Студенттердің
коммуникативтік (қатысымдық) құзырын дамыту
А.М.Қажғалиева - педагогика магистрі
(С.Сейфуллин атындағы
Казақ агротехникалық университеті)
Білім берудің қазіргі
тұжырымдамасы болашақта кәсіби қызметі барысында тиімді түрде жүзеге
асыру қабілеттілігі бар тұлғаны қалыптастыру
мақсатын көздейді. Осы
бағытта қазақ тілі сабағын оқыту
үрдісінде студенттердің коммуникативтік
құзырлығын қалыптастыру және дамыту
мәселесі үлкен мәнге ие.
Көптеген ғалымдар
педагогика қызметіндегі қарым-қатынас феноменін талдай
отырып, оқу үрдісіне қарым-қатынас әсерінің
үлкен роль атқаратынын анықтады.
Қазақ
тілін оқыту
әдістемесінде тілдік
қатынастың теориялық
мәні
айқындалып, әдістемелік
негіздері зерттелген бірден бір
еңбек - Ф.Ш. Оразбаеваның «Тілдік қатынас: теориясы мен
әдістемесі» атты еңбегі.
Автор «коммуникативтік» термині жөнінде: «Коммуникация арқылы
адамдар бір-біріне ойын жеткізіп,
белгілі бір нәрсені хабарлап қана қоймайды, сонымен
қатар олар өзара түсініседі, пікір алмасады, бірінің
ойын екіншісі ұғады. Екі адамның түсінісуі топтың
түсінісуіне, ал топтың пікір алмасуына қоғамның жетілуіне әкеледі», - дей келе,
тілдің әлеуметтік функциясы
мен «коммуникативтік» терминінің
мәнін ашады. Ал
қатысым әрекеті жайлы ол:
«лингвистикада тілдік тұлға
туралы проблема қаншалықты
күрделі болса, соңғы жылдары жаңадан
қалыптасқан қатысымдық тұлға
жөніндегі мәселе одан да
күрделі -
қазақ тіл білімінде
қатысым мәселесі теориялық тұрғыдан
да, практикалық жағынан да
арнайы зерттеу нысаны болғанмаған» - дейді.
Ф. Оразбаева қазақ тілін
оқыту әдістемесіне қатысты А. Байтұрсынұлы, Ж.
Аймауытов, М. Дулатов, М.Жұмабаев, Т. Шонанов, Ш. Х.Сарыбаев, Д.
Әлімжанов, А. Исаев еңбектерінен қатысым (коммуникативтілік) мәселесін
қарастырады және тілдік
қатынасты, ең алдымен,
тілді оқыту және үйрету әдістемесімен ұштастыра
қарау қажеттігін айтады.
Сонымен қатар,
қазақ тілін орыс аудиториясында оқыту әдістемесіне
байланысты шыққан Ш.
Бектұров пен А. Бектұрова, С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, И.Ұйықбаев, Б.
Құлмағанбетова, Қ. Қадашева, Э.
Сүлейменова, Н. Оралбаева, Ә Жүнісбек т.б.
еңбектерінің қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне меңгертуде оң
септігін тигізетін еңбектер
екенін айтады.
Қатысымдық құзыр мәселесін өз
еңбектерінде қарастырған барлық еңбектерде
«коммуникация», «қатысым»
сөзінің әдістемелік категориялар мен түсініктер
жүйесіндегі анықтамасы
әдіс-тәсілдер деңгейінде түсіндіріледі.
Қатысым жөнінде П.Г.Козлов
«адам қандайда бір нақты
қарым-қатынас
жасау үшін,
оның біршама ішкі және
сыртқы дайындығы, өзі
үйреніп жатқан тілдің
грамматикалық ережесіне
сәйкес сөз
құрау тәжірибесі мен әріптесіне сөйлеу әрекетін түсіндіру
қабілеті болу керек» деген пікір айтады. Ал қазақ тілін оқытудың (қатысымдық)
қарым-қатынас
әдістемесін зерттеген әдіскер - ғалым Ф.Оразбаева: «Қатысымда
сұрақ берудің ерекшелігі зор, себебі сұрау ойды
қозғалысқа келтіретін тәсіл. Адамның ойлауы,
пікірі тек қана сұрау арқылы ғана
ортаға шығады, ақыл - ойын жұмыс істету үшін сұрақтарға
мұқтаж болады, тілді үйрену – ақыл - ойдағы
сұрақтарға жауап
табуға бағытталғандықтан, үлкен
мағынаға ие болады» - дейді. Осы
тұжырымдарға сүйене отырып қатысымға
негіз болатын екі факторды айтуға болады. Бірі - адамның өз қабілеті,
екіншісі - сыртқы ықпал
(сұраққа жауап беру). Тілді оқыту барысында
қарым – қатынас орнату, сөйлеу жағдаятын
қалыптастыру студенттің
өзара немесе оқытушымен сөйлесуіне,
сұрақтарға жауап іздеуіне құлшынысын арттыратыны
сөзсіз. Сондықтан
тілді оқытудың
қатысымдық әдісі -
қазақ тілін белгілі бір сала бойынша кәсіби тіл ретінде
меңгертуде тиімді
әдіске жатады.
