УДК 656.029.4(574)
проф., д.т.н. Г.Т. Мерзадинова, проф., д.т.н. Ж.М.
Куанышбаев,
маг. Тогизбаева Ф.
(Л.И.Гумилев атындағы Евразиялык Ұлттык
университеті,
Астана каласі, Қазахстан Республикасы)
АСТАНА – ҚЫЗЫЛОРДА БАҒЫТЫНДАҒЫ
ЖОЛАУШЫЛАРАҒЫНДАРЫН БОЛЖАУ
Теміржол көлігінің
жұмысының негізгі мақсаты – халықты толық және
уақытылы тасымалмен қанғаттандыру. Жолаушылар тасымалының
барлық тасымал түріндегі негізгі даму және жедел жоспарлау көлемі
жыл мезгілдеріндегі айларға, онымен қоса қаламаңындағы
тасымалдарға апта күндері мен тәулік сағаттарындағы
жолаушыларағынының біркелкілігін және көлік қажеттілігінің
қуатын анықтауға мүмкіндік береді.
Нарықтық
қатынасқа өту жолаушылар қозғалысын ұйымдастырудың
қосымша талаптарын ұсынады. Теміржол жолаушылар көлігінің
негізгі қызметінің санына халықты көліктік қызмет
көрсету нарығын кешенді оқыту және соған сәйкес
қызмет түрлері. Мыналарсыз теміржол көлігінің тиімді
даму қызметін кең түрін жоспарлауға болмайды. Тек
маркетингтік зерттеулер негізінде мақсатқа сай құрастыру
планы және тиімді пойыздың қозғалыс графигі және құрам
айналымы құрастырылған. Тасымалдағы төлем қабілетінің
сұранысының төмендеуінен экономикалық тұрақсыздық
шартынан жолаушыларағының шамасы туралы сұрақ туады, құрастыру
жоспарын және пойыздың қозғалыс графигін құрастыруға
қажет. Жолаушыағының қажет болжауын шын тасымалданған
жолаушыағынына өткен жылдың ұқсас коэффициентіне
көбейту арқылы орындайды.
Жолаушылар пойызы үлкен тұрақты
пункттер арасында қатынайды, жүрдек пойызымен қамтылмаған
жолаушыағындарына қызмет көрсетеді, көп аялдама әсерінен
маршруттық жылдамдық аз болады. Қала маңындағы қозғалысы
жоқ телімдерде тек телімдік емес аралық станцияларда да тоқтайды.
Алыс және жергілікті қатынастардағы пойыздар санына тек қана
нөмірі ғана бар емес, атауы да бар фирмалық пойыздар да
кіреді, олар жоғары жайлылығымен және қызмет көрсету
мәдениетімен ерекшеленеді. Біздің Қазақстан үшін
темір жол көлігі жетекші рөлді иеленеді және күре
тамыры болып табылады. Қазақстанның ішкі құрлықтық
орналасуы жағдайында темір жол көлігі елдің көлік
кешенінің құрамында аса маңызды рөл атқарады.
Бүгінгі таңда темір жол көлігі Қазақстан
Республикасының өндірістік инфрақұрылымының маңызды
бөлшегі болып табылады.
Астана
станциясы алыс және жергілікті қатынастағы жолаушылар тасымалын
қалыптастырады, станцияға айналым бойынша келетін жолаушылар
поездарын өңдейді.
Станцияда жолаушыларға қызмет көрсету жұмыстары
жүреді, жолаушылар поездарымен және вагондарымен операциялар
жасалады: транзитті жолаушы пойыздарын өткізу, өтпелі пойыздардың
техникалық қаралымы және жарым-жартылай экипировка (сумен,
жанармаймен қамтамасыз ету), жолаушы вагондарының экипировкасы және
құрамдардың рейске дайындалуы.
Станцияны
басқару үшін, станцияның жұмыс технологиясын және
жеке бөлімшелерді басқару жұмысын құрып, олардың
өзара қарым-қатынасын орнату қажет. Ең алдымен, техникалық станциядағы
пойыздардың жөнелту-қабылдау бойынша, жұмыс
технологиясын әзірлеп, құрамдарды өңдеу қажет.
Содан кейін, жөнелту-қабылдау паркінде және техникалық
станцияда маневрлік жұмыстарға нормативтерді орнату бойынша, қажетті есептеулер жасалады. Астана станциясы ірі
жолаушылар станцияларында жасалынатын, барлық операцияларды өндіретін
қажетті техникалық жабдықтарымен жабдықталған. Станцияда 9 қабылдау-жөнелту
жолы бар, алыс және жергілікті қатынастағы жолаушылар
пойыздарын өткізуге, сонымен қатар жүк пойыздарын қабылдап,
жөнелтуге арналған.
