Право /1.История государства и права.
Аға
оқытушы Айдаров Б.Ж., оқытушы, құқық
магистрі Омар Б.М., оқытушы, Омарова И.М
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті. Қазақстан
Қазақстан
Республикасының сот жүйесін
Конституциялық реформалаудың
құқықтық маңызы
1995 жылы қабылданған
Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның
құқықтары мен бостандықтарының басымдығын
бекітіп берді, сонымен қатар, биліктің заң шығарушы,
атқарушы және сот билігінің бүкіл қызметі
адамның құқықтары мен бостандықтарын
қорғауға бағытталғанын нақтылы
айқындап берді.
Мысалы, Қазақстан Республикасы
Конституциясының 13-бабының 2-тармағында «Әркімнің
өз құқықтары мен бостандықтарының сот
арқылы қорғалуына құқығы бар», - деп
атап көрсетілсе [1, 8].
Қазақстан Республикасы
Конституциясының 75-бабының 1-тармағында, «Қазақстан Республикасында сот
төрелігін тек сот қана жүзеге асырады», және 77-бабында
«судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз, ол
Конституция мен Заңға ғана бағынады», - деп
нақтыланған [1, 42].
Президент Н.Ә.Назарбаев судьялардың
5-съезінде сөйлеген сөзінде, «Азаматтардың өз
құқықтары бұзылған кезде қорғаныш
іздеп жүгіне алатын сенімді органы – соттар болып отыр»,-деген болатын.
Конституциялық реформа
жүргізудің нәтижесінде қазақстандық сот
төрелігі жүйесі адам құқықтарын тиімді
қорғайтын қуатты жаңа тетіктерге ие болды. Сонымен
қатар, жеке және заңды тұлғалардың
өтінішпен сотқа тікелей жүгінуі арта түскен сайын
соттардың қызметіне де қосымша салмақ түсіп отырғанын
айтпай кетуге болмайды. Сондықтан сот ісін жүргізуді жетілдіру
мәселесін біз шындап қолға алдық [2, 1-2].
Жаңа тұрпаттағы Ата
Заңымыз еліміздің сот жүйесінің тәуелсіздігін
қамтамасыз етіп, судьялардың мәртебесін көтеруге зор
үлес қосты. Соның ішінде сот кадрларын іріктеу Жоғары
Сот Кеңесіне берілгенін, тұтқындауға санкция беру
құзыреті прокуратурадан алынып соттарға ауыстырылғанын,
өлім жазасына мораторий енгізілгенін ерекше атап өткен жөн.
Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі көтеріліп,
әлеуметтік-құқықтық қорғау
кепілдіктері жақсара түсті. Алқа билер институты, мамандандырылған
экономикалық, әкімшілік, қылмыстық, ювеналдық
соттар құрылып жұмыс жасауларының арқасында сот
беделі көтеріліп, түрлі дауларды шешудің баламалы
әдісін жүзеге асыруға мүмкіндік туды [3, 2-3].
Көп кеңесу мен
ізденістің нәтижесінде, сот ісін оңтайландыру
мақсатында 2012 жылғы 16 ақпанда «Қазақстан
Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі
туралы» Конституциялық заңға, Қазақстан Республикасының
Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, «Атқарушылық іс
жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы»
заңға тиісті өзгерістер мен түзетулер енгізіліп,
«Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан
Республикасының заңы, «Аралық соттар туралы», «Халықаралық
коммерциялық төрелік соттар туралы», «Медиация туралы» заңдар
мен басқа да маңызды нормативтік актілер қабылданды. Сонымен қатар, 2013 жылдың 1-ші шілдесінен
бастап Қылмыстық, Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне
енгізілген өзгертулер мен толықтырулар қолданысқа
енгізілді. Осыған сәйкес облыстық соттарда азаматтық
және әкімшілік істер бойынша және қылмыстық істер
бойынша апелляциялық сот алқалары, облыстық соттың
төрағасы тікелей жетекшілік ететін кассациялық сот
алқасы жұмысқа кірісті. Бірінші сатыдағы соттарда
қабылданған заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен
үкімдері облыстық соттың апелляциялық сот алқаларында,
ал, заңды күшіне енген бірінші сатыдағы сот шешімдері мен
үкімдері, апелляциялық сот алқасымен қабылданған
үкімдер, қаулылар кассациялық сот алқасында қаралады.
