірінше адамға әлеуметтік
орта «үздіксіз» әсер етеді. Қалыптасқан
нашақордың қоғаммен байланысы топ мүшелерімен
ғана шектеледі. Психологиялық тұрғыда нашақор
ауру мен эмоционалды стрессті ауыр өткізетін жеке тұлға
типіне жатады. Егер ол өзі сияқты адамдармен байланыста болмаса,
сенімділік сезімін жоғалтады. Әлеуметтік дамуында «зарар тарту»
себебінен нашақор кез келген жауапкершіліктен қашады, сенімсіз,
достық қатынасты «қауіпті әлем» деп
санайды.Әлеуметтік қажеттіліктен «нашақорлық топ» болып
бірігеді, бірақ оның иерархиясы жоқ, себебі бәрі бірдей
бір-біріне деген қатынаста еш жауапкершілік алмайды. Сондықтан сол
топқа кірген адамды шығару қиын, себебі сыртқы
өмірден алмаған жағдайды сол топтан алады. Мұндай топта
ол өзін еркін
сезінеді. Топтан шыққан жағдайда ол өзін басқа
әлемге тап болғандай сезінеді және қоғам мен отбасы
нашақорды түсінбейді, қабылдамайды. Қоғам
нашақорға қарсы болады, бірақ
қоғамның өзі осы аурудың туындауына жауапты. Сазерленд
пікірінше, мінез-құлықтың бұзылуы өзге
адамдардың ықпалымен қалыптасады және ол байланысу
жиілігіне байланысты. Бірақ кейбір зерттеушілер бұл пікірді
жоққа шығарды. Себебі кейбір қалыпсыз отбасында
тәрбиеленетін және нашақорлармен
қарым-қатынасқа түсетін жеткіншектер есірткі
қолданбайды. Нашақор мінез-құлқы есірткі
алуға бағытталғанда заңды, милицияны, ата-ананы,
ақшаның жоқтығы еш бөгет бола алмайды.
Сондықтан нашақорда мінез-құлық жоғары
бейімделген. Сау кезіндегі мінез-құлқы бақытқа
жетуге, жеңілдікке кепілдік бермейді, ал есірткі әлемдегі
мәселені «жоюлы» түрінде көрсетеді.
Когнитивті
бағыт. Нашақорлықтың
себептерін бақылау локусы концепциясы арқылы түсіндіреді.
Раттер пікірінше кейбір адамдар өздерінің әрекеттерін ішкі
себеппен байланыстырады, ал кейбіреулері сыртқы жағдаймен
түсіндіреді. Нашақорлар есірткі заттарын қолданғаны
үшін өзгелерді кінәлайды немесе жағдаймен байланыстырады.
Сондықтан олардың есірткіні тастай алмауының себебі ішкі
бақылаудың жоқтығы. Бұл бағыт адам мен
туындаған жағдайдың өзара әрекеттесуінің
қиындығын төмендетуге көмектеседі. Сонымен қатар
есірткі затын қолданғанда қиялда кері кету, ойлау маңызын жояды, көру қабылдауында
шеткі жүйе кеңейеді, вербалды емес мінез-
-құлықты тану төмендейді.
Психоаналитикалық
бағыт. Психоаналитикалық
зерттеулер тәуелділіктің пайда болуын психосексуалды жетілудегі
дефект ретінде түсіндіреді. Сонымен қатар тәуелділік
регрессия ретінде қарастырылады. Қажеттіліктерін
қанағаттандырмағандықтан жеке тұлға
фрустрацияға ұшырайды және өшпенділікпен жауап береді.
Ал егер ол өз өзіне тұйықталса, психикалық
бұзылысқа ұшырайды. Мұндай адамдар үшін есірткі
эйфория туғызу арқылы фрустрациядан арылу жолы.
Қоғамдық пікір және есірткі өшпенділік пен
кінә сезімін күшейтеді. Нашақордың өзге
адамдармен қарым-қатынасқа түсе алмауының себебі
оның толық емес «менінің» салдары. Психоаналитикалық
бағыттың көптеген авторлары нашақорлықты
мастурбацияның бір түрі ретінде қарастырса да, зерттеу
бойынша психосексуалды дамудың оральды кезеңінде болатын ішкі
жекелік қақтығыс деді. Регресс түсінігінің мәні
жеке тұлға өмірі оңай болған,
қорқыныш, қиыншылық болмаған даму кезеңіне
қайта оралады. Яғни регресс дегеніміз «меннің» ауру мен
фрустрация алдындағы әлсіздігі. Бұл бағыт психоанализде
сынға алынған жоқ. Бірақ психоаналитикалық
тәсіл арқылы тәуелділікті емдеу мүмкін емес. Себебі
нашақорлық «ата-ана-бала» қатынасының және
балалық шақтағы соққының салдары емес деген
тұжырымдар айтылды. Нашақорлық
жеткіншек шақтағы ересектер мен бала арасындағы қарым-қатынастағы
қақтығыстың салдарынан немесе жеткіншектер
ортасының психикалық қысымының негізінде
қалыптасады. Қарым-қатынас сферасы нашақорлықтың
дамуына негізгі тәуелділік «құмарту»жеткіншек жастан дамиды.
