Смағұлова Қ.Қ., аға оқытушы, Ғаббасова Г.Н., Жекеева Ш.Е.,

Адашев Н.Д. - студенттер, Шошымбекова Г.Т. магистрант

 

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

 

Энергетика саласына арналған байланыс жүйесі

 

smagulovakk@mail.ru, flower_kz@mail.ru, Zstarlight@mail.ru, Nursultan-adash@mail.ru,

 

Бұл мақалада Топар ГРЭС - ның диспетчерлік және дауыс күшейткіштің тиімді байланысын ұйымдастырудағы шешімдері беріледі.

Қарағанды ГРЭС-2, аудандық электростансасы (Топар кенті), конденсациялы электростансасы Қарағанды-Теміртау өндірістік аудандандарындағы энергетика негізін күшейту үшін құрылған.

Бірінші жоба 300 мың кВт-тық қуаттылықпен жұмыс істеуге Ростов бөлімшесінің «Теплоэлектропроект» институтымен құрастырылған. 1954 жылы бірінші құрылысы жүргізілді, ал 1962 жылы 4 бу қазан агрегат, 2 турбина ВК-50 іске қосылады. Қарағанды және Жезқазған облыстарының электрэнергияның берілуі 110 және 220 кВ-тік кернеу желісімен орындалады.

Тармақты электр торабы 6 және 35 кВ-тік кернеумен жұмыс жасайды.  Қарағанды ГРЭС-2 өз жылуын желдету-жылыту қажеттілігіне, Топар кентінің сумен жабдықтауға, 60 жыл КСРО-ға атындағы совхоздағы жылыжай-парникті шаруашылығына жұмсалады.

1985 жылы Қарағанды ГРЭС-2-нің құрамына номиналды өнімділігі сағатына 220 т бу шығаратын 16 бу қазан агрегаты және жалпы қуаттылығы 658 мың кВт-ты 8 турбоагрегаты қосылды. Жылу желісінің жалпы магистральды ұзындығы 10,7 км құрады.

1984 жылы 5104,2 млн. кВт/сағ электрэнергиясы мен 614,4 мың Гкал жылу энергиясын құрады.

Осыған дейін жылу  электростанцияларында бірдей технологиялық тағайындалуы бар біртекті құралдар өндірістік цехтарға (зертханаларға) бірігетін цехтық құрылым қолданылды.Үлкен жылу  электростанцияларында электр станцияларын және желілерін техникалық іске асыру Ережелері бойыншакелесі цехтар (және зертханалар) болады: жанармайлы-транспорттық; қазанды; турбинді (машиналық); электрлік, зертханасы бар ;автоматика және жылуды тексеру цехы(зертахана); химиялық, химиялық  зертханасы бар; механикалық, оған  жалпыстанциялық шеберханалар, жылыту және вентиляцилық құрылғылар, өрт және ауыз су құбырлары кіреді; ғимараттарды,жолдарды, құрылыстарды жөндеу және бақылауға және электрстанцияның бүкіл аумағын дұрыс қалыпта сақтауға арналған жөндеу –құрылыстық.

Қазіргі заманғы ГРЭС  қазанды және турбинді цехтар  бір қазанды-турбинді немесе жылукүштілік (жылу механикалық ) цехка біріктіріледі.Екі аралық блоктардың басқару қалқандары(№ 1 және2, 3 және 4 және  т.б.)  бір бөлмеде орналасу мүмкін.

Құрылымы бойынша ГРЭС блокты және блокты емес түрге бөлінеді. Блокты түрдегі ГРЭС-те әрбір турбоагрегат бір немесе екі қазанмен орындалады, әр қайсысы жаңадан істелінген бумен, ысыту аралық бумен және де сінгіш сумен сәйкес келетін турбоқұрылғылырының желісімен байланыстырылған. Блокты емес ГРЭС құрылымында әрбір қазан өзаралалы жалпы бусымының желісімен байланыстырылған, осыдан бу турбоагрегаттар арасында бөлінеді.

Энергожүйемен және басқа да электрстанциялардың байланыс түріне қарай ГРЭС-ті энергожүйесінде жұмыс істейтін, басқа да электрстанциялармен параллель жұмыс істейді, және де жеке жұмыс істейтін, энергожүйемен және басқа да электрстанциялардың арасында байланыс жоқ.

Электрстанциялардың жүктемесінің сипаттамасы бойынша негізгі, жоғарғы және аралықты болып бөлінеді.

Мақалада ұсынылатын шешімнің негізгі техникалық шарттары келесі:

- барлық технологиялық бөлімшелерінде оперативті диспетчерлік байланысты жүзеге асыру;

- аумақтағы іздемелі дауыс күшейткішті байланысты жүзеге асыру;

- технологиялық бөлімшелер арасында тікелей дауыс күшейткішті байланысты жүзеге асыру.

Берілетін диспетчерлік байланысы INDUSTRONIC фирмасы шығаратын Intron-D диспетчерлік дауыс күшейткішті байланыс жүйесінің 1 суретте функционалды сұлбасы көрсетілген. Intron-D жүйесінің негізіне орталық коммутационды құрылғысы (Цетраль) жатады, оған сөйлесетін құрылғылар қосылған.

Централь технологиялық аумағындағы аппараттық БӨҚ-ғы операторлық мекемеде жөнделеді және конструктивті түрде жабылатын металды шкаф, IP55 классты қорғанышы бар және термореттегіште орналасқан. Шкафтың ішіне резервтік түзеткіш пен SIEMENS фирмасының аналогты абонентті жүйеасты бар қуат көзі қосылған. Оған қоса, Централь шкафіне мобильді радиостансасын қолдануға мүмкіндік беретін базалық радиостансасы KENWOOD интегралданған.

