4.Трудовое право, и право социального обеспе­чения.

            Оқытушы, құқық магистрі Омар Б.М., Айдаров Б.Ж., ЗҚТ-011 тобының студенті Батанов Б

Қ.А.Ясауи  атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Қазақстан    

Қазақстан Республикасындағы Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүйесі қазіргі таңдағы маңызды-құқықтық  мәселелердің бірі

 

Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-бабының 1 тармағында «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар», - делінген. Сонымен қатар, адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды [1. 10-11].

Қазіргі уақытта еңбек ресурстары елдегі экономикалық өсуді қамтамасыз ететін бірден бір факторға айналып отыр.

Коммунистік партия үстем­дік құрып тұрған дәуірлерде ең­бек қатынастары қатаң мем­ле­кет­тік тәртіпте болғанын ескерсек, бүгінгі күні  мемлекеттік сек­­тормен қатар жеке меншік сек­тор­дың дамуы күннен-күнге қар­қын алып келе жатқанда, әрбір жеке меншік компания, фир­ма иесі мүмкіндігінше пайда көзін ойлаған заманда еңбек заң­­дылықтарының бұзылуы еш­кімді де таңғалдырмасы анық. Ол  мен­шік түріне қарамастан жұмыс берушілердің еңбек заңдылықтарын білмеуі, мамандардың біліктіліктерінің тө­­мен деңгейі, жұмыскерлердің еңбек заңдылықтарының қара­пайым талаптарынан мүлдем хабарсыз болуы. Ешкім заңгер немесе білікті маман, басшы болып тумайды. Ол біліммен, ізденумен келетін шаруа. Еңбек заң­ды­лықтарының қарапайым талаптары дегенде мен ең болмаса еңбек шарттарымен танысуды, оның бір данасын талап етуді, жалақы, кезекті еңбек демалысы, қызметкердің құқықтары мен міндеттері жөнінде айтып отырмын.

 Еңбек қатынастары тұтастай алғанда барлық саланы қамтиды. Біреу білер, біреу білмес, өмірде еңбек мәселесі шартты түрде 3 тармаққа бөлінеді – еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау және жұмыспен қамту мәселесі [2. 1-2].

Қазіргі таңда, сондай-ақ «Еңбек қауіпсіздігін оқытуды ұйымдастыру» мемлекеттік стандарт негізінде жүзеге асырылып отыр. Әлбетте әр ұйым бөлімшелерінің басшылары болған жағдайда, онда олар бөлімшелердегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаумен қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар болып табылады, өздерінің қызметтік міндеттері мен ұйым басшысының басшылығымен білім тексеруінен өтуге міндетті. Тұрақты әрекет етуші ұйымдардың еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерін аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдардың жанындағы еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды дайындайтын мамандандырылған орталықтарда және еңбекті қорғау кафедрасы бар жоғары оқу орындары мен мекемелерде оқыту және біліктілігін арттырумен білімін тексеруді жүргізу аса орынды болмақ. Олай болса, бұл мәселені шешуге тиісті кәсіподақтармен бірлесіп экономиканың салаларын басқаруды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органдардың тікелей қатысып шешу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр [3. 5-6].

2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаумен қамтамасыз ету Бағдарламасы әзірленіп бекітілген болатын.  Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының екі тармағына тоқталып өтер болсақ, бұл еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау және еңбекті қорғауды басқару жүйесін ендіру аса қажет болып отыр.