Трансактты анализ. Э.Берн теориясында
нашақорлыққа нақты түсінік бермеген. Жеке бас
даму қажетіне «ата-ана» , «ересектер» , «бала» бір-бірімен бірлестігі
қойылған, әркім өз қызметін тепе-теңдік
сақтай отырып атқару қажет, олай болмағанда балада
«эго» уланады. Зерттеушілердің пікірінше нашақорда бір
эго-күйі басым.
Нашақорлық
ойын ретінде де қарастырылады, онда әр қатысушы (отбасы
мүшелері, қоршаған адамдар) белгілі позицияда болады. Ойын жалпы
алғанда жасанды қылық,
онда кездейсоқтық болмайды. Шынайылық болмаса кандай
да бір әдеттегі жағдайда жеңіліс болады. Ойында
әрқайсысы өз пайдасын ойлайды, бірақ мұндай
жағдайда қатысушылар дамымайды, өзгермейді, яғни
мәселені шеше алмайды, жазылуға әрекет етпейді. В.А
Петровский пікірінше «өзін өзі тану тәсілі және
шынайылыққа талпыныс ретінде көрінеді».■
Жүйелі
бағыт. Жүйелі
кешенде жүйелі отбасылық терапия қолдану. Бұл
«отбасылық ауру», «отбасылық мәселе» болып
қарастырылған.Нашақор өзіне жақын адамдарға
тәуелділік қалыптастырады. Отбасында шындықты
қабылдауға кедергі келтіреді, ішкі отбасылық
мінез-құлық, өзара қимыл бұзылады, содан
барып психологиялық тәуелділікке келеді. Егер отбасында
үлкені (әкесі, шешесі) психоактивті затқа тәуелді
болса, онда балаға әсер етеді.Мұндай отбасында өскен
бала қалыпсыз жүйенің элементі болып табылады және
аурудың дамуының факторларының ықпалын сезінеді.
Өсе келе ол тәжірибесін ересек өмірде қолданады
және есірткіге тәуелді болады немесе өз өмірін
есірткіге тәуелді адаммен байланыстырады. Бұл бағыттар
ықпалы, теориялар, концепциялар толық феноменге түсінік бере
алмады, тек нашақордағы тәуелділік дамуына
психологиялық модель жасауға мүмкіндік берді. Э.Фромм
нашақорлықты жастар арасындағы тараған жағдай,
яғни есірткі «бақытқа жету заты» ретінде
қабылданған. В.Ю.Завьялов, А.Е.Личко және В.С.Битенский
нашақорлыққа тәуелділік мотивтерін ұсынды:
Нашақорлықтың
негізі туралы тағы бір ерекше козқарасты атап өтуге болады.
Оның авторлары нашақорлық пен маскүнемдіктің
негізі адамның ішкі нашақорлық жүйесіндегі «ауру»
ретінде түсіндіреді. Бұл теория бойынша жануарлардың
ағзасы сияқты адамның ағзасында табиғи ішкі
есірткі деп аталатын заттарды өндіретін ішкі нашақорлық
жүйе бар. Олар ағзаны аурудан, стресстен сақтайды, жақсы
көңіл күйді, жұмысқа қабілеттілікті,
ұйқыны қалыпта ұстайды. Ішкі есірткілердің
өңделуі төмендегенде (мысалы: ауру немесе стресстен
соң) депрессия басталады -өміге
қызығушылығы жоғалады, көңіл күйі
өзгереді, өзін нашар сезінеді, ұйқысыздық
пайда болады. Мұндай жағдайда адам ішкі есірткілердің
қорғауынсыз қалады және әр түрлі себептермен
теріс жолға түсіп кетуі мүмкін. Ішімдік, есірткі заттары
ағзаға ішкі есірткілер сияқты әсер етеді. Бұл шттарды жасанды есірткілер деп атайды.
Уақытша рахаттану сезімін тудыра отырып, олар адам
ағзасының нашақорлық жүйесін төмендетеді.
Нашақор есірткі қабылдамаған жағдайда оның
ағзасы ішкі есірткілдердің қорғануынсыз қалады
және соның әсерінен депрессия, «сындыру» синдромы басталады.
Өзін қалыпқа келтіру үшін адам жасанды есірткі қабылдауға
мәжбүр болады.