КӘСІБИ ЛЕКСИКАНЫ ҮЙРЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ

 

                                                 А.Байтұрсынов атындағы  Қостанай

                               мемлекеттік университеті

                                                    гуманитарлық-әлеуметтік  факультеті

                                                           практикалық лингвистика кафедрасының

 доценті

               Сарманова Ф.Т.                    

                                                  

         Қазіргі таңда қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі – мемлекеттік тілді сауатты, кәсіби деңгейде оқыту.

Ауызекі сөйлеу барысында студенттерді кәсіби лексикамен таныстырып, сөздік қорын одан әрі қарай толықтыру - міндетіміздің бірі болып  табылады. Студенттерді тек қана күнделікті қолданылатын лексикамен шектелмей, оқып жатқан мамандығына сай сөйлеуі тиіс. Яғни, кәсіби маман дайындау, оқу үрдісін жетілдірудің негізгі ұстанымдарының бірі болып, студенттерге қазақ тілін оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін іздеу қажеттігін туындатады.

Өзім гуманитарлық-әлеуметтік, заң, ақпараттық технологиялар факультеттерінде  көп жылдар бойы еңбек етіп, әр мамандыққа байланысты  кәсіби лексикасын құрастырудамын. Материалдарды ұсынар алдында мамандыққа сай ең алдымен біраз әдебиет, мәліметтер алып, олардың ішінде жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін жүйелеп, тапсырмалар немесе мәтіндер құрастырамын. Жинақталған лексиканы кезеңдерге бөліп, бірте-бірте сөздік қорын молайтып, қойылған мақсаттарға жетудемін. Кәсіби лексикаға байланысты сөздік қоры жақсы дамыса, мәтіндерді де ұсынуға болады. Мәтіндер қарапайымнан күрделіге қарай ауысу заңдылықтарына негізделеді. Кәсіби лексиканы оқыту барысында төмендегі бағыттарға ерекше назар аударуымыз керек:

-                     лексикалық материалды жүйелі түрде беру;

-                     грамматикалық, лексикалық ерекшеліктерін ескерту;

-                     мамандыққа қатысты құжаттар стилін ескеру;

-                     берілген материал нақты, сауатты болу.

Жоғарыда айтылып кеткен бағыттарға сүйене отырып, кәсіби мамандыққа байланысты материалдарды үнемі түрлендіруге де болады.

         Кәсіби лексиканы жақсы меңгеру үшін түрлі жаттығулар, тапсырмалар, аудару жұмыстары жүргізіледі. Мәселен, «Ақпараттық жүйесі» мамандығында оқитын студенттерге қазақ тілін кәсіби лексика арқылы үйрету кезіндегі ең басты – кәсіби терминдер мен ұғымдарды дұрыс пайдалануға үйрету. Мамандыққа қатысты келесі  жұмыс түрлері өткізіледі. Ең алдымен лексикалық минимум беріледі: қоржын –папка, жазғы – принтер, жүйе – сеть ,пернетақта – клавиатура, алмалы табақша – съемный диск, жүйе-сеть,ғаламтор- интернет, желідегі вирус- системный вирус, әріптік-сандық мәліметтер- алфавитно-цифровые данные, жаңа ақпараттық технологиялар-новые информационные технологии, жорғалақ – мышка, бағдаржол-курсор, деректер көзі – источник данных, қуат көзі- блок питания, пішін – формат.

Тапсырма: сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

1.                 Мне необходима точная  копия данного документа.

2.                 Данную информацию нужно сохранить в компьютере.

3.                 Сетевой вирус был мгновенно удален.

4.                 Сегодня введены новые технологии обучения.

5.                 Была  нарушена внутреняя система управления.

 Тапсырма: мәтінді оқып, өз ойыңызбен  айтып шығыңыз.

                                Интернет- адамзат санасының жетістігі.

         Интернет-адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі. Біртұтас ақпараттық кеңестік интернет деп аталады. Интернет- бүкіл жер шары бойынша ақпарат тарататын желілер жиынтығы. Интернет- компьютерлік желілердің ішіндегі көп қолданылатыны. Оны пайдаланушылардың саны ай сайын шамамен 1 миллионға өсіп отыр. Интернеттің ерекшелігі- онда ақпараттар сақталады. Компьютерді интернетке қосқанда тұтынушыға электрондық пошта ашылады. Бұл электрондық пошта хабарды әлемнің кез келген нүктесіне бірнеше сағатта жедел жеткізеді. Кәдімгі поштаға қарағанда өте жылдам және қызмет құны да арзан. Біз электрондық поштадағы хабарды нақты бір адамға оның электрондық пошта адресін көрсете отырып жөнелтеміз. Гипермәтіндік сілтемені пайдаланып, интернетті бірінен келесіге көшіріп қарай беруге болады.

