Право / 9.Гражданское право.
Оқытушы,
құқық магистрі Омар Б.М., Омарова И.М., ЗҚТ-015
тобының студенті Айдарбеков А
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті. Қазақстан
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы
«Әлеуметтік- экономикалық
жаңғырту-Қазақстан дамуының басым бағыты»
атты халққа арнаған кезекті Жолдауында мемлекетіміздің
барлық салаларына қатысты мәселелер жан-жақты
қамтылып, жүзеге асырылуға тиісті он нақты міндеттерді
айқындап берді.
Осы
жолдаудағы маңызды мәселелердің бірі жетінші
бөлімдегі білім беру мен денсаулық сақтау саласы. Дәл
қазіргі жаһандану заманында білім беру жүйесін одан әрі
дамытуға қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев осы жолдауда айқындап берді. Атап айтар
болсақ, бұл жолдауда Президент Н.Ә.Назарбаев былдай деген болатын:
«Білім
беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі
іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.
Біріншіден,
оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен
технологияларды енгізу. Бүгінде халықаралық стандарттар
негізінде Назарбаев университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс
істеуде. Кәсіптік-техникалық білім берудің озық
мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін
бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып,
барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту
қажет.
Екіншіден,
педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы
зор. Арқаулық педогогтык білім берудің
үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының
біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр
өңірде педогогтардың біліктілігін арттыратын
интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.
Үшіншіден,
біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру
қажет. Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге
әрі олардың сапасына баға беруге тиіс емес.
Үкіметке
үстіміздегі жылы қанатқақты режімде салалық
ассоциациялар арқауында 1-2 салаларда тәуелсіз Біліктілікті бектіу
орталықтарын құруды тапсырамын», -деді Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев [1, 1].
Биылғы
жылдан бастап базалық педогогикалық білім стандарттары мен
біліктілікті арттыруға қойылатын талаптарды күшейту бойынша
көптеген ұйымдастыру шаралары қолға алынғалы
отыр. Сондай-ақ педогогтардың біліктілігін растайтын тәуелсіз
мекемелер қызметіне жүгінетін боламыз. Қысқаша
айтқанда, кадр сапасын сараптау міндетін сол кадрды даярлаған
ЖОО-дан өзге бейтарап мекеме атқарғаны өте дұрыс,
- деп ойлаймын.
Мемлекетіміздегі
жастардың еңбектен ажырамай, қалаған мамандығын
игеруге мүмкіндік алуын жаһандық дағдарыс
кезеңінде оларға жасалған зор қамқорлық
деп, бағалаған жөн болар. Қазақстандық
ғылымды өркендатуге байланысты ойлардың өткен 2011
жылғы Жолдаумен сабақтастықта өрбігені байқалады.
Елбасы
Жолдауында студенттердің тоқырап қалмай, көп тілді
білуін, шетелде білім алып, білімін одан әрі көтеруге,
мәдениетін арттыруға, алған білімімен елдің дамуына
үлес қосуға мүмкіндік жасап отыр. Бұл жерде
әрбір педагогтың, әрбір ғалымның, әрбір
жетекшінің, министрліктер мен мекемелердің ауқымды жұмыс
атқаруына үлкен мүмкіндіктер бар. Елбасымызды толғандырған
өзекті мәселелердің бірі елімізді инновациялық
тұрғыда дамыту жолына түсіру.
Елбасы
Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру тетіктерінің
тағы бір маңызды тұсы студенттердің теориялық
білімімен қатар, тәжірибелік біліктілігін шыңдау
мәселесі. Ол үшін бұрынғы өндірістік-тәжірибелік базаларды қалпына келтіріп, кәсіби машықтарын жетілдіруге мүмкіндік жасауды жоспарлап отырмыз. Яғни, студенттеріміз біліммен қатар тәжірибені меңгеріп шығуы керек. Мысалы, Американың Лэндгранд ауыл шаруашылығы университеттерінде (Бұл оқу орнының құрамында бірнеше ірі ғылыми институттар бар.) студенттер алғашқы 2 жылында теориялық білім алып, қалған 2 жылда олар өндіріс орындарында, ғылыми зертханаларда тәжірибе жинақтаумен айналысады. Әрбір студенттің ғылыми жетекшісі болады. Жалпы алғанда, батыс елдерінің бір ерекшелігі олар әрбір адамның, тұлғаның генетикалық мүмкіндігін ашуға жағдай жасайды. Әрбір адамның өзінің талантын ашады. Бұлардың бағыты соған арналған. Біздің де
негізгі көздегеніміз осы
бағыттағы жетістіктерді қабылдай отырып, өзіміздің үлгімізді қалыптастыру.[2, 1].
Соңғы 10-15 жылда шетел
мемлекеттерінің білім жүйесінде жоғары деңгейдегі
қарыштық даму жағдайы жүзеге асып жатқаны
бәрімізге белгілі. Әрбір мемлекеттің қоғам
өмірінде ғылыми, мәдени, экономикалық, саяси жүйелеріндегі қалыптасқан
ескі көзқарастар түбегейлі өзгеріске ұшырады [3,
11-12 б.];
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру
жүйесінің басты міндетi – ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» – деп білім беру
жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделуде.
Қазіргі
ақпараттық қоғамда өндірістің
дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың
қажеттілігі айқын көрінеді. Сондықтан білім беру
саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға
баруда. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар кеңістігінде
дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын
оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа
ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет
өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам
өркениетті бола бастайды.
Қазіргі таңда
әлемнің дамыған мемлекеттерінің ЖОО кредиттік
оқыту технологиясы бойынша білім береді. Кеңес Одағының
ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы
жаңа білім жүйесінің дамуындағы ізденістерге
әкелді. Әлемде танылған батыс елдерінің
экономикалық, әлеуметтік прогрестері Қазақстан
үшін үлкен бағдар болды. Әрине, оқу бітіруші
түлектер бәсекелестік қабілеттілігімен білім беру кеңестігінің
таңдауында оқушыға дербестік беру, оқытудың
деңгейін көтеру, еңбек сұранысына
бағдарланған, оқу бағдарламаларының жоспарлауын
икемді ғана болуы мүмкін, әлемдік білім беру
көрсеткендей казіргі білім талаптарына кредиттік оқыту технологиясы
сай келді. [4, 19-20].
Біздің республикамыздың
жоғары оқу орындарында кредиттік жүйені енгізуде шетел
мемлекеттерінің тәжірибесі мен халықаралық
тәжіриебенің маңызы өте зор. Солай
болғандықтан, осы технология Қазақстанның
жоғары оқу орындарында белсенді жұмыс еткендіктен
отандық тәжірибені оқу мәнді болады, одан басқа
да аймақтық жоғары оқу орындарының
жинақталған тәжіриебесін есепке ала отырып, консультация
және әдістемелік көмