Маңғыстау облысының
әлеуметтік-экономикалық дамуының
2012 жылғы қаңтар-шілдедегі қорытындылары
Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым мемлекеттік және стратегиялық бағдарламаларына сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.
Тұтастай алғанда, қабылданған барлық шаралар экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын одан әрі іске асыруға, халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
1. Өнеркәсіп. Есепті кезеңде қолданыстағы бағада 1268,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 97,5% құрады.
Облыстағы өнеркәсіптік өнімінің жалпы көлемінде үлесі 93,9% құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 1192,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі – 97,2% құрады.
2012 жылғы қаңтар-шілдесінде мұнай өндіру 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға төмендеп, 10,2 млн.тонна құрады, табиғи газ өндіру – 17,5%-ға (1342,2 млн. текше метр) төмендеді. Мұнай мен газ өндірудің, тиісінше өнеркәсіп көлемінің төмендеуін негізгі себебі – облыста игеріліп жатқан көмірсутегі кен орындарының табиғи түгесілуі.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10%-ға (40,6 млрд. теңге) дейін азайды. Тапсырыстың жоқтығынан (Бейнеу ауданындағы «Ақ-Бидай терминалы) ұн тарту өнеркәсібінің өнімдерін өндіру қысқаруына байланысты азық-түлік өндірісі 27,2%-ға төмендеді, тоқыма өнімдері өндірісі ағымдағы жылы сұраныстың төмендеуіне байланысты 27,9%-ға төмендеді (жеңіл өнеркәсіп саласында 2 орташа кәсіпорын бар – «Жамал-ай» АҚ және «Жанарыс» ЖШС.
Өңіріміздегі негізгі машина жасау кәсіпорындары – «Каспий өңірлік машина жасау кешені» ЖШС («КМК» ЖШС), «Каскор-Машзавод», «GMMOS Қазақстан» ЖШС толық қуаттылыққа жүктелмеуіне байланысты машина жасау 29%-ға төмендеді. «Каспий өңірлік машина жасау кешені» ЖШС кәсіпорнында тұрақсыз жағдай орын алды, «КМК» ЖШС және «ҚазМұнайГаз»БӨ» АҚ арасындағы 2012 жылғы №226-16 келісілген келісім акционерлік қоғам тарапынан себепсіз түетілгендіктен келісімнің жалпы соммасының 25-30%-ның төмендеуіне алып келді.
Қазіргі кезде өндірісті қайта құрудың және қайта жаңғыртудың 2-кезеңіне дайындық жүріп жатқандықтан, химиялық өнімдер өндіру өнеркәсібінің өнімі 6,2%-азайды. Өзге де металдық емес минералды өнімдер өндірісі тапсырыс берушілердің сұранысының төмендеуіне байланысты 5,2%-ға төмендеді.
Резеңке мен пластмассадан жасалған бұйымдар өндірісінде (1,8 есе), тері және теріден жасалатын өнімдер өндірісінде (1,4 есе) өсім байқалады.
Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2012 жылдың қаңтар-маусымында 17,2 мың АҚШ долларын құрады немесе 2011 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 14,1%-ға төмендеді.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 27,2 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды немесе өткен жылдың осындай деңгейіне - 122,4%.
«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау» саласында 8,2 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды немесе 2011 жылдың тиісті деңгейіне – 141,8%.
Елдің Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 625 млрд. теңге болатын және жаңадан шамамен 44705 жұмыс орны құрылатын (салу кезеңінде – 13208 жұмыс орны, пайдалануға беру кезеңінде – 31947 жұмыс орны) 34 жоба енгізілді.
Оның ішінде, өңірлік Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 231,07 млрд. теңге болатын және жаңадан 10272 жұмыс орны құрылатын 31 жоба, республикалық Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 394,1 млрд. теңге болатын және жаңадан 21225 жұмыс орны құрылатын 3 жоба енгізілді.