Мемлекет өзінің азаматтарының еңбегін қорғауға  құқықты кепілдейді. Ең басты кепілдік қабылданған шаралардың нәтижесінде өндірісте еңбекті қорғаудың жоспарлы түрде үздіксіз, тұрақты түрде жақсаруы тиіс екендігінен көрініс табады. Еңбек жағдайы өзінің ең кең мағынасында еңбек процесіндегі адамның жұмыс істеу қабілеті мен саулығына әсер ететін факторлардың,  яғни сыртқы күштердің жиынтығы болып табылады. Еңбек жағдайының терминін қолдануда оған әртүрлі мағына беріледі. Шын мәнінде адамға, оның денсаулығы мен еңбек қабілеттілігіне әсер ететін факторлар өте көп. Әлеуметтік-экономикалық факторлар   еңбеккерлердің   бүкіл   қоғамдағы   жағдайын   анықтайды.   Олар, Қазақстан Республикасының Конституциясында, мамандардың еңбекақысын, дайындау және қайта дайындау мәселелерін, жалпы заңда   әлеуметтік   игіліктер   мен   кепілдіктерді   реттейтін   еңбек   заңдарында   орын   табады. Мемлекеттің нормативті-құқықтық актілері бір ауысымдағы жұмыс уақыты ұзақтығын, санитарлық нормалар мен ережелерді, зейнеткерлік және жасөспірім жастағылардың, жүктілік пен босану жеңілдіктерін, көп балалы жанұяларға жеңілдіктер және басқа да еңбек қатынастарына байланысты толып жатқан мәселелерді қарастыруы мүмкін [4. 22-23].

Бүгінгі таңда ғимараттардың, ескірген машиналар мен құрал-жабдықтарының қиын күйінің ықпалы бар. Сарапшылардың бағалауы бойынша тозу деңгейі көрсеткіші қазір 50 пайызды құрайды. Бұл онсыз да жоғары апат болу және жарақат алу деңгейін жоғарылатады. Сонымен бірге жүмыс орындарындағы жұмыс берушілер тарапынан болған көптеген олқылықтардың заңи органдар назарынан тыс қалғандарын байқауға болады [5. 5-6].

Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Әбішұлының кө­тер­іп жүрген өзекті мәселелерінің бірі – өнді­ріс­тегі еңбек қауіпсіздігі. Іс жү­зін­де еңбек адамы денсаулығының жақсы немесе нашар болуына  оның жұмыс орнындағы жағ­дай­дың рөлі өте маңызды. Ол үшін жұмыс беруші тиісті дәре­жеде қызметкерге жұмыс жағ­дайын қамтамасыз етуге мін­детті. Ашығын айту керек, бүгінгі күні еңбек рыногында еңбек қа­тынастарын реттейтін жеке мем­лекеттік орган жоқ. Мемлекеттік еңбек инспекторлардың бақылау жұмысы негізінен қызметкерлердің құқықтарының бұзылуына жол бермей, олардың қатаң сақталуы мен өндірістік жарақат алуының алдын алуға бағытталған. Міне, сондықтан да тұрғылықты халықтар мен ұйымдар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың арыздарын қарайды. Мемлекеттік еңбек инспекциясы еңбек заң­ды­лықтарын қадағалайтын бірден-бір орган болса, ол сол аумақ көлемінде орналасқан кәсіп­орын­дар мен мекемелердің 5-6 пайызын ғана қамтиды. Бұл дегеніміз, қалған мекемелерде еңбек заң­ды­лықтарының сақталуы бақы­лау­дан тыс қалуда деген сөз. Ал, бүгінгі күні өзекті әлеуметтік мә­селелердің бірі  жұмыс берушілер тара­пынан еңбекақының мер­зі­мін­де төленуі болса, кәсіп­орын­дар мен мекемелерде жалпы жа­лақының төленуі жөніндегі дерек статистика органдарынан басқа ешқандай мемлекеттік мекемелерде жүргізілмейді. Ал, статис­тика органдарында бұл мәлімет 2-3 ай кешеуілдеп шығады. Бұл да тез шешімін табуы тиіс мәселе. Сондықтан, Елбасы Н.Ә. На­­­­зар­­баевтың еңбек қатынастарына бай­ланысты берген тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау – бірінші кезекте осы сала­ның тізгінін ұстаған мамандарға үлкен сын [1. 1-2].

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»  атты тақырыптағы бағдарламалық мақаласында былай, - деп атап өткен болатын: - «Мен мынаны атап көрсеткім келеді: еңбек адамы құқықтық мәселелерден тысқары қалуы тиіс емес. Жұмысқа орналаса отырып, олардың барлығы өздері қол қоятын әрбір қағазға мән беріп, олар­дың маңызын түсінулері керек. 2007 жылы қабылданған Қазақстан Респуб­ли­касының Еңбек кодексі жұмыспен қамтудың барлық салаларын құқықтық қамтамасыз ету жо­лындағы маңызды қадам болды. Алайда көптеген сарапшылар кодекстің қызметкерлердің барлығы бірдей түсінулері үшін күрделі екендігін атап көрсетуде.

