Қазақстан
Мухамедьяров
Б.М., жар. ғ. м. Жанабергенов А.О., Калиева С.С.
Ш.
Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Қазіргі
таңда антропогендік ластану жағдайына байланысты су мәселесі
Табиғат байлықтарының қымбат
түрлерінің бірі-су. Дүние жүзінде көптеген
өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар
табылғанымен суды алмастыратың зат табылған жоқ[1].
Қазіргі таңда су ресурстарының тез
арада ластанудың себебі суға деген антропогендік
жүктеменің артуы. Оның басты себептері
дүниежүзіндегі халық санының күрт өсуі
және суға деген сұраныстың жоғарлауы.
Осыған қоса ҒТР өз ықпалын тигізуде.
Өнеркәсіптің химиялық және мұнай
химиялық салалары су қоймаларына зиянды заттардың енуіне
себепші болып, көп жағдайда оның сапасын нашарлатады.
Адамзаттың тіршілік етуі барысында табиғатқа миллионға
жуық жаңа заттар енген (барлығы 6 миллион химиялық
қосындылар белгілі). Жыл сайын әлемде 250 мың жаңа
химиялық заттар белгілі болып, олардың негізгі бөлігі
қоршаған ортаға кері әсерін тигізбей қоймайды.
Тәжірибе жүзінде 500000 химиялық қосынды пайдаланады.
Халықаралық экологиялық ұйымдардың есептеулері
бойынша олардың 40000 мыңға жуығы өз
қасиеттерімен адамзат баласына зиянын тигізсе, 12000-ы улы заттар болып
табылады [2].
Судың ластануы әсіресе
өнеркәсіп қалдықтарының қосылуы аса
қауіпті. Қалдықтардың химиялық
құрамының болуына сәйкес, олардың тигізер
әсері де әр түрлі. Мысалы, мұнай өңдеуден
шыққан қалдықтар су бетін үлкен
қабықпен жауып, оттектің алмасуын қиындатады. Ұй
тұрмысында және өнеркәсіпте өте көп
мөлшерде қолданылатын синтетикалық детергенттер деп аталатын
жууға қолданылатын заттардың әсері де мұндай
қалдықтармен бір бағыттас.
Суды ластайтын заттардың көлемі
артқан сайын оны ыдыратуға өте көп мөлшерде
оттегі жұмсалады. Бұл оттектің судағы концентрациясын
азайтады және сондай-ақ, ыдырау процесін оттексіз жүргізетін
анаэробтық микроорганизмдердің санының артуына жағдай
жасайды. Бұл жағдайда түзілетін заттардың сапасы
бөлек. Онда метан, аминдер, күкірт және фосфор улы қосындылары
пайда болып, су иістене бастайды. Оттектің азаюы мен улы
қосындылардың көбейюі бірінші кезекте балықтардың
қырылуына, онан кейін су өсімдіктерінің құрып
кетуіне әкеп соғады. Сөйтіп, бұл тіршілік ортасы су біртіндеп
кедейленеді[3].
Бүгінгі күні су қорының басты
көзі өзен болып есептеледі. Ал оларды органикалық және
минералдық қоспалардан тазарту-өте қиын және
қымбатқа түсетін іс. Осы ретте адамның
денсаулығына келетін қауіп мөлшері үлкен. Себебі
ең соңғы техникалық жетістіктерге негізделген тазарту
жүйелері де суда кездесетін кейбір заттардан толықтай тазартады деп
айту қиын.
Судың ластануы өнеркәсіп салаларына
да үлкен зиян келтіреді. Онда кейбір химиялық заттардың
көп болуы суда сүзу қондырмаларына, химия, қағаз
жасау және тамақ өнеркәсіптеріне пайдалануға
жарамсыз етті. Сондықтан да мұндай сулар алдымен қосымша
өңдеуден өтіп, өнеркәсіпке пайдалынады да,
артынан оған тағы бірнеше улы заттар қосылып, өзенге
жіберіледі[4].
Тұшы судың ластануы қоғам
алдында тұрған үлкен проблема. Оның зардаптарының
тіршілік үшін және адамның өз денсаулығы
үшін қаншама ауыр жүк екенін түсіндірудің
қажеті жоқ. Сондықтан да қазірде барлық елдерде
суды тазарту мәселесі бірінші басты проблема ретінде саналады. Ал
еліміздегі суларды тазарту зор роль атқарады.
Теңіз суларын мұнай
қалдықтарымен ластауда негізгі рөлді танкерлер
атқарады. Қалдықтар суға кеме резервуаларының
жуғанда немесе олар апатқа ұшырағанда
құйылады, әсіресе, ірі танкерлердің күйреуі аса
қауіпті. Бұл уақытта суға 200-300 мың тоннадай
мұнай өнімдері теңіз суларына ақтарылып, орасан зор
алқапқа жайылады. Оның әсері барлық тірі организімдерге
бірден қауіпті.