2010-2011 жылдары жалпы сметалық құны 120,5 млрд.теңге болатын 17 жоба аяқталып, жаңадан 3874 жұмыс орны құрылды. 2010 жылы іске қосылған объектілердің 5-еуі қуаттылығы 100% жүктемеге ие («Корпорация АПК-Инвест» ЖШС-нің диірмен кешенінен, құрама жем зауытынан тұратын элеватор кешені, Баутин кентіндегі «Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС-нің кеме жөндеу зауыты, «ГММОС Қазақстакн» ЖШС-нің мұнай-газ құрал-жабдықтарын шығару бойынша зауыты (2 кезең), Ақтау қаласы әуежайының халықаралық жолаушылар терминалының құрылысы және ұшыру-қондыру жолағын қайта құрылымдау «АТМ Групп» ЖШС, қабырғалық қуыс жабынды плиталар өндірісі «Еврострой-А» ЖШС, 1 жоба - 60%-ға жүктелген (теңіз операцияларын қолдау базасы «Балықшы» ЖШС), және 2 жоба бойынша қуаттылық жүктелмеген, оның ішінде:
- жылына қуаттылығы 84 мың тонна бұрғылау ерітінділер өндірісі «Эм-Ай Дриллинг Флюидз Интернэшнл, Б.В.». Бұл Солтүстік Каспий жобасына бағытталған. Кәсіпорын «Аджип ККО»-ның тендеріне қатысты. Жоба алдын ала мақұлданды. Өнім жеткізуге арналған шартқа қол қою бойынша дайындық рәсімдері жүргізілуде. Келісімшарт оорташа мерзімді (4 жыл) болмақ;
- «Теңіз Сервис» ЖШС-нің металл конструкциялары зауытының өндірістік алаңы. Қазіргі кезде алаңша нақты өндіріске дайындалған, алайда Қашағанның екінші фазасын іске асыруды бастау мерзімі айқындалмауына байланысты зауыт құрылысыбасталған жоқ. Экологиялық әсер ету базасын орналастыру бойынша ұсыныс қаралуда, сондай-ақ «Технип» француз компаниясымен металл конструкциялары зауытын құру бойынша келіссөздер жүргізілуде.
2011 жылдың 9 жобасының ішінен – «Қазақстан темір жолының» «Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» жаңа темір жол желісінің құрылысы» жобасы бойынша қазақстандық бөлік 100% аяқталды. Екі жоба бойынша өнім шығару басталған жоқ. Қалған 6 жоба бойынша орташа жүктеме - 60%.
2012 жылы жалпы сметалық құны 64,522 млн. теңге болатын және жаңадан 3624 жаңа жұмыс орны құрылатын 11 жобаны, оның ішінде өңірлік Картаның 9 жобасын, республикалық Картаның 2 жобасын аяқтау жоспарланған, олар:
- «Ақтау пластикалық масса зауытында жол битумдарын өндіру» «Caspi Bitum» бірлескен кәсіпорны;
- «Сұйық дәрілік формалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару бойынша фармацевтикалық кешен» «Медикал Фарм Ча-Кур» ЖШС»;
- «Мұнайдан тұратын қалдықтар мен мұнайды қайта өңдеу бойынша шағын зауыт» «ХаКоОйл» ЖШС;
- «Тауарлық-бекіре фермасының құрылысы» «Осетр-Аралды» САС;
- «Жел электр станциясының құрылысы» «DMK-Ko» ЖШС;
- «Бетоннан жасалатын бұйымдар өндірісі» «Рауан и Ко» ЖШС;
- «Резеңке ұнтағынан жабын өндірісін ұйымдастыру» «ИК-Дара» ЖШС;
- «Аммиак, азот қышқылы және аммиак селитра өндірісін тұрақтандыру және жаңғырту» жобасы «ҚазАзот» ЖШС;
- «UHT өңделген сүт және балмұздақ өндірісі бойынша жаңа қуаттылықты іске қосу. Ашыған сүт өнімдерін шығару бойынша қуаттылықты кеңейту «Гурман» ЖШС;
- «Газ және суға арналған полиэтилен құбырларын өндіру бойынша зауыт» «Арлан Group- Aktau» ЖШС.
Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасын өсірудің мынадай резервтері анықталды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау және қосымша барлау, сервистік-қызмет көрсету өндірісін дамыту), өңдеу салаларын дамыту (оның ішінде «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында), облыстың транзиттік әлеуетін (көлік логистикасын, шекара бойындағы аумақтарды) дамыту; құрылыс индустриясын дамыту; туризмді дамыту («Кендірлі» халықаралық курортты демалыс аймағының құрылысы), агроөнеркәсіптік кешенді (жайылымдық, асыл тұқымды мал шаруашылығын, балық аулауды және тауарлық балық өсіруді) дамыту.
