Нуртаев Мирас Амангельдинович, магистрант

 

Искаков Абай Жантасович , д. э. н., профессор

 

Кокшетауский государственный университет им. Ш.Уалиханова,

 

 

Коммерциялық банктердің несие саясатының қалыптасуы және несие портфелінің мәні

 

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшуінде қызмет ету тиімділігінің өсуі, инфрақұрылымды қалыптастыруы несиелік қатынастарынсыз жүзеге асырылмайды.

Банктердің ақша қаражаттарын орналастыру ҚР Азаматтық Кодексінің талаптарына сәйкес банк пен клиенттер арасындағы несиелік келісім болып табылады. Егер несие Қазақстан Республикасының заңнамасының шарттарына сәйкес келсе, онда ол банктік қарыз келісімі негізінде беріледі. 

Несие - өндірістік күштерді ынталандырады, ғылыми – техникалық прогресстің негізінде өндірісті кеңейту үшін капитал көздерін қалыптастырады. Несие арқылы капитал мен ресурстардың ағымы жүзеге асырылады және жаңа құн қалыптасады. [1]

Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 31 тамызындағы № 2444 «Қазақстан Республикасындағы банк және банктік қызмет туралы» Заңында және 1997 жылғы коммерциялық банктерді қадағалаудың Базельдік стандарттарына сәйкес қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін комплекстік механизмдерінің құрамдас бөлігі сияқты банктік реттеу мен қадағалауды тиімді жүзеге асыру банктің несие портфелінің сапасының жоғарылауында ерекше орын алады.

Банк несиені берудің алдында несие саясатын анықтауы тиіс (өзінің басқа да қызметтеріне бағытталуы керек, яғни депозиттік, пайыздық, тарифтік, техникалық, кадрлық, клиенттерге қатысты, бәсекелестергк қатысты және тағы басқа), сонымен қатар несие саясатының тәжірибелік қызметіне ауысуын қадағалауы тиіс. Коммерциялық банктің несие саясаты – анықталған қаржылық қорытындыларға жету үшін банкпен жүргізілетін ақша – несие шараларының жүйесін білдіреді және банктік саясаттың бір элементі болып табылады.

Несиені беру мен алу сферасындағы банктің стратегиясы мен тактикасы оның несие саясатының негізі болып табылады. Несие саясаты стратегия бөлімінде несие нарығындағы нақты банктің мақсаттары мен принциптерін, приоритеттерін қосады, ал тактика бөлімінде несие мәмілелерін жүзеге асырғандағы оның мақсатын жүзеге асырудағы банкпен қолданылатын қаржылық және тағы басқа құралдары, несие процесін ұйымдастыру тәртібі.

Шетел тәжірибесінде несие саясатының қалыптасуы, біріншіден, директор кеңесімен бекітілген стратегияны анықтау, екіншіден, банктің стратегиялық бағытталған қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін несиелік операцияларды жүзеге асыру.[2]

Несиелендіру сферасында банктің алдына қойған жеке мақсаттарына келесі шарттар негізгі рөлді атқарады:

а) Келешек периодқа банк қызметінің жалпы мақсатын белгілеу, табыстылықпен және өтімділікпен байланысты;

ә) Мемлекет бойынша орталықтандырылған несие ресурстарын несиелік салымдардың жалпы сомасына қатынасымен қоса, несие нарығын дұрыс талдау;

б) Банктің ресурстік базасын дамыту перспективаларының анықтылығы;

в)  Несие портфелінің сапалығын дұрыс бағалау;

г)  Персонал квалификациясының динамикалық деңгейін есептеу.

Коммерциялық банктердің несие процесін ұйымдастыру бір – бірімен тығыз байланысты принциптерге сүйенеді:

1)     Клиентпен ұзақ мерзімді немесе бір реттік несиелік мәмілені анықтайтын өзара қатынас принципі (клиенттерге қызмет көрсету сапасын жоғарылату, олардың сұраныстарын қанағаттандыру).

2)     Несие ісіндегі банк приоритеті, яғни берілген ссудалардың түрімен, сондай – ақ несиені қайтарудағы қамтамасыз ету формасы байланысты болады.

3)     Моральды құндылықтар жүйесі, оның ішінде, тәртіптілік, өзара сенімділік, шындылығы.

Несие саясатын қалыптастырғанда банк объективті және субъективті факторларды есепке алуы тиіс. Ақша – несие шараларының жүйесі болып табылатын несие саясатын қалыптастырудың бірінші сатысында банктің аналитикалық және маркетингтік қызметтері жүргізеді. Онда мемлекеттегі макроэкономикалық жағдайды бағалау, потенциалды қарыз алушылардың қызметін бағалау, таңдап алынған несиелендіру бағытының жүйелі динамикасын талдау, ссуда алушылардың әр түрлі категорияларымен банк персоналдарының жұмысқа әзірлігін тексеру, банкішілік нормативті құжаттарын есепке алу жүзеге асырылады.

