Салауатов Б.С.

 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің көркем сурет факультетінің Академиялық сурет және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының доценті.  Қазақстан.

 

ЖАСТАРДАҢ БОЙЫНДА ТҮСТІК КОМПОЗИЦИЯ АРҚЫЛЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ-КӨРКЕМДІК СЕЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

     Болашақтың адамы – парасатты, иманды, елгезек те, қаракетшіл, сонымен бірге сұлулықтан ләззат ала білетін адам; ол адамның мәндік күшінің шын бірлігінің мұратын, оның рухани және тәндік кемелдігінің мұратын бейнелейтін салиқалы, жан-жақты дамыған тұлға. Бұл өз заманының талабына сай өмір сүруге қабілетті, эстетикалық талғамы жоғары адам ғана өмірдің әсемдік құндылықтарын жоғары бағалай алады деген түсінікті қамтамасыз етеді. Өйткені, өмір салты, рухани мұра, әсемдік қасиеттер – адам баласының құндылықты эстетикалық тұрғыдан түсінуге мүмкіндік береді.

Адам санасының дамып, өмір жолының қалыптасуында эстетикалық тәрбие деп – жеке адамдардың эстетикалық талғамы мен мұратының қалыптасуын айтамыз.Бұдан ең бірінші болмыс пен өнерді эстетикалық тұрғыдан дүрыс түсіну қабілетінің дамуын түсінеміз. Қоғам дамып және алмасып отыратыны тарихи заңдылықтар әр қоғам өзгерген сайын адамдардың санасы да, өмір сүру  стилі де, көзқарастары да құбылып отырады. Қазіргі уақытқа дейін эстетикалық тәрбие жөніндегі талас басыла қоймағанымен шығармашылық пен адам санасына әсер ету жолдарын кеңінен іздестірілуде.

     Философиялық сөздікте: «эстетика (гр. Aisthetikos-сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым» - деп қарастырады.[1]

     Педагогика және психология сөздігінде: «эстетикалық тәрбие – болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау үшін, адамның эстетикалық түсінігін, сезімін, талғамын қалыптастыру үшін берілетін тәрбие» - деп түсіндіріледі.[2] 

       Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі – эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әртүрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап жанынан өте шығады. Әдемілікті сезу үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әр бір адамда білім болуы керек. Білім адамды әдеміліктің объективтілік критерийлерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүние сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.

    Бұл қөзқарастан, адамның салауатты өмір салтында әсемдікті, сұлулықты сезініп, оны дамытып отыру қажеттілігін көрсетеді. Осыған байланысты, салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтың рөлін, оның маңыздылығын ашып көрсету үшін, оның құрамдас компоненттеріне эстетикалық құндылық – тек тәрбиеден ғана тұрмайды, яғни ол эстетикалық мәдениет, эстетикалық сезімдер, эстетикалық ләззат, эстетикалық мұрат, эстетикалық талғам, эстетикалық қабылдау, эстетикалық қатынас, эстетикалық пікір, эстетикалық бағадан тұратындығын айтуға болады.

Өйткені жеке тұлғаның эстетикалық мәдениеті оның өмір мен өнер құбылыстарындағы сұлулықты немесе көріксіздікті, асқақты яки төменді, мұңды немесе қуанышты эмоционалдық тұрғыдан қабылдаудағы, ұғыну мен бағалаудағы, қоршаған ортаны «сұлулық заңымен» қайта өзгертудегі қабілеттері мен іскерліктерін көрсетеді. Соның негізінде біздің пайымдауымызша жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетінің негізгі құрамды бөліктері болып  эстетикалық сана, эстетикалық іс-әрекет, эстетикалық тәрбие мен даму деңгейі табылады. 

