Оқытушы, құқық магистрі Омар Б.М.,
ЗҚТ-011 тобының студенті А.Айдарбеков
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университет. Қазақстан
Экологиялық
қауіпсіздік – Қазақстандағы өзекті мәселелердің бірі
Экологиялық қауіпсіздік мәселесі -
бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса
ауқымды проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың
пайда болуының басты алғышарты - қоршаған ортаға
адамзат перзентінің антропогендік және техногендік
ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген
әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың
аяғы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың
шаруашылық әрекеттері мен өндірістік
қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі
- экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы
мен интеграциялануына) түрткі болды. Қазақстан Республикасы
үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен
жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр.
Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық
қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi.
Дұрыс басқару қоршаған ортаны
қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи
ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет.
Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы
өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде,
қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару
көп мөлшерде болды. Адамзат қоғамының алдында
тұрған экологиялық қауіпсіздік мәселелері
оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып
отырды. Себебі, өндірістік қоғамның табиғатқа
теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа
ие болды. Экологиялық қауіпсіздіктің мәні –
табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті
бұзбай, экологиялық тазалықты сақтай отырып,
адамдардың барлық
қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады. Осындай экологиялық қауіпсіздік
мәселелерінің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді,
реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына
негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат
қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ
уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және
әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды –
тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың
сана-сезімі, құқықтық мәдениеті,
олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы
өзгеруі тиіс [1. 1-2].
Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және
тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету
мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң
Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015
жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы
жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген
маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны
қорғау заңдылықтар негiзi құрылды.
Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды.
Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi
құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау
мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады.
Экологиялық қауiпсiздiк ол – халық
қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi.
Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың
мақсаты, ол – табиғи жүйенi тиімді қолдану және
оның заңмен қорғалуы, сондай-ақ, адам
өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып,
табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар
ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиясы бар мемлекеттің
келешегі зор. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2006
жылғы Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес
қоршаған ортаны қорғау және экологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тоқтала келіп:
«2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды
халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа
стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін
жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға
тиіс. Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның
тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттарын
жасауға тиіспіз» - деген болтын. Осыдан келіп арада бір жыл уақыт
өткеннен соң ҚР Экологиялық кодексі қабылданды. [2.
1-2].
Экологиялық қауіпсіздік – ұлттық
қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттің
тұрақты дамудың міндетті шарттарының бірі болып
табылады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін
алған күнінен бастап экологиялық мәселелерге
маңызды көңіл бөліп келеді. Ел Президентінің
басшылығымен дүние жүзіне танымал әлемдегі ірі
ядролық полигонды өз еркімен жабуы, Арал теңізін сақтау
және Каспийді қорғау бағдарламаларын халықаралық
деңгейде ынталандыруы, сондай-ақ Қазақстанның
басқа да халықаралық деңгейде орын алатын
қоршаған ортаны залалды әсерлерден
қорғауға арналған тәжірибелі еңбектері соның
бірден-бір айғақтары болып табылады.
Елбасымыздың жыл сайынғы жолдаулары
әдеттегідей жетістіктерімізді саралап, келешегімізді бағдарлауға,
ең бастысы, баршамызға ортақ ұлы мақсаттарға
бірге жетудің дұрыс жолын айқындап отырады. Мысалы, Елбасымыз
өзінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» атты халыққа жолдаған Жолдауында табиғи ресурстарды тиімді
және ұтымды пайдаланудың технологиялары мен
бағдарламаларын ендіруде экономикалық, әлеуметтік және
экологиялық үдерістердің үндестігін сақтауымыздың
тиістілігі айтылған болатын. Яғни, экономика мен экология арасында теңдікті қалыптастыра алмаған мемлекеттің болашағы да бұлыңғыр болатыны сөзсіз. Өйткені, бүгін қайтсек те экономикалық көрсеткіштерді арттырамыз деп, ертеңгі күні соның салдарынан келетін залалды жою үшін тапқан пайдамыздан он, тіпті, жүз есе артық қаражат жұмсауымызға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан,
Қазақстан даму жолында өзін орнықты дамудың қажеттілігімен ұштастырып келеді, - деген
болатын. Сонымен қатар, Елбасы 2011 жылғы 28 қаңтардағы
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты
Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында Үкіметке
тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін жаңа
принциптегі бағдарлама әзірлеуді және оны қабылдауды
тапсырған болатын. Қазіргі таңда, республика
тұрғындарының 20 пайызы нормативтік стандарт сапасына
сәйкес келмейтін суды пайдаланады. Елде жыл сайын су пайдаланушылар
көлемі ұлғаюда. Негізгі су пайдаланушылар ауыл
шаруашылығы (75%) және өндірістер (20%) болып табылады.