Өнеркәсіп салаларындағы және облыстың жүйе құраушы кәсіпорындарындағы мынадай өсу резервтері бар:
Тау-кен өндіру өндірісі. «Өзенмұнайгаз» ӨФ-да мұнайдың бастапқы қорының 70%-дан астамы өндірілді, бұл ретте өңірдегі көмірсутегі шикізатын дайындау қарқыны әлі де болса өндіру динамикасынан артта қалуда. Бұл мұнай-газ компанияларының, оның ішінде «Өзенмұнайгаз» ӨФ мен «Қаражанбасмұнай» АҚ сияқты мейлінше ірі компаниялардың перспективалық дамуын тежейді.
Республикалық бюджет есебінен өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау және қайта барлау бойынша іс-шаралар өткізу қажет. Бұдан басқа, мұнай және газ министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Өзенмұнайгаз» ӨФ және «Қаражанбасмұнай» АҚ компанияларының перспективалық даму жоспарларын, оның ішінде көрсетілген компаниялардың қосымша барлау және жаңа кен орындарын игеру перспективаларын бекітуі қажет.
Өңдеу өнеркәсібі, металлургия өнеркәсібі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін индустриялық-инновациялық даму стратегиясының аясында Маңғыстау облысында өңір үшін жаңа өнеркәсіп саласын қалыптастырған «CaspianStal» ЖШС мен «Ақтау болат құю зауытының» ЖШС («АҚЗ» ЖШС) екі металлургия зауытын салу инвестициялық жобалары іске асырылды.
Екі кәсіпорын да шикізат ретінде қара металл сынықтарын қолданады. Бірақ, соңғы кездері өңірде осы шикізат көлемінің жеткілікті болуына қарамастан, шетел мемлекеттерінің металл компанияларының қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттен тыс толық жүзеге асыратын, металл сынықтарын дайындаушылардан металл сынықтарын алу бойынша мәселелер туындады. Аумақта шикізаттың жетіспеушілігі 2012 жылдың қаңтар-наурызында қара металлургия өндіріс көлемінің 16%-ға төмендеуіне алып келді.
Қазақстанның металлургия өнеркәсіп кәсіпорындарын қара металлдардың сынықтарымен және қалдықтарымен қамтамасыз ету мақсатында, оны экспорттауға толық тыйым салғанға дейін металл сынықтары айналымын реттеуге бағытталған тиісті шаралар қабылдау қажет.
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге 5 жоба іске асырылып, 46 жоба іске асыруға өтінім берілді. Оларды жандандыру үшін «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажет.
2011 жылы № 3 кіші аймақты жайластыру бойынша 3 млрд. теңге сомасында жұмыстар жүргізіліп, № 1 кіші аймақ бойынша жұмыстар басталды. Бұл мақсатқа 2012 жылға №1 кіші аймақ бойынша жұмыстарды жалғастыруға 1032 млрд. теңге бөлінді.
Өңірдің экспорттық әлуетін және инвестициялық тартымдылығын дамыту мақсатында облыс әкімдігі «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жаңа өнеркәсіптерді құру үшін қосымша кіші аймақтармен кеңейту ұсыныс берді.
Көліктік инфрақұрылымды дамыту тұрғысында «Жезқазған – Бейнеу» темір жол желісінің құрылысы басталуда. Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын «Манашы-Шетпе» учаскесінде (ұзындығы – 200 км, жобаның сомасы – 283 млн. доллар) қайта құрылымдау басталды. Республикалық бюджет қаражаты есебінен «Жыңғылды-Шайыр» және «Қияқты-Тұщықұдық» автожолының құрылысы, «Ақтау – Форт-Шевченко» және «Таушық-Шетпе» автожолдарын күрделі жөндеу жүргізілуде.
«Кендірлі» курортты демалыс аймағын дамыту жобасын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. «Кендірлі» курортты аймағы мен халықаралық әуежайының сыртқы инженерлік инфрақұрылымының құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді. 420,5 млн. теңге көлемінде республикалық бюджет қаражаты есебінен объектілердің ЖСҚ-ын әзірлеу аяқталуда.
