Болашақ инженердің графикалық
мәдениеті ұғымының
мазмұны
п.ғ.к., доцент Шуақбаева Рахат
Сарсенғалиқызы
(Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНЖИНИРНГ УНИВЕРСИТЕТІ)
Мәдениеттің
нәтижелік қыры адамзаттың қолымен
құрылған құндылықтардың
жиынтығынан көрінеді. Мәдениеттің процессуалды
қырының бейнесі осы құндылықтарды
адамзаттың сақтау, беру, қабылдау және құру
бойынша іс-әрекеттері болып табылады. Нәтижесінде осы
қырларды бірыңғай органикалық байланысқан
жүйеге біріктіруден жаңа мағына, жаңа мән –
мәдениет пайда болады.
Оқушылардың
мәдениеті объективті құбылыс ретінде
қоғамның тарихи дамуы барысында жинақталған
табиғат, қоғам, қоғам өмірінің
жекелеген жақтары туралы білімдер жүйесін әртүрлі
типтегі адамзат іс-әрекетінің тәсілдерін ұсынады.
Сонымен, біз бұл жағдайда мәдениеттің нәтижелілік
қырының пайда болуын байқаймыз.
Оқушылар
мәдениетінің субъективтілігі іс-әрекет барысында былай
өрнектеледі: оқушы іс-әрекеттің мақсатына,
қабілетіне тәуелді түрде қабылданатын ақпаратты
меңгеру, шығармашылықпен ойлау мүмкіндігін беретін осы
жүйеден іс-әрекеттердің тәсілдерін таңдайды.
Оқушылардың графикалық мәдениетіне
өту арқылы бұл ұғымның мазмұнына екі
қырынан қарау керек: объективті құбылыс ретінде,
яғни құрамында іс-әрекет тәсілдері бар арнайы (графикалық)
білімдер жүйесінде өрнектеледі және субъективті
құбылыс ретінде оқушылардың графикалық
іс-әрекеттерінде көрініс табады.
Графикалық
мәдениет ұғымын түсіндіруді философия мен педагогика
тұрғысынан талдау, бұл ұғымның
мазмұнын математиканы оқыту әдістемесі тұрғысынан
аша түсуге мүмкіндік береді. Алдымен бір ескертуге
тоқталайық. Бізге белгілі жай, оқушылардың
графикалық мәдениеті әртүрлі сызу, сурет, математика,
физика, география және т.б.
мектеп пәндеріне оқыту барысында қалыптасады.
Математикалық пәндердің негізгі міндеті - математикалық
тұрғыда сауатты, меңгерген математикалық әдістерді
қолдана алатын адамдарды даярлаудан тұрады. Бұл
жағдайда математикалық мәдениет туралы айтылады. Сонымен,
оқушылардың жалпы мәдениеті мен олардың
математикалық және графикалық мәдениеттерінің
арасында белгілі бір қатынас болады, оны көрнекі түрде
былайша бейнелеуге болады:
К– оқушылардың жалпы мәдениеті,
М – оқушылардың математикалық мәдениеті,
Г – олардың графикалық мәдениеті.
Сурет – 1.
Графикалық мәдениет
ұғымының мәнін ашу үшін алдымен терминологияны
нақтылап алу талап етіледі. Үлкен кеңес энциклопедиясында
/БСЭ/ «граф» түбірінің мәні төмендегіше
анықталады: «графо» ... (грекшеден аударғанда ... – жазамын,
сызамын, саламын) күрделі сөздің құрамды бөлігі,
хатқа байланысты жазу, сызу, сурет салуды ... білдіреді...» (1, 783 б.).
Математикада және
білімнің басқа салаларында «график» сөзін қолдану
орынды, яғни сандық қатынастар координаталық
жазықтықта нүктелер жиынының көмегімен
өрнектеледі (1, 759 б.).
Өз дамуының
бастапқы кезеңінен графикалық әдіс екі негізгі
функцияны – салу және зерттеуді атқарып келеді. Мұның
біріншісі екі айнымалы арасындағы тәуелділіктің көрнекі
картинасын қамтамасыз етеді, ал екіншісі осы тәуелділікті
оның графигі бойынша талдау мүмкіндігін береді.
Сонымен,
математикадағы графикалық әдіс екі өлшемді белгілер
жүйесінің функционалды тәуелділіктерін графикалық
бейнелеу және осы тәуелділіктерді олардың графикалық
бейнелері арқылы зерттеу тәсілдері ретінде түсіндіріледі.
Мұның
барлығы графикалық әдістің тек математикада ғана
емес, ғылымның басқа салаларында, әсіресе, ондай
тәуелділіктер көптеп кездесетін физика мен статистикада
кеңінен қолданысқа ие болуына алып келеді. Бұл өз
кезегінде, графикалық әдістің (ХІХ ғ. ортасында) осы
салаларда дамуына, графикалық әдістің негізгі зерттеу
аппараты ретінде графикалық тілдің жасалуына алып келді.
Сабақтарда
математикалық және графикалық мәдениеттердің
қиылысуынан ішкі жиын құрайтын графикалық
мәдениеттің элементтері қалыптастырылады, яғни Г М Г, мұнда (М Г) К және (М Г) К, мұндағы
Г - мектептегі алгебра пәнінің көмегімен
қалыптасатын оқушылардың графикалық мәдениеті.
