Қазақстан

Курманова М.М., жар.  ғ. маг. Жанабергенов А.О.

Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

«Бурабай» МҰТП-і аумағындағы өзен көлдер суының экологиялық жағдайы

 

Табиғи обьектілерді сақтап қалу және сауықтыру туралы проблемалар жалпы мемлекеттік негізде өсуде. Соңғы жылдары курорттық белдемінің экологиялық жағдайын тұрақтандыру және жақсарту мақсатында айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Щучье-Бурабай курорттық белдемі дамуына арналған төрт бірдей және "Бурабай" Ұлттық табиғи паркiнде экологиялық туризм инфрақұрылымын дамыту мақсатында "Қазақстан Республикасының туристiк саласын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы, Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламалары қабылданды.

Бурабай өңірі тәуелсіз еліміздің, дамуы мен экономикасына қосар үлесі оның әлемді таңдандырған тамаша табиғаты екені белгілі. Қазіргі таңда түрлі антропогендік факторлар осы қайталанбас сұлу табиғаттың тынысын тарылтып, экологиясының төмендеуіне себепші болуда.

Уақытында табиғатты қорғауға арналған жұмыстардың жүйелі жүргізілмеуінен соңғы жылдарда  Щучье-Бурабай курорттық белдеміндегі көлдер деңгейінің таяздануы мен ластануы байқалуда. Щучье-Бурабай курорттық белдемінің рекреациялық жүктемесі жоғары болғандықтан ол айналадағы ортаға кері әсерін тигізеді. Осыған байланысты көлдердің экосистемасын жүйеге келтіру бүгінгі таңның өзекті мәселелерінің бірі болып табылуда [1].

Өз уақытында табиғатты қорғауға арналған жұмыстар қолданылмағандықтан соңғы екі он жылдық бойы көлдердің ластануына және таяздануына әкелді. Щучье-Бурабай курорттық белдемінің рекреациялық жүктемесі жоғары болғандықтан ол айналадағы ортаға кері әсерін тигізеді. Осыған байланысты көлдердің экосистемасын жүйеге келтіруге тереңірек тоқтала кету керек.

«Бурабай» МҰТП көлдер топтарын зерттеу жұмыстары өткен ғасырда жүргізілген олар гидрологиялық, гидрохимиялық және гидробиологиялық су құбырларының режімдері шаруашылыққа байланысты екенін көрсетеді. Шаруашылық әрекеттік суға деген сұранысы өсе келе және климаттық жағдайларының өзгеруінен көлдерге құйятын су мөлшері азайды, ол су деңгейінің төмендеуіне, интенсивті эфтофрикацияға және көлдердің таяздануына әкелді. Соңғы оңжылдық қарастырылған мәліметтеріне сүйенсек көлдердің су деңгейінің төменденудің тұрақты тенденциясы (0,48-0,62 м) [2].

Көлдің суы ластанғаннан су қойма ағысының қысқаруына әкелді, көлдердін су деңгейінің төмендеуі биоқұрылымдарға, биомассаға, фитопланктондар мен зоопланктондар күрт азайюына әкелді. Осының нәтижесінде балықтың қоректенетін тамағы азая бастады, балалардың ауыра бастауы жиірек кездестіре бастадық, бағалы өсімдіктер және балықтар азайып бағасы төмен балықтарға ауыса бастады. Қазіргі Бурабай  көлдерінің топтарының экологиялық жағдайы өте нашарлады, өйткені 90-шы жылдары бұрында әрдайым болатын гидрологиялық және метерологиялық бақылаулар күрт қысқарды, ғылыми зерттеулер толығымен тоқтатылды деуге болады. Тек соңғы жылдары аталған жағдай жақсарды деп атап көрсетуге болады.

Табиғи обьектілерді сақтап қалу және сауықтыру туралы проблемалар жалпы мемлекеттік негізде өсуде. Қолданылған жұмыстарға қарамастан Щучье-Бурабай курорттық белдемінің қазіргі экологиялық жағдайы өте қиын жағдайда болып отыр және осы проблемаларды шешу жолдарын табу керек.

Соңғы жылдары курорттық белдемінің экологиялық жағдайын тұрақтандыру  және жақсартуға көп жұмыстар істелді және Щучье-Бурабай курорттық белдемі дамуына арналған 4 програмалық құжаттар қолданды. Олардың құрамына үлкен блогы экологиялық жұмыстарға арналған болып   келеді [3].