Бұл проблеманы шешу үшін, біріншіден, жалдамалы жұмысшыларды құқықтық оқытуларды ұйымдастыру қажет. Бәлкім, мұны жұмыс берушілер есебінен жүргізуге болар. Екіншіден, кең көлемдегі үгіт-түсінік жұмыстарын жүргізу, еңбек заңдарының негіздерін түсінікті түрде баяндайтын түсіндіру материалдарын жариялау керек». Сондықтан, Елбасының  Ең­бек және халықты әлеуметтік қор­­ғау ми­нис­­трлігіне келесі жыл­дан бас­тап қызметкерлерді Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының ең­бек заң­да­ры­ның негіздеріне оқыту жүйе­сін ұйымдастыру туралы мәсе­лені осы жылдың желтоқсанына дейін әзірлеуді тапсырғаны – бү­гінгі күнгі қажеттіліктен туын­даған өзек­ті мәселе, - деп ойлаймын. Бірақ, бұл жұмыс аумақтарда жинақталған ұсыныс­тар негізінде және осы мәсе­ле­лермен шұғылданып жүр­ген түрлі сала, лауазым өкіл­де­рі­нен құрыл­ған білікті жұмысшы тобымен жүргізілсе ғана өз же­мі­сін берері хақ.

Осы тұста біршама ұсыныстар айтып кетуге болады. Мысалы:

·                    Біріншіден, Қазақстандағы барлық ЖОО-да оқитын студенттерге (мамандық түріне қарамыстан) 2 курста екі семестр қатарынан «Еңбекті қорғау» пәні топ студенттерінің мамандықтарына қарай тереңдетіліп оқытылса;

·                    Екіншіден, әрбір мекемеде қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуді бақылау міндеті  жүктелген бір қызметкер атқаратын еңбекті қорғау жөніндегі маман немесе еңбек инспекторы, деген штат ашылса. Олай болса, қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуді бақылау міндеті жүктелген еңбекті қорғау жөніндегі маман, өз жұмыс уақытының көп бөлігін жұмыс орнында өткізіп, осы жұмыстарды ұйымдастыруға бөлімшелердің басшы­ларына оқу-әдістемелік көмек көрсетуі аса қажет. Әрине бұл ретте, осы кәсіптің мамандарын тиісті дәрежеде дайындаған жағдайда, олардың орындайтын жұмыстарының сапасын барынша жоғарғы деңгейге көтеруге болады.

·                    Үшіншіден, жұмысқа жаңадан қабылданған әрбір маман иесі үшін еңбек инспекторы арнайы курс ретінде екі апта шамасында еңбекті қорғау жөнінде арнайы дәрістер жүргізіп отырса. Мұндай жағдайда, қызметкердің өмірі мен денсаулығына қатысты басымдықты, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуды қамтамасыз етеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   Қазақстан Республикасының 30.08.1995 жылғы Конституциясы (Қазақстан Республикасы Парламентінің 1996 ж., №4,217-құжат), Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулары (Қазақстан Республикасы Парламентінің 1998 ж., №20,245-құжат),  Қазақстан Республикасының 2007  жылғы 21 мамырдағы Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулары (Қазақстан Республикасы Парламентінің 2007 ж., №10,  68-құжат). –Астана: «Елорда» баспасы, 2009.

2.  Егемен Қазақстан  газеті.  «Еңбек шарттары: Оған жауапты көзқарас қажет». Б.ЕСҚАРАЕВ. Оңтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

3.  Ажинурина Д. Еңбек ету бостандығы және  оны қорғаудың мәселелері: заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты /Ажинурина Д.- Алматы: б. ж., 2005

4. Азтаев Б. Государственная инспекция труда// Правовой вестник.-2002.–N32

5. Армстронг М. Практика управления человеческими ресурсами /Пер. с англ.
под ред. С. К. Мордовина.- 8-е изд.- СПб.: Питер, 2005