Т.ғ.к., доцент Аязбай М.Д., Нурбаев А.О.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Көліктік-логистикалық қызмет көрсетудің сапасын басқару

 

         Көліктік-логистикалық қызмет көрсетудің сапасын басқару жұмыстарын жетілдіру үшін бірнеше кезеңнен тұратын логистикалық үрдісін ұсынып отырмыз. Мұндай жетілдіру жұмыстары бірнеше кезеңнен  тұратын логистикалық қызмет көрсетудің сапасын  басқарудың таңдап алынған логистикалық концепциясына, тұтынушы  талабын ескеру шарттарына және логистикалық қызмет көрсетудің сапасын басқару  стратегиясына байланысты.

         Сондықтан, көліктік-логистикалық менеджментті ұйымдастыру үшін кәсіпорын мен фирманың әкімшілік  басшылығы таңдап алынған логистикалық стратегияға байланысты қызмет  көрсету сапасына бақылау жасауды ұйымдастырудың тиісті процедураларын  белгілейді.

         Оны жүзеге асыруға кәсіпорын немесе фирманың бүкіл қызметкерлері қатысып, олардың пікірлері негізінде басқарудың және көліктік-логистикамен байланысты тасымалдау (қызмет көрсету)  сапасын арттырудың мақсаты мен міндеттері айқындалады.

         Келесі кезеңді белгілеуге тұтынушылардың орындалатын қандай да  бір көліктік-логистикалық функцияларға, операцияларға қоятын талаптарын  негіздеу және нақтылау жатады, және бұл талаптар көліктік-логистикалық  тізбектің  жекелеген буындарына да, тұтынушы сияқты тауар  өндіруші көрсететін  логистикалық қызмет  сапасына да, тауар мен көрсетілетін қызмет туралы пікір арқылы соңғы тұтынушылар көліктік талаптар қоя алады.

         Көліктік кәсіпорындар мен компанияларда сыртқы тұтынушылардың қажеттілігіне барлық  кезде, көліктік-логистикалық қызмет көрсетудің сапасын басқару мәселесінде ішкі  тұтынушылар, яғни , өндірістік салада, саудада , маркетингте, қаржы жағында  жұмыс атқаратын, өндірістік бөлімшелер мен персонал да маңызды.

         Осы кезеңде  тұтынушылардың талаптарындағы өзгерістерді, сауалнама немесе сұраунама және құрылымдық сұхбат жүргізіп, жекелеген топтарға назар аударып, үнемі  қадағалап отыру қажет болады.

         Көліктік қызметті тұтынушылардың қажеттілігін үздіксіз  зерттеумен қатар өзгеріп отыратын нарықтық басыңқы бағыттардың  мониторингі керек.

         Тұтынушылардың талаптары мен қажеттіліктерін идентификациялаумен қабылданған шешімдердің орындалуын деңгейін  бақылау кезеңімен тығыз байланысты.

         Бұл үшін бірқатар параметрлердің  жиынтығы қажет - қызмет көрсету сапасын өлшеуіш және берілген сапа  деңгейінен ауытқуды өлшейтін әдістемелік белгілі бір инструментарий.

         Логистикалық қызмет көрсету деңгейінің бақылауындағы сондай инструментарий әдетте логистиканың  КРІ жүйесі (соның ішінде көрсетілетін қызметтің де), эксперттік сараптама, сұраунама, тұтынушылардан сұрау алу.

         Үшінші және  төртінші кезеңдер бір-бірімен байланысты болғандықтан әдетте осы кезеңдерде жүйелі түрде шешім қабылдап,  сараптама жасау  арқылы жүзеге асады.

         Көлік тасымалы,  қорды бақылау, қоймаға жинақтау, жүктерге қаптама жасау немесе оларды орау, ақпараттық қолдау сияқты  логистикалық қызметтерде  логистикалық қызмет көрсету сапасының белгілі бір деңгейі орнатылуы керек(компанияның  стандарттары).

         Көліктік-логистикалық қызмет көрсету сапасын басқару  стратегиясы корпоративтің стратегиялық (маркетингтік) мақсаттарына байланысты болып, соның негізінде логистикалық қызметті жетілдіру мәліметтері жинақталуы керек, ондай материалдарға:

-тұтынушылардың «көліктік-логистикалық» қажеттіліктерін түсінуі;

         -тұтынушыларға көліктік-логистикалық қызмет көрсету сапасын үздіксіз жақсартып тұру;

         -көліктік-логистикалық қызмет көрсетудің қол жеткізілген сапасына талдау жасап,  үздіксіз мониторинг өткізу;

         -көліктік-логистика  бойынша кадрларды оқыту бастамасын кең қолдану;

-логистикалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың кең мүмкіндіктері жатады.

         Келесі бесінші қадам көліктік-логистикалық  қызмет көрсету сапасының қабылданған  стратегиясын енгізу (орындау).

         Оны енгізудің қиындығы жеткізу тізбегіндегі  жинақтаушы компаниялардың персоналымен қатар, логистикалық мамандар атқаратын көліктік-логистикалық қызмет көрсету операциялары және функциялардың көп болуына байланысты.

         Көліктік-логистикалық менеджменттің міндеті бірегей  идеология қабылдап, кәсіпорынның немесе фирманың позициясын барлық категориядағы  персоналды, оның ішінде логистика қызметінің операциялық персоналы мен орта буыны, өндірістік, қоймалық және басқа категориядағы жұмысшылар,  жүргізушілер, жүк өңдеумен және орамамен айналысатын жұмысшылар,  өндіріс пен қызмет көрсетудің сапасын бақылайтын нақты мамандарды қалыптастыру.

         Алтыншы және жетінші кезеңдерде нарықтағы өз позицияларын сақтап қалу үшін және қызмет өндірісін кеңейту үшін  кәсіпорын мен фирмалар шығаратын өнімнің және логистикалық көрсетілетін  қызметтік сапасын ұдайы жақсартып тұруға тырысуда, сапаның жоғарғы  стандарттарын қойып және оны өз қызметін жетілдіру үшін қолданады. Сапаны үздіксіз  жақсарту саясаты әдетте нақты өнім түрінде жүзеге асады.

         Көліктік-тасымалдаудың сапалық стратегиясы, операциялық және маркетингілік стратегиялар негізінде көліктік-тасымалдау қызметінің сапа стратегиясы жоспарланып, көліктік қызмет көрсетуді басқару процесін жетілдіру іс-шаралары жасалады.

         Көліктік-логистикалық инфрақұрылымның қызмет көрсетілуінің сапасын басқару үрдісі төменгі суретте көрсетілген.

 

Сурет - Көліктік-логистикалық инфрақұрылымның

қызмет көрсету сапасын басқару сұлбасы

 

Әдебиеттер:

 

1. Гаджинский А. М. Логистика: Учебник для студентов высших учебных заведений. - 12-е изд., перераб. и доп. - М: Издательско-торговая корпорация «Дашков и Ко», 2006. - 432 с. 

2. Логистика: Учебник / Под ред. Б.А.Аникина: 3-е изд., перераб. и доп. - М.: ИНФРА-М, 2008. - 368 с