Табиғатты қорғау обьектілерінің құрылысына жергілікті және республикалық деңгейде қаржы бөлінді. Щучье-Бурабай курорттық белдемінің экологиялық жағдайын жақсартуға және стабилизациялауға осы период уақытында ауданның табиғи қорғау жұмыстарына 1223.5 миллион теңге ақша жұмсалды [4].

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қатысуымен Щучье-Бурабай курорттық белдемінің канализациялық құрылысқа қаржы бөлінді. Республикалық бюджеттен № 57 бағдарлама бойынша 612 миллион теңге бөлініп қолданды. Әр тәулікте қалдықтар көлемі 7000 м3 дейін жетеді және олар тазартылмайды, осының нәтижесінен тазарту мекемелерін немесе қалдықтарды қайта өндеу мекемелерін ойластыру керек.

Щучье қаласында, Бурабай және Қотыркөл ауылдарында тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар және оны утилизациялауға жалпы жұмысқа 4.8 млн теңге жұмсалды. «Оқжетпес» және «Бурабай» санаторияларында қалдықтарды шығаруға өзінің арнайы транспорты бар, ал қалған сауықтыру мекемелері ГКП «Табиғат» көмегі арқылы жұмыс істейді. Арнайы келісім шарт арқылы сұйық және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруы туралы 33 келісім шарт Бурабай ауылының шаруашылық субьектілерімен тіркелді. ГКП «ТермоТранзит», ЖШС «Тепловик» котельныларға арнайы экологиялық паспорттар берілді.

Қазақстан республикасының биотехнологиялық ұлттық орталығындағы мониторингтер соңғы рет лабораториялық зерттеулер 2003 жылы өтті, осы зерттеудің ақпаратына сүйенсек, курорттық белдемінің көлдерінің индексі қатты ластанған және қоқыстанған болып келеді. Жалпы қоқыс мөлшері көлдерде орташа 1,5 метр. Судың ластануының басты себептері олар су жинақтау аумағының ластануы, өнеркәсіп және шаруашылық қалдықтардың су арқылы су қоймаларына ағуы, жыртылған жерлерден ағуы, ластаушы заттарды дренируеттаған септиктерден, жағалау мен жаға маңы жерлерді тұрмыстық қалдықтармен ластанулардан себепті болып келеді [5].

«Бурабай» мемлекеттік табиғи паркінің проблемаларының бірі жергілікті халықты сумен қамтамасыз ету. Щучье қаласының шаруашылығына және ішуге арналған су Щучье көлінен алынады, жылына орташа 1 млн 300 мың м3. Осының нәтижесінен жыл сайын көлдің су деңгейі түсіп жатыр .

Курорттық белдемде сумен қамтамасыз ететін 17 жер асты скважиналары бар. Жыл сайын демалушылар саны көбейіп отырғасын аталған скважиналар суға деген сұранысты қанағаттандырмайды.

Щучье, Бурабай, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты және Қотыркөл  көлдерінің суы ГОСТ 2761-84 «Орталықтанған шаруашылық немесе ішімдікке арналған су көзін ұйымдастыру» және Сан Пин № 4630-88 «Су бетін ластаудан қорғау» нұсқауларына жауап береді. Курорттық белдемінің көлдерінің су құрылымының нашарлау тенденциясы байқалады[6].

 

Қолданылған әдебиеттер

1. Ақмола облысының СЭС мәліметтері

2. Постановление Правительства РК от 28 сентября 2006 г. № 932, Об утверждении перечня объектов государственного природно-заповедного фонда республиканского значения

3. Закон Республики Казахстан «Об особо охраняемых природных территориях» от 1 июля 2006 г № 175-III ЗРК

4. Коломин Ю.М., Лир Т.И., “Экологическое состояние озер Щучинско-Боровского курортного района в условиях повышенного антропогенного воздействия” Матер. Межд. научно-практ. конф. «Экология и устойчивое развитие» Петропавловск 1998, том 2, 37-49 с.

5. Отчет о проведении экологического аудита Государственного национального природного парка «Бурабай» //Центр охраны здоровья и экопроектирования. Алматы, 2009 г.

6. Кабиев Е.К., Состояние использования и охрана водных ресурсов национального парка "Бурабай"-Проблемы гидрогеологии, инженерной геологии и геоэкологии на рубеже веков (Мат. Междунар. науч.-практич. конференции КазНТУ им. Сатпаева,  г. Аламаты, 21-23 ноября 2002 г.). – Алматы.: КазНТУ им. К.И. Сатпаева, 2002 г. 256-259 с