ТОПЫРАҚ АСТЫ ШАШЫРАТЫП СЕБУГЕ
АРНАЛҒАН ТАРАТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ТҰҚЫМНЫҢ ТЕГІС СЕБІЛУІНЕ ӘСЕРІ
Насыритдинов Р.Н. – магистрант,
Нүкішева С.А. – т.ғ.к.,
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ
Дәнді
дақылдардың өнімділігі көбінесе себу
жұмыстарының сапалы орындалуымен анықталады.
Айтарлықтай өлшемде себу сапасы өсімдіктердің
бастапқы даму жағдайын және вегетация
үдерісіндеөсімдіктердің
өнімділігі элементтерін қалыптастыруды басқару
мүмкіндігін анықтайды.
Жүргізілген зерттеу
жұмыстарының нәтижесі тұқымдарды топырақ
астына шашып себу тәсілдері егілетін өсімдіктердің өсуі
мен дамуына неғұрлым қолайлы жағдай туындатады
және қатарлап себуге қарағанда тұқымдар
егіс бойынша біркелкі таралады.
Тұқымдардың қоректену алаңы
бойынша таралуы және қатарсыз сепкіш сіңіргіштерін жасау
мәселелерін зерттеуде прогрессивті құралдарды және
топырақ астына шашып себу тәсілдерін жетілдіруге үлкен
үлес қосқан көптеген авторлардың еңбектері
арналған. Тәжірибелік топырақ астына шашып себетін
сіңіргіштердің ұсынылған таратқыштарын екі
түрге бөлуге болады: тік сызықты және қисық
сызықты. Қолданыстағы тік сызықты
таратқыштардың негізгі кемшіліктерінің бірі
тұқымдардың ұшу алыстығының төмен
болуы және тұқымдардың қармауыш ені бойынша
таралу біркелкілігінің төмен болуы болып табылады.
Көрсетілген кемшіліктерді жою үшін қисық сызықты
таратқыштарды қолдану ұсынылады. Бұл үшін жоғарғы беттері
әртүрлі ретті парабола түріндегі таратқыштар
ұсынылады. Олардың сараламасы беті парабола тәріздес
таратқыштарды таңдау
тасымалдаудың барлық кезеңінде тұқым
жәшігінен таратқышқа дейінгі қозғалыс
жылдамдығын есепке алмай таратқыш бетіндегі
тұқымдардың қозғалыс жылдамдығын
анықтау мүмкін емес, таратқыш бетіндегі тұқымдардың
қозғалыс жылдамдығы бойынша тұқымдардың
талап етілген ұшу алыстығына қол жетеді және
себудің белгіленген нормасы
және олардың қармауыш ені бойынша біркелкі таралуы
қамтамсыз етіледі.
Негіз радиусының
әсері тұқымның түреннің қармау ені
бойынша тең мөлшерде тарауы.
Таратқыштың
жоғарғы қабатында тұқымдардың ауысу
жылдамдығы оның конструктивтік параметрлеріне және нақты таратқыш негізі радиусына
байланысты болады. Тұқымдардың ауысу жылдамдығын
теңестіру сараламасынан R=0,025м
бастап тұқымдардың түреннің барлық
қармау ені бойынша тарауы қамтамасыз етілетіні белгіленді.
Теориялық зерттеулердің қорытындыларын анықтау
үшін біз зертханалық тәжірибе жұмыстарын
жүргіздік. Таратқыш негізі радиусының тұқымдардың
сүйір табанның қармау ені бойынша бөлінуінің
тең мөлшерлігіне әсерін анықтау бойынша
зертханалық тәжірибенің нәтижесі 1.1. кестеде берілген
және осы мәліметтерге байланысты тұқымдардың
таратқыш негізі радиусынан таралу бір қалыпсыздығының
тәуелділігі құрылған 1.1. сурет.
1.1 Кесте –
Бөлгіш негізі радиусынан тұқымдардың бөліну бірқалыпсыздығының
тәуелділігі, % |
|||||
Биіктігі, мм |
Радиус, мм |
||||
30 |
27,5 |
25 |
22,5 |
20 |
|
55 |
66,0 |
71,9 |
52,0 |
63,5 |
66,5 |
60 |
59,4 |
68,8 |
43,9 |
65,7 |
65,2 |
65 |
55,9 |
51,2 |
49,9 |
54,3 |
57,8 |
70 |
54,6 |
68,8 |
42,3 |
66,8 |
68,3 |
75 |
64,9 |
55,2 |
47,3 |
62,2 |
66,5 |
1.1 суретте Бөлгіш негізі радиусынан түреннің қармау ені
бойынша оның әртүрлі биіктігі бойынша
тұқымдардың бөліну бірқалыпсыздығының
тәуелділігі берілген.
