Қарағанды облысы Қаражал қаласы

Жәйрем №10 жалпы орта білім беретін мектебінің

І- санатты бастауыш сынып мұғалімі Омарова Айзат Борашовна

  

Ақпараттық-коммуникациялық, ақпараттық-педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы білім деңгейін көтеру.

   12 жылдық жалпы білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген модельдердің жасалуы, жаңа дамытушы, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту, оларды білім беру саласында қолдану қажеттігі мұғалімнің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және арнайы кәсіби білім одан әрі жобалайтын білікті қабілетін талап етеді. Ақпараттық қоғамда қазіргі ғылым, мәдениет, өндіріс басқа да салаларда адамның компьютерлік сауаттылық, ақпараттық мәдениеті болмайынша қоғам талап етіп отырған шығармашылық істерді жүзеге асыру мүмкін емес.

  Елбасы Н.Ә.Назарбаев « Болашақта еңбек етіп, өмірсүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстаздарға жүктемелік міндет ауыр» деген болатын.

  Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық- психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніпоқытудың жаңа технологиясын щебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі № 6345 өкімімен бекітілген « Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы» мектептегі білім беруде ақпраттандыру процесіне негіз қалады.

  Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық медениетін қалыптастыру.  Ақпараттық медениет дегеніміз - тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез-келген ақпарат көзін – анықтамаларды, сөздіктерді, энциклопедияларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Осы мақсатты қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр.

  Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:

методологиясын жетілдіру мен стратегиялық мазмұнын таңдау;

әдістері мен формаларын ұйымдастыру;

қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;

оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;

өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;

информациялық – оқу, эксперименттік – зерттеу қызметінін өз бетімен түрлі іс-әрекеттерін жүзеге асыру;

тестілік, диагностикалық бақылау әдістері мен оқушының білім деңгейін бағалау.

  Алдымен жаңа информациялық технологияға ( ЖИТ) көшпей тұрып, оқу – тәрбие процесінде білім беруді ақпараттандыру мүмкін емес. Оқытудағы ЖИТ аса қажетті педагогикалық проблемалардың шешімдерін табуға, ой-еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. ЖИТ-тің негізгі ерекшелігі, ол мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен  және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушының зердесіне, сезіміне, мүддесіне, көз қарасына әсер ете отырып,  оның интеллектілік мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі. ЖИТ-тің білім беру саласына енуі педагогтарға оқытудың мазмұның, әдістері мен ұйымдық түрлерін сапалы өзгертуге мүмкіндік береді. Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады.

  Білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекоммуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі. Олар:

ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету процесін жоғары деңгейге жеткізу;

жасалған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерді біртұтас бүкіл әлемдік информациялық кеңістікте интеграциялау;

біртұтас ақпараттық кеңістікте әр түрлі деңгейдегі ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету;

білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға мүмкіндік жасау.

   Бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі - оқушының оқу-танымдық әрекетін басқарудың негізгі бір буыны ақпараттық технологияны таңдау. Оқушы әрекеті – білім мазмұнын білуге ынтасы, құштарлығы және оны қабылдау. Білім мазмұны оқушыларға негізінен оқулық  немесе электронды оқулық арқылы беріледі. Оқытудың ақпараттық технологиясы бастауыш сынып оқушыларының оқу ақпараттарын меңгеру қабілеттерін күшейтуге әсер етеді.

  


Әр түрлі деңгейдегі     ақпараттармен    алмасу

Білім беру саласына қажеттілігі

Компьютерді, интернетті, электронды поштаны, сайтты жан-жақты игеру

Дистанциялық оқытуға мүмкіндік туады

 

 


Ақпараттық - коммуникациялық,

ақпараттық – педагогикалық технологиялар

Ақпараттық мәдениетті қалыптастырады       (мұғалім, оқушы )

Танымдық іс- әрекеттерді дамытады

Тұлғаны тәрбиелейді

Өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту

Әр


Пайдаланған әдебиеттер:

 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Қазақстан Республикасы жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Алматы- 2005

Журнал « Бастауыш мектеп » №4  2005 жыл

Журнал « Білім » - 2006 жыл

Журнал « Информатика негіздері » № 3 2008 жыл