УДК 81.25

Сандыбаева Н.Ш.., ШҚАУ, аға оқытушы, (Қазақстан)

 

Қазақ және орыс тілдеріндегі айырмашылықтар және оны салыстыра оқыту

 

 

 Қазақ тілін орыс аудиториясында дұрыс әрі тиімді оқыту үшін оны мынадай үш бағытта ұйымдастырып жүргізу керек.

 Практикалық сабақтың сапалылығы, оның әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру мәселелері жан жақты түрде іске асқанда ғана оқыту және уйрету мәселесін дұрыс жолға қоюға болады.

 Қазақ тілін уйренуге дегн студенттердің ықыласын, қызығушылығын арттыруда түрлі көрнекіліктерді пайдалану, әсіресе, магнит таспасы, фонохрестоматиялар, оқытудыңбірнеше формаларын пайдалану, оқытушының сабақ өтудегі шығармашылық әдіс-тәсілдерінің үлкен мәні бар.

 Орыс, қазақ аудиторияларында сабақ беретін оқытушы, ең алдымен, екі тілді – қазақ, орыс тілдерінің грамматикалық құрылысын, лексикалық, дыбыстық жүйесінің айырмашылығын, ұқсастығын, әсерін жақсы білуге тиіс. Мұндай ерекшеліктерді білмей тұрып сабақ беруге өте қиынға түседі

 Сондықтан да орыс тілді аудиторияларда дәріс беретін оқытушылар міндетті түрде екі тілдегі айырмашылықтар мен кейбір ұқсастықтарды білүі қажет.Күнделікті жұмысымызда алдымыздан шығып жүргендіктен екі тілдегі өзгешеліктер мен ұқсастықтар қандй деген мәселеге тоқтала кеткен орынды.

1.                 Фонетика - екі тілде де дыбыстарды зерттейтін ғылымның бір саласы.Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынтығын алфавит дейміз.Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар, 37дауысты дыбыс,25 даыссыз дыбысқа бөлінеді.

 Қазақ тілінде дауысты дыбыстарттілдің қатысына қарай жуан,жіңішке болып екіге бөлінеді.

 Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы, (у).

 Жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, і, е, ү, и, (у).

 “У” дыбысы – бірде жуан (табу – найтй), кейде жіңішке (теру – собирать).

 Қазақ тілінде дауысты дыбыстар жақтың ашылуына қарай ашық және қысаң болып екіге бөлінеді.

 Ашық дауыстылар – а, ә, о, ө, е, э.

 Қысаң даустылар – ы, і, и, ү, ұ, у.

 Дауысты дыбыстар еріннің қатынасыны қарай: еріндік, езулік болып екіге бөлінеді.

 Еріндік дауыстылар – о, ө, ү, ұ, у.

 Езулік дауыстылар – а, ә, е, э, ы, і, и.

 Қазақ тілінде ерекше деп саналатын он дыбыс бар:

 Дауысты дыбыстар – ә, ө, ұ, ү, і, ы.

 Дауыссыз дыбыстар – ң, һ, ғ, қ.

 Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар – 25. Дауыссыз дыбыс пен салдырдың (үннің) қатысына қарай: қатаң, ұяң, үнді болып үшке бөлінеді. Қатаң дауыссыздар – п, ф, к, қ, т, с, м, щ, х, ц, ч. Ұяң дауыссыздар – б, в, г, ғ, з, ж, һ. Үнді дауыссыздар – р, л, й, у, м, н, ң. Дауыссыз дыбыстардың ешқайсысы да өздігінен дауыссыз буын құрай алмайды. Мысалы: жаз (пиши), бар (иди), кел (приходи). Ал дауысты дыбыс жеке тұрып та, дауыссыз дыбыспен тіркесіп те буын құрай береді. Мысалы: а-ға, а-па, а-та, төрт-тік.Орыс тілінде жоқ әріптер – ә, ө, ұ, ү, і, ғ, қ, ң, һ. 

Орыс тіліндегі ұяң және қатаң дауыссыздар: б–п, в-ф, г-к, д-т, ж-ш, з-с. Ал х, ц, ч, щ сияқты үнді дауыссыздардың да сыңарлары жоқ.

