Право / 9.Гражданское право.
Оқытушы,
құқық магистрі Омар Б.М., Омарова И.М., ЗҚТ-015
тобының студенті Айдарбеков А
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті. Қазақстан
Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздіктің 20 жылында еліміздің
экономикалық және әлеуметтік дамуымен қатар білім беру
жүйесін жаңғырту мақсатында кезең-кезеңімен
реформалар жүргізіп келеді. Сол білім беру жүйесіндегі
реформаларды жүргізу Егемен Қазақстанның
алғашқы құқықтық
құжаттарының бірі – Тәуелсіздік Декларациясында
бекітілген болатын. Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде қазақстанның
білім беру жүйесінің негізін қалаған екі іргелі
стратегия қабылданды. Олар: 2000 жылғы «Білім беру»
бағдарламасы және Қазақстан Республикасында білім
беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы еді.
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы
«Әлеуметтік- экономикалық
жаңғырту-Қазақстан дамуының басым бағыты»
атты халққа арнаған кезекті Жолдауында мемлекетіміздің
барлық салаларына қатысты мәселелер жан-жақты
қамтылып, жүзеге асырылуға тиісті он нақты міндеттерді
айқындап берді.
Осы
жолдаудағы маңызды мәселелердің бірі жетінші
бөлімдегі білім беру мен денсаулық сақтау саласы. Дәл
қазіргі жаһандану заманында білім беру жүйесін одан әрі
дамытуға қатысты мәселелерді Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев осы жолдауда
айқындап берді. Атап айтар болсақ, бұл жолдауда Президенті
Н.Ә.Назарбаев былдай деген болатын:
«Білім
беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі
іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.
Біріншіден,
оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен
технологияларды енгізу. Бүгінде халықаралық стандарттар
негізінде Назарбаев университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс
істеуде. Кәсіптік-техникалық білім берудің озық
мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін
бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық
білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет.
Екіншіден,
педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы
зор. Арқаулық педогогтык білім берудің
үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының
біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр
өңірде педогогтардың біліктілігін арттыратын
интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.
Үшіншіден,
біліктіліуті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру
қажет. Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге
әрі олардың сапасына баға беруге тиіс емес.
Үкіметке
үстіміздегі жылы қанатқақты режімде салалық
ассоциациялар арқауында1-2 салаларда тәуелсіз Біліктілікті бектіу
орталықтарын құруды тапсырамын», -деді Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев [1, 1].
Еліміз
дамуының жаңа кезеңі барлық салалардың
инновациялық-индустриялық дамуына көшуді қарастыратын
жаңа міндеттерді алға қойды. Бұл жаңа
талаптарға сәйкес білім беру жүйесінің барабар
өзгерістерін талап етті. Осы мақсаттарды іске асыру үшін 2011
жылы Мемлекет басшысы Білім беруді дамытудың жаңа мемлекеттік
бағдарламасын бекітті. Бұл стратегиялық құжатта
Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының 2011-2020
жылдарға арналған білім беру саласының ұйымдастыру
негізі қаланды. Сонымен бірге тиімді адами капиталды құру,
инновациялық жобаларды іске асыру үшін жоғары білікті
кадрларды тәрбиелеу және жаңа технологияларды
құруға ерекше назар аударылды.
Қазақстан Тәуелсіздігінің
мерейтой жылы білім беруді дамытуды іске асырудың алғашқы
жылымен тұспа-тұс келуі жай емес. Бұл жыл білім және
ғылым жүйесіне терең және маңызды
өзгертулер әкелді деп айтуға болады. Биылғы
жылдың басты жетістіктерінің бірі – одан арғы
жұмыстың құқықтық негізін қалаған
«Білім туралы» және «Ғылым туралы» екі Заңның бекітілуі
болып табылады. Оларды іске асыру үшін 2011 жылғы бірінші
жартыжылдықта 83-тен астам нормативтік құқықтық
актілер бекітілді, 48 акт әзірлену үстінде [2, 1].
Білім беру үдерісіне
оқытудың заманауи әдістемелері мен технологияларын
ұдайы енгізіп отыру аталған саланы жаһанданудағы
ең басты міндеттердің бірі ретінде алға тартты. Сонымен
қатар, педогогикалық құрамның сапа-деңгейін
арттыру мәселесі де маңызды шаралар қатарынан орын алды.
Биылғы жылдан бастап базалық педогогикалық білім стандарттары
мен біліктілікті арттыруға қойылатын талаптарды күшейту
бойынша көптеген ұйымдастыру шаралары қолға
алынғалы отыр. Сондай-ақ педогогтардың біліктілігін растайтын
тәуелсіз мекемелер қызметіне жүгінетін боламыз.
Қысқаша айтқанда, кадр сапасын сараптау міндетін сол кадрды
даярлаған ЖОО-дан өзге бейтарап мекеме атқарғаны
өте дұрыс деп ойлаймын.
Елбасы Н.Назарбаев
белгілеген Қазақстанның даму стратегиясы еліміздің
әлемдік қауымдастықтағы бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Жалпы алғанда, ұлттық білім беру
жүйесінің, оның ішінде жоғары мектептің ілгері
дамуы Президент қойған міндеттердің табысты түрде
жүзеге асырылып жатқандығының дәлелі болып
табылады. 2010 жылы Қазақстанның Болонья декларациясына
қосылуы еліміздің тарихындағы маңызды оқиға
болып, отандық жоғары оқу орындарын еуропалық білім
беру кеңістігінің толық құқылы серіктесі
етті. Мұндай серіктестік белгіленген өлшемдерді
ұстануға міндеттейді. Аккредиттеу арқылы білім беру
қызметінің сапасын қамтамасыз ету осылардың ішіндегі
басым бағыт болып табылады. Бүгінгі таңда
әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, жоғары
оқу орны үшін аккредиттеуден өту, оқу орнының
жұмыс жасауы мен заңды түрде қызмет етуінің
міндетті шарттарының бірі болып отыр. Еуропалық
академиялық қауымдастық аккредиттеуді ұйымдастыру
мен өткізу мәселесіне өте мұқият қарайды.