Мұның тиімді жағы егерде, тараптар сот үкіміне,
шешіміне разы болмаған жағдайда заңды күшіне енген сот
актілерін облыстық соттың кассациялық сот алқасы
қайта қарап, бірінші және апелляциялық сатыдағы
соттардың қателіктерін дер кезінде түзеп отырады.
Соның нәтижесінде бұрынғыдай, текке уақыт
кетіріп, Жоғарғы Сотқа шағымданудың
қажеттілігі болмайды. Кез келген іс бойынша сот актілерінің
заңдылығын тексеру үшін алыстан ат арылтып
Жоғарғы Сотқа келу адамдарға материалдық
және моральдық жағынан да оңай емес. Тек
кассациялық алқаның шешімімен келіспеген жағдайда
ғана Жоғарғы Сотқа жүгінуге болады. Жоғарғы
Сот өтініштің уәждерін орынды деп тапса, істі
қадағалау тәртібімен қарайды. Сот ісін
жүргізудегі осы оң өзгерістердің нәтижесінде Жоғарғы
Сот заңда көзделген тәртіппен жергілікті соттардың
қызметiн кеңінен қадағалауға, заң
нормаларын сот практикасында қолдану мәселелері бойынша
түсiнiктемелер беруге, сот ісін жүргізуді жетілдірумен, судья
кадрларын сапалы іріктеумен шұғылдануға, республика
соттарында біркелкі сот практикасын қалыптастыру бағыттарында
жұмыс істеуге мүмкіндік алып отыр. Ендігі жерде
Жоғарғы Соттың қарауына тек кассациялық
тәртіпте қаралған істер ғана жолданатын болады. Тұтастай
алғанда, конституциялық реформадан бастау алған сот
реформасының жетістігі – қоғамдық қатынастарды
құқықтық реттеудің әлемдік, демократиялық
стандарттарына жақындай түсуіміз болып табылады. Бұл ретте
шетелдік тәуелсіз талдаушылардың кеңес заманынан кейінгі
кеңістікте сот-құқықтық реформалар бойынша
Қазақстанның алдыңғы орындарға
шыққанын мойындап, қазақстандық сот
төрелігінің тиімділігін жоғары бағалап отырғанын
айтуымыз қажет.
«Істер апелляциялық алқада бір
ай уақыт аралығында қаралуы тиісті. Уақыт шектеуіне
қатысты дәлелді себептер пайда болған жағдайда
тағы бір айға ұзартылады. Тараптар апелляциялық сот
алқасының қаулысы оқылған күннен бастап
алты ай уақыт ішінде кассациялық алқаға шағымдана
алады. Айыптау үкімі бойынша сотталушының кінәлі еместігі
немесе оның жағдайын жеңілдететін басқа да уәждер
бойынша шағым немесе наразылық беру мерзіміне ешқандай шектеу
қойылмайды. Тағы бір тоқтала кететін нәрсе, ендігі
жерде апелляциялық сатыдағы қаралған істер қайта
қарауға бірінші сатыдағы сотқа жолданбайды. Тек
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 411-бабы
1-бөлімінің 8-тармағында көрсетілген ерекше
жағдайларға сәйкес келсе қайта тергеуге жолдауға
болады. Сонымен қатар, апелляциялық алқада қаралып,
қабылданған сот үкімі іс жүргізуде заң
талаптарының өрескел бұзылуына жол берілгендігі
анықталғанда ғана бұзылып, іс қайта
қарауға жолданатынын, егерде тараптар белгіленген уақыт
ішінде сот хаттамасымен таныса алмаса, сот шешімін уақытында алмаса
және сот актісі дұрыс аударылып берілмесе онда олардың сотқа
шағым, наразылық беру мерзімі міндетті түрде қалпына
келтіріледі. Бірінші сатыдағы сотта істерді бір судья қарайды. Аса
ауыр қылмыстық істер сотталушының өтінішіне орай
үш судьядан кем емес құрамда және он
алқабидің қатысуымен қаралады. Кассациялық
алқада да істерді қараушылардың құрамы үш
судьядан кем болмауы керек.
Енді облыстық соттардағы апелляциялық
және кассациялық сот алқаларының толыққанды
жұмыс істеуіне мүмкіндік берілді. Яғни барлық шаруа
облыстық соттың алқаларында шешіліп, істің
соңғы нүктесі де сол жерде қойылады. Облыстық
соттардың құзыреті кеңейді, олар бірінші сатыдағы
соттардың заңды күшіне енген сот актілерін тексеріп,
жаңа шешім шығара алады. Облыстық соттың кассациялық
сот алқасында істердің түбегейлі шешімін табуы
халыққа қолайлы болмақ.
