Педагогические науки/2. Проблемы подготовки специалистов
П.ғ.к. Балкенов Ж.Ш., п.ғ.к. Қыпшақов
С.А., аға оқытушы Кожиков Ж.Ә.
Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Көркем шығармашылық
білім мен тәрбие беруде
жаңа ақпараттық технологияны
қолдану
Қазіргі
кезеңде білім беру мен жастарды өнерге баулудың басты
міндеті, әлеуметтік белсенді, өнерде кәсіби
құзырлы, шығармашылықта өздігінен көркем
шығармашылықта ұмтылатын, білімде ақпараттарды тиімді пайдалана
алатын, жылдам өзгеретін жаңа әлемде тиімді өмір
сүріп, еңбек ете алатын жан-жақты маман қалыптастыру
болып табылады.
Бұл
жағдайда Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың
кәсіби-көркем сурет факультетіндегі студент жастарға
барлық біліми және өнердегі көркем
шығармашылық ықпалында бағытталған
стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға
қабілетті оқытушылардың тікелей бастамалары арқылы
жүзеге асырылатынын жоғары оқу орнының әлеуметтік
және тәрбие жұмыстары ерекше көңіл бөлуді
қажет етеді.
«Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның
ережелерін жүзеге асыру мақсатындағы, студент жастардың
интеллектуалдық және көркем шығармашылық іс-әрекеттерін
анағұрлым толық іске асыру үшін әзірленген
мемлекеттік бағдарламада, жалпы білім берудің басқада
көкейкесті мәселелерімен қатар, жоғары білім берудің
жаңғыртудың стратегиялық мақсаттары
қарастырылған. Осы мақсатта біз жоғары білім беруде
ғылым мен өнердегі жаңа шығармашылыққа
байланысты икемді бетбұрыс жасауды қарастыру жолындамыз.
Университеттегі
жастар саясатының маңызды бағыты полимәдениетті
тәрбие, студентерді ұлтаралық келісім рухында
тәрбиелеу.
Қазақстанның
бүгінгі күнгі бейнелеу өнері туралы сөз
қозғасақ, әдетке айналып кеткен тұрмыстық
мазмұндық мәселелері мен көркемдік тәрізді көріністердің
жалғасып жататынын аттап өтуіне болмайды. Бейнелеу өнеріндегі
көркемдік дамудың осы ерекшелігі суретшілердің осы
заманғы көрерменге жеткізуге ұмтылатын идеялар
кешенінің нақтылығымен байқалатын
шығармашылықтың шоғырлануымен де сипатталады.
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»
атты Қазақстан
халқына жолдауында ұлтымыздың басым көпшілігі
тұратын ауылға интернет арқылы сапалы білім беру толығымен
жүзеге асырылатын болады делінген. Бұл ұлттық
өнерді таңдаған болашақ мамандарға қажетті
білім алу
мүмкіндігіне кең жол ашудың бірден-бір жолы [1].
Қазіргі
заманғы білім беру жүйесі, болашақ ұрпаққа
бейнелеу өнеріндегі көркемдік әдіс-тәсілдерді енгізу
болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби
құзыреттігіне ерекше талап қоюды қажет етеді.
Тоқтаусыз алға жылжыған ақпарат заманында,
ұлттық бейнелеу өнерінің ерекшеліктерін жаңа
заман ағымына ілесе еңбек етуге аталған жолдауларда да біршама
жайттар айтылды.
Мұның
барлығы қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, кең
байтақ Отанымыздың ұлттық рухани мұрасын жас ұрпаққа
етене таныстыру, олардың бойында дәстүрге деген
құрмет сезімін қалыптастыру.