2.  Морфология. Сөз құрамы жағынын екі тілде де өзгешеліктер бар. Қазақ тілі жалғамалы (агглютинативті) тіл болғандықтан сөздің түбірі белгілі бір мағынаны білдіреді. Түбірге сөз тудырушы жұрнақтар (аффикстер), тәуелдік жалғау көрсеткіштері, септік жалғаулардың қосымшалары жалғанады. Мысалы: оқы - учись, оқу - учен–е, оқу-шы – ученик, оқу-шы-лар – ученики, оқу-шылар-мен – с учениками.

Орсы тіліндегі түбір сөздер өз алдына аффиксіз жеке мағынаға ие болмайтындары да кездеседі. Грамматикалық мағына род, числа, септік  жалғаулары арқылы беріледі. Алайда, орыс тілінде кейбір сөздердің жеке мағына беретіндері де бар: верх, низ, сон, ночь, век, свет, клен, т.б. Ал “тяг, тяж, бав, мер” деген сөздерді белгілі аффикстер жалғану арқылы ғана мағына бере алады. Мысалы: тяг – тяжести, тяжкий, тяжелый; бав – добавка, забава, прибавка.

Қазақ тілінде орыс тіліндегідей префикстер жоқ, тек парсы тілінен енген бірен-саран сөздерде ғана кездеседі. Мысалы: би-маза, би-шара, бей-бітшілік, бей-сенбі, т.б.

Орыс тілінде пиставка түбір сөздің алдына келіп, жаңа сөздер құрамына жасайды. Мысалы: дел деген түбірден: от-дел, от-дел-ить, пере-дел, раз-дел деген сөздер жасалынып тұр.

Сөз таптарында екі тілде де ұқсастықтарымен қатар, біршама айырмашылықтар да жоқ емес.

Қазақ тілінде сөз таптары 9-ға бөлінеді: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеуіш сөздер. Орыс тілінде сөз табы 10-ға бөлінеді: имя существительное, имя прилогательное, имя числительное, местоимение, глагол, наречие- бұлар есімдер тобы деп аталады, предлоги, союзы, частицы – бұлар служебные деп аталады.

Қазақ тілінде зат есім ”кім? не?” деген сұраққа жауап береді. “Кім?” деген сұрақ тек адамдарға байланысты қойылады. “Не?” деген сұрақ адамнан басқа заттарға, жан-жануарлар, өсімдік, өзен-су, қала, т.б. қойылады.

Ал, орыс тілінде “кім?” деген сұрақ жанды заттардың бәріне де қойылады.

Қазақ тілінде род категориясы жоқ. Орыс тілінде 3 түрлі род категориясы бар: мужской род, средний род, женский род.

Қазақ тілінде орыс тілінің әсерінен кісі аттарына “ова, ева, ов” суффиксі қосылып, родтық мағына береді. Мысалы: Айша Асанова, Болат Сарсенов, Сара Есімова, т.б. Қазақ тілінде де, орыс тілінде де зат есімдер жекеше, көпше түрде қолданылады.

Орыс тілінде а,я,ь,и,ы,е жалғаулары түбірге жалғану арқылы көптік  мағына береді. Мысалы: снег-қар, снега-қарлар, день-күн, дни-күндер, волос-шаш, волосы-шаштар.

Қазақ тілінде “май, сүт, ет, сұлулық, су“ деген сөздерге көптік жалғау жалғанбайды. Ал, орыс тілінде су-вода,шай-чай, мясо-ет, сахар-қант, алтын-золото деген сөздерге көптік жалғау жалғанбайды.

Орыс тілінде жекеше түрде келетін біршама сөздер бар. Мысалы: глубина-тереңдік, терпение-шыдамдылық, здоровье-денсаулық. Қазақ тілінде жекеше келетін зат есімдер де кездеседі. Мысалы: жаңбыр-дождь, қызылша-корь.

Септік жалғауларда да айырмашылықтар бар. Қазақ тілінде септік жалғауы 7-ге бөлінеді: атау септік, ілік септік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік. Септік жалғауларының атау септіктен басқаларының жалғаулары бар.