Тіл қарым-қатынас құралы
ретінде сөйлеу барысында адамнан әлеуметтік,
жағдайаттық, контекстуалды ережелерді (қалыптарды) білуді
талап етеді. Не? Неге? Қайда? Қашан? Калай? және т.б.
сұрақтарға жауап беретін жағдаяттарға байланысты
сөздер мен сөз тіркестері - барлығы да коммуникативті
құзырлықты реттейтін талаптардың бірі. Сондықтан
ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, біз қазақ тілі
сабақтарында студенттердің коммуникативтік
құзырлығынығын дамытудың жүйесін
әзірледік.
Қазақ тілі сабағын өткізу үрдісінде біз
төмендегі ережелерге сүйенеміз:
-
коммуникативтік құзырлық аясында теориялық білімді
игеру;
-
іскерлік қарым-қатынас үрдісінде субъектаралық
қарым-қатынасты қалыптастыру;
-
серіктестік қарым-қатынас барысында студенттердің
шығармашылық бастамасын қалыптастыратын
тұлғалық ерекшеліктерін ескеру.
Студенттердің коммуникативтік құзырлығын дамыту
психолингвистика ғылымында үлкен орын алатын сөйлеу
және оның мәнін
ұғындыратын ерекшеліктерді ескеруді қажет етеді. Осы
ерекшеліктердің ішінен қайсысы оқыту әдістемесі
үшін аса маңызды екенін анықтау керек.
Біріншіден, сөйлеу «мәнді»
әрі «сәнді» болу үшін оның мақсаты
анықталуы тиіс. Екіншіден, сөйлеу – қарым-қатынас
құралы бола отырып адамның ішкі
құндылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін
танымдық қызметті атқарады. Үшіншіден, сөйлеу
белгілі бір жағдайға немесе нақты адамға қатысты
бағытталады.
Маңызды шарттардың қатарына әңгіме
тақырыбы, мәні, мазмұны, көлемі және
қарым-қатынас орны да жатады.
Ғалымдар сөйлеу
қарым-қатынасының негізгі бірліктері ретінде сөйлеу
жағдаятын, сөйлеу хабарламасын, сөйлеу
қарым-қатынасын атайды. Сөйлеу жағдаяты
хабарламаның мәнін түсінуге көмектеседі. Шақ
категориясы, «осыған байланысты» т.б. осы сияқты есімдікті
тіркестер және т.б. грамматикалық категориялар айтылатын ойды
нақтылайды. Ойды дұрыс жеткізуге, мақсатын
анықтауға, өзге жағдаяттармен байланысын
анықтауға көмектеседі.
Коммуникативтік ілімді
қалыптастыру үшін біз студенттерге тек қана мәтін
құрастыру сияқты өзіндік жұмыс түрлерін
орындауды талап етпейміз, сол құраған мәтіндер
мазмұнында қарым-қатынастың шарттары, сөйлеу
жағдаяттарының сипаттамасы көрсетілуін талап етеміз. Мысалы,
қазақ тілі сабақтарында қолданылатын ситуациялық
жаттығудан мысал келтірейік:
-
Сіз қазақ тілі клубына қатысасыз және клуб туралы
«Маман» газетіне мақала жазғыңыз келеді.
-
Сізге уақытша мұғалім болу құқығы
берілді. Соған байланысты «Телефондық техника» атты
тақырыбында сынақ карточкаларын дайындау керек.
-
Сіз Бурабай демалыс орнынан оралдыңыз. Сондағы атақты
көлдің таңғажайып жерлері туралы топ студенттеріне
айтып беруіңіз керек.
Қарым-қатынастың
толық түрін коммуникативтік ойында жүзеге асыруға
болады. Себебі осы қызмет түрінде адамдар еріксіз түрде
өзара әлеуметтік қарым-қатынасқа түседі.
Коммуникативтік ойындар диагностика жасау, жүйелеу, логикалық ойды
дамыту, назар аудару мен еске сақтау қабілеттілігін арттыру,
пәнге деген қызығушылықты тәрбиелеу сияқты мақсаттардың
жүзеге асырылуына ықпал етеді.
Коммуникативтік ойындар технологиясына
үнемшілдік, алгоритмдік, жобалаушылық, тұтастылық,
басқарушылық, демократиялылық, нәтижелілік секілді
сипаттар тән. Аталмыш ойындарды ұйымдастыру үшін
құрамында 5-6 адамнан құралған микротоптардан
тұратын топтық форманы аламыз. Әрқайсысына
жүктелетін міндеттер айқындап, тапсырмаларды орындау барысын
түсіндіреміз. Топ көшбасшысын анықтап, смикротоптың
жақсы эмоционалдық ахуалын қалыптастыруға тырысамыз.
Мысалы, іскерлік ойын түрінде «Маман» газетін баспадан шығару
жағдайын алдық. Газет материалының тақырыбы ретінде
ҚР Тәуелсіздігіннің 20 жылдық мерей-тойын негізге
алдық. Топ әрқайсының өз міндеттері бар кішігірім
топшаларға жіктелді. Олар: баспа бөлімінің меңгерушісі,
корректорлар, журналистер, бөлім қызметкерлері. Бөлім
отырысында газеттің макеті жасалды, айдар тақырыптары мен суреттері
анықталды. Ойынға қатысушылардың өзара байланысы
барлық кезеңдерде байқалды, яғни әрбір
қатысушы рольдерді үлестіруден бастап бір-бірімен тығыз
қарым-қатынасқа түсті. Сөйтіп, рольдік немесе
жағдаяттық ойындардан құралған арнайы
жаттығулардан тұратын практикалық қазақ тілі
сабақтары коммуникативтік іскерлікті арттыруға бағытталады.
Рольдік және жағдаяттық ойындар өзге образға
енуге мүмкіндік береді, сол арқылы олардың ішкі
психологияляқ жағдайын түсініп, өздерінің
қандай әрекет қолданатынын көрсетеді. Аталмыш ойындар
адамның өзін-өзі ұстау қабілеттілігін,
қалайша әрекет ететіндігін аңғартуға
мүмкіндік береді.
Коммуникативтік шеберлікті
дамытудың маңызды құралы ретінде сөйлеу
дағыдысының (ауызша хабарлау) ролі зор деп есептейміз. Ауызша
мәтін оқылғанда, тыңдарманға алдын-ала осы
мәтіннің негізгі ойын анықтауға мүмкіндік
беріледі; айтылған мәліметке тыңдарманның білдіретін
ойы анықталады; егер мәтін (әңгіме) аяқталмаған
болса, оны өзіндік көзқараспен аяқтауға
мүмкіндік беріледі; тыңдалған мәліметтен өзіне
ғана қажетті ақпаратты меңгеруіне мүмкіндік
береді т.б.
Монологтық сөйлеуді
оқыту үрдісінде біз студенттердің ұсынылған
тақырыптардың біріне байланысты өз ойын
қалыптастыруға, білдіруге мүмкіндік береміз. Мысалы: Сіз
өз Отаныңызды мақтан тұтасыз ба? Қазақ тілі
туралы Сіз не білесіз? Қазақ халқының
әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері туралы не білеміз?
Қарапайым адам өміріндегі таңғаларлық оқиғалар.
Неге мен осы мамандықты таңдадым?
және т.б.
Тәжірибе көрсеткендей,
сөйлеу дағдысын дамытуға бағытталған бұл
тапсырмалар барысында басты қиындық берілген мәтінге
сүйенбей өз ойын білдіру барысында айқындалды. Яғни,
тыңдарман тақырып аясынан шығып, өз ойын білідіруде
көп уақыт пен дайындықтың қажеттілінің
туындағанын байқатты. Сондықтан да монологтық
сөйлеу дағдысын дамыту жолында біз келесідей тапсырмалар мен
жаттығуларды студенттерге ұсынамыз:
-
Кең көлемді ақпараттан тұратын монолог
құраңыз. Монолог құрау барысында біз
ұсынған сөйлеу модельдерін пайдаланыңыз.
-
Тақырыбы айқындалған мысалдары келтіріліп,
қорытындысы жасалған монолог құраңыз.
-
Сөйлеу барысында әңгімелесушінің ойымен
келісіңіз немесе оны жоққа шығарыңыз.
Айтылған ойға деген күмәнділігіңізді немесе
сенімділігіңізді аңғартыңыз.
-
Өз мамандығыңыз бойынша қысқаша хабарлама
немесе баяндама жасаңыз.
Сонымен қатар, қазақ тілі сабақтарында
студенттердің коммуникативтік құзырлығын
қалыптастыру барысында қолданылатын негізгі әдістердің
бірі ретінде диалог, пікірталас, пікір-сайысты ерекше атаймыз. Көптеген
зерттеулердің нәтижесінде диалог сұрақ-жауаптардан
тұратын кішігірім сөйлеу бірлігі екенін анықтадық.
Біз қазақ тілі
сабақтарында төмендегідей практикалық тапсырмаларды
қолданамыз:
-
тиісті сөйлеу стилін пайдалана отырып, берілген мәселе
бойынша өз ойын білдіру;
-
микро және макро деңгейде диалогтық
қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігін дамыту,
яғни бұл дегеніміз -
жағдайға байланысты кішігірім диалогқа түсу
және ойдың шарықтауына, қосымша
сұрақтардың пайда болуына байланысты макро диалог
құрай білу;
-
диалогқа шақыра білу және мәселені талқылауға
еркін қатыса алу.
Тәжірибеміз көрсетіп
отырғандай, студенттердің
қатысымдық құзырын қалыптастыру үшін
жоғарыда келтірілген тапсырмаларды пайдалану тиімді.
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас
негіздері, 2005.
2.
Қазақ тілін оқыту методикасы /ред.басқ.Б.Құлмағамбетова/,
Алматы, Мектеп, 1988.
3. Коммуникативные
основы обучения иностранным/неродным языкам. Алматы, 1994.
В статье рассматриваются вопросы, связанные с формированием коммуникативной компетентности студентов при обучении казахскому языку.