ТЭН-ге сәйкес, сыртқы инфрақұрылымды салудың жалпы құны 9,3 млрд. теңгені құрайды. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1321 қаулысымен бекітілген Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарымен осы объектілерді республикалық бюджет қаражаты есебінен 2013 жылдан бастап салу қарастырылған.
«Кендірлі» халықаралық курортын, оның ішінде әуежай салу жобасы 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанды Индустрияландыру картасына енгізілді. Әуежай салу жобасы бойынша ТЭН әзірленіп, «МЖС ҚО» АҚ-ның оң қорытындысы алынды, ИЖТМ-не 86,7 млн. теңге сомасында ЖСҚ әзірлеуге өтінім жолданды. Республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесін шешу қажет.
2. Өңірдің ауыл шаруашылығында ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде 3826,5 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Жалпы өнімнің нақты көлем индексі 102,8% құрады.
Мал басының барлық түрінің, оның ішінде 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда түйенің – 6,2%, жылқының – 5,3%, ірі қара малдың – 5% өсуі байқалады. Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігі 2012 жылдың 1 тоқсанында адам басына 4 мың АҚШ долларын құрады немесе 2011 жылдың 1 тоқсанына 14,3%-ға ұлғайды.
3. Шағын және орта кәсіпкерлік. Осы саладағы шаруашылық жүргізуші субъектілер саны 2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 24,1 мың бірлік құрайды немесе 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға өсті. Онда жұмыспен қамтылғандардың саны 8,5%-ға дейін өсті және 85 мың адамды құрады, халықтың экономикалық белсенді тобының құрылымындағы олардың үлесі 1.07.2011 жылғы 33,2%-дан 1.07.2012 жылы 33,8%-ға дейін артты.
Екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берген кредиттер көлемі 2012 жылғы 1 шілдеге 16,6 млрд. теңгені құрады.
Барлық шағын несие ұйымдары жыл басынан бері 338,58 млн. теңге сомасына 169 шағын несие беріп, 299 жұмыс орны құрылды.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша бірінші және үшінші бағыт бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесі (жұмыс тобы) қаражаттандыру бойынша ағымдағы жылы кәсіпкерлердің 17,6 млрд. теңге жалпы сомасындағы 19 жобасын, оның ішінде «Бизнес бастамаларға қолдау көрсету, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» атты бірінші бағыт бойынша 9,3 млрд. теңге жалпы сомасында 13 жобаны, «Несиені кепілдендіру» бағыты бойынша – 5,5 млн. теңге жалпы сомасында 1 жобаны, «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша – 126,2 млн. теңге жалпы сомасында 3 жобаны, «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау»» атты үшінші бағыт бойынша 8,3 млрд. теңге жалпы сомасында 2 жобаны мақұлдады.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға берілетін активтерді орналастыру арқылы «Каспий» ӘКК» АҚ кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуде. Сондай-ақ, инвестициялық жобаларды одан әрі іске асыру үшін әкімшілік кедергілерді шешу бойынша қолдау көрсетуде. Қазіргі кезде «Каспий» ӘКК» АҚ-ның жәрдемдесуі бойынша облыста мына жобалар іске асырылуда:
- «Планшетті компьютерлер, теледидарлар мен мониторлар өндіру бойынша зауыттың құрылысы», «Caspiy Electronics» ЖШС», жобаның қуаттылығы – 21000 бірлік/ай, жоба құны – 800,0 млн.теңге, серіктестіктің жарғылық капиталына үлес қосу – 200 млн.теңге (25%);
- «Жел электр станциясының (ЖЭС) құрылысы және пайдалануға беру» «Каспий Жел» ЖШС, жобалық қуаттылық – 19,5 МВт, жобаның құны – 5423,2 млн.теңге, Түпқараған ауданының аумағынан 20 га жер учаскесі берілді (10%);
- «Каспий Маржаны» демалыс базасын салу», «Каспий Маржаны» ЖШС», жобалық қуаттылық – қазіргі замандағы демалыс базасын қайта құрылымдау және ұйымдастыру, жоба құны – 100 млн.теңге, Қарақия ауданының аумағындағы Кендірлі жерінен ауданы 4 гектар мүліктік кешен берілді (20%).
4. Негізгі капиталға инвестиция көлемі. Негізгі капиталға инвестиция көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде 187,4 млрд. теңгені немесе нақты баға индексін есепке алғанда 2011 жылдың осындай кезеңінен 1,1%-ға төмен. Өңдеу өнеркәсібінде 2,7 есе өсу байқалады.
