ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ
СТУДЕНТТЕРДІҢ УНИВЕРСИТЕТКЕ БЕЙІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕРДІҢ РӨЛІ
Дандыбаева А.С,
Жусупбекова
Л.Е.
Қазіргі таңда білім
беру - әрбір тұлғаның даралығын ашу, жеке
тұлға ретінде дамыту, бейімділігін қалыптастыруға
бағытталса, сол жаңа жүйенің негізі бүгін
көрініс тауып, қазірден нәтижесін беруі қажет.
Сондықтан әрбір педагог өз қызметінің
мазмұнын инновациялауы шартты. Ол үшін жаңа мазмұнды
жұмыс жоспарын жасап, барлық үдеріс нәтижеге
бағытталып ұйымдастыруы міндетті.
Ғылым мен техниканың
даму қарқыны білім беру саласының оқыту үрдісіне
жаңа технологиялық әдістерді кең көлемде
қолдануды қажет етіп отыр. Яғни, білім беру саласындағы
ақпарат алмасу, электрондық пошта, телеконференция,
бейнеконференция, интерактивті сабақтар педагогтардың кәсіби
білімінің жоғары деңгейі арқасында жүргізіліп
жатқаны рас. Оқыту үдерісіне бұндай
ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану
арқылы нәтижелерге жетіп, бірқатар мәселелер оң
шешімін табуда. Атап айтсақ:
-оқу материалын
студенттің терең түсінуіне
- студенттің
оқуға деген қызығушылығының артуына
-алған білімнің
ұзақ уақыт сақталуына
- студент және
оқытушы арасындағы қарым – қатынастың орнауына
- студенттің белсенді
әрекетінің болуына
-ең бастысы,
студенттің сабақтан тыс уақытта өз бетінше
жұмысты жалғастыруына
-отбасы, студент,
жоғарғы оқу орны арасында байланыстың болуына.
Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев[1]: «Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына
кіру стратегиясы» атты Жолдауында «Білім беру реформасы –
Қазақстанның бәсекеге нақтылы
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса
маңызды құралдарының бірі»- деп атап көрсеткен.
Сондай – ақ, Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ
ғасыр – ақпарат ғасыры деп аталады. Олай болса, әрбір
педагогтың ақпараттар ағымына ілсіп, бәсекеге
қабілетті құзырлы болуы – басты міндет және парыз.
Бәсекеге қабілетті
құзырлы болу үшін, әрине, үздіксіз іздену,
кәсіби білімді жетілдіру, тәжірибе алмасу, шығармашыл болу,
жұмыс мазмұнын инновациялау қажет екені белгілі. Мен өз
тәжірибемде кеңнен пайдаланып жүрген және менің
әріптестерімнің де тәжірибесіне толық еніп,
нәтижесін беріп келе жатқан техологияның бірі – тренингтік
технологияның тиімділігіне тоқталғым келеді.
Білім беру салаларында
кәсіби міндеттерін дербес, әрі шығармашылық
тұрғыдан шеше алатын, кәсіби қызметінің
тұлғалық және қоғамдық маңызын
түсіне білетін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа
технологияларын меңгерген, кәсіби және бәсекеге
қабілетті мамандар жұмыс істеуі тиіс.
Осыдан келіп,
Қазақстанды білім беру жүйесіндегі негізгі мәселе
мемлекетті қажетті мамандармен қамтамасыз ету мәселесі
туындайды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін қазіргі
кезде білім беру саласындағы мамандандырылған дайындықтар
негізінде болашақ мамандарды қазіргі заманғы
инновациялық технологияларды қолдану арқылы дайындап, оларды
мамандандырылған мәселелер мен қызметтердің шешімін
табуға үйретеді. Ал бұл қызметтерді орындау үшін
адам белгілі бір білім мен біліктілігі, инновациялық технология саласын
меңгерген болуы керек.
Студенттердің кәсіби
бағыттылығы қазіргі заман талаптарына сай жоғарғы
оқу орындарындағы өзекті мәселелердің бірі болып
табылады. Кәсіби бағыттылықтың қалыптасуы
болашақ маманға сапалы білім беру мақсаттарын жүзеге
асырудың бірден бір жолы.
Бітіру жұмысында
психологиялық тренингтер негізіндегі студенттердің кәсіби
бағыттылығы мәселесінің зерттелу деңгейі,
ғылыми әдіснамалық негізі, қалыптасу ерекшеліктері
қарастырылады.