Қазақстан
Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012
жылғы 27 қаңтардағы «ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ЖАҢҒЫРТУ-ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ»
атты Қазақстан халқына Жолдауында да сот жүйесіне
қатысты былай деген, - болатын:
«Судьялар
сот төрелігін тек заң мен ар-ожданды басшылыққа ала
отырып шығаруға тиіс. Судьялар жасағын
қалыптастырудың тәртібін түбегейлі түрде
қайта қарау қажет. Аппеляциялық инстанциялардың
істерді қарауға төменгі соттарға қайтару
жөнінде негізсіз шешімдерінің мүмкіндігін заң
жүзінде шектеу керек», -деді Президент Н.Ә.Назарбаев [4, 1-2].
Елбасымыз Н.Назарбаев бүгінгі
күннің ең өзекті мәселесі – соттардың
әділдігіне баса назар аударта отырып, «Әділ және сатылмайтын
сот – демократиялық және құқықтық
мемлекеттің аса маңызды негізі. Егеменді
Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі – бұл
соттар мен судьялардың тек формалды-заңды ғана емес,
сонымен қатар, нақты тәуелсіздікке ие болуы», - деген болатын
[5, 2-3].
Мемлекет басшысының 2009 жылғы
24 тамыздағы Жарлығымен мақұлданған 2010-2020
жылдар аралығындағы кезеңді қамтитын
Құқықтық саясат тұжырымдамасы еліміздегі
сот жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойған
болатын. Осы сара бастау сот жүйесін дамытудың келешектегі
негізгі ұстанар бағытын айқындайтын дара жол болары
анық.
Ұзақ тарихы бар
еуропалық мемлекеттердің конституциялардың қасында Қазақстан
Республикасынынң конституциясы жас, алайда, өткен
ғасырлардың даналығынан сабақ алған,
қазіргі заманның жаңалықтарынан қуат
алған, әр бабының орны ерекше. Себебі, ол еліміздің
қысқа ғана мерзімдегі толағай табыстарының
заңдық тұғыры және болашағымыздың
құқықтық бағдары, - деп
айтуымызға болады.
Қазіргі таңда сот органдарын
реформалау барысы жалғасын табуда.
Сот органдарын реформалаудың бірі, жеке тұлғаның
өз құқықтарын қорғау үшін
сотқа жиірек жүгінуіне
жағдай жасау болып табылады. Ол үшін, жеке
тұлғаның сот органымен өзара тығыз байланысты
төмендегіше үш элементті біріктіру қажет, - деп ойлаймын:
Біріншіден, заң негізінде
құрылған және тәуелсіздік пен бейтараптылық
критерийлеріне сәйкес келетін соттың болуы қажет;
Екіншіден,
даудың немесе айыптаудың барлық тұстары бойынша шешім
қабылдау үшін соттың кең өкілеттілігі болуы
керек;
Үшіншіден, жеке тұлғаның
сотқа еркін қол жеткізу құқығы болуы
қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Қазақстан
Республикасының 30.08.1995 жылғы Конституциясы
(Қазақстан Республикасы Парламентінің 1996 ж.,
№4,217-құжат), Қазақстан Республикасының 1998
жылғы 7 қазандағы Заңымен енгізілген өзгертулер
мен толықтырулары (Қазақстан Республикасы Парламентінің
1998 ж., №20,245-құжат),
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен
енгізілген өзгертулер мен толықтырулары (Қазақстан
Республикасы Парламентінің 2007 ж., №10,
68-құжат). –Астана: «Елорда» баспасы, 2009.
2.
Бейсенбі, 30 тамыз, 2012 ж. «Конституция – еркін адамдардың ерікті таңдауы». «Егемен
Қазақстан» газеті. Б.Бекназаров, Жоғарғы Сот Төрағасы.
3.
Сәрсенбі, 22 тамыз, 2012 ж. «Ел дамуының кепілі». «Егемен Қазақстан»
газеті. М.СМАҒҰЛОВ, Атырау облыстық сотының
төрағасы.
4.
Қазақстан Республикасының
Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы
«ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ
-ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ» атты
Қазақстан халқына Жолдауы. е.gov.kz/wps/portal/Content?.../3.../president/...kk
5.
Жұма, 21 қыркүйек, 2012 ж. «Ізгілендіру жолындағы ізденістер».
«Егемен Қазақстан» газеті. Ж. ЖАЙЛАУБАЙ, Іле аудандық
сотының төрағасы.