Жолдардың пайдалы ұзындығы құрамдардың
ұзындықтарына сай.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ
қазіргі заман жағдайында
Темір жол көлігінің негізгі жұмысы болып еліміздің
тұрғындарын толықтай және өз уақытында
тасымалмен қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасындағы
теміржол жолаушылар көлігі көптеген еуропалық және
американдық теміржолдарға қарағанда басынан аймақаралық
бағыттағы негізгі көлік түрі болып табылды, себебі
теміржол тасымалынбасқа көлік алмастыра алмайды. Қазақстандағы
республикаішілік және мемлекетаралық қатынастағы
жолаушылар және пошта тасымалын «Жолаушылар тасымалы» АҚ атқарады.
Бұл компания «Вокзал-сервис», «Қала маңындағы тасымал»,
«Жолаушылар лизингті вагон компаниясы», «Вагонсервис» АҚ жалғыз
Акционері болып табылады және «Жолаушылар тасымалын басқаратын
оперативті – технологиялық орталық» жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің жалғыз басқарушысы, сонымен қоса «Алматы
вагон жөндеу зауыты» АҚ 47 % акциясының иесі болып табылады.
Суретте АҚ «Жолаушылар тасымалдарының» ұйымдастыру құрылымы
көрсетілген.
Аффилирленген қосымша кәсіпорындардың негізгі қызмет
түрлері мыналар:
«Қала маңындағы тасымал» АҚ – ішкі және
ауданаралық қатынастағы жолаушыларды тасымалдайды;
«Жолаушылар лизингті вагон компаниясы» АҚ – жолаушылар вагондарын
жалға береді;
«Вокзал-сервис» АҚ – вокзал шаруашылығын ұстайды,
вокзалдағы қызмет көрсетуді ұйымдастырады, тұрғындарды
анықтамалық – ақпараттық қызметтермен қамтамасыз
етеді;
«Вагонсервис» АҚ – жолаушылар вагондарын тексеру және
техникалық қызмет көрсету, вагонды көмірмен және
сумен жабдықтайды;
«Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚ «ҚТЖ» ҰК» АҚжәне
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 47 % және 53 % акциясына иеленеді –
жолаушылар вагондарына деполық және капиталды жөндеу түрлерін
жүргізетін өндіріс.
Келісім негізінде жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету үшін
жоғарыда көрсетілген кәсіпорындар бір – біріне сәйкес қызмет
көрсетеді.
Жолаушылар тасымалының іс – әрекетін қызметтік
белгілеріне байланысты 3 топқа бөлуге болады:
1.
Негізгі іс – әрекеті – қала маңындағы
маршруттарды қоса жолаушыларды тасымалдау, жүкбагажын және
багажды мекен – жайға жеткізу және дайындау.
2.
Қамтамасыз ететін іс – әрекет – жолаушылар
вагондарын жөндеу, жолаушылар вагондарына қызмет көрсету, кір
жуу комбинаттарындағы қызметтер, вагондарды жабдықтау.
3.
Қызмет көрсету іс – әрекеті – жол
бойында және вокзалда жолаушыларға қызмет көрсету.
Жолаушылар тасымалы бүкіл ел
территориясында жүзеге асады.Қазіргі таңда Ресубликамызда 83
маршрут бойынша тасымал жүзеге асады соның ішінде 12 халықаралық
сонымен қатар Республикалық бюджетпен қарастырылатын 50 облысаралық маршрут және
жергілікті бюджетпен қараластырылатын 21 қала маңындағы
маршруттар бар.
Өткен
жылы жолаушылар тасымалын 7 компания жүзеге асырды.Соның ішінде 2
компания нарықтың 90% астамын иелік етеді, олар «Жолаушылар
тасымалы» мен «Қала маңындағы тасымалы» бұл компаниялар
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының құрамына
кіреді. Сонымен қатар облысаралық тасымалдауларды жүзеге
асыратын 5 жеке компаниялар бар. Қызмет көрсету және
жолаушылардың тасымалдауын ұйымдастыру үшiн жылжымалы құрамның
2 мың бiрлiктер шамасында
жұмыс iстейді, 300 темiр жол билет кассалары жұмыс iстейдi,
16 мың қызметкерден артық адам еңбек етеді. Кәсіпорынның
қажетті функционалдық және аймақтық филиалдық
құрылымы бар. Жолаушылар тасымалдарының құрылымдық
бөлімшелері:
Жолаушылар тасымалдары бойынша 3 аймақтық
филиал бар: Оңтүстік, Батыс және Солтүстік;
1 филиал «Экспресс», осының негізінде испандық
«Тальго» фирмасының вагондары бар.