Бұдан басқа, өзен суларының жартысынан көбі
көршілес елдердің аумақтарынан келетіндігін, транс-шекаралық
сипаты және климаттың өзгеруі салдарынан болашақта
проблема туындайтынын атап кеткеніміз дұрыс. Еліміз жер асты суларына,
гидротермалды энергияның минералды көздеріне және ресурстарына
бай. Казіргі таңда өнеркәсіп кәсіпорындарын айналмалы
су жабдықтарымен қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасы
әзірленуде. Ол су ресурстарын ұтымды пайдалануға септігін
тигізетін болады. Елбасының және Үкіметтің министрлікке
жүктеген тапсырмаларын орындау қазақстандықтардың
сапалы өмір сүру деңгейін арттыру үшін қолайлы
қоршаған ортаны қамтамасыз етудің экологиялық
қауіпсіздігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біздің
табиғи ресурстарымыз – орасан зор. Алайда, мұның өзі
қаншалықты кереғар көрінгенімен, әлемдік
тәжірибе табиғи байлығы бар көптеген елдердің оны
дұрыс игере алмағандығынан, кедей елдердің
қатарынан шыға алмағанын көрсетеді. Осының
бәрі жетекші фактор – адамдар, олардың ерік-жігері,
күш-қуаты, табандылығы, білім-білігі екенін тағы да
дәлелдей түседі [3. 1-2].
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Жасыл өсу» жоспарлары мен бағдарламаларын іске асыруда Азия
және Тынық мұхит, Еуропа елдеріне серіктестік
жәрдемдесу жолындағы «Жасыл көпір» атты Астана бастамасы жүзеге
асырылуда. Бастама сектораралық,
ішкі аймақтық және аймақаралық бекініске
бағытталған. Қазіргі заманғы құралдар
байланысымен сараптамалық және ақпараттандыруды қамтамасыз
ететін «Жасыл өсу» кеңсесі құрылды. «Жасыл өсу»
кеңсесі Қазақстан және Орталық Азия, Еуропа аймағында
қызмет бағыттары тәжірибелері жөнінде толық
ақпарат таратуға мүмкіндік береді. Қазақстанның
энергиялық тиімді және төмен эмиссиялық технологияларды
қолдану арқылы «Жасыл даму» жолын таңдауы
қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайтады, сондай-ақ
еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуының
жаңа сапалық деңгейіне шығуға өз септігін
тигізеді деп айтуға болады. Осы мақсатта Үкімет 2010-2014
жылдарға арналған «Жасыл даму» бағдарламасын бекітті.
Бағдарлама жасыл экономиканы дамытуға, қоршаған орта
мен денсаулыққа зиян келтіретін антропогендік ықпалды
азайтуға, табиғи экожүйені қалпына келтіру мен
сақтауға, қоршаған ортаның сапасын
жақсартуды басқару жүйесін дамытуға бағытталып
отыр. «Жасыл даму» бағдарламасы шеңберінде шешілетін тағы
бір мәселе – Каспий теңізінен өндірілетін мұнайдың
экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл
Мексика шығанағындағы соңғы жаңалықтармен
өзекті екендігі баршамызға мәлім. Осындай мәселелер
көп елдердің қызығушылығын танытып, оны бірлесіп
шешуге мүмкіндік тудырады. 2007 жылы барлық Каспий жағалауындағы
мемлекеттермен арадағы Каспий теңізінің су айдынын
қорғау жөніндегі Негіздемелік конвенция күшіне енді.
Осы Конвенция Каспий теңізіне антропогендік ықпалды
реттеудің негізгі бағытын анықтау, Каспий
теңізінің биологиялық және басқа
коммерциялық ресурстарын қалпына келтіру, сонымен қатар,
Каспий бойы мемлекеттерімен бірлесіп, кешенді мәселелерді шешу
мақсатында қабылданған бірінші аймақтық конвенция
болып табылады [4. 5-6].
Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен
өткен V Халықаралық экологиялық конгресс (Жапония,
1990), Қоршаған ортаны қоғау жөніндегі
конференция (Бразилия, 1992), ХХҮІІ Халықаралық
географиялық конгресс (АҚШ, 1992) және Йоханнесбург (ОАР,
2003) қаласында өткен бүкілдүниежүзілік
экологиялық форум - аталмыш мәселенің өзектілігін
көрсетіп отыр. Жарқын болашаққа қадам басу жолында
Еуразияның жүрегінде орналасқан Қазақстан
Рио-92 декларациясына, Йоханнесбург декларациясына (2002 ж.) қол
қойып, экология мен даму салаларындағы 25 халықаралық
конвенцияны және Киото хаттамасын ратификациялады. Сондай-ақ,
Еуропа және Азия елдерінің жаһандық
үдерістерінің орнықты дамудағы белсенді
қатысушысы болып белгіленді. Елбасымыздың «Халықаралық
стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны
қорғауды және экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету» деген сөзі Қазақстан
Республикасының экологиялық саясатын дамытудың негізі болып
қалыптасты. Дүниежүзілік қауымдастық дамуын соңғы
60 жылда «экономикалық» және келесі 60 жылда «жасыл» деген
идеологияға бөліп қарауға мүмкіндік беретін
«Жасыл даму» – бұл қазіргі таңдағы
халықаралық стандарт [5. 8-9].