Қазіргі
кезендегі ұлттық бейнелеу өнерінің танымдық
қызметі уакыт талабына сай адамның өзін-өзі тану
қызметтіне айналды. Бейнелеу өнеріндегі түрлі көркемдік
ерекшіліктер, айшықты формалар мен қанықты нақыштар
шығармашылық ойдың эффектілі актілерін ерекше эмоциялық
оймен байланыстырып жатады. Бұлардың барлығы бейнелеу
өнеріндегі көркем шығармашылықта студенттерді,
көркемдікке баулуда білім беру мен кәсіби шеберлікті талап етеді. Мұның
барлығы өнердегі көркемдікті меңгеру үрдісіңдегі
тәсілдерді түбегейлі өзгерту осы саланы жаңа
сапалық деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Бүгінгі
күндегі бейнелеу өнеріндегі көркем шығармашылық,
көркемдік жағынан аса күрделі әрі жаңа көзқараста
толықтырылған, сол себепті қарапайым көрермен оны
түсіне бермейді. Бейнелеу өнеріндегі және
көркемдіктің қалыптасу сатысының алдыңғы
кезеңдеріндегі шығармашылықты, бүгінгі күні
толық түсүнуіміз болашақтың ісін біле отырып,
ұлттық бейнелеу өнерінің өзіндік
шығармашылық сипатқа ие көркемдік танымды
қалыптастыру болып табылады. Көркем
шығармашылықтың құрылымы мен мазмұны туралы
ұлттық түсініктерді қалыптастыра отырып, студенттер
небір көркем композицияға, бір тұтас жүйеге ойы мен
қиялын жинай білуге дағдыланды.
Қазіргі
кезеңдегі ұлттық бейнелеу өнерінің ерекшелігіне
көз салсақ «социалистік реализімнің»
томаға-тұйық қалпынан әлде қашан
шығып кеткен қазақтың бейнелеу әлеміне ой
жүгіртсек, оның айналасы жиырма жылдың ішінде сан түрлі
нақышта бояуға қанығып үлгерген бейнені
көреміз. Суретшілеріміздің айтар ойын терең пайымдап,
көрерменге жеткізер әдіс-тәсілдеріне дейінгі аралықтың
түрлердің өзгергенін байқаймыз.
Қазақтың
бейнелеу өнері батыс Еуропа сурет ағымдарымен шығыс
мәдениетінің қосындысы, синтезі болып келеді десек,
шығармашылықтары, шамамен, пуантилизм үрдісінде
жазылған, метафизикалық кескіндеме әдісін үлгі еткен,
абстракциялық модерн жолын таңдағаң қазақ
сурет майталмандары аса бағалы туындылар беріп жүр.
Осы
ғасырдың сурет өнері десе, көз алдымызға қазақтың
бейнелеу өнеріне сонау сақтардың, түркілердің
балбалын, таңбалы тасын, ою-өрнегін рухани концепция
«қазақ міне, осындай талантты халық» дейтін лепесті сан рет
қайталатқанымен құнды.
Осы процесс
барысында көркем шығармашылықта атқарылатын
жұмыстар алуан түрлі стильдер, тәсілдер мен қолтаңбалар
өнер туыңдыларыңда дүниеге келіп,
шығармадағы көркемдіктің ролін әсемдік, ерекшелік
факторларының қалыптасуы арқылы жүзеге асады. Ал,
Қазақстанның бүгінгі күнгі бейнелеу өнері,
үздіксіз шығармашылық тәрізді көркемдікте болуы
шартты құбылыс. Болашақ бейнелеу өнері мамандарын
даярлауда мүмкін болатын стилистикалардың, мәнерлердін,
көркем шығармаға қатысты бейнелеушілікпен шығармашылық
пластикалық ізденістердің барлығы оның ерекше
сипаттамасы, өзіндік белгісі ретінде іскерлік пен шеберлікті жетілдіру
болып табылады.
Біздің
ойымызша, білім беру реформасындағы маңызды жетістіктер
республиканың жетекші жоғары оқу орындары даму
негіздерінің бірі – болашақ бейнелеу өнері мамандарың
даярлаудағы көркем-шығармашылық еркіндік деп
айтуға болады. Біздің университетте оқытудың кредиттік
технологиясы жүзеге асырылуда, яғни бейнелеу өнеріндегі
көркем шығармашылыққа студенттерді баулудың
және бейнелеу өнеріндегі көркемдік қағидаларды
басшылыққа ала отырып, барлық деңгейдегі еркіндікті
кеңейту.
Бейнелеу
өнеріндегі көркем шығармашылық жұмыстарды
факультетте, жоғары оқу орындарының оқу үрдісін
өз бетінше ұйымдастыруына, кафедралардың арнай
пәндердің мазмұнын өз бетімен аңықтауына,
оқытушылардың оқу пәнін өз әдістемесі
бойынша оқытуын, студенттердің бейімділіктері мен
қажеттіліктеріне сай білім мен өнерді үйретуіне
мүмкіндік береді. Сонымен қатар көркемдік білім мен
шығармашылық іс-әрекеттерге баулу үрдісі барлық
студенттердің өнер мен білімге жауапкершілігін, көркем
шығармашылықты меңгеруі үшін университетте барлық
жағдай жасалып өнерді үйретудің иновациялық технологиялар
мен әдістерінің қолдануын қадағалайды.
