Н.П.Қалымбетова

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,  Казахстан

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕГІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРАЛДАР

Қазіргі уақытта оқытушылар мен басқа мамандарға педагогикалық қызметте түрлі білім беру технологияларын  қолдану білімгерлердің білімге деген ынтасын, сабақтың кәсіби-тәжірибелік  бағдарлылығын арттырып, өздерінің кәсіби-тәжірибелік жұмысында жоспарлы кепілдемелі нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.

Білім беру жүйесінің ерекшелігі технология жаңарған сайын, мазмұндық жағынан дайындалған және әдістемелік көзқараспен бұл технологияны оқу үрдісі тәжірибе жүзінде  ендірудің  мәселелері азайып   отыр. Бұл  сұрақтар кешеніне білім беру жүйесіне электрондық басылымдар мен ресурстарды, телекоммуникация мен Ғаламтор секілді жаһандық компьютерлік желіні ендіру де кіреді.

Білім беруді ақпараттандыру екі стратегиялық мақсаттағы жетістіктерді қалыптастырады.Біріншісі – ақпараттық және телекомуникациялық технологияларды қолдану негізінде білім беру жұмысынның барлық түрлерінің тиімділігін арттыру. Екіншісі –ойланудың жаңаша типі арқылы ақпараттық қоғам талаптарына сай мамандарды дайындаудың сапасын жоғарылату.

Білім берудің электрондық дидактикалық құралдары мен басқа да ресурстарды қолданудың негізгі дидактикалық мақсаты -  мәліметті хабарлау, білімді қалыптастыру мен  бекіту, шеберлік пен дағдыны жетілдіру, білімге деген ынтаны арттыру, байланыс пен меңгеруді  бақылау. Аталмыш мақсаттарды жүзеге асыру мен жетістіктер – бірнеше жылдар бойы «Қазақ тілді студенттерге орыс тілін оқыту әдістемесіндегі ақпараттық технологиялар» атты  ғылыми-зерттеу жұмысының өңдеушісі, «Тілді оқыту үрдісіне ақпараттық технологияларды ендіру» атты ғылыми жобаның жетекшісі ретінде Бірінші Президент Қорының әлеуметтік жобалар жәрменкесінде грант алған осы мақаланың авторын толғандыратын  мәселенің бірі.

Орыс топтарындағы білімгерлерге қазақ тілін оқытудың мақсаты – мемлекеттік тілді үйрету. Үйрену стратегиясы  -  оқытушының мақсатқа жету құралы ретінде ұсынған сол немесе басқа оқу бағдарламасының әдістемелік стратегиясы арқылы жүзеге асады. Бұл нұсқау тілді оқытудың  әдістемелік жүйесін  келесі өлшемдерде ұсынуға мүмкіндік береді: білім беру стратегиясы, мазмұны мен технологиясы.

Біздің мақсатқа жетуімізде электрондық дидактикалық материалдарды жасау және қолдану - үлкен рөл атқарады. Электрондық оқыту құралдарының бірнеше артықшылықтары бар: мультимедиалық ретінде олардың құрамына магнитофон, теледидар, бейне магнитофонды кірігізе алады.  ЭОҚ  жылдам кері байланыс орнатып, қажетті ақпаратты тез табуға, білімгердің білімін шапшаң тексеруге мүмкіндік береді. Студент ЭОҚ-мен жұмыс істей отыра оқыту материалын оңай басқару мүмкіндігі болады: оны бөлшектеп немесе толықтай электрондық құралдарға көшіріп, онымен қашан қалай ыңғайлы болса, жұмыс істеп, Ғаламтор желісінің көмегімен жаңа ақпараттармен толықтыруға болады.

Қазақстан ЖОО-ларында қазақ тілін оқыту бағдарламасы ақпараттық технологиялар арқылы: оқу бейнефильмі, электрондық оқыту құралы, презентация, флипчарттар (интерактивті тақта арқылы), оқу жұмыс бағдарламасы тақырыптары бойынша сабақтың мультимедиялық пакеттері сияқты түрлі дидактикалық материалды пайдалануға мүмкіндік береді.

«Тілді оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды ендіру» атты жоба көлемінде: «Қазақ тілі 1» (әдеттегі курс) және «Қазақ тілі 2» (ғылыми стиль) сияқты электрондық құралдар жасалды.

