Д.Юлдашев

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі

Joomla!-да   категориялар мен бөлімдерін құру

Кез келген сайтты толтыруды оның ақпараттық құрылымын   жобалаудан және инфологиялық моделді құрудан бастау керек.

«Joomla!»  – контентіні басқару жүйесінде ақпаратты ұйымдастырудың үш деңгейі бар:

- “Бөлімдер” – бұл котегориялардан тұратын үлкен бірлестіктері;

- “Категориялар”- объектілерді сыйғызатын кішігірім бірлестіктер;

-Контент объектілері – бұл администротор веб-бетте орналастырғысы келетін кез келген мәтін немесе сурет.

Бұл құрылымның жалғыз ерекшелігі бұл алдын ала оған категория мен  бөлім құрмай ақпараттық материал құру мүмкіндігі жоқтығында.

«Joomla!» - да ақпаратты сақтау жүйесінің құрылғысымен танысуды өзімізге келесі толтыру жүйесін ұсыну арқылы мүмкін: бөлімдер – бұл жәшіктер, категориялар – бұл жәшіктердегі бумалар, ал контент объектілері – бұл бумалардағы  қағаздар. Бөлімдер мен категорияларды қолданудың тағы бір аспектісі олардың әрбірін өзінің шаблонына байлап қою мүмкіндігі болып табылады.

Бөлімдерді басқару үшін “бөлімдер менеджерін” қолдану керек, ал басқару панеліндегі “Бөлімдер” - түймесін басқан кезде немесе мәзірдің “Материалдар” – “Бөлімдер” – қолданған кезде ашылады. Мәзір түймелері 1суретте көрсетілген.

 

1 сурет – Бөлімдермен опеациялар мәзірі.

 

Бөлімді құру үшін “Жаңа” – түймесі қолданылады. Төменде келтірілген өрістерді толтыруға ерекше назар аудару қажет:

- “Тақырып” – мәзірде қолданылатын қысқа тақырып;

         - “Бөлім атауы” – беттерде көсетілетін бөлімнің толық аты (егер) бұл шарт қосулы болса.

Мысал үшін бірнеше бөлім құрайық: “Жаңалықтар”, “ЦЗН-әрекеттестігі”, “Еңбек нарығы”. Барлық бұл бөлімдер, келешекте, өз кезегінде жазбаларды қамтитын болатын категорияларды қамтиды.

Сайт мәзірінің әрбір аталық пунктіне бөлім құру қажеттілігі жоқ, өйткені   «Joomla!» - да бөлімдер мәзір құрылымын құруға емес, ал ақпаратты  каталогтау үшін құрылған, сайт мәзірін құру туралы тереңірек кейіндеу айтамыз. “Бөлімдер менеджері” 3.2. суретте көрсетілген.

2 сурет - бөлімдер менеджерінің графикалық интерфейсі.

 

Әрі қарай бөлімдерді және категорияларды қосуға, өзгертуге, жоюға болады. Есте сақтау керек дайын, дұрыс жобаланған ақпараттық құрылым болашақта құрастырушылар үшін үлкен уақыт көлемін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сайт мәзірнің ұсынылған құрылымын мұқият зерттеуден және үйреніуден кейін келесі категорияларды құру туралы шешімі қабылдаған болатын:

- «Жаңалықтар» бөлімінде «Жаңалыктар» және «Басты бет» категориалары;

- «ЦЗН - әрекеті» - бөлімінде «жұмыс берушілерге қызметтер», «Жұмыс берушілер назарына» және «Еңбек нарығын басқару» категориалары;

- «Еңбек нарығы» - бөлімінде «Еңбек нарығындағы жағдай» және «Жұмысқа жәрдем» категориялары.

Категорияларды құру, өзгерту және жою үшін «Категориялар менеджерін» қолдану керек, ол басқару панеліндегі «Категориялар»  түймесін басқан кезде немесе мәзірдегі «Материалдар» - «Категориялар» -  түймесін колданған кезде ашылады.

«Joomla!» - да категориялар бөлімдердегіндей  құрылады – инетерфейстің жоғары жағында «Жаңа» - батырмасымен. Жалпы ерекшелік болып категорияларды құру бетінде түсіп қалатын «Бөлім» - тізімінің болуы. Бұл тізім сайттың әрбір категорияның аталық бөлімге жатуын анықтауға мумкіндік береді.

         Бұл жағдайда сервер бірдей бетті үнемі  генерациялау қажеттілігінен  құтылады. Бұл  факт  контентті  басқару жүйесінің жұмысын едәуір жеңілдетеді, әсіресе егер статикалық ақпараттың көлемі жеткілікті үлкен болса.

         Одан тыс, сайт администраторлары бір немесе екі материал қамтитын категориялардан аралас құрылым құру қажеттілігінен айырылады.

         Бұл жобада статикалық етіп келесі беттерді өту керек: «Мемлекеттік қызметтер», «Нормативтік құжаттар», «Вакансиялар», «Біздің серіктестер», «Жайғасу орны».

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.                 Рэндал Шварц, Том Кристиансен. Электронный справочник с удобной навигацией

2.                 Анди Харрис. Книга которая научить вас программировать на РНР и создавать базы данных MySQL

3.                 Рева О.Н. Загляните, по ту сторону окна обозревателя, когда в нем отображается Web страница