 

Сурет 1- ГРЭС диспетчерлік байланысының

функционалдық сұлбасы

 

Дауыс күшейткішті байланыс жүйесі диспетчерге жалпы шақыру, және де аумақты топтық шақырылуларды мүмкіндік береді. Өндірістік принцип бойынша топтар құрылған – оларға жеке технологиялық бөлімшелер мен цехтердің абоненттері және де дауыс күшейткіштердің топтары (Блок 1, Блок 2, ..., Блок 6) кіреді. Әрбір өндірістік бөлімшелерде байланыстың бір түрі диспетчерді шақыруға, ал екіншісі – бөлімшенің өзі кіретін абоненттер топтарын шақыруға арналған.

INDUSTRONIC фирмасы шығаратын DT типті диспетчерлік пульті жоғарғы машинист блогындағы мекемеде орналасқан, сонымен қатар автокөліктік бөлімше диспетчерінде және көлікті-отынды цехінің алмастыру кезіндегі басқарушысында орналастырылған. Пульт үстелдік қызмет атқарады, иілгіш кронштейнде шуды компенсациялайтын микрофон бар. Тікелей абоненттер мен топтарды шақыратын 112-ге дейін батырмалар пульт батырмасына қосуға болады.

INDUSTRONIC фирмасы шығаратын барлық ауа райына арналған сөйлесу құрылғысы DA 003 типі мастерлік бас корпуста, автокөліктік учаскіде, су қақпа аумағында және от сөндіру бөлімшесінде орналастырылған. Сөйлесу құрылғысы диспетчермен байланысуға, басқа абоненттер жүйесінде және бөлімшелерде технологиялық немесе құрылыс-жөндеу жұмыс өткізу кезінде дауысты хабарлауда қолданылады. DA 003 құрылғысына өткір диаграммалық бағыттылықпен, ПӘК-ті жоғары дауыс күшейткіш пен 15 Вт қуаттылығы бар шуды компенсациялайтын динамикалық микрофон қосылған.

Конструктивті DA 003 құрылғысы химиялық коррозиядан қорғалған, IP классты қорғанысы (шаң өткізбейтін корпус пен судан қорғайтын), жұмыс температурасы -40-тан +70° С аралығындағы антивалды атқаруы бар. Онымен қоса, сөйлесу құрылғысына сыртқы рупорлық дауыс күшейткішке қосымша 25 Вт күшейткіштері қосылуы мүмкін.

Дауысты хабарлауда рупорлық типті барлық ауа райына келетін дауыс күшейткіш қолданылған. Берілген дауыс күшейткіш үлкен ПӘК-те жоғарғы дыбыстық қысымды дамытады, кең жолақты шығаратын жиілікті және оптималды диаграмма бағыттылығына ие. Конструктивті, дауыс күшейткіш IP 66 классты қорғанышқа ие, металлды және көмір шаңынан қорғалған, -55-тен +70°-ке дейінгі жұмыс температура аралығына ие.

Әкімшілік корпуста аналогты, цифрлық және SIEMENS жүйеасты DECT телефондары орнатылған. Телефондар кез-келген технологиялық учаскідегі әр түрлі сөйлесу пульті мен байланыс жасауға қолданылады. Сонда, СЭС-ғы INDUSTRONIC құрылғысының негізінде келесі негізгі оперативті-технологиялық байланыс функциялары іске асырылады:

- барлық сөйлесу құрылғылармен таңдамалы дауыс күшейткіш диспетчерлік байланысын;

- диспетчермен сөйлесу құрылғылардың екібағытты дауыс күшейткішті бағытты дауыс күшейткішті байланысын;

- циркулярлық дауыс күшейткішті байланыс пен хабарлау.

INTRON-D жүйесінің жалпы электр қорегі ішкі қоректену қайнарымен жүргізіледі. Электр қорек жүйесінің құрамы мен функциясы:

- 220 В кернеудегі қоректенетін 60 В-тық шығу кернеуі (түзеткіш модульдері);

- буферлік режимде жұмыс істейтін 12 В-тық 5 аккумуляторлық батарейлер;

- батарейлік сақтандырғыштар;

- терең батерейдің разрядынан қорғау.

Қосылған үздіксіз қоректену көзі берілген уақыт аралығында жүйенің бас электр қорегінің жоғалған кезде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Ұсынылған шешім шеңберiнде жұмыс істейтін шеткi құрылғылар және платалардың қосылу арқасында жүз тоқсан екі абоненттерге дейiн жүйенiң кеңейтiлуі мүмкiн. Кеңейту қосымша жобалаусыз біріңғайланған жабдықтың негiзiнде іске асады. Барлық шеткi байланыс құрылғылары сандық болып табылады және конструктивтi сандық коммуникациялық жүйесiмен тоғысқан жер бойынша бейiмделген. Осы жүйе бiртұтас желi болып табылады және байланыс орталығының бiр жедел кезекшісімен  қызмет көрсете алады.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.                     Белоусов Б.П. Средства связи диспетчерского и технологического управления энергосистем. М.: Энегия, 1978.

2.                     Руководящие указания по проектированию электропитания средств  диспетчерского и ттехнологического управления в энергосистемах. М.: СЦНТИ ОРГРЭС, 1974.