Инвестиция құрылымының негізгі көлемін өнеркәсіп (70%), оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі (55%), өңдеу өнеркәсібі (8,6%), көлік және қоймалау (9,2%), құрылыс (1,4%), жылжымайтын мүлікпен операция (6,7%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (4,1%) алады.
Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі өзіндік қаражат есебінен 121,1 млрд. теңгені немесе 64,6%-ды, шетел инвестициясы есебінен – 26,3 млрд. теңгені (14,1%), қарыз қаражат есебінен – 17,6 млрд. теңгені (9,4%), бюджеттік қаражат есебінен – 22,3 млрд. теңгені (11,9%).
5. Құрылыс жұмыстары. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2012 жылдың қаңтар-шілдесінде 69,8 млрд. теңгені немесе 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 92,8% құрады. Жалпы ауданы 268,1 мың шаршы м. тұрғын үйлер іске қосылды немесе 2011 жылғы деңгеймен 102,8%. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінен негізгі көлем халық қаражатының үлесінде – 96,8%.
Ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының өте мұқтаж жұмысшыларына тұрғын үйдің 10 пайызын беру арқылы Жаңаөзен қаласында коммуналдық 200 пәтерлік тұрғын үй құрылысын аяқтауға 446 млн.теңге бөлінді.
Коммуналдық тұрғын үй құрылысына және сатып алуға республикалық бюджеттен 2763,1 млн.теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінді. Бұдан басқа, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына және сатып алуға 194,4 млн.теңге көлемінде нысаналы трансферттер бөлінді.
6. Бөлшек сауда. Бөлшек тауар айналымының көлемі есепті кезеңде 39,9 млрд. теңгені құрап, 2011 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 11,1 % -ға ұлғайды.
Облыстың сыртқы сауда айналымы 2012 жылдың қаңтар-маусымында 4195,1 млн. АҚШ долларын немесе өткен жылдың осындай кезеңіне 90,9% құрады. Бұл ретте экспорт – 3912,7 млн. АҚШ долларын (92,7%), импорт – 282,3 млн. АҚШ долларын (70,9%) құрады.
7. Тұтыну бағаларының динамикасы. Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша жұмыс жалғасуда. Тұтыну бағаларының индексі мен әлеуметтік-маңызды қызметтер мен тауарларға арналған тарифтер 2012 жылғы шілдеде 2011 жылдың желтоқсанына – 102,7% (ҚР – 103,0%), оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 102,0% (ҚР – 102,6%), азық-түлік емес тауарлар бойынша – 101,9% (ҚР – 101,7%), ақылы қызметтер бойынша – 104,4% (ҚР – 104,8%) құрады.
Азық-түлік тауарларының ішінде 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда: 1-сұрып ұннан бидай наны - 1%, сиыр еті – 7,2%, шошқа еті – 5,6%, қой еті – 8%, жылқы еті – 8,1%, жартылай қақталған шұжық – 2,1%, ұйытқы ірімшік – 1,1%, жұмыртқа – 0,7%, тұз- 1,5%, қаймақ – 1,1%, сүзбе – 1,6%, шәй – 4,1%, капуста – 1,2%, қияр – 4,8%, қызанақ – 6,9% ға қымбаттады. 1- сұрып бидай ұны – 14,1%, күріш – 10,1%, қарақұмық жармасы – 20,7%, сұлы жармасы – 3,2%, арпа жармасы – 8,7%, тары – 18,9%, секер – 1,4%, күнбағыс майы – 7,8%, түйінді пияз – 4,2%, қызылша – 0,8%-ға арзандады.
Азық-түлік емес тауарлар: маусымдық ерлер пальтосы - 0,4%-ға, костюм-шалбар - 2%, жібек және аралас маталардан көйлек-костюм – 2,2%, мектеп жасындағы балаларға арналған кеудеше – 1,1%, ер балаларға арналған кеудеше – 1,5%, қонышсыз бәтеңке – 1,2%, әйелдердің үлгілі туфлилері – 3,7%, ерлерге арналған бәтеңке, қонышсыз бәтеңкесі –1,3%, төсек жабдықтары – 2,3%-ға қымбаттады.