Мысалы: А.с. – кім? не?

І.с. –кімнің? Ненің? –ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің

Б.с-кімге? Неге? –ға, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е

Т.с-кімді? Нені? –ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н.

Ж.с-кімде? Неде? –да, -де, -та, -те, -нда, -нде

Ш.с-кімнен? Неден? –нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен

К.с-кіммен? Немен? –бен, -мен, -пен

Қазақ тілінде түбір сөзге септік жалғауларының бәрі де дауысыз дыбыстан басталып жалғанады: -ның, -нан, -мен. Орыс тілінде зат есім род категориясы, сан  (число), сөз тудырумен байланысты септеледі. Орыс тілінде склонение 3 түрлі септеледі және септік жалғауларында көбіне жекеше түрде келеді, Көпше түрінде аздаған өзгешеліктер бар. Мысалы: 1 склонение мужской род атау септігінде –о, -е жалғаулары бар.

Қазақ тілінде септеу екіге  бөлінеді, жай септеу ,тәуелдік септеу .Ал, орыс  тілінде тәуелдік  септеу тәуелдік  есімдіктердің мағанасы арқылы беріледі . Мысалы: моя книга, мой брат  Сын есім екі тілде де заттың  сынын  білдіреді,  қандай  деген сұраққа жауап береді.  Мысалы: моя книга, мой брат.

Сын есім екі тілде заттың сынын білдіреді, ”қандай?“ деген сұраққа жауап береді.

Қазақ тілінде сын есім зат есімнің алдында немесе артында келеді. Мысалы: черная доска, здание большое. Қазақ  тілінде де, орыс тілінде де сын есім грамматикалық мағынасына қарай сапалық, қатыстық болып екіге бөлінеді.

Қазақ тілінде  де, орыс тілінде де сапалық сын есімдер, сын есімнің салыстырмалы шырайы арқылы жасалады. Мысалы: үлкен- большой, үлкендеу – больше, өте үлкен – самый большой.

Қазақ тілінде үш түрлі шырай категориясы бар – жай шырай – положительная степень, салыстырмалы шырай – сравнительная степень, күшейтпелі шырай-перевосходная степень.  Жай  шырай- сын есімнен жасалып, заттың сапасын білдіреді. Ақ қар- белый снег, ақ қағаз – белая бумага.

Салыстырмалы  шырай- сын есімге- ырақ, -ірек,- рак, рек,- лау, -леу,- дау, -деу жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: жақсы- жақсырақ, үлкен- үлкенірек.  Күшейтпелі шырай – сын есімге, ”ең, тым, өте көмекші  сөздері арқылы жасалады. Мысалы: өте жақсы, тым биік.

Қазақ тілінде сын есім  орыс  тіліндегідей жаққа, септік жалғауларында, тәуелдік  жалғауларында  жалғанбайды.

Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінде ұқсастықтар мен айырмашылықтарды байқауға болады: қазақ тілінің тыныс белгілері де орыс тілінің тыныс белгісі ережелерінің негізгі принциптеріне сай қарастырылады. Солай бола тұрса да, қазақ тілі өзінің ішкі заңдылық ерекшеліктерін сақтайды. Қазақ тілінде тыныс белгілері ережелері емле ережелеріне қарағанда аз. Бастауыштан кейін қойылатын сызықша мен үтір қойылатын орындарында екі тілде де аздаған айырмашылықтар бар.

                   Қорыта келгенде, орыс аудиторияларында қазақ тілін орыс тілімен салыстыра отырып оқыту өте тиімді.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.Бейсенбаева К. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Алматы, 1995. – Б. 15

2. Аралбаев Ж.А. Воколизм казахского языка. – Алматы. – 1970. – Б. 22-27 

3. Аралбаев Ж. А. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. – Алматы. – 1988. – Б. 3-20

4.Әбдіқадырова Т., Үрістенбекова Г. Төл дыбыстарды меңгерту – тіл меңгертудің негізі. -  Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1999. - №10. – Б. 29