ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ СТРАТЕГИЯСЫ

 

Коптаева Гульжамал Пернеевна

э.ғ.к., доцент қ.а

 

Тәуелсіздік алғалы Қазақстан экономикасына 50 миллиард АҚШ долларға жуық инвестиция таралды. Бұл Орта Азияға таралған инвестиция көлемінің 80%-ға жуығы. Дүние жүзілік банк Қазақстан Республикасын 20-ға жуығы инвестицияға  ең тартымды ел қатарына қосты. Сонымен қатар, Қазақстанды жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Шығыс Европа жән ТМД елдері бойынша 5-ші орынды алады. Осындай жағдайда Қазақстан жылдың орташа 1 миллиярд доллар  инвестиция қабылдайтын 50 ел қатарында тұрақты орын алған. 

  Бірақта шетел капиталын тарту скаясаты, тек көлемін көбейту маңызды емес, маңыздысы сол мемлекеттің қызығып отырған салаға бағыттай білу. Ең бастысы мына мәселеге көңіл бөлукерек ол ертең шетелдік инвестицияға  тәуелді болып қалмау саясаты.

  Қазіргі кезде    шетелдік инвестициялардың ел экономикасына капитал салуында теңсіздік жайлап отыр мысал, келтіре кетсек инвестицияның көп бөлігі елдің шикізат салаларына кеткен, ал дайын өнім өндіретін кәсіпорындар өте аз сонымен 2000-2007 жылы тартылған   шетелдік инвестицияларын өндірістік салаға 67%- дайы, оның 55%-ы табиғи байлықты өндіруге, ал 12%-ы ақ ғана өндірілген өнімді өңдеуге жұмсалған. Осындай теңсіздік Қазақстан экономикасының диспропорциясына алып клді, яғни елден шикізаттың белсене әкетілуі және шетелдік дайын өніміне тәуелділігі.

  Қазақстан Республикасының статистикалық агентствасының берген мәліметтеріне қарағанда, соңғы жылдары тартылған  шетелдік инвестицияларының 70%-ға жуығы Атырау облысы және Батыс Қазақстан обылысына бағытталған, ал қалған 30%-ы қалған 15 облысқа бөлінген. Яғни 70%-ға жуық бағытталған инвестиция өзінен - өзі айтпаса да белгілі мұнай- газ саласына бағытталғын және бұл қаржы өндіріп және сатуға бағытталып отыр. Осы алынған мәліметтерге қарап мемлекет әліде болса шекелдік әріптестерге  өз билігін жүргізе алмай келеді деген сөз. Осыдан барып мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі жайлы міселе өзінен - өзі шығады.

  Қазіргі жас дамып келе жатқан Қазақстан үшін ең басты міндеттердің бірі экономикалық қауіпсіздігінің болуы. Бұл шетелдік инвестициясын тоқтату деген немесе щектеу деген сөз емес, бұл мемлекеттің келешекте Қазақстанды көтеретін салаға келген инвестицияны бағыттап реттеп отыру [1].

 

 

 

 

Валюталық қадағалау

 

Арнайы заң

 

 

Сүрет 7 - Қазақстан Республикасында инвестициялық дамуын жетілдіру  моделі

Ескерту – Автормен құрастырылған

 

Шетелдік инвестицияны тартуда немесе қолдануда мынадай мемлекеттік реттеу механизмдері болуы керек.

- Арнайы заң, яғни шетел инвесторлардың келуіне тәртіп орнату. Оларға үкіметтің және жергілікті басқарудың қадағалап отыру.

- ,  шетел инвесторларының салымын қадағалап отыратын.

- Валюталық қадағалау.

- Салық салу жүйесі.

- Монополияға қарсы реттеу.

- Жүйелік және есеп тәртібі  шетел инвесторларының.

- Шетелдік , яғни дау туған жағдайда.

  Сонымен қатар шетелдік инвесторларға жеңілдіктерде болуы керек, яғни мынадай талаптарды орындағанда:

- Халықтың білімінің көтерілуіне көмектессе.           

- Шағын және орта бизнесті жандандыру.

- Елде ғылыми – зерттеу және білімді – конструкторлық жұмыс жүргізу.

- Аймақтық саясатты тұрақтандыруға көмектесу.

Шетел инвестицияларын ел экономикасына таратуда, ұлттық мүдденің, сонымен қатар щетел инвесторларының да мүддесінің сақталуын қамтамассыз ету қажет.

Экономиканың қауіпсіздігін  қамтамасыз ету позициясы тұрғысынан қарағанда Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуінде ұлттық валюта – қаржы жүйесін құру болып табылады. Қазіргі жаhандану жүйесінде даму үстіндегі мемлекеттерге ең бірінші влюта – қаржы жүйесін тұрақтандыру қажет. Әлемдік тәжірибеге қарасақ кез-келген дамушы мемлекет ұлттық валюта – қаржы жүйесіне шетелдік компанияларымен банктердің келуін шектеуге тырысады.