Ақылы қызметтерден: нақты жалдау ақысы - 2%, электр энергиясы – 3,3%, әйелдердің шаш қию үлгісі – 1,2%, ерлердің шаш қию үлгісі – 1,6%-ға қымбаттады.
Энергия тасымалдаушылар ішінен: бензин Аи-80 – 5,7%, бензин Аи-92 – 8,5%, бензин Аи-95, Аи-96 – 2,3%, дизелді отын – 7,2%-ға қымбаттады.
8. Орташа айлық еңбекақы және халықтың орташа жиынтық табысы. 2012 жылдың мамырында облыста ең төменгі күн көріс мөлшері 21502 теңгені құрады. 2012 жылдың қаңтар – маусымында экономикалық қызметтің барлық түріндегі жұмысшылардың орташа айлық кесімді жалақысы 7,5 ең төменгі күнкөріс минимумын қамтамасыз ете отырып, 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 14% құрап, 162592 теңгеге дейін ұлғайды. Халықтың орташа жиынтық табысы 87567 теңгені құрады. 2011 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда жиынтық табыс 29,7%-ға, нақты – 24%-ға ұлғайды.
Тіркелген жұмыссыздық деңгейі облыста 1.08.2012 жылғы жағдай бойынша 1% құрады (01.08.11 жылға – 0,5%). «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыруға байланысты жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған жұмыссыздар саны артты. Облыс бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі а.ж. екінші тоқсанында 5,6%-ды құрады (2011 жылдың 2 тоқсанында-5,8%).
Облыс бойынша 15294 жұмыс орнын құрылды (2011 жылғы тиісті кезеңге – 16671 жұмыс орны). Жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған 3291 жұмыссыз жұмысқа орналастырылып, қоғамдық жұмыстарға 2279 адам қатысты.
Халықтың әлеуметтік-әлсіз жігін әлеуметтік қолдау мақсатында 6184 аз қамтылған тұрғындарға 101,4 млн. теңге жалпы сомасында атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған 4051 балаға 27,2 млн. теңге сомасында балалар жәрдемақысы төленді. Әлеуметтік-әлсіз жік санатындағы 8834 азаматқа 75,9 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.
9. Салықтар мен бюджет. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 117,2 млрд. теңге (болжамға – 97,4%), оның ішінде республикалық бюджетке – 80,9 млрд. теңге (97,1%), жергілікті бюджетке – 36,3 млрд. теңге (98%) сомасында (Ұлттық қорды есепке алмағанда) салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.
Облыс бойынша бюджет төлемдері бойынша берешек 2012 жылғы 1 тамызға 14,7 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылдың басымен салыстырғанда 25,8%-ға («Толқынмұнайгаз» ЖШС мен «Казполмұнай» ЖШС бойынша проблемалық берешектерді (9,8 млрд. теңге) және үмітсіз берешектерді (4,7 млрд. теңге) есепке алмағанда) азайды.
10. Әлеуметтік салаға арналған шығыстар. Білім беруге арналған шығыстар 2012 жылғы нақтыланған бюджет бойынша 34,4 млрд. теңге құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 17 пайызға артты.
Білім беру объектілерін дамытуға 2012 жылы 6234,6 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4631,8 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1600,8млн. теңге көздестірілген.
Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен Жаңаөзен қаласындағы «Жұлдыз» шағын ауданында 320 орындық балабақша, Жаңаөзен қаласындағы «Бостандық» шағын ауданында 624 орындық орта мектеп және 320 орындық балабақша салу бойынша жұмыс жүргізілуде. Қарақия ауданының Жетібай кентіндегі 624 орындық орта мектептің, Мұнайлы ауданының Баянды, Басқұдық ауылдарындағы және Маңғыстау ауылының Маңғыстау-5 тұрғын жай алабындағы, Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылындағы әрқайсысы 960 орындық орта мектептің құрылысын салу қарастырылған. Қарақия ауданының Құрық ауылындағы кәсіптік-техникалық лицейдің үлгілік ғимаратының, Бейнеу ауданы Бейнеу ауылының Атамекен шағын ауданындағы 624 орындық орта мектептің құрылысы жалғасуда.
Әдебиеттер тізімі:
1.
сайт www. Trade.gov.kz
2.
сайт www.mangystau.stat.kz