Сондай-ақ жоғары оқу орнының өз ұстанымымен
алынатын пәндер базалық және бейнелеу өнері
пәндерінің негізін құрайды.
Университет
олардың тізімі мен мазмұнын студенттер өзі тандайды.
Бұл еркіндік Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылға арналған мемлекеттік
бағдарламасына сәйкес тағы да кеңейтіледі [2].
Мұның
бәрі болашақ бейнелеу өнері мамандарын даярлаудың
қажеттілігін ескере отырып, болашақ мамандардың көркем
шығармашылық іскерлігін ескере отырып, сапалы маман даярлауды
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ал, профессор-оқытушылар
құрамы үшін университетте, оладың еңбегі
негізінен академиялық еркіндік деңгейімен және кез-келген
жаңаша бастамаларды жандандырумен өлшенеді.
Алдымен, олар
сабақта болашақ бейнелеу өнері мамандарына қажетті
иновациялық технологияларды, сонымен қоса көркем
шығармашылықты байыта түсетін түрлі әдістемелерді
пайдалану және өздігінен жүргізілетін көркемдік
пәндердің мазмұнын белгілеу мүмкіндігіне ие болады.
Академиялық
еркіндік оқытушы жауапкершілігінің жоғарғы
деңгейдегі үлесін көрсетеді, ол-өз кезегінде
сабақ берудің сапалы білім нетижесінде жетудегі
қызметінің басты жетістігі болмақ. Мұнда оқыту
жетістіктерінің өнермен ұштасуы және оның
шығармашылық рөлі, сонымен қатар студенттердің
пікірін ескере отырып көркемдік талдау жасау, оқытудың
барлық кезеңдеріңде өзін-өзі бақылау
нәтижесінде жүргізу, білім сапасымен аңықталады.
Болашақ
маман өзінің ойы мен сезімін толық таныту жолында, тек
қана өзіне қажеттілерін өлшеп алуда, яғни
толық қанды тұтас образдарды жасау жолында ұзақ
дайындықтан өтеді. Ол барлық бейнелеу
әдіс-тәсілдерін жете меңгере отырып, кенепке немесе ақ
қағазға салған әрбір бояу нақыш
түрлерін жігерлендіруші қуатты көркемдікке айналдыра біледі.
Олар бір
мезгілде бейнеленетін өнердің міндеті ретінде көзге
көрінетін нәрсенің бәрін жаза бермей, ең алдымен
шыңдықты дұрыс және терең түсіну, зат пен
құбылыстың құпия сырларын жете ұғыну,
сыртқы жалған құбылысқа құр
еліктемей, оның ішкі әлемі, көркемдігін сезіне білу
және бейнелеу өнерінің көркемдік тәсілдерін шебер
меңгере білуді, ұғынуды қажет етеді.
Бүгінгі
таңда болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін
дайындаудың мемлекеттік стандарттарына сәйкес студенттердің,
құзыреттілігін қалыптастыру қажет. Бұл,
біріншіден, болашақ бейнелеу өнері маманы құзыреттілік
негізде болашақ ұрпаққа өнердегі көркемдік
ерекшеліктерді үйрете білудің технологияларын игеріп, екіншіден,
басты құзыреттілікті көркем шығармашылықты
қалыптастырудың жоғары деңгейлерін ұстануы
қажет. Яғни, болашақ маман бейнелеу өнерінің
теориялық және әдістемелік білімдердің қолданбалы
мәнін еркін түсіне білуі.
Осыған
орай, болашақ мамандарға берілетін барлық көркемдік
білім мен әдістеме жүйесі саласындағы іс-тәжірбиелер
жүйесі түбегейлі сапалық өзгерістерді талап етеді. Сонымен
қатар аталмыш өзгеріс көркем шығармашылықпен
негізделген және жүйелі болуы керек. Бұл үшін алдымен,
бүгінге дейінгі жинақталған тәжірбиелер мен оны
модернизациялаудың нақты қажеттілігінің
ерекшеліктерімен бірізділігін ескере отырып, елімізде заманауи көркемдік
білімнің тұжырымдамасын дайындау қажет.