Су бетін үлпек жұқа көбікшемен
жабатын мұнай қалдықтары микроорганизмдер мен кішірек
жәндіктердің де тіршілік негізін, күрт өзгертіп
жібереді. Олар түгелдей қырылып қалады.
Теңіз суының мұнай
қалдықтары мен былғануы адамға да тікелей
қауіпті. Мысалы, осы уақытта асқа пайдаланатын устрица
және моллюскалар денелерінде рак ауруын туғызатын бензпирин сияқты
улы заттар жиналатыны белгілі болып отыр. Бұл заттың моллюскалар
денесіне қалай жиналатыны туралы биология ғылымдарына белгілі
ғылыми деректер осы күнге дейін жоқ. Бірақ, жорамал
ретінде-оның моллюскалардың денесіне бензпириннің жиналу
себебі қоректік заттар арқылы келуі мүмкін. Мысалы, су
түбіндегі тұнбада мұнай қалдықтарынан пайда
болған көптеген қосылыстар бар екені анықталып отыр.
Олармен моллюскалар қоректенуі мүмкін[5].
Судың ластану мәселесі. Ластануға судың
барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әр
түрлі дәрежеде ұшырайды.
Судың, әсіресе ауыз судың сапасы халықтың
денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып
табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының
төмен болуы себепті шамамен 5 млн. адам (негізінен балалар) қайтыс
болады да, әр түрлі дәрежеде уланған немесе
ауырған адамдардың саны 500 млн.-нан 1 млрд.-қа дейін жетеді[6].
Су ластануының басты себептерінің бірі су
қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп
түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті
ластаушылардың әр түрлі тізбекті реакцияларға
түсу арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен
топырақ эрозиясының өнімдері, миниралды
тыңайтқыштар, улы химикаттар және т.б. заттар жатады (азот,
фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың
қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық
қалдық, мұнай және мұнай өнімдері) .
Ластаушы заттардың басым бөлігін
атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация
ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен,
өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспорттарымен
ластану үлесі де жоғары[7].
Су жүйелеріне жылулық ластану
айтарлықтай зиян келтіреді. Ол ыстық су төгу немесе
басқа да факторлардың әсерінен температураның
өзгеруі нәтижесінде орын алады.
Қазір бүкіл ғаламшар іс
жүзінде қандай да бір дәрежеде Адам қызметі
нәтижесінде ластанбаған беттік тұшы су көзі жоқ
деуге болады. Солтүстік суларының тазалығы туралы
түсінік тек алдамшы. Бұл сулардың аз ластануы олардың
олиготрофтылығынан, өздігінен тазару қабілетінің
әлсіз болуы мен төмен температурамен теңеседі. Осы
уақытқа дейін мұхиттың шексіз өздігінен
тазаруға қабілеті туралы түсінік қалыптасқан.
Қазір бүкіл адамзат мұхиттың дүниежүзілік
қоқыс төгетін жер еместігіне көз жетіп отыр.
Атақты француздың мұхит зерттеушісі
Жак Кусто егер оны уландыру тоқталмаса оның тіршілігі жойылуы
мүмкін деген қауіп айтады. Қазір кең таралып
отырған, қауіпті ластаушы заттарға мұнай мен
мұнай өнімдері жатады. Белгілі мәліметтер бойынша қазір
мұхиттың суына жыл сайын 30-дан 50 млн. тоннаға дейін мұнай
төгіледі. Ал оның әр тоннасы 12 км2 суды
қабықшамен жаба алады. 0,05 мг/л мұнай су
құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал консентрациясы 0,5 мг/л
болғанда көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін
жояды. Иістік құбылыстардың әсерінен балықтар мен
т.б. ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді.
Мұнаймен және басқа ластануға, әсіресе планктон
сезімтал. Оның жойылуы көптеген басқа ағзалардың
тіршілік етуінің мүмкін болмауына әкеледі[8].
Қолданылған
әдебиеттер
1 Яковлев С. В., Губий И.Г., Павлинова И.И., Родин В.Н.
“Комплексное использолвание водных ресурсов” М.: Высш. шк., 2005 г. – 384 с.
2. Братков В.В., Овдиенко Н.И., “Геоэкология” М.: Илекса 2001 г.-248 с.
3. Гирусов Э.В., “Экология и экономика природопользования” М.: ЮНИТИ 2007
г.–591 с.
4. Голубев Г.Н., “Геоэкология” М.: Аспект, 2006 г.-288 с.
5. Серов Г.П., “Экологический
аудит” М.: Экзамен, 2000 г.-768 с.
6. Сергеева Т.К., “Экологический туризм” М.: Финансы и статистика, 2004 г.-387 с.
7. Гальперин М.В., “Общая экология” М.: Форум, 2010 г.
– 335 с.
8. Вронский В.А., “Прикладная экология” Ростов на
Дону.: Феникс, 1996 г. – 509 с.