Қазақстанда
жайылымды суландыруды дамыту мәселелері
Аязбекова Ж.С. магистр,
аға оқытушы, Махашева Ж.А. магистрант
Жамбыл
гуманитарлық-техникалық университеті, Тараз қаласы
Жайылымды
суландыруды жеке техникалық проблема деп қарамай, үлкен бір
экономикалық, бәрінен бұрын мал шаруашылығын орынды
орналастыра білу проблемасы деп қарау керек.
Қазақстанда,
әсіресе Оңтүстік Қазақстанда жайылым суландыруды
жоспарлау және оны іске асыру елуінші жылдардың бас кезінен
басталды. Мойынқұм, Бетбақдала, Сарыарқа алқаптарындағы
жалпы көлемі 23,5 млн гектар келетін жайылымды суландыру жөніндегі
бірқатар шараларды 1948 жылы құрылған Бетбақдала
тәжірибе станциясы жасады.
Мал
шаруашылығын одан әрі өркендету мақсатымен жайылымды
кең көлемде суландыру және суландыру жүйелері мен
құрылыстарын жақсарту жөніндегі жұмыстар тек
60-жылдары басталды.
Қазіргі
кезде Оңтүстік Қазақстанда 28,9 млн гектар жайылым
суландырылған. Бұл бүкіл жайылымның 90 пайызы.
Мұнда 11 мың шахталы, 6,2 мың трубалы
құдық, 1,3 мың км канал қазылып, 260 км астам су
құбырлары тартылған. Сонымен бірге мал суару үшін
тоғандар, бұлақтар, өзендер мен көлдер,
әуіттер пайдаланылды.
Суландыру
құрылыстары өнеркәсіптік, яғни
индустриалдық тәсілмен түгел темір бетоннан салынуда.
Бұл құрылыстың салыну мерзімін күрт қысқартып,
жұмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Суландыру
жұмыстары қазір жыл бойы жүргізілетін болды. Шахталы
және трубалы құдықтар мен құдық
маңындағы тағы басқа құрылыстарды
типтендіру дәрежесі өте
жоғары.
Кейбір
шаруашылықтарда суландыру құрылыстарын қамтитын
бригадалар құрылған. Мәселен мұндай бригадалар
Жамбыл облысының «Талас», «Қаракемер» совхоздары мен Ленин
атындағы совхозында, Шымкент облысының «Темір» совхозында бар. Пайдалануын жақсарту үшін
суландырылған жайылымды дер кезінде түгендеп, суландыру
құрылыстарын паспорттандырудың маңызы зор. Мұндай
бақылау іске аспауға айналған жайылымдық жерлер мен
суландыру жүйелерін дер кезінде анықтап, қалпына келтіруге
тиісті шаралар қолдануға мүмкіндік жасайды.
Жер
асты суын пайдаланудың Оңтүстік Қазақстанның
шөл және шөлейт жерлері жағдайында суармалы егіншілікті
шағындап суару учаскесін жасау жолымен өркендету үшін зор
болашағы бар. Бірақ бұл Оңтүстік Қазақстан
үшін жаңа іс болып табылады.
Қазақ
су шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институты осыдан 20 жыл бұрын арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Мойынқұмнан
агротехникалық шаралар негізінде бір гектарда 8-10 мың азық
өлшемін алуға, яғни шөл жайылымдарының
өнімділігін 80-100 есе арттыруға болатынын дәлелдеген еді.
Ғаламшарымызда
ірі қалалардың тез өсуі, олардағы өнеркәсіп
орындарының аса үлкен жылдамдықпен дамуы су тасымалдау
көлемінің өсуін жылдамдатты.
Еліміздегі су қорларын
пайдаланудың жылдам өсуіне байланысты суды реттеу және
қайта бөлу мақсатында істеліп жатқан инженерлік шаралар
көп жағдайда обьектілерінің режиміне және сапасына
үлкен әсер етеді. Суды шаруашылыққа пайдалану
мақсаттар кешеніді түрде шешіле бастады. Кешенді шешім жекелеген
аумақтық шешімдерден су шаруашылығы шараларын шешудің
бірыңғай жүйесіне көшуді қамтамасыз етеді.