Студенттердің ЖОО-ға
бейімделуінің бағыттылығының қалыптасу ерекшелігі
қазіргі заман талабына сай жүзеге асады. Жалпы студенттердің
кәсіби шеберлігінің қалыптасуы оқу процесінің
ұйымдастырылу деңгейіне, оқытушының іскерлігіне,
студенттердің ғылыми жұмысының ұйымдастырылуына
тәуелді. Ал оқу процесінде қолданылатын түрлі
әдіс-тәсілдер кәсіби маман ретінде біртіндеп ЖОО-на
студенттердің бейімделу жолдарының бірі психологиялық
тренингтер арқылы жетілудің бірден бір жолы болып табылады.
Сондай-ақ оқыту процесін белсенділендірудің
тәсілі ретінде психологиялық тренингтердің де маңызы
зор. Білім беру технологияларында психологиялық тренингтерді
пайдаланудың тиімділігі оқытушының кәсіби
іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты екендігі
белгілі.
Бүгінгі таңда
педагогикалық іс-әрекеттің қыр-сырын
әртүрлі салада қарастырған ауқымды зерттеу
еңбектері баршылық. Жұмыстың теориялық
бөлімі кәсіби жетілу мәселесінің психологиялық
ғылыми әдебиеттерде алатын орнын талдаумен сипатталады.
Студенттерді кәсіби
жетілдіруде қолданылған психологиялық тренингтерді мамандар
даярлаудағы инновациялық әдіс-тәсілдер ретінде
жоғары оқу орындарының білім беру үрдісінде
қолдануға болады.
«Тренинг» термині – ағылшын
сөзі, оқыту. Тәрбиелеу, жаттықтыру, үйрету
сияқты бірқатар мағынаға ие. Тренинг адам бойында
қалыптасқан мінез – құлық пен іс -
әркеттерді басқару модельдерін қайтадан қалыптастыру
тәсілі ретінде қолданылады[2].
Тренинг түрлерінің
ішіндегі - әлеуметтік – психологиялық тренингтің психологтар
үшін тиімділігі жоғары екенін баса айтқым келеді. Себебі
бұл әдіс балалармен, ата – аналармен, әлеуметтік топтар
мамандарымен тағы басқа қажетті обьектілермен белсенді
жұмыс жүргізуге қолайлы. Осыған орай ресей
ғалымдары мен зерттеушілері - Ю.Н.Емельяновтың,
В.П.Захарованың, Г.А.Ковалеваның, Х.Микинаның
еңбектеріндегі негізігі ойларымен ұштасады.
Психологиялық
тренингтің мақсаты – қатынастағы тиімділікті арттыру,
адамның перцептивті қабілеттлігін, жеке тұлғаның
қатынас жүйесін шыңдай түсу.
Тренинг жұмысының
нәтижелі болуы – оқыту, тәрбие жұмысын
ұйымдастыруда шешімін табуы тиіс міндеттерге тренинг
жүргізушінің ықпал ете алуы.
Тренингтік технологияның
тиімділігі –тренингке қатысушылар арасында қарым – қатынас
құзыреттілігінің қалыптасуы.
Психологтің негізгі
қызметтерінде ата – аналармен педагогикалық – психологиялық ағарту
жұмыстарын жүргізу, тәрбиенің жекелеген
мәселелері бойынша тәрбиелік іс – шаралар ұйымдастыру, жеке
және топтық педагогикалық – психологиялық
кеңестер беру сияқты үдерісте тренингтік технологияларды
пайдаланып келемін. Әрине, тренинг жүргізер алдында түрлі
бағыттағы бақылау қорытындыларының да болуы
маңызды. Мысалы,:
- студенті тәртібі мен
үлгірімін сабақта және сабақтан тыс уақытта
бақылау
- студенттің
қызметіне талдау жасау (әр пән бойынша білім деңгейіне,
жұмыс дәптерлеріне, жазған шығармаларына т.б)
-студентпен жеке байланыс жасау
(сұхбаттасу, пікір алысу, тест алу, эссе жаздыру, сурет салдыру, хат
жаздыру
-достарымен кездесу, пікірлесу,
кездесуге шақыру
-ата – анасымен байланыс (
қызметі, отбасы тәрбиесі, өскен ортасы)
Бірақ бала бойында
бүгін байқалмаған қасиет ертең көрінуі де
мүмкін. Сондықтан бақылау нәтижелері маңызды
болғандықтан күнделік жүргізуді де жүйелі
жолға қою керек деп есептеймін.
Жалпы тренингтік технологиямен жұмыс жасау
барысында бірқатар принциптерді басшылыққа алсақ,
еңбегіміз нәтижелірек болмақ. Олар:
-Белсенділік принципіқолдануда, тренинг
барысында тренингке қатысушылар арнайы талқыланған іс -
әрекетке белсенді қатысуы қажет. Неғұрлым
қатысушыларды белсенділігі жоғары болса, тренинг
соғұрлым нәтижелі болмақ. Сондықтан тренинг алдында
қатысушылардың психологиясына әсер етіп, тиімділігіне назар
аудартып, қызығушылығын арттырып алу керек. Қажет
болған жағдайда өмірден жанды мысалдар келтіру де
тренингтің нәтижелі болуына әсер етпей қалмайды.
Бұл принцип адам естігенінің 10 пайызын, көргенінің 50
пайызын иегерді деген қағидаға сүйенеді.
Сонымен қатар, зерттеушілік принципінде бұл ұстанымның
мағңыздылығы – тренинг барысында қатысушылар
психологиялық ойларды зерттейді, талдайды және өз
бойындағы жеке мүмкіндіктер және ерекшеліктермен
салыстырады, қорытынды шығаруға мүмкінді
болады.Бұл принципті жүзеге асыру барысында қатысушылар
арасында түрлі қарсы пікірлер болуы мүмкін. Тренинг
соңында біржақты пікірлер талданып, ортақ пікір ортасы
қалыптасуы керек.
Мінез – құлықты
нысаналау принципі
Бұл принцип, тренинг
жүргізуші топта екі жақты байланысты орната алса ғана
тиімдірек болады. Себебі, екі жақты байланыс мінез –
құлықты нысаналаудың негізгі құралы
болмақ.
Әріптестік қатынас
принципі
Бұнда ең бастысы,
қатысушылардың әрекетке деген қызығушылығын
тудыру. Егер тренингке қатысушылар өз мінез –
құлықтарын жасырмай, аша түссе тиімдірек болады.
Бұл айтылған
психологиялық ұстанымдар әлеуметтік – психологиялық
тренинг жұмысының тиімді болуы үшін алғышарты іспеттес.
ЖОО-да жүргізілген
психологиялық тренингтер студенттердің жоғарғы
оқу-орындарына бейімделуін аса қажет. Осыған
орай,тұлғаның бейімделуі немесе бейімделе алмауының
сипаты мен денгейі көбінесе адамның биологиялық,
физиологиялық, психикалық қасиеттеріне және оның
әлеуметтік дамуына байланысты екенін байқауға болады.
Тұлғаның
әлеуметтік бейімделуі ережелерді қайта орнатуға,
әлеуметтік пайдалы қарым–қатынас,
мінез–құлық, іс-әрекеттің өзгеруіне
бағытталған. Психологиялық бейімделу - әлеуметтік
қажетті құндылық бағдар және мінез–құлықты
меңгеру, әлеуметтік ортаның күтілімдері мен
тұлғаның бағыттылығын, бағдарын
жақындаттыру. Бейімделудің әлеуметтік және
психологиялық жақтары бір – бірі мен үздіксіз байланыста.
Қорыта келгенде, өмір
бойы барлық тірі ағза, соның ішінде адам үздіксіз –
климатқа, қоректенуге, қоршаған адамдарға тіпті
кәсіби зияндылықтарға және стресске икемделеді.
Яғни барлығы қоршаған ортамен үйлесімді
болуға тырысады. Ортаның талабына біртіндеп бейімделеді.
Бейімделу процесі барлық
тірі ағзаға тән деп айтып кеттік, бірақ адамның
беиімделу ерекшелігі ол тек ортаға икемделуіне байланысты емес,
сондай-ақ ең алдымен ол өзін қажеттілігіне сәйкес
икемдей алуына байланысты болып табылады.
Кез келген тірі
ағзаға белгілі ортада өмір сүреді, ол сыртқы
ортадан міндетті түрде өмірге қажетті компоненттерді
үнемі алуға мәжбүрлі. Тірі ағзаны сыртқы
ортадан шектеу, оның өлуіне әкеледі. Сондықтан тірі
ағза ішкі теңдікке жетуге талпынуда, ол бір уақытта
тұрған орта жағдайына бейімделуі керек. Осы құбылыс «бейімделу»
түсінігінің сипатын анықтайды. К. Бернар жұмысынан
бастап бейімделуді теңсіз жүйелер аралығындағы
қатынас ретінде қозғалмалы құрылудың
жиынтығы деп қарастырылады.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан: елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауын жария ету кезінде сөйлеген
сөзі // Ана тiлi. - 2007. - 8-14 наурыз (№10)
2. Педагогика және психология
сөздігі.-Алматы: «Мектеп» баспасы ЖАҚ, 2002.-256 бет.