      Эстетикалық сананың құрылымы ерекше күрделі. Ол эстетикалық қабылдауды, қызығушылықты, сезімді, талғамды, бағалауды қамтиды. Осы аталғандарға білім мен қабілеттің болуы аса маңызды. Өйткені білім жеткілікті болмай әрбір затты, бұйымды, қоршаған ортаны эстетикалық бағалауды жүзеге асыру мүмкін емес. Білім мен қабілеттің дамуына қажеттіліктің болуы әсер етеді. Өйткені психология ғылымында «кез келген қандай да бір мәнді қабілетті қалыптастыру үшін, алдымен белгілі бір ортамен белсенді қарым-қатынас формасындағы өмірлік қажеттілікті құру» тұжырымы жетекші қағидалардың бірі саналады (Липский В.Н.).  Әдебиеттерде эстетикалық қажеттілік индивидтің эстетикалық, рухани жетіспеушілікті болдырмайтын құралдар мен тәсілдерді іздеуде талап етілетін, өзінің іс-әрекетінде көрініс табатын жаңа сапасы тұрғысынан қарастырылады. Демек мұнда эстетикалық іс-әрекеттің болуы заңды құбылыс. Эстетикалық іс-әрекет белгілі бір эстетикалық құндылықты жасауға немесе орындауға  бағытталған іс-әрекет болып түсіндіріледі. Сондықтан да эстетикалық мәдениетті қалыптастыруда эстетикалық білімнің, эстетикалық қабілет (эстетикалық қабылдау, эстетикалық сезім, эстетикалық әсерлену, эстетикалық талғам, эстетикалық бағалау, эстетикалық белсенділік) пен эстетикалық қажеттіліктің болуы маңызды саналады.

  Адам өмірінде жалпы өнерге эстетикалық көзқарас әр түрлі болып келді. Формальді композицияның эстетикалық жағын суретшілер іштей соның классика  кезеңінен түсінген, сондықтан да композицияның белгілері мен амал – тәсілсіз көркем өнер туындысы соңында жасалған композицияның барлық белгілерін сақтай отыра, кенептен әдебиет пен әңгімені алып тастау ойы келеді. Мүлде бос ештеңе және ешкімсіз жәйлы картина бірден өмірге қабілетті болып шығады. Шынайы көркем ой иелері бұл әрекеттерге қарсылық білдіреді және олардың қарсылығына өзіндік негіз бар. Автор өз ойын көркем өнер талқысының талас – таразысына бергісі келмейді,біздің міндетіміз – формальді композицияның  нәтижелілігінің ықпалдығын баса айтуымыз керек. Копозицияның түрі мен тәсілдерін құрамды әлеметтерге шартты түрде бөлген шынайы өмірде қаз – қалпынша қабылдауға кедергісін жасамайды. Табиғат пен шынайы сезімді құрғақ талдауға ауыстырмайтыңдығына үміт артамыз. Формальді композиция тек нота, жеке дыбыс  және аккордтар ғана бола қоймай – жаттығушылар пьесалары болып табылады.[3]

     Бұл бір композиция төңірегіндегі жеке – дара стиль жөніңде әңгіме болмақ. Бейнелеу элеметтернің тұрақты ерекшеліктері және олардың өзара қатынасын стильдік бірлік құрады.Формальді композицияда бұл мәселе туындамайтын  сияқты көрінеді. Стильдік бірлік эстетикалдық қабылдаудың міндетті шарты болып, нақтырақ айтсақ, кез – келген аяқталмаған шығармаларда, оның түрі мен мақсатына қарамастан әрбір адам белгілі кезеңде өмір сүреді. Көркемдікке және сүлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным – бұл өмірдегі еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әсемдік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қоя білу. Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін көркем қабылдау мен, немесе тегінде шығармашылық пен байланысқа  іс - әрекеті мүмкіндік береді.   Біз қандай өмір төрінде болсын түстердің алатын орны өз алдына бір сала екендігі баршамызға аян. Солайда  болса көркем сурет өнерінде оның маңызы зор  екендігін ерекше атап кетуге болады. Яғни, түстердің сиқырлы да, күрделі байланыс табуы, көлеңке  мен жарықтың айқындылығы, жылылығы мен суықтығының жылмаса бір – бірімен күрделі байланысқа түсуі, суретте маңызды рол атқарады. Ал түстердің негізгі ерекшелігіне тоқталсақ, өзінің айырықша әсемділігімен, нәзіктік пен  сұлулығының сиқырлығында, сонымен қатар адамдардың жан дүниесін көркем түске бояйтын тамаша бір мағына құрауында. Бұл түстердің мағынасы суретте жылы, суық, ауыр  және жеңіл,  коюлығы мен суықтығы етене байланысқа түседі.

Түстік композиция – ол алдыңғы ғасыр Германиядағы(Bauhaus) " бау - хаус " көркем өнер Академиясындағы жаңа шығарылған сабақтың бірі. Сол кезде түстік композиция жаңа идеяларды шығарып, көне дәстүрлі өнерді өзгертіп көрсеткен. Түстік композиция жобалаудың бір бөлігі болғанменен композициямен жобалау бірдей емес.