АҚ «Жолаушылар тасымалдарының» ұйымдастыру
құрылымы
Жолаушылар тасымалына жаңа қызметтерді әзірлеу
және енгізу
Сервистік сапаны нормалау мен бақылау қиын жұмыс.
Сервистік сапаның негізгі құраушы болып адамдық фактор
табылады. Қызметтерді көрсететін тасымалдаушының (біздің
жағдайда жолаушылар тасымалдары бойынша) басты табыс факторы болып, оның
сервисінің сапасы табылады. Жолаушылардың көбісі, теміржол көлігіндегі
сервистік қызмет көрсетудің сапасы кейбір позициялар бойынша
жоғары еместігін байқайды. Жақын жылдарда АҚ
«Жолаушылар тасымалдары» келесі шараларды жүргізуді қарастырады:
·
жолаушылар
тасымалдарына орта есеппен 10%-15%-ға тарифтердің көтерілуі;
·
жоғары
жабдықталған вагондармен жолаушыларды тасымалдау үшін
тарифтерді мемлекеттік реттеуден шығару, себебі, осы вагондар
тасымалдаушының шығындарына жәрдем ақша беру Ережесіне
сай, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджетінен
жәрдем ақша алмайды;
·
Қазақстан
Республикасының теміржол станциялары арасындағы тарифтік қашықтықтар
және АҚ «Жолаушылар тасымалдарымен» қалыптастырылған поездармен жолаушыларды тасымалдаудың
бағалар кестелері жайлы ақпаратты, «Шығыс-Батыс» тарифімен өндірілетін
жолдың құжатына бағаны
есептеу PRIFIS «Price and Fare Information System» ақпараттық жүйесіне
ақпаратты енгізу;
·
теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау үшін,
теміржол тарифтерін икемді реттеу жүйесінің өкілетті мүшесінде
мақұлдау және әзірлеу, бұл, пойыздардың
категориялары және вагондардың ыңғайлылық деңгейі
бойынша, сонымен қатар, тасымалдардың маусымдылығына қарай,
бағаларды реттеуге мүмкіндік береді.
Инвестициялаудың
мақсаты мен негізгі бағыттары:
Инвестициялаудың негізгі мақсаты,
АҚ «Жолаушылар тасымалдарының» техникалық және ақпараттандырылған
базасын дамыту болып табылады, бұл, жолаушыларды тасымалдау жағдайларын
сапалы жақсарту үшін және тасымалдардың болжамданатын көлемдерін
қамтамасыз ету. Мыналардың көмегімен:
·
вагон паркін жаңарту (жаңадан салынған
немесе модернизацияланған жолаушылар вагондарын сатып алу);
·
жылжымалы құрамды модернизациялау және
күрделі-қайта қалпына келтіруші жөндеу;
·
күрделі құрылыс және қайта құру
(ғимараттар мен құрылыстарды қайта қалпына
келтіру және құрылыс жұмыстары бойынша жұмыстарды
сатып алу);
·
жолаушылар тасымалдарының технологиялық үрдістерін
автоматтау және ақпараттау (жолаушылар тасымалдарының
автоматтандырылған басқару жүйесін дамыту, енгізу және әзірлеу
жұмыстарын, қызметтерін сатып алу);
·
ресурстарды сақтау технологияларын енгізу (жылу –
энергетикалық ресурстарды шығындау бойынша есепке алу құрылғыларын
сатып алу);
·
технологиялық жабдықтарын сатып алу (жабдықтарды
және басқа да техникалық құралдарын сатып алу);
·
автотракторлық техниканы жаңарту (шаруашылықтың
жұмыс технологиясын қамтамасыз ету үшін, көлік құралдарын
сатып алу);
·
жабдықтау-жөндеу құрылғыларын
жаңарту.
Жолаушылар құрамдары келесі
рейске техникалық паркте дайындалады. Құрамның
техникалық паркте тұру уақыты жабдықтау және жөндеу
құрылғыларының орналасуына, тазалау механизациясының
дәрежесіне, вагондарды жөндеу және жабдықтау, сонымен қатар,
операцияларды орындауды ұйымдастыруға байланысты.