к2«Қазақ тілі 1» электрондық оқу құралы жеке тематикалық сабақ түрінде құрылған. Әркайсысына жаңа материалға түсініктеме беретін мәтінмен, грамматикалық тапсырмалармен, сөздікпен, бейнесюжетпен  жұмыстар енгізілген. Электрондық құрал келесі бөлімдерден тұрады. Олар: «Авторлар», «Мазмұны», «Тестер», «СӨЖ-ге арналған тапсырмалар», «Жазбаша жұмыстар», «Демалыс бөлмесі». Біздің алғашқы беттегі мұғаліміміз сізге қажетті бетті табуға көмектесіп, қай бөлімде  не орналасқаны жайында баяндайды.

ЭОҚ –ның тақырыптары иллюстративті материалдармен толықтырылған, олардың біразын  кұрал авторлары жасаған. Бұл оқу бейнефильмдері, презентациялар, аудиоматериалдар. Жеке жұмысқа арналған тапсырмалар орындау үлгісімен, жазбаша жұмыстар аудиотүсіндірмелермен қатар берілген. «Мазмұны» бөлімінде жұмыс істей отырып, студент лексикалық, грамматикалық материалмен танысады. Гиперсілтеме көмегімен өзіне қажетті бөлімдерге ауысу арқылы мәтіндер мен  тапсырмалардың аудиожазбаларын тыңдап, сөздік жұмысты орындайды. «Тестер» бөлімінде білімгерлер өз білімдерін тексеріп, емтиханға дайындала алады.  «Демалу бөлмесінде» біз білімгерлерге қазақ  әндерінің қазіргі бейнеклиптерін көруді ұсынамыз.

каз16           

Оқу бейнефильмдерін жасауға ерекше назар аудардық. Біздің университеттің жаңа ақпараттық технологиялар жанында оқу фильмдері мен бейнероликтер, электрондық құралдарын жасайтын, оқытушыларға өз идеяларын оқу құралдарына айналдыруға мүмкіндік беретін сектор бар. Орыс топтарындағы білімгерлерге қазақ тілін үйрету курсы жұмыс бағдарламасының ауызша тақырыптары бойынша: «Студент сахнасы» (ТарМУ-дің  студенттік театры туралы), «Қазақ киносы» (қазақ киноматографиясының тарихы туралы), «Тараздың қазіргі ескерткіштері», «Ұлттық театр тарихы», «Замандас ақын-жазушылар»,«Жамбыл Жабаев»  секілді оқу бейнефильмдер мен бейнероликтер жасалды.

 

Біз түрлі жоспардағы бейнеөнім жасаймыз: белгілі тақырыптағы сюжет бойынша жазылған фильмдер, тапсырмаларды көріністен кейін орындауға арналған тапсырмаға ыңғайланған фильмдер, тест бақылауларымен жалғасатын фильмдер секілді бейнефильмдерді жасаймыз.

Activsudio бағдарламалық құралдары арқылы, біз сабақтың: “Мұхтар Шаханов, «Ақша туралы түсінік», «Арал тағдыры –адам тағдыры», «Мұхтар Әуезов», «Ілияс Жансүгіров» сынды мультимедиялық пакеттерін жасап шықтық.

Біздің кафедрамызда кафедра пәндері бойынша дидактикалық материалдың электрондық  базасына: а) оқу бейнефильмдері; ә) «Қазақ тілі 1», «Қазақ тілі 2» курстарынан электрондық оқу құралдары;б)бақылау материалдары (электронды түрдегі тестер); в) презентациялық материал (слайдтар), г)сабақтың тематикалық мультимедиалық пакеттері, д) тематикалық флипчарттар.

Электрондық оқыту құралдарын ендіру нәтижелері  қазақ тілін оқыту үрдісінің жаңа сападағы көрінісімен, білімгерлердің шығармашылық жұмысын белсендірумен ерекшеленетініне көзіміз жетті.

 Әдебиеттер

1.Бидайбеков Е.Ы.,Григорьев С.Г.,Гриншкун В.В. Создание и использование образовательных  электронных изданий и ресурсов.// Учебно – методическое пособие. Алматы, 2006, -136 б.

2.Павлова Т.В., Туманова А.Б. О применении новых технологий в обучении

русскому языку студентов неязыковых вузов. //Учебник третьего тысячелетия:  создание, издание, распространение. Алматы, 2003,  340-345б.

3.Устемиров К.У.,Шаметов Н.Р.,Бакиров Р.Т. Современные образовательные технологии и технические системы обучения.// Методическое пособие.Алматы, 2006, -100 б.