Тапсырма: берілген сұхбаттың үлгісі бойынша  бір-біріңізбен  әңгімелесіп  көріңіз.

1. - Сәлеметсіз бе !

2. - Сәлеметсіз бе!

- Халіңіз қалай ? Сіз Нұрбек Мұратұлысыз ба?

- Иә, сіз менің білуімшіе, компьютер үйренуге келдіңіз ғой.

- Иә, менің аты-жөнім Айбек Асанұлы. Мен компьютерлік курсын оқиын деп едім.

- Кіріңіз, мына орындыққа отырыңыз.Мен сізге көмектесуге, мағлұматтар беруге әзірмін. Біріншіден, «Ақпарат» дегеніміз – белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.

- Ақпараттану пәні туралы түсіндіріңізші.

- «Ақпараттану» дегеніміз- компьютермен ақпаратты жинау, сақтау,түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін пән.

- Мағлұматтарыңызға рақмет. Маған компьютермен жұмыс жасауды үйретіңіз.

- Жарайды. Қазір мәтін жазуды үйренейік. Мына компьютердегі «Жаңа папка құру» файлын тінтпемен басыңыз.

- Жарайды. Жаңа папкаға атау енгізе  аламын ба ?

- «Файылдың аты» жолын басқаннан соң, атыңызды жазыңыз. Осы файлды ашып, мәтін жазамыз.

- Сізге көп рақмет! Енді мәтінді өзім жаза берейін.

- Сізге көмек керек болса, шақырыңыз.

 «Заңгер» мамандағана байланысты берілген материалдар: құқық,-право, сыбайлас жемқорлық – коррупция, бас бостандығынан айыру – лешение свободы, ұлттық қауіпсіздік – национальная  безопасность,заңгер – юрист, тергеуші- следователь, сыбайлас жемқорлықпен күресу- вести борьбу против коррупции, пара алу – брать взятку, сотталу-быть осужденным, қылмыстың ашылуы – раскрытие преступления.

«Аудармашылар» мамандығы бойынша келесі лексикалық минимум беріледі: болашақ мамандығым – будущая специальность, ағылшын тілінде жетік сөйлей білу – уметь свободно говорить на английском языке, шет елдерден келген қонақтар – гости, прибывшие из-за границы, шетелге де баруымыз мүмкін- возможно, поеду за границу, болашағы зор- будущее велико, ағылшын тілінің аудармашысы- переводчик английского языка, мамандығымыздың арқасында – благодаря своей специальности.

Салық саласында күнделікті жұмыс бабында пайда болатын сөйлеу әрекеттерін қолдана білуге де үйретеміз. Мысалы, осы салада жиі қолданылатын   сөз тіркестері  : бюджетке төленетін салық, әкімшілік айыппұл,салық есептеулерінің шамасы, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі, жеке табыс салығы, салықтың есепке алынатын соманың мөлшері, салық құпия сақталуын талап ету,салық сараптамасы жүргізілген күн мен өнімді бөлу туралы келісім-шарт, салық міндеттемелерін төлеу, мүліктік салық және т.б.

Тапсырма: Салық кодексі дегеніміз не ? Салық кодексі – заңдардың, жарлықтардың және заң актілерінің кодталған жинағы, бұл жинақ мемлекет, департаменттер, муниципалитеттер және басқа бірліктер деңгейінде салық ауыртпалығын бөлуді және салық алымдары тәртібін реттейді. Жалпы салық кодексінде елтаңба және тіркеу алымының кодексі, инвестициялау кодексі және кейбір елдерде іс жүргізу кодексі қамтылады.

Жоғарыда берілген тапсырмаларды орындау арқылы студенттер кәсіби сөздердің дұрыс айту, оларды дұрыс жазу дағдысы қалыптасады. Студенттер өз ойларын жеткізуде қарапайым сөздерді қолданбай, кәсіби тілде сөйлеуге тырысады.

         Бүгін мемлекеттік тілді жетік меңгерген, қазіргі заманға сай білімді де, сауатты да мамандарды дайындауымыз керек.

 

                                       Пайдаланылған әдебиеттер

1.           М.Сағындыкова «Кәсіби бағдар негізінде оқытуда мәтін таңдау ерекшеліктері». «Қазақ тілі: әдістеме», № 5(13), 2007 ж.

2.           К.Жақсылыкова. «Жоғары оқу орындары студенттеріне қазақ тілін кәсіби мәтіндер арқылы меңгерту жолдары».

3.           «Қазақ тілі: әдістеме», № 9-10, 2010 ж.

4.           Қ.Рақымжанов. «Практикалық қазақ тілі. Салық қызметкерлеріне арналған оқу құралы». Павлодар, 2008 ж.

5.           Ф.Сарманова «Студенттердің сөздік қорын молайту үшін берілген материалдар». ҚМУ, 2010 ж.