Коммерциялық банктердің несие саясаты несиелік потенциалдың көздерінен және экономикалық жағдайлардан негіз алады. Оны сәтті жүзеге асыру үшін банкке несиелік потенциалдың қаражатының ағымына әсер ететін факторларды есепке алуы керек. Несиелік потенциал көздеріне келесі негізгі нысандар жатқызылады:

-         Банк клиентінің көлемінің өсуі;

-         Банктегі клиент пен қатысушылардың қаражаттарының өсуі;

-         Банктік ұйымдастырушылық желісінің өсуі;

-         Мақсатты бағытталған банктің клиенттері мен қатысушылардың қаражатының бірігуі.

Банктің несиелік потенциалының тұрақтылығына ұйымдар мен кәсіпорындардың қаражаттарының өтімділігі, оны қолдану тиімділігі көрсетіледі.[3]

Банктің несие саясаты несиені рәсімдегенде, оны басқарғанда, ұсынғанда банк қызметкерлерімен басқарылатын процедураларды, параметрлерді, стандарттарды анықтайды, яғни несиелендіру процесін қосатын, несиені берудегі алдын ала жүргізілетін жұмыстарды регламенттейтін тұрақты құжатты жазбаша рәсімдегенде жүзеге асырылады. Несие нарығында банк қызметтерінің аспектілерін регламенттейтін несие саясатының нақты периодының (1 жылға дейін) меморандумын және келесілерді өзіне қосады:

1)     Келешек периодқа банктің несиелік жұмыстарының негізін бағыттау, несие тәуекелін сақтандыру және рентабельділігінің деңгейін қамтамасыз ететін несиелік қызметтің көрсеткіштерін.

2)     Несие беру тәртібінің ережесі.

Несиені беру мен алу сферасындағы банктің тактикасы мен стратегиясы несие саясатының негізін құрайды және келесі элементтерді қосады:

-         Банктің несие портфелі қалыптасатын мақсатты анықтау (қамтамасыз етудің түрлері, мерзімдері, көлемдері және сапасы);

-         Несиені өтеу, жүргізу, беру процесіндегі банк бөлімдерінің уәкілеттілігін суреттеу;

-         Қажетті құжаттар тізімі;

-         Несиені қамтамасыз ететудің жүзеге асырылуы мен бағалаудың негізгі ережелерін қабылдау;

-         Несиелендіру операцияларын лимиттеу;

-         Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені қалыптастыру саясаты;

-         Несие өтінішін бағалау методикасы;

-         Қиындық туғызатын несиелерді сипаттау, оларға талдау жасау.

Несие саясатын жүргізу банктің ресурс құрылымымен байланысты, ал несие саясаты банктің өтімділігімен байланысты болады. Несие классификациясының негізгі критериі олардың қамтамасыз етілуі болып табылады, яғни гаранттың бар болуы кредиторға ссуданы қайтаруды және қарыз алушыдан белгілі бір соманы қайтарылуын қамтамасыз етеді. [4]

 Банктік операциялардың нақты түрлерін реттеу және несиелендіру көлемін нормативтік шектеулер көлемімен жүргізіледі және де коммерциялық банктердің өзі өз келешек қарыз алушыларын, несие түрін, ссуда портфелін қалыптастыруын, пайыздық мөлшерлеме көлемін таңдайды.

Несие операцияларының табыстылығының жоғарылауы және олар бойынша тәуекелдің төмендеуі – екі қарама – қарсы мақсат.

Қаржылық қызметтің барлық сферасындағыдай, жоғары тәуекелді операциялар инвесторларға тән ережені ұстауы керек – несиелендірудің жоғарғы табыстылығын және жеткілікті тәуекелді салымдарын аз тәуекел деңгейімен салыстыруы керек.

Қорыта келгенде, банктік несиелеудің нәтижелілігі үшін маңызды болып банктің өзінің ақшалай-несие іс-шараларының жүйесі ретіндегі банктің несие беруге дейінгі белгілі бір қаржылық нәтижеге жету үшін жүргізетін несиелік саясатын анықтау болып табылады.  Банктің несиелік саясаты несиелерді алудың параметрлері мен процедуралары, несиелерді басқару және оларды несиелік саясат түрінде анықтайды.  Несиелік саясатты қалыптастыру мен оны таратудың механизмдерін анықтаумен бірге сапалы несиелік банктік портфельдің жағдайын  қамтамасыз ететін банктік несиелеу ұйымдары банк операцияларын несиелеудің әр түрі бойынша және қолданылатын қаржы құралдарын  несие технологияларын несиелеудің әдістері, түрлері тәсілдері ретінде есепке алады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1)     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан  халықына Жолдауы // Егемен Қазақстан 2 наурыз 2011ж.

2)     «Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы» ҚР Президентінің 1995 ж. 30 тамызындағы Жарлығы

3)       Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлімі)//2000 ж. 28 қаңтар (толықтырулар мен еңгізулерді қоса)

4)                Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 1999 ж. 16 тамызындағы «Екінші деңгейлі банктерді несиелендіру бойынша құжаттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» № 276 Қаулысы