1.1 –Тұқымның таратқыш
негізі радиусынан түреннің қармау ені бойынша тарауының
бірқалыпсыздығының тәуелділігі
Берілген суреттің сараламасынан таратқыш
негізі радиусын 20 мм-ден 25 мм дейін арттырудан тұқымның түреннің
қармау ені бойынша тарауының бірқалыпсыздығының
төмендеуіне әкеледі, ал негіз радиусын ары қарай арттыру
тараудың бірқалыпсыздығының артуына әкеп
соқтырады. 25 мм негіз радиусындағы ең төменгі
42,3% бірқалыпсыздықты
биіктігі 70 мм таратқыш көрсетеді және биіктігі 60 мм
таратқыш – 43,9%, сосын 75 мм биіктікті таратқыш – 44,9%
көрсетеді. Осындай тәсілмен, тұқымның түреннің
қармау ені бойынша ең төменгі бірқалыпсыздықпен
таралуын қамтамасыз ету мақсатында таратқыш негізі радиусын
25 мм тең етіп алу керек.
Таратқыш биіктігінің
тұқымның түрен қармауы ені бойынша таралу
бірқалыпсыздығына әсері.
Таратқышта
тұқымдардың ауысу жылдамдықтарын теңестіру
сараламасынан тұқымдардың ауысу жылдамдығына
таратқыштың биіктігі әсер етеді және
таратқыштың 0,06м биіктігінен бастап тұқымның түрен
қармауының барлық ені
бойынша таралуы қамтамасыз
етіледі. Теориялық зерттеулердің мәліметтерін тексеру
үшін зертханалық тәжірибелер жүргізілді.
Таратқыш биіктігінің
тұқымның сүйір табанды түрен қармауы ені
бойынша таралу бірқалыпсыздығына әсерін анықтау бойынша
зертханалық тәжірибелер нәтижелері 1.2. кестеде берілген
және осы мәліметтер бойынша тұқымдардың
таратқыш биіктігінен таралу бір қалыпсыздығының
тәуелділігі құрылған. 1.2. сурет.
1.2 Кесте –
Таратқыш негізі биіктігінен тұқымдардың тарау
бірқалыпсыздығының тәуелділігі |
|||||
Радиус, мм |
Биіктігі, мм |
||||
55 |
60 |
65 |
70 |
75 |
|
30 |
66,0 |
59,4 |
55,9 |
54,6 |
64,9 |
27,5
|
71,9 |
68,8 |
51,2 |
68,8 |
55,2 |
25,0 |
52,0 |
43,9 |
49,9 |
42,3 |
47,3 |
22,5 |
63,5 |
65,7 |
54,3 |
66,8 |
62,2 |
20,0 |
66,5 |
65,2 |
57,8 |
68,3 |
66,5 |
1.2
суретте тұқымның таратқыш негізінің
әртүрлі радиусында түрен қармауының ені бойынша
таратқыш биіктігінен таралу бірқалыпсыздығының
тәуелділігі берілген.
Алынған тәуелділік сараламасы тұқымның түрен
қармауының ені бойынша таралу бірқалыпсыздығы таратқыш биіктігі 55мм- ден 70мм-ге
жоғарылағанда төмендейтінін көрсетті. Ал
таратқыштың биіктігінің ары қарай артуы
тұқымдардың таралу бірқалыпсыздығын шамалы
ғана арттырады. Ең төменгі бірқалыпсыздықа
таратқыштың биіктігі 70мм-42,3%
және 60мм-43,9% қол жетеді.
Сондықтан таратқыштың биіктігі 60-70мм шамасында болу керек.
1.2 сурет – Тұқымдардың таратқыш биіктігінен түреннің
қармау ені бойынша тарау
бірқалыпсыздығының тәуелділігі
Осындай тәсілмен,
тұқымдардың сіңіргіш қармауышының ені
бойынша таралу әркелкілігі әсерінің таратқыш биіктігіне
және негізі радиусына тәуелділігі анықталды.