Себебі, аккредиттеуден өту арқылы жоғары оқу орны
өзі тәріздес оқу орындары арасында беделінің жоғары
екендігін дәлелдейді және бұл оның «сапа белгісі» болып
табылады. Жетекші еуропалық елдердің аккредиттеу агенттіктері
(олардың ішінде EQAR, ENQA) жүйелерінің салыстырмалы
стандарттары білім беру бағдарламаларының жоғары сапасына
кепілдік және жоғары оқу орнына жұмыс берушілер мен
білім беру қауымдастығы ортасында танылуына мүмкіндік
береді. Еуропалық жоғары оқу орындарында ұлттық
және халықаралық аккредиттеуді өткізу тек сапа
кепілдігі ұйымдарының еуропалық тізіміндегі арнайы
агенттіктерге ғана сеніп тапсырылады. Отандық жоғары мектеп
осыған ұқсас жолмен келе жатыр: Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі отандық жоғары оқу
орындарына өз қызметін тәуелсіз бағалауды жүзеге
асыруға мүмкіндік беретін аккредиттеу мен саралаудың
ұлттық үлгісін құрды. Бүгінгі таңда
жиырмадан астам отандық жоғары оқу орны ұлттық
институционалдық аккредиттеуге ие болды. Ал, бұл
халықаралық аккредиттеуден өтудің міндетті шарттарының
бірі болып табылады. Қазақстандық
жоғары оқу орындарының халықаралық тұрғыда
танылуға деген ұмтылысы қазіргі кезде
қоғамдық-кәсіби аккредиттеуді дамытуға байланысты
болуда. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы елімізде
тәуелсіз аккредиттеу құрылымын дамыту бойынша шарттарды
құруды қарастырады [3, 3].
Президент білім беру жүйесін
жаңғырту бағытында алдымызға ұлан-ғайыр
міндеттер қойды. Оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен
технологияларды енгізу уақыт талабы екенін ұғынатын мезгіл жетті. Сонда ғана қазақстандық білім беру жүйесі одан әрі өркендеп, халықаралық стандарттарға теңесетін болады. Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында оқу үдерісіне осы заманғы әдістеме мен ақпаратты технологияны енгізу қажеттігін атап көрсетті.
Бүгінде оқу-әдістемелік базаны кредиттік технологиясыз көзге елестетудің өзі қиын. Оқу үрдісіне оқытудың интерактивті
технологиясын енгізу, оның ішінде, бейнеконтентпен қашықтықтан
оқыту технологиясын қолдану, инженерлік-техникалық
мамандықтар бойынша материалдық-техникалық базаны нығайту,
электронды оқу залдарының санын көбейту,
ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыру кеңінен жалғасып
келеді.
Қазақстандықтарды
жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату жоғары білім
беру жүйесіндегі жаңашылдықсыз іске аспайтынын қазір
екінің бірі түсінеді. Академиялық
ұтқырлық орталығы осы мақсатпен
құрылған. Ол, екінші жағынан, академиялық
ұтқырлық дамуының орталықтандырылған
жобасын жүзеге асыру қажеттілігінен туындаған болатын.
Қазақстан Республикасының білім беру ісін дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына
сәйкес Болон декларациясының бір қағидаты осылайша
жүзеге асып отыр [4, 2].
Қазіргі таңдағы адамзаттың
тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім болып табылады.
Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне
енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымызға
салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. Себебі, қай мемлекеттің болсын
даму жолы, яғни экономикалық-әлеуметтік жағдайына
тікелей апарар жол – сол елдің білімінің дамуы
болып табылады. Яғни, болашақта бәсекеге
қабілетті мемлекеттер қатарына ену міндеті бәсекеге
қабілетті жас маман мойнына жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет
болып отыр. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі мемлекет
тұтқасын ұстаушы білікті маман, ел тағдырын шешуші
азамат. Олай болса еліміздің болашағы болып табылатын жас
мамандарға білім беретін ЖОО-дың білім жүйесін дамыту заман
талабы, - деп айтуымызға болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Қазақстан
Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012
жылғы 27 қаңтардағы
«ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ
-ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ» атты
Қазақстан халқына Жолдауы. e.gov.kz/wps/portal/Content?.../3.../president/..
2.
«Білімді
ұрпақ – ұлт болашағы» 30.12.2011.
i-news.kz/news/2011/12/30/6223429.html
3.
Аккредиттеу
– алға басу кепілі Жұма, 27 шілде, 2012 «Егемен
Қазақстан» газеті. Сәрсенбі, 5
қыркүйек, 2012. Еркін
КӨБЕЕВ, академик
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры,
заң ғылымдарының докторы, профессор. Қарағанды.
4.
Білім
сапасы – басты ұстаным. «Егемен
Қазақстан» газеті. Сәрсенбі, 5
қыркүйек, 2012 Оңдасын
ӘШІМОВ, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры,
ҰҒА академигі. Солтүстік Қазақстан облысы.