       Кез келген суретті  салу композициядан басталады. Композиция дегеніміз- салынатын  суреттегі  барлық  бөліктерді  байланыстырып, орынды құрастыру, үйлестіру. Сурет мазмұнын ашу, пішінді нақты табу, шығарма көлемін табу т.б. дұрыс  беру  композициялық  құрылым  элементтеріне  байланысты.  Үйлесімділік  құрылымы күшті көркем шығарма  адамға  айрықша әсер етеді. Үйлестіру мен сюжет  өзара тығыз байланыста болады. Сюжет дегеніміз – шығарманың мазмұнының  көрінісі, оқиғалар жүйесі. Композициялық шешімде симметрия және асимметрия үлкен рөл атқарады, және оның түстік, реңдік  қатынастары  өте маңызды.Яғни  форматқа  сурет ішіндегі бейнелерді белгілі бір ретпен ыңғайластырып, жарасымды орналастыруы. Дұрыс композициялық шешімдер арқылы бейнелейтін көріністі шашыратпауға, ұсақ бөлшектердің, басты назар аударуды қажет ететін басты бөлшектердің ерекшеліктерін  көре білу қажет.[4]

Күн сәуле болмаса түсте болмайды, күн сәулесі адамдардың түсті тануында өте маңызды рол атқарады. Түс күн сәулесінен пайда болды. Ол түрлі затқа түсу арқылы түрлі түс көрсетеді. Күн сәулесі түскен заттағы түс пен лампочка жарығы түскен заттың түсі бірдей болмайды. Түнгі қараңғыда заттың түсі ажыратылмайды., осыған орай, физик Давид Робот: «түстердің ішінде негізгі үш түс болады, олар: қызыл, сары, көктүстер. Қалған түстер осы үш негізгі түстердің қосылысынан пайда болады»-деген екен.

Адам өмірінің өзегі – эстетикалық құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Сұлулыққа жеткізетін қасиеттер эстетикалық сезім, эстетикалық ләззат,  эстетикалық мұрат, эстетикалық талғам, эстетикалық қабылдау, эстетикалық қатынас, эстетикалық пікір, эстетикалық баға және т.б. әсемдік элементтері жатады.

Орыстың атақты әдебиет сыншысы әрі эстет В.Г. Белинский сұлулықты барлық уақытта моральмен бірге қабылдап келген қоғамдық тәжірибеге сүйене отырып: «Сұлулық шындықпен моральмен бір туысқан. Егер шығарманы көркемдік құндылыққа ие десек, онда ол сөз жоқ, әдеп-инабаттылық жағынан да құнды болады», - дейді.[5]

   Қотындылай айтқанда эстетикалық құндылықтар – күрделі жүйе. Адам өзінің  өмір салтында әсемдік дүниесін жоғары бағалауы, оның тұла бойынан сұлулық, әдемілік қасиеттерімен қатар, эстетикалық компоненттердің бүкіл жиынтығының көрініс беруімен ерекше мәнге ие болады.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.     Философский словарь», под ред. В. Бруггера («Philosophisches Wörterbuch», hrsg. von W. Brugger, W., 1948; 13 Aufl., Freiburg, 1967

2.     Дзикевич С.А. Эстетика: Начала классической теории: Учебное пособие для вузов.- М.: Академический проект; Фонд "Мир", 2011. - С. 254. - ISBN 978-5-82-91-1259-2

3.     Эстетика: Вчера. Сегодня. Всегда. - Вып. 4 / Рос. акад. наук, Ин-т философии; Отв. ред.: В.В. Бычков, Н.Б. Маньковская. – М.: ИФ РАН, 2010. – ISBN 978-5-9540-0171-6. 

4.     Литературная энциклопедия. - В 11 т.; М.: издательство Коммунистической академии, Советская энциклопедия, Художественная литература. Под редакцией В. М. Фриче, А. В. Луначарского. 1929-1939.

5.     Белинский В. Г. Избранные педагогические сочинения / Под ред. действ. чл. АПН Е. Н. Медынского. - М.; Л.: Академия пед. наук РСФСР, 1948. - 280 с.: портр.

 

 

Резюме

   В данной статье дается краткий экскурс развития цветовой  композиции

в живописи. А так же автор рассматривает и определяет  его роль и значение  в  формировании у молодежи художественно-эстетических чувств.

 

Түйін

     Мақалада автор кескіндеме өнеріндегі түстік композицияға қысқаша мағлұмат береді. Сонымен қатар жастардың бойына түстік композиция арқылы эстетикалық-көркемдік сезімдерін қалыптастыру мәселелерін қарастырған.

 

Summary

   This article provides a brief overview of the development of color composition in painting. And as the author considers and defines its role and importance in the formation of young people's art and aesthetic senses.