Жолаушыларағындарын
болжау
1 кесте –
жолаушыларағындарын болжау
№
п/п |
T |
Ж |
lgЖ |
t*t |
t*lgЖ |
1 |
5 |
19409 |
4,29 |
25 |
21,440 |
2 |
6 |
22767 |
4,36 |
36 |
26,144 |
3 |
7 |
38378 |
4,58 |
49 |
32,089 |
4 |
8 |
35428 |
4,55 |
64 |
36,395 |
|
26 |
|
17,78 |
|
|
5 |
9 |
99795 |
5,00 |
81 |
44,992 |
6 |
10 |
264272 |
5,42 |
100 |
54,221 |
7 |
11 |
282216 |
5,45 |
121 |
59,956 |
|
30 |
|
15,87 |
|
|
4A+26В=lgЖi |
|
4A+26В=17,78 |
3A+30B=lgЖi |
|
3A+30B=15,87 |
A=2,88 |
|
a=765 |
B=0,241 |
|
b=0,53 |
|
|
|
Жолаушыларағындарын
болжау теңдеуі (1):
Yi
= 765e 0.53Ti (1)
Мұндағы:
е – математикалық тұрақты, е = 2,7183; Ti - мерзімдер, 2005 – 2014 жылдар бойынша.
2005 Y5 = 765*2,7813 0.53*5
= 10828,03 жол/км
2006
Y6 = 765*2,78130.53*5 = 18396,16 жол/км
2007 Y7 = 765*2,78130.53*5 =
31253,94 жол/км
2008 Y8 = 765*2,78130.53*5
= 53098,51 жол/км
2009 Y9 = 765*2,78130.53*5
= 90211,09 жол/км
2010 Y10 = 765*2,78130.53*5 = 153263,09 жол/км
2011 Y11 = 765*2,78130.53*5
= 260384,54 жол/км
2012 Y12 = 765*2,78130.53*5
= 442377,27 жол/км
2013 Y13 = 765*2,78130.53*5
= 751571,70 жол/км
2014 Y14 = 765*2,78130.53*5
= 1276873,96 жол/км
1 –
сурет 2005 - 2014
жылдарбойыншажолаушыларағындарын болжау
2005
- 20154,08жол/км
2006
- 22 767,12жол/км
2007
- 38 378,34жол/км
2008
- 35 428,90жол/км
2009
- 99 795,31жол/км
2010
- 264
272,81жол/км
2011
- 282 216,56жол/км
2 –
сурет «ҚТЖ» ҰК» АҚ алынған мәліметтер
Билеттің сатылымының жоғарылауы
бойынша, тг
2005 10828,03*5000 = 5410150 тг
2006 18396,16*5000 = 91980800 тг
2007 31253,94*5000 = 156269700 тг
2008 53098,51*5000 = 265492550 тг
2009 90211,09*5000 = 451055450 тг
2010 153263,09*5000 = 766315450 тг
2011 260384,54*5000 = 1301922700 тг
2012 442377,27*5000 = 2211886250 тг
2013 751571,70*5000 = 3757858500 тг
2014 1276873,96*5000 = 6384369800 тг
Билеттің
сатылымы бойынша экономикалық тиімділік артады. Астанадан Қызылордаға
дейінгі билеттің құны орта есеппен алғанда 5000 теңге
деп аламыз. Жолаушылар санын билеттің құнына көбейтіп қаншалықты
өскенін көреміз. Жолаушыларағынының нақтылы мәнін «ҚТЖ» ҰК» АҚ
алынған мәліметтер бойынша салыстырып көремін. 2005 – 2011
жылдар аралығындағы жолаушыларағының саны көрсетілген.
1 – суретте теңдеу бойынша есептелген жолаушыларағыны көрсетілген,
ал 2 – суретте «ҚТЖ» ҰК» АҚ алынған мәліметтер көрсетілген.
Экономикалық
тиімділікті анықтау
Өзін
– өзі өтеу мерзімі
= жыл (2)
Мұндағы: – капитал салымы, тенге; ;
– пайдалану шығындары, тенге.
=
Қорытындылай
келгенде, салынған капиталды 4 айда қайтарып алады.
Колданған
әдибиеттер
1. Р.С.Гутер,
Б.В.Овчинский. Элементы численного анализа и математической обработки
результатов опыта. – «Наука», Главная редакция физико-математической
литературы, М., 1970, 432с.