Келешекте Г
мазмұнын, оның екі өзара байланысқан объективті
және субъективті қырламын ескере отырып қарастыратын боламыз.
Біздің
зерттеудің негізгі міндеттердің бірі Г элементтерін анықтау болып табылады. Бұл
міндетті шешу үшін графикалық мәдениеттің тек бір
қырын талдау табиғи, яғни қалыптастыру шарттары
объективті түрде берілген графикалық білімдерді талдаудан
бастаймыз. Сол графикалық іс-әрекеттердің тәсілдерін
және графикалық мәдениет элементтерін
қалыптастырудың мүмкін жолдарын айқындау
мүмкіндігін береді.
Мектеп алгебра
курсының негізгі бағыттары (функция, теңдеулер және
теңсіздіктер) қарапайым функцияларды, теңдеулерді және
теңсіздіктерді графикалық шешуде графикалық әдісті
қолдануды қажет етеді.
Оқытудағы
графикалық әдіс графикалық модельдердің бір түрі
ретінде оқушылардың графиктерді қолдануларынан тұрады.
Кез-келген модельдерді қолдану, модель тілінде, модель ішіндегі
әрекет тәсілдерінде көрініс табатын, тағы да осы
модельдің тілінде өрнектелетін және басқа модельдермен
байланыс орнататын тәсілдерге негізделген модельдің мағынасын
білумен аяқталады ([2], [3]). Мектеп алгебра курсындағы
мұндай модельдер, дербес жағдайда, функцияның вербальды
және аналитикалық моделі болып табылады. Функцияның
вербальды, аналитикалық және графикалық модельдерінің
арасында байланыстарды орнату, функциямен, осы модельдердің
тілдерінің бірімен байланысты ұғымдарды басқа тілге
аудару негізінде жүзеге асырылуы мүмкін болады.
Графикалық білімдер
ұғымының құрылымдық схемасы:
Графикалық
білімнің ерекшеленген бұл элементтерін, яғни функцияның
графикалық, вербальды және аналитикалық модель тілдерін білу,
функциямен, бір тілдің екіншісімен байланысты ұғымдарды аудару,
графикалық мәдениеттің объективті қырын сипаттайтын
оқушылардың графикалық мәдениетінің элементтері
деп атаймыз.
Сонымен, вербальды немесе
аналитикалық және графикалық модельдер арасында байланыстар
орнату, графикалық модель ішіндегі іс-әрекеттер графикалық
әдістің құраушы функциясына ғылыми
ұғым ретінде сәйкес келеді, функцияның графикалық
және вербальды немесе аналитикалық модельдері арасында байланыстар
орнату оның зерттеушілік
міндетіне сәйкес келеді.
Оқытудағы
графикалық әдіс құрамына графикалық модельдердің
ішіндегі әрекеттердің тәсілдерін және бір
құбылыстың басқа модельдермен байланыс орнату
тәсілдері енетін графикалық модельдермен «амалдар орындау»
операциялау тәсілдерінің жиынтығы ретінде түсіндірілуі
мүмкін.
Функцияның
вербальды моделі осы модель тілінің терминдерін анықтайды.
Бұл тілдің терминдеріне біз мыналарды жатқызамыз: «аргумент»,
«функция», «аргументтің мәні», «функцияның мәні»,
«функцияның анықталу облысы», «функция мәндерінің
облысы», «басқа функцияның үлкен мәндерін мән
ретінде қабылдау», «жиында өсу» және т.б.
Сонымен, функцияның
вербальды, аналитикалық және графикалық тілдеріне
қатысты соңғы ескертпе, осы қарастырылып отырған
тілдердің әрқайсысында сандық жиындарды қолдану мүмкін
болады.
Оқушылардың
алгебра сабақтарындағы графикалық іс-әрекеті функция
графиктерін салу және оқу барысында іске асырылады. Модельдеу
тұрғысынан функция графигін салу функцияның
аналитикалық немесе вербальды моделінен оның графикалық
моделіне өту, ал функция графигін оқу графикалықтан
функцияның вербальды немесе аналитикалық моделіне өту.
Бұл өту ұғымдарды функция моделінің бір тілінен
басқа модель тіліне аудару негізінде жүзеге асырылады.
Сондықтан
графикалық мәдениет элементтерін анықтайтын «базалық»
элементтерді және әртүрлі қасиеттер мен адамзат
қабілеттерін кірістіреміз, яғни қарастырылып отырған
сала бойынша сауатты болу, өз білімдерін шығармашылықпен
қолдану, мәселені бірегей түрде шешу, оны әдемі жеткізу
және т.б., мұның барлығы «мәдениет» деген бір
сөзбен сипатталады.
1.
Большая советская
энциклопедия – 3-е изд.-М., 1975, -т.20, -579 с.
2.
Сименич Б.В.
Дидактические условия формирования системы конструкторско-технологических
знаний и умений студентов (на материалах подготовки учителей общетехнических
дисциплин): Автореф.дис…. канд.пед.наук. –Киев, 1992, -19 с.
3.
Педагогика/ Под ред.
А.Н.Алексюка. – Киев, 1995, -296 с.