Д.с.-х. н. Кожабаев Ж.И., научный сотрудник Наурызбаева Ж.И.

 

 

Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства

 

результаты исследований по селекции сафлора на предгорной равнине заилийского алатау

Сафлор – травянистое однолетнее растение, был известен еще в Древнем Египте 3,5 тысячи лет назад и сейчас во многих странах выращивается как масличная культура.  Семена его содержат до 60% пищевого масла, используемого также для технических целей. Масло, выжатое из семян растения, богато ненасыщенными жирными кислотами, особенно линолевой кислотой до 70%. В медицине широко используются препараты из сафлора, а также  применяется для окрашивания хлопка и шелка. В некоторых странах он является одной из самых популярных садовых культур, как у флористов, так и у цветоводов.

В бывшем СССР возделывался единственный сорт Милютинский 114, выведенный Узбекским НИИ богарного земледелия (урожайность 10-15 ц/га с 1 га,  содержание жира в семянках 31,6%, в ядре - 59,1%, лузжистость 45,6%). Сорт среднеспелый, устойчив к атмосферной засухе, пригоден для механизированной уборки. Районирован в республиках Узбекистана и Таджикистана, а также в Южно-Казахстанской и Жамбылской областях Казахстана.

В нашей стране селекционерами Красноводопадской селекционной станции созданы сорта Нурлан, Акмай, Ииркас и сорт Центр 70 селекции Казахского НИИ земледелия и растениеводства с высоким содержанием масла до 30%, которые включены в Государственный реестр селекционных достижений, допущенных к использованию в Республике Казахстан.

В связи с малым количеством отечественных сортов этой засухоустойчивой, неприхотливой к внешней среде культуры, перед селекционерами ставится задача создания высокопродуктивных сортов сафлора, приспособленных к различным почвенно-климатическим условиям и организация семеноводства с целью широкого их внедрения в производство.

Селекционная работа по сафлору с 2005 года ведется в Казахском научно – исследовательском институте земледелия и растениеводства на светло-каштановых почвах предгорной зоны Заилийского Алатау.

Целью исследований было создание и передача на Государственное сортоиспытание нового сорта сафлора с улучшенными параметрами основных хозяйственно-ценных признаков.

Основным методом в создании сортов сафлора является индивидуально-семейственный отбор из исходного материала, поскольку генофонд этой культуры представлен ограниченным набором сортообразцов, состоящих из многочисленных биотипов.

В настоящее время проходят оценку во всех питомниках на хозяйственную ценность 1135 сортообразцов. Так, по урожаю семян в коллекционном питомнике выделено 28 сортообразцов, которые будут использованы в качестве исходного материала для продолжения целенаправленного отбора.

В селекционном питомнике второго года изучали потомства от 25 генотипов, отобранных в результате индивидуально – семейственного отбора. По урожаю семян отличались 12 номеров: АТ -80, К -125, 92 -8 к, 46 – пк, 115 - 14 с, 40 180, 40 -18 с, 79 п, Sterling – 14, Tessaff – 10, 2 пс, Н-98 из которых отобрано 54 элитных растения.

В контрольном питомнике изучались 26 номеров, выделенных двукратным индивидуально – семейственным отбором из состава популяции перспективных исходных форм. Урожайность семян изучаемых номеров в данном питомнике изменялась от 12,7 до 17,4 ц/га, а урожайность стандартного сорта Центр 70 в среднем составила 14,0 ц/га. Селекционные номера: 21пс, 76п, 79п, 72пс, Н-98, 58п,  АТ – 103 по урожаю семян превосходили стандарт на 18 -25 % при урожайности 16,5 – 17,3 ц/га.

 

Из изученного нами материала в конкурсном питомнике выделен продуктивный и высокомасличный селекционный номер Н-98, который был передан в 2009 году в Государственную комиссию по сортоиспытанию сельскохозяйственных культур как новый сорт сафлора под названием Алкызыл.

Сорт выведен  методом индивидуально-семейственного отбора из популяции  сортообразца Н-98. Образ жизни яровой. Окраска семядолей и подсемядольного колена зелёная. Форма куста прямостоячая, без кущения. Стебель округлый, высотой 82-105 см.  Ветвление первого порядка - 8  ветвей, с углом отхождения от стеблей 45 °. Листья без опущения, края листьев слегка зазубренные, неколючие. Облиственность средняя, на 1 растение 40-60 листьев. Корзина выпуклая, закрытого типа, слабонаклоненная, среднее количество корзинок на 1 растение 27 штук. Окраска цветков светло-красная. Обёртка цветков неколючая, листочки обёртки ланцетовидные, мелкие, кончики острые. Диаметр корзинок 2,2-2,5 см. Семена белые, слегка ребристые и удлинённые. Лузга средней толщины. Средняя урожайность за 2006-2008 годы испытания составила 21,2 ц/га, что превышает стандартный сорт Центр 70 на 20,5%. Относится к позднеспелой группе, вегетационный период 108-112 дней. Засухоустойчивость высокая. Натура семян 518-525 г/л. Масса 1000 семян 34,4-37,2 г. Содержание жира в семенах 27,2-28,3%, поражаемость грибными болезнями 1,8-4,0%, а у стандарта Центр 70 соответственно 26,0-28,4 и 2.0- 4,6%.

Результаты изучения нового сорта в сравнении с ранее допущенными к использованию сортами сафлора представлены в таблице 1.

 

Таблица 1. Показатели уровня развития нового сорта сафлора Алкызыл

 

 

Показатели

Сорта

Алкызыл

Центр 70

Милютинский 114

Урожайность, ц/га

17,2-26,0

16,1-23,4

14,7-21,5

Масличность, %

27,2-28,3

26-28,4

25,3-27,3

Вегетационный

период, сутки

108-112

100-109

103-108

 

Сафлор приносит доход хозяйствам и повышает гибкость севооборота в засушливых регионах. Уровень рентабельности производства семян сафлора составляет 76-125,6%. Наибольшая экономическая эффективность производства продукции может быть достигнута при её глубокой переработке. Так, показатель рентабельности повышается в несколько раз за счёт увеличения как количества видов произведенной продукции, так и за счёт получения прибыли на каждой из цепочек добавленных стоимостей. При переработке семян на масло рентабельность может вырасти в 3 раза, на биотопливо – в 6-7 раз. При этом затраты на их производство не повышаются.

Другие масличные культуры, такие как подсолнечник или рапс в среднем дают большую валовую прибыль. Однако сафлор является более прибыльным, чем эти культуры в засушливых регионах, благодаря своей высокой степени толерантности.

Помимо непосредственного дохода от урожая, выращивание сафлора дает косвенную экономическую прибыль для последующих культур в севообороте. При хорошо налаженной системе борьбы с сорняками, путем применения механических и химических средств, последующие зерновые культуры намного выигрывают от низкой засоренности посевов.


Қожабаев Ж..И., а.ш.ғ. д., Сариев Б.С., б.ғ.д.

 

Қазақ егіншіілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

 

ЖАЗДЫҚ АРПАНЫҢ ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚҚА

 тТӨЗІМДІЛІГІн бағалау

 

Құрғақшылық – тәлімі аймақтардың топырақ-климат ерекшеліктеріне тән әрі табиғатта жиі кездесетін жайсыз құбылыс. Көбінесе астық тұқымдастардың дән толысу кезеңінде басталатын құрғақшылық нышаны  топырақтағы ылғал жетіспеушілігі мен аңызақ желдің салдарынан арпа егістігінің ыстыққа ұрынып,  соңынан дәннің  біржола семіп қалуына  тікелей себін тигізері даусыз.

Жаздық арпаның құрғақшылыққа төзімділігі аймақта өсірілетін сорттардың морфологиялық және анатомиялық белгілерімен қатар өсімдіктердің  тіршілік барысында  жүретін физиологиялық процестер мен егістікте қолданылатын агротехникалық тәсілдерге байланысты  біршама өзгеріп отырады.

Тәлімі жерлердегі дәнді дақылдардың  өсуі мен дамуы негізінен  екі кезеңге бөлінеді: біріншісінде, өскіннен бастап  масақтанғанға  дейін өсімдіктер қанағаттандырарлық дәрежеде сумен қамтамасыз етілген, сол себепті  олардың бойында ылғалға қатысты орташа құрылым байқалады; екіншісінде, масақтанғаннан бастап піскен мерзімге дейін өсімдіктер ылғалдың тапшылығын айқын сезінеді де, су алмасу  процесі бұзылып, құрғақшылыққа бейім құрылым басым келеді.

Егістік жағдайдағы құрғақшылыққа төзімділікті бағалаудың тікелей әдісі - қуаңшылық кезіндегі өсімдіктердің жоғары өнімділікті  сақтап қалу қабілеті. Әйтсе де түпкі өнімнің  мөлшерін айқындап, қосымша бақылаулармен дәлелдей түсетін сенімді деректердің болуы  қажет-ақ. Құрғақшылыққа төзімділікті  күшейтетін факторлар көбінесе өсімдіктердің  сумен тұрақты жабдықталуын қамтамасыз етеді немесе оның шығындалу  үнемділігін  жоғарылатады. Қысқаша айтқанда, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің ұлпаларындағы су мөлшері жеткілікті көлемде  болуы тиіс.

Біздер өз тәжірибемізде жасуша шырынының концентрациясы мен нақты жылдың жауын - шашынмен  қамтамасыз етілуіне байланысты ауыспалы егістегі арпа өсімдіктерінің құрғақшылыққа төзімділік қасиеттерін бағалап, түпкі өніммен байланыстыра түсіндіруді мақсат еттік. 