Шетелдік компаниялардың  келуіне мемлекеттің  қадағалау жасау тәжірибесінде және көпшілік мемлекеттерде либералды әдіс қолданады. Мыны жерде мемлекетің шетел капиталына байланысын және оларды модель түрінде көрсету:

1.     «Инвестицияны қадағалау». Бұл моделде мемлекет барлық шетел капиталының кіруін, жұмыс істеуін қадағалайды. Бұл модель екі жақты келіс- сөздер және аймақтық келісім шартта кең тараған.

2.     Аймақтық деңгейдегі модель немесе «еркін жекелеген  таңдау». Бұл жерде еркін аймақ тек жекелеген салалар келіссөздер арқылы ғана басқа экономикалық салаларға енуге болады.

3.     Аймақтық толтасу, яғни бірнеше мемлекеттердің инвестициялары қосылып, ұлттық экономикалық жұмыс жасайды «аймақтық индустриялық бағдарламасы». Мысалы: Шығыс және Оңтүстік Американың жалпы нарыында Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоцициясы жұмыс жасайды.

4.     «Ұлттық жүйеде бірлесе жұмыс жасау». Бұл жүйеде инвесторлар мемлекетке кіруге ешқандай кедергі жоқ, сонымен қатар мемлекет иелігінде ғимараттарды пайдалануға да құқығы бар. Бұл модель европалық одақта қолданылады.

5.     «Ұлттық жүйедегі режим немесе ең қолайлы режим». Оның ерекшелігі сол тиімсіз «салалар тізімі», яғни қолайлы жағадай режиміне енгізілмейтінтізім жасалып шығады. Бұл модель еркін сауданы қолданатын Солтүстік Америкада қолданылады.

  Әсіресе, енді ғана қаз-қаз тұрып келе жатқан шағын және орташа бизнесті жандандыруда бұл жеңілдікті кеңінен пайдаланған жөн. Қазіргі кезде отандық инвесторлар шетел инвесторларына  берілген жеңілдікті пайдалана алмай кледі. Шетел инвесторларынан өндірісті меңгергенше екі жыл бойы салық алынбаса, отандық инвесторлардан салық үстемелеп алынар, олардың өндірісті дамытуына салық инвесторлары, әртүрлі дәрежедегі бақылаушылар  мүмкіндік бермейді, дәлірек айтқанда, оларды тұншықтырады. Бұл бағыт отандық өнеркәсіптің дамуына жол бермеу үшін әдейі істеліп отырған сияқты. Бұған қос шеттеп инвесторлары да отандық өнеркәсіптің жандануына кедергі жасап отыр. Олар өндіріс орындарын өзжағдайына бейімдеп қайта құрады, көп жағдайда оның бағытын өзгертеді, өздеоіне шикізат, материал беріп тұруға бағыттайды. Егер отандық өндіріс орыны оларға бәсеклестік туғызса, оны тезірек жаншып тастауға немесе таратып жіберуге тырысады. Сондықтан да, шетел капиталын тек аса керекті жағдайда, отандық капиталдың күш -қуатын жетпейтін жағдайда ғана тарту қажет [2].   

  Шетел инвестициясын өз экономикамызды дамытуға тартқан жағдайдын өзінде олардың қай пиғылмен келгенін, не істеуді жоспарланғанын, қандай технологияны өндіріске енгізілетінін алдын ала білуіміз керек. Кейіннен осы инвестицияны пайдаланғанымыз үшін өсім төлейтін болғандықтан, бұл инвестицияны қай салада пайдалануды бізге шетелдіктер бұйрық етпей, өзіміз шешуіміз керек. Қазіргі кезде шетелдіктер өз инвестицияларын еліміздің шикізатын меңгеруге көптеп жұмсап, машина жасау, жеңіл, тамақ өнеркәсіптерін дамытуға мән бергісі келмейді. Ал құрылысқа тартылған шетел инвестициясы тұрғын үйлер, мектеп пен ауруханалар салуға емес, бұрын салынып қалған ракета қондырғыларын бұзуға жұмсалуда. Осының салдарынан Республикадағы көптеген құрылысы бітпей қалған, бейбіт мақсатқа арналған объектілер қаңғырып, есік- терезесіз бос тұр, орталық көшелерде тез табыс табудың көзі- мейрамханалар мен машинаға бензин құю станцияларын тұрғызу жалғасуда, қаржыны пайдаланудағы бұл келіссіз бағыты өзгертбей болмайды.

