магистр
Шамшеденова С.С.
Атырауский
государственный университет им. Х. Досмухамедова г.Атырау
ЭНЕРГИЯНЫҢ
ТИІМДІ КӨЗДЕРІ
ХХ ғасырдың ағымы адамзат баласына
бұрын соңды болмаған техникалық және
технологиялық жетістіктерді
сыйлады. Техникалық
прогрестің үдемелі дамуы Жер қойнауындағы қазба
байлықтарды, бірінші
жағынан, мұнай
мен газ секілді көмірсутегілі қордың азабына, екінші жағынан,
қоршаған ортаны әр
түрлі қышқылды
қоқыстармен ластануына алып келді. Міне осының
бәрі, бүгінде бүкіл жер жүзі бойынша
ғалымдар мен мамандардың өзекті
проблемаларының
біріне айналғаны жасырын
емес.
Десек те, еліміз су энергиясы, күн, жел, биомасса
энергиясы түріндегі қайта қалпына келетін энергия ресурстарының
мол қорына ие бола тұра, бүгінде Қазақстанның
отын-энергетикалық қуат көздерінің үлесі,
бар-жоғы 1 пайызды ғана құрап отыр. Ал бұл
мәселені тең жағдайда ұстап тұру, мемлекет
тарапынан тиісті бастамаларды қажет етері сөзсіз. Мемлекет
басшысының 2006 жылғы 14 қарашадағы Жарлығында
Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға
арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасында
еліміздің экономикалық дамуын қамтамасыз ету бірінші кезекте
энергияның экологиялық тиімді өндірісін қолдау жолымен
жүзеге асырылатындығы баса айтылған. Осы ретте еліміздің
орнықты дамуының индикативті көрсеткіштері жөніндегі
жоспарларға сәйкес, отын-энергетикалық ережесіндегі
энергияның баламалы көздерінің үлесі, 2024 жылға қарай шамамен 5
пайызды құрауы тиіс.
Мұнайдың, газдың және көмірдің
– түрлендірілген күн қуаты екендігі белгілі, яғни
бұл миллиондаған жылдар бұрын өмір сүрген
жануарлар мен өсімдіктер. Бірақ күн қуатының
басқа күйде де тиімді екендігін, оған қол
жеткізудің қарапайым екендігін көбіміз біле бермейміз. Бүгінгі
таңда «құбырды»тікелей үйіңізде, фермаңызда
немесе кәсіпорыныңызда жабдықтауға да,
өзіңізге газ бен жарықты үнемі, үзіліссіз
және тегін етіп жасауға да болады. Бұл тек қуат жинайтын
жаңа технология мен қуаттың альтернативті көздері
ғана емес, сонымен қатар қуат тәуелсіздігі болып
табылады. Жылулық және электтр қуатының көздері:
• күн батареясы және күн коллекторы, • желэлектр станциялары
(жел генераторлары), • гидроэлектр станциялары, • геотермальдік станция, •
биоэтанольді зауыт, • биобұйымдар зауыты, • биогаздық
қондырғы, • сабандар мен сабақтарды, тамыр
қалдықтарын жағатын қазандықтар.
-
Күн батареясы күн сәулесін
электрге тікелей түрлендіреді. Күн сәулесі бейне
элементтердің бетіне түскенде оларда үнемі тоқ пайда
болады. Күн батареялары үнемі күн жарқырап
тұратын Египет немесе Түркия сияқты елдер үшін
жақсы зат.
-
Желдік құрылғылар
желдің әсерінен жұмыс істейді. Ал атмосфералық
құбылыстар күн сәулесінің жерге түсуі болып
табылады (түсетін сәуленің 2%-ы). Жел генераторларын жел
үнемі соғатын жерлерде орналастыру керек. Мұндай жерлер таулы
аймақтарда, теңіз жағалауларында болады.
-
Гидроэлектр станциялар-
ағыс қуатын электрге айналдырады. Өзендер буға
айналған жауын-шашын нәтижесі болып табылады (жерге түскен
энергияның 20%-ы). Гидроэлектр станциялары міндетті түрде,
ағым жылдамдығы жоғары болатын жерлерде орналастырады. Шағын
гидроэлектр станцияларын ұсақ өзендерде шамалы қырат
жасап, орналастыруға болады.
- Геотермальдік станциялары
бұрынғы кезде күннің бір бөлігі ретінде
саналып, жер ядросының жылуын
қолданады. Геотермальдік станциялар- геобелсенділік бар жерлерде
қойылады.
-
Биоэтанолдың,
биобұйымдардың, биогаздың, сабақтың және
сабандардың, жанармайдың қуаты дегеніміз – бұл
биожүктің қуаты. Биожүк дегеніміз- өмір
сүру үстіндегі жануарлар мен өсімдіктер. Өсімдіктер
фотосинтез процессі кезінде күн сәулесін сіңіреді, ал
жануарлар өсімдіктермен қоректенеді.
Мұнай
бағасы әлемдік нарықта шексіз өсуін бастағаннан
бері баламалы энергия көздері әлем саясаткерлері мен
кәсіпкерлерінің әңгіме өзегіне айнала бастады.
Солардың бірі және бірегейі – уран шикізаты. Бұл – атом
энергиясын өндірудегі басты шикізат. Жалпы алғанда, атом энергиясын
өндіру мұнай өнімдерін пайдаланудан әлдеқайда
тиімді екені белгілі. Дегенмен, оның қоршаған ортаға
тигізетін экологиялық зияны өте күшті. Сондықтан
қазірдің өзінде көптеген ғалымдар мен мамандар
адамзатты алдағы уақытта болуы мүмкін энергетикалық
дағдарыстан, сөздің тура мағынасында алғанда,
энергетикалық қуат көзіне деген аштықтан
құтқарудың жолын қарастыруда. Өйткені,
отынның органикалық түрінің экономикалық та, экологиялық
та тұрғыдан аса тиімді еместігі жылдар өткен сайын
айқындала түсуде.
Болашақтағы – энергияның тиімді
көздерін дамыту үшін, бұл заң жобасының
жүзеге асырылуы, қайта қалпына келетін энергетика секторына
едәуір көлемде инвестиция тартылуына мүмкіндік береді. Ал
ол өз кезегінде елдегі энергетикалық тапшылықпен,
отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеумен, экологиялық
ахуалды жақсартумен байланысты мәселелерді шешуге ықпал
етері анық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Сассон А.
Биотехнология М. Мир., 1987.
2. Ковалев А.А.,
Левчикова М.В. Повышение эффективности метанового сбраживания навоза –
рациональный путь снижения энергозатрат в сельском хозяйстве. М. ВИЭСХ. 1984;
3. Баадер В. и др.
Биогаз (теория и практика). М. Колос,
1982.
4. Ауланбергенов А.А.,
Нурумбетов М.С., Сабиров Э.М.
Использование сточных вод дляорошения сельскохозяйственных культур.
Биогазовая установка для утилизации стоков в животноводческих комплексах
крупного рогатого скота. Волгоград.
1990.
5.
«Егемен Қазақстан» газеті. Наурыз 2008ж.