Жасуша шырынының концентрациясы өсімдіктердің тек сумен қамтамасыз етілуіне ғана емес, сонымен қатар сыртқы ортаның қолайсыз жаңғдайларына да төзімділігін сипаттайды. Төменгі концентрацияда өсу процестері  қарқынды жүріп, өсімдіктер әдеттегідей бірқалыпты дамиды, ал концентрацияның белгілі бір шектен артуы синтетикалық процестердің тежелуіне әкеліп соқтырады.

Жиналған мәліметтерден белгілі болғандай, егістіктің ылғалмен жабдықталуы жетімсіз жағдайда жасуша шырынының концентрациясы жоғарылап, жеткілікті болғанда, керісінше  төмендейді. Масақтану кезеңінен кейінгі уақытта, әсіресе арпаның пісу мерзіміне таман топырақтағы ылғалдың тапшылығына байланысты оның деңгейі әлдеқайда көтеріле түсетінін байқау қиын емес.

Арпа өсімдіктеріндегі жасуша шырынының концентрациясын жылдың ылғалмен қамтамасыз етілу дәрежесіне қарай талдар болсақ, қуаңшылық жылдары  масақтану кезеңіндегі түскі анықтауда сүрі жерге себілген егістікте 15,6%, арпаның екінші  дақылында 17,0, үшінші дақылында 18,1,  ауыспайтын арпа егістігінде 19,4 пайызға теңелсе, бұл көрсеткіштер сүттену кезеңінде тиісінше 19,3; 20,6; 21,8 және 23,0 пайызға дейін көтерілген.

Құрғақшылықтың өсімдіктердегі жасуша шырынының концентрациясына әсерін айқындай түссек, қуаңшылық жылдары сүттену кезеңіндегі таңертеңгі және түскі анықтауларда осы шаманың орташа мәні 17,0-21,2% құраса, ылғалы орташа қалыптасқанда 15,3-20,3%, ал жауын-шашыны мол жылдары 14,3-18,9 пайызға дейін төмен түскен. Демек, бұл көрсеткіштің тәулік және бүкіл өсу кезеңі бойына ауытқуы топырақтың ылғалдылығы мен ауа температурасына байланысты өзгереді.

Жалпы, зерттеу жылдары жасуша шырынының ең төменгі  концентрациясы (9,1-19,3%) сүрі жерге себілген арпа  егістігінде  тіркелсе, арпаның сүрі жерден кейінгі екінші дақылында 11,7 – 20,6%, үшінші дақылда 13,2-21,8%, ал ауыспайтын арпа егістігінде ең жоғары (13,9-23,0%) мағынаға ие болды. Мұндай ауытқушылық ауыспалы егістегі арпаның орны сүрі танаптан қашықтаған сайын топырақтағы ылғал қоры азайып, егістік өсімдіктеріндегі жасуша шырынының концентрациясы жоғарылай береді деген заңдылыққа келіп саяды.

Жоғарыда қысқаша ескертілгендей, егістік жағдайдағы өсімдіктердің  құрғақшылыққа  төзімділігін бағалаудың тікелей әдісі өнімге есеп жүргізу болып табылады. Соңғы көрсеткішке жасалған есептеулерге жүгінсек, ылғалы орташа жылдары сүрі жерге себілген арпа өнімі орта есеппен гектарына 17,2 ц, арпаның сүрі жерден кейінгі екінші  дақылында 11,9 ц, үшінші дақылында 9,5 ц, ауыспайтын арпа егістігінде 7,0 ц болса, қуаңшылық және ылғалды жылдары аталған алғы дақылдар бойынша тиісінше 12,2; 6,0; 3,2; 1,3 және 25,3; 21,5; 20,4; 16,1 ц/га өнім түзілді. Жауын-шашыны мол жылдардағы өнім деректерін былай қойғанда, қуаншылықта өткен  жылдары арпа өнімі ылғалы орташа жылдармен салыстырғанда сүрі танапқа  себілген егістіктен 5,0 ц/га немесе 29,1%, екінші дақылынан 5,9 ц/га немесе 49,6%, үшінші дақылынан 6,3 ц/га немесе 66,3%, ауыспайтын егістіктен 7,0 ц/га  немесе 76,3% кем алынған.

Сонымен, құрғақшылықтың салдарынан болған өнім шығынын (29,1-76,3%) сараптау, ауыспалы егістегі алғы  дақылға байланысты  топырақ ылғалының мол қоры жасуша шырынының концентрациясын азайтып, арпаның  ойдағыдай өсіп-дамуына  қолайлы  жағдай туғызады да, нәтижесінде өсімдіктердің  құрғақшылыққа  төзімділігі әлдеқайда арта түседі.