Болашақ маманның ұжымдық  мәдениетінің қалыптасуының ғылыми негізі

 

Қ. Жұбанов атындағы АМУның магистранты  Б.Б. Исатаева

 

 

 Өзектілігі, оның теоретикалық және практикалық мәнділігі, сонымен қатар автордың жеке қызығушылығы «Болашақ маманның ұжымдық  мәдениетінің қалыптасуы» тақырыбын таңдауға негіз болды.

   Бұл контекстте болашақ мамандардың жоғары оқу орнында оқу процесінде қамтамасыз етілетін тиімді қалыптасуы, ұжымдық – педагогикалық шарттардың қарастырылмауы арасындағы қарама – қайшылық  анықталды.

       Зерттеу жоғары оқу орнында оқу процесінде болашақ маманның ұжымдық мәдениетінің қалыптасуыне келесідей  ұжымдық – педагогикалық шарттарды жүзеге асырудың тиімділігі болжамына негізделген:

-         Болашақ маманның ұжымдық мәдениетін арнайы өңделген тренинг өткізу арқылы тиімді қалыптастыру

-         Болашақ маманның ұжымдық мәдениетін қалыптастыру бойынша арнайы өңделген курсын өңдеу және енгізу.

Мақсатқа, обьектіге, пәні мен болжамға байланысты келесідей міндеттер қарастырылды:

1.     Ұйымның ұжымдық мәдениетінің мәнділігін нақтылау және ұжым мәдениетінің құрылымын маман тұлғасының сапасы ретінде айқындау

2.     Болашақ маманның ұжымдық  мәдениетіне мінездеме беру және критерийлерді дәлелдеу

3.     Болашақ маманның ұжымдық  мәдениеті қалыптасуының мүмкін болатын жақтарын анықтау

4.     Жоғары оқу орнында оқу процесінде болашақ маманның ұжымдық мәдениетінің қалыптасуын тиімді қамтамасыз ететін ұжымдық – педагогикалық шарттарды теориялық тұрғыда дәлелдеу

5.     Жоғары оқу орнында оқу процесінде болашақ маманның ұжымдық мәдениетінің қалыптасуын тиімді қамтамасыз ететін ұжымдық – педагогикалық шарттарды эксперименталды түрде тексеру

6.     Жоғары  оқу орнында оқу процесінде болашақ маманның ұжымдық мәдениетін қалыптастыру үшін тренинг бағдарламасын құрастыру

7.     Арнайы өңделген  «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті студенттерінің ұжымдық мәдениеті» курсын  құрастыру және оқу процесіне енгізу.

      Зерттеудің әдіснамалық негізіне білім беру жүйесі парадигмасының ауысу мәселесіне байланысты философиялық және психо – педагогикалық идеялар  негіз болды (В.И. Байденко, А.А. Вербицский, Б.С. Гершунский, В.И. Зягвязинский, Н.В. Кузьмина, М.М. Поташник және т.б), білім беру жүйесі және оны басқару процестерінің теориялары және жалпы – ғылыми қағидалар (В.П. Ковалев, В.С. Лазарев, М.Н. Снаткин, В.А. Сла-Стенин, П.И. Третьяков және т.б), акмеологиялық (О.С. Анисимов, Б.Г. Ананьев, А.А. Бодалев, Н.Ф. Вишнякова, А.А. Деркач, И.П. Раченко және т.б), тұлғалық бағытталған (Е.В. Бондаревская, А.А. Вербицский, В.Н. Иванов, М.В. Кларин,  Г.К. Селевко, В.В. Сериков, И.С. Якиманская және т.б), жүйелік және іс – әрекеттік (И.А. Зимняя, П.Я. Гальперин, А.Н. Леонтьев, Н.А. Менчинская, А.В.  Петровский, С.Л.  Рубинштейн, Н.Ф. Талызина және т.б) көзқарастар. 

Ғылыми жаңалығы зерттеулерге мынадай қорытынды жасауға болады:

-  Корпоративті мәдениет ұйымының нақты негізі және корпоративті мәдениеттің көрсетілген  құрылымын, болашақ маман ретінде өзіндік жеке тұлғалық құндылықтарының ерекшелігі. Атап көрсетсек,еркіндік, тәуелсіздік, теңдік,бір-біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік, адалдық пен әділдік, сонымен қатар ұйымда бекітілген тәртіптің нормалары мен ережелерін сақтау қажет.

-  Бекітілген критерилер(когнитивті,жүріс-тұрыс және құндылық-мотивациялық) және корпоративті мәдениеттің болашақ маманға берілген жоғарғы, орташа және төменгі деңгейдегі мінездемесі; 

-  Көрсетілген мүмкіндіктермен және болашақ мамандарда корпоративті мәдениетті қалыптастыру талабы үшін оқу процесінде белгілі бір деңгейде үйрету және тренинг жүргізу арқылы дамыту қажет.

-  Теориялық негізделген және эксперименталды тексерілген ұйымдық-педагогикалық талаптың жоғарғы оқу орнында болашақ маман үшін корпоративті мәдениетті қалыптастыру мақсатында оқытылады. Ғылыми диссертацияның теориялық зерттелуінің қорытындысының маңыздылығы, теорияға және мамандық бойынша білімнің әдістемесіне үлкен үлес қосады. Зерттеу материалдары әрі қарай зерттеліп жатқан мәселенің талқылануына қызмет етеді.

        Зерттеудің практикалық маңыздылығы, теория жүзінде талқыланған қорытынды негізінде және студенттерде қалыптасқан корпоративті мәдениет бағдарламасын жоғарғы білім беру жүйесіндегі оқытушылар немесе қосымша мамандандырылған білім жүйесіндегі оқытушылардың пайдалана алатындығында. Қолданылған диагностикалық әдістемелер қорытындысы, курстар мен тренингтер болашақ мамандардың корпоративті мәдениеттің қалыптасу деңгейін анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар эксперимент барысында,ЖОО мамандарын  дайындағанда және квалификациялық өсу жүйесінде қолдануға болады.

         Ғылыми зерттеу барысында қолданылған методологиялық бағыттар тексерілген және дәл қорытындысы шығарылған.  Яғни жүргізілген зерттеулер барысында, педагогикалық зерттеудің теориясы  мен практикасында қарастырылған мәселенің анализі, зерттеу әдістемесінің комплексті мінездемесі, эксперименталды жұмыстың логикасы, жүргізілген зерттеудің мақсатына оның міндеттері мен талаптарының сай келуі, қалыптастырушы және құрастырушы эксперименттердің жүргізілуі,берілген зерттеу қорытындысын интерпретациялау, автордың ЖОО да көпжылдық тәжірибесі бар болуы қарастырылған.