Әлемдік дағдарысты ескере отырып,
бағдарламамыздың негізгі тірегі ретінде біз экономикалық
құралдарды табиғат қорғауға пайдалану,
экологиялық стандарттарға сәйкес экологиялық
қауіпсіздікке қол жеткізу мақсатына оңтайластыруды
қарастырдық. Бұл бағыт 2006 жылы 14 қарашада
республика Президентінің Жарлығымен қабылданған
Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдар аралығында
орнықты дамуға көшу тұжырымдамасына сәйкес орындалды.
Осы бағдарлама шеңберінде күрделі экологиялық
мәселе – қалдықтарды өңдеу мен тұтыну
мәселесін шешудің жолдары қарастырылды.
Қазақстан 2007 жылы Стокгольм конвенциясын
бекітіп, 200 мың тоннаға дейін жинақталған берік органикалық
ластаушыларды жоюды өз міндетіне алды. Премьер-Министр
К.Мәсімовтің тапсырмасы бойынша түрлі саладағы
қалдықтармен жұмыс мәселесін реттейтін ведомствоаралық
жұмыс тобы құрылды. Қолданыстағы нормативтік
құқықтық актілерге тексеріс жүргізілді
және қалдықтарды өңдеу бөлігі бойынша
қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізуге
ұсыныстар әзірленді. Сонымен қатар, барлық облыс
орталықтары мен Астана және Алматы қалаларының
коммуналдық тазалау құрылыстары
құбырларының ағысын тазалау мәселесі де
күрделі жағдайда. Еліміздің көптеген аймақтарында
су шаруашылығы жағдайы қиын кезеңді кешуде. Себебі,
көптеген су нысандары өздігінен тазару және өздігінен
қалпына келу сияқты табиғи қасиеттерін
жоғалтқан. Қазіргі заманғы
ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап алға басуы
адамзат өмірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен
қатар, қоршаған орта-табиғатқа орны толмас орасан
зор зиян да тигізіп келеді. Осы тұста Бэконның: «Адам
табиғатты бағындырумен бірге оған бағыну керек»,- деген
сөзін еске алсақ болады. Біздер осы қағиданы есте
сақтамағандықтан қазіргі таңда табиғатты
қорғау мен экологиялық қауіпсіздік
мәселелері ұлттық
дәрежеден көтеріліп, бүкіл дүниежүзілік аса
маңызды проблемаға айналып отыр. Әлі де болса
адамзаттың экологиялық зияны ескерілмей, бірыңғай
қоршаған ортаны қорғау шаралары оң бағытта
дамымай отыр. Жалпы санамызда табиғат байлығын ешқашан
таусылмайтын, шексіз жатқан мол дүние деп бағалаудың
басым болғандығынан оны экстенсивті түрде игерумен келе
жатқанымыз бәрімізге белгілі. Осыған орай, Республикамыздың реформа
жағдайында әлеуметтік-экономикасының қайта
құрылу процесінің одан әрі жүзеге асырылуы
экологиялық проблемаларды талдау мен бағалауды,
қоршаған орта проблемаларын зерттеуді талап етеді, яғни осы
проблемалар оның әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің
маңызды бір бөлігі болып табылады. Экономикалық әлует
сипаты, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы
нақтылы шешімдер қабылдау, көптеген экологиялық
және экономикалық процестерді болжау үшін негіз болды.
Қазақстанның қазіргі кезеңдегі даму
жағдайында экономикалық қауіпсіздік пен экологиялық
қауіпсіздікті сақтаудың маңызы ерекше. Сондықтан
да, экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан
Қазақстанның дамуындағы экономикалық
өзгешеліктер және әлеуметтік ерекшеліктерді бөліп
көрсете отырып экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
үшін кешенді іс-шаралар қолдануымыз қажет деп, ойлаймын.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. www.kazembassy.bulpost.net/internal_kz.php?dest=M3L5a - Cached - Similar
2. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты 2006 жылғы Жолдауы,
www.president.kz. сайты
tanim.ucoz.com/load/bilim_zh_ne_ylym/.../6-1-0-57 - Cached - Similar
3.
www.kazembassy.gr/index.php?option=com_content... - Cached - Similar
4. Бекмаганбетов Р.
«Экономико-экологические факторы и механизмы их развития в условиях рынка»//
Экология. Устойчивое развитие№12, дек. 2004 г
5.
Айтуғанова З.Ш. «Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері»
дисс.
жұмыс.
2003 ж.
6.
«Қала
мен Дала» газеті, «Экологияның өзекті мәселелері» атты
мақала, 2004 ж. 26 мамыр.