  Осыларды ескере отырып шетел инвестициясын ғылым мен білімді дамытатын салаға, ғылым жетістіктерін көбірек керек ететін шаруашылық салаларын дамытуға, жаңа технологияны енгізуге жұмсаған тиімді. Тәжірибеде байқалып отырғандай, инвестицияны ұзақ өндірістік циклды дамытуға немесе шетел тауарлары көп тасмалданатын, соның салдарынан бәсекелестік кең өріс алып отырған салаларды дамытуға жұмсау- самарқаулау. Сондықтанда мемлекет отандық тауар өндірушілерді шетелдік тауар өндірушілерден қорғау керек. Бұл жөнінен арнайы бағдарлама болғаны жөн секілді. Сонымен қоса, отандық тауар өндіру үшін  қорғау мына фактормен де байланысты. Ол – шикізат мәселесі. Қазіргі валюта курысына байланыста шикізатты шетелге көптеп сату оны отандық тауар өндірушілерге сатудан әлдеқайда папйдалы. Сол себепті Республикамыздың шикізаты шетке кетіп жатыр, ал отандық кәсіпорындар осының салдарынан шикізатсыз қалуда. Бұған жол бермес үшін валюта курысын өзімізде қай өндіріс саласын дамыту тиімді, соған байланысты өзгертіп отыру керек сыңайлы [3].

  Экономикалық дамытуды ынталандырудың бағдарламасына инвестициялық және өнеркәсіптік саясат міндетті түрде кіргізілуі керек. Шаруашылық салаларын қаржыландырудың қосымша өздерін іздестірген жөн.

  Инвестициялық саясатты дұрыс шешу, отандық өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуына жағдай жасау, Республикамыздың халқын жұмысқа орналастыру мен, олардың хал - ахуалының жақсарумен тығыз байланысты. Отандық өндірісті дамытуға керекті инвестиция табу – еңбекке орналасу дәрежесін көтереді, жұмыссыздар белсенді түрде жұмыс іздейтін болады, қалаларда (әсіресе шығын қалаларда) жұмысқа орналасуға мүмкіндік туады, жұмыссыздықтан. Қоғамның тұрақтылығына келетін қауіп азайады.

         Бұл жерде екі түрлі қиындықты   айта кету керек: біріншіден-шетел технологиясын жаппай сатып алу өз елімізде техникалық прогрестің төмендеуіне әкеліп соқтырады, нашар да болса, шетел технологиясын алу керек деген психология туындайды. Сөзіміз жалан болмас үшін төмендегі фактоны келтірейік: КазПТИ қызметкерлерімен ( жетекшісі Әубәкіров) бұрғылау жұмысында пайдаланылатын жасанды алмас каронасы бар бұрғы дайындаған – ды. Бұл жаңалыққа Шведциядан патент алынған онын көмегімен бұрғылау жұмысының құны 20 процентке арзандатуға болады. Бірақ ол қолдау таппай отыр. Онын себебі, біздің Республикамызда ескі болса да шетел технологиясына мән беріледі де отандық технодогияға, отандық өнертапшылықтарға жол ашылмайды. Шетел тауарымен, технологиясымен бәсекелеуге жарамайды отандық тауар мен технодогияға көңіл бөлетін уақыт жетті. Ал екіншіден, отандық машина жасауды жандандырамыз деп өзіміздің өнімсіз технологияны көбірек пайдалансақ, бірінші жылы шетелдіктерден артта қалып қойамыз. Бұл технологиялық мешеулікке әкеліп соқтырады. Осыны ескере отырып, өз Республикамызда өндіруге тіпті мүмкіндігі жоқ немесе өзімізде шығару тиімді емес технологияны сырттан алдырғаны орынды. Бұл тұрғыдан алғанда, еліміздің технологиялық қауіпсіздігін ескерген жөн. Жоғардағы мақсаттарды жүзеге асыру үшін Республикамыздақаржылық саясатты тәртіпке келтіру керек. Ол үшін бюджеттің табыс: түсетін бөлігінің жұмысын жақсартып шығынды өз табысымызбен жабатын дәрежеге жеткізуге тиіспіз. Осы мәселені шешуді өндіріс орындарынан салықтын өз уақытымен толықтай түсуінде көп мәселе жатыр. Әсіресе, ірі кәсіпорындар оның ішінде шетелдіктерге басқаруға берілген кәсіпорындар бюджеттің табыс бөлігін негізінен толтырушылар болу керек.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.     Сахарив С. "Әлем экономикасы".//Алматы, 2002ж.

2.     Н.Назарбаев  Инвестициялық тартымдылық - бәсекеге қабiлеттiлiк қасиетi.//Егемен Қазақстан. 2006ж 9 маусым;

3.     Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2005-2015  жылдарға арналған стратегиясы;

4.     К.Арыстанбеков Экономическая политика Казахстана в условиях высокого уровня иностранных инвестиций. Аль-Пари. 2004. № 5. - 17 б.;

5.     А.Жаркынбаева Привличение иностранных инвестиций в экономику Казахстана: современное состояние и перспективы. Аль-Пари. 2006. № 3/4. - 118 б.