Суландыру құрылыстары
өнеркәсіптік, яғни индустриалдық тәсілмен
түгел темір бетоннан салынуда. Бұл құрылыстың
салыну мерзімін күрт қысқартып, жұмыс сапасын
жақсартуға мүмкіндік берді. Суландыру жұмыстары
қазір жыл бойы жүргізілетін болды. Шахталы және трубалы
құдықтар мен құдық маңындағы
тағы басқа құрылыстарды типтендіру дәрежесі өте жоғары.
Кейбір
шаруашылықтарда суландыру құрылыстарын қамтитын
бригадалар құрылған. Мәселен мұндай бригадалар
Жамбыл облысының «Талас», «Қаракемер» совхоздары мен Ленин
атындағы совхозында, Шымкент облысының «Темір» совхозында бар. Пайдалануын жақсарту үшін
суландырылған жайылымды дер кезінде түгендеп, суландыру
құрылыстарын паспорттандырудың маңызы зор. Мұндай
бақылау іске аспауға айналған жайылымдық жерлер мен
суландыру жүйелерін дер кезінде анықтап, қалпына келтіруге
тиісті шаралар қолдануға мүмкіндік жасайды.
Жер
асты суын пайдаланудың Оңтүстік
Қазақстанның шөл және шөлейт жерлері
жағдайында суармалы егіншілікті шағындап суару учаскесін жасау
жолымен өркендету үшін зор болашағы бар. Бірақ
бұл Оңтүстік Қазақстан үшін жаңа іс
болып табылады.
Су қорларын кешенді
пайдалануда жер суару мен жайылымдарды суландыру - өте маңызды
мәселе. Елімізде, жалпы алғанда арналарға қайтып
оралмайтын су шығынының 70 %-ы ауыл шаруашылығының
еншісіне тиесілі. 1940-1980 жылдар аралығында, халық
шаруашылығының негізгі салаларындағы суды пайдалану
шығын 4 еседен де көп мөлшерде өсті, соның ішінде
өндірісте 8 еседегн көбірек, ал ауыл шаруашылығында 3 есеге
жуық.
Республикамыздағы суармалы
жерлерге қазіргі кезде негізінен күріш, мақта, қант
қызылшасы мен дәнді дақыл егіледі. Сондай-ақ қала
маңында көкөніс өсіретін сүт және
жүзім, жеміс-жидек
шаруашылығымен айналысатын аймақтар да бар. Келешекте Ертіс
өзенінің маңында суармалы жерлерді ұлғайту
және суаруды жеделдету арқылы жемшөп өндіруді одан
әрі дамытуға қолға алынбақшы. Жүйелі
түрде суарылатын ірі алқаптармен бірге, соңғы жылдары
барлық облыс жағдайында кеңінен қолданылып келе
жатқан жер асты сулары пайдаланатын участоктар жемшөп
өндіретін аймаққа жатады.
Қазіргі уақытта
республикадағы суармалы жерлерге себілетін мал азығы
дақылдары егістігінің көлемі 1,0 млн гектарға
жеткізіліп, осы өңірлерден өнім мөлшерінің
артуына байланысты малды жемшөппен қамтамасыз ету
жақсартылды. Сондай-ақ соңғы жылдары мал азығы
дақылдары себілетін алқаптың ұлғаюмен
қатар, суармалы жерге себілетін жемшөп тұқымы
жақсартылып, өндірілетін өнімнің сапасы да біршама
жақсаруда.
Суармалы шабындықтар мен
жайылымдардың әуелден-ақ жемшөп өндірісінің
ірі резерві екені аян. Осындай өңірлерден бүкіл жаз бойы
белогы мол әрі өзіндік құны өте төмен мал
азығы өндіріледі.
Республиканың су
шаруашылығы, шабындық және жайылым ғылыми-зерттеу
институтының деректеріне сүйенсек жер асты суларын пайдалану
арқылы оазистік участоктаран қосымша мыңдаған тонна жемшөп
өндіруге мүмкіндік бар екендігі анықталады. Еліміздің
жемшөп қорын молайтуға көлтабандап суару әдісін
қолдану арқылы да үлкен жол ашуға болады.
Пайдаланған
әдебиеттер
1.
Тұрсынов А.А., Достай Ж.Д. Су ресуртары – қауіпсіздік кепілі./
Қазақстанның ғылымы мен жоғары мектебі. 2001 ж.
№15-7 бет
2.
Суханбердин Х. «Су көздері – тіршілік сақшысы» Дүние –
2003ж. №12(18)
3.
ҚР Статистика Агенттігі, Тараз, 2008 ж.
4.
Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы. //www.taraz.info. сайты.