Ата-бабаларымыздан
қалған, ғасырлар бойы шыңдалған мұралармен,
бүгінгі ұлттық суретшілер мектебі кәсіби
толысудың қайнар дәрежесіне жете алады. Солардың бірі
және бірегейі рухани мұрадағы ұлттық бейнелеу
өнерінің көркем шығармашылық құндылықтарына
назар аудару. Мінекей, бейнелеу өнеріндегі көркем шығармашылыққа
баулуда болашақ бейнелеу өнері мамандарының таланты ашылатын
тұс осы. Сондықтан да мұның өзі болашақ
ұрпақ үшін бүгінгі, білімді де шебер маман даярлау
үшін берік негіз болмақ.
Бүгінде
бейнелеу өнеріндегі көркемдік ерекшелікке қойылып
отырған нәрсе ең алдымен, ұлттық көркемдік
ерекшелік, көркемдік сана, яғни, мәңгілік ұлттық
идея. Сондықтан да, бейнелеу өнеріндегі көркемдік
тәрбие сапасы болашақ ұрпақты ізгілікке,
отансүйгіштікке, өнердегі көркемдік биік санаға
тәрбиелеуде маңызды аса зор болатынына сеніміміз кәміл.
Әлемдік
тәрбие көрсетіп отырғандай, ұлттық бейнелеу
өнеріндегі көркемдік білім сапасын арттыру тек қана
өнер түрлерін оқып үйренумен ғана шектелмейді,
рухани тәрбие беру арқылы да биік мұраттарға жетуге
болады. Ал енді бейнелеу өнеріндегі көркемдік тәрбиенің
түпкі мақсатында, инновациялық терең білім алу
қажеттіліктері мен технологиялар әлемінде қабілеттілік
таныту, шеберлік таныту мен іскерлік деңгейлері қалыптасады.
Сондай-ақ
қазіргі замаңғы білім беру жүйесінің міндеті
қазіргі студент жастарымыздың тек білім алып қана
қоймай, тәрбиелі, әдепті, ұлтжанды, бір сөзбен
айтқанда, интеллектуалды болуын қамтамасыз ету. Осы талаптан
шығу үшін университетте оқу-тәрбие
сағаттарындағы ұлттық тәрбие мәселесін
қамтамасыз ететін ежелден қалыптасқан классикалық
дәстүрлердің өзі кең өрісті базалық
және кәсіби мәдениеттерге негізделген.
Университеттегі
кәсіби-көркем сурет факультетіндегі болашақ бейнелеу
өнері мамандарының кәсіби, көркемдік біліктілігі мен
шеберлігін жетілдіру ісі, олардың азаматтық жауапкершілігін,
отаншылдық рухын, ұлттық сана сияқты қасиеттерді
тәрбиелеуде жинақталған іс-тәжірбиеге сүйенеді.
Біздің университетіміздің басқа жоғары оқу
орындарынан басты ерекшелігі де осында жатыр.
Қысқаша
айтқанда, ұлттық тәрбие ұлттық сана сезімі
жоғары болашақ бейнелеу өнері мамандарын тәрбиелеуде
негізделген білім беру мен өнерге баулу жүйесінің
құрамдас бөлігі болып табылады.
Біздің
мақсатымыз – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан,
ұлттық өнердің өркендеуіне өзіндік
үлес қоса алатын көркем шығармашылық
құңдылықтарды ұштастыра алатын, толық
кемілді білімді де шебер маман тәрбиелеу. Сондықтан да
тәрбиенің мақсаты өнердегі көркемдік сананы
қалыптастыра отырып, ұлтымызға ұлтын,
болашағымызға тұғыр болатын білімді де өнерлі
ұрпақ тәрбиелеу. Олай болса жастарды білім мен өнерге
баулу үрдісіндегі тәрбиені түбегейлі өзгерту
жоғарыдағы айтқан ойымызды жаңа сапалық
деңгейлерге көтеруге мүмкіндік береді.
Әдебиеттер:
1. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз: Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа
жолдауы / Астана, 2011 жылғы 28 қаңтар.// www.akorda.kz/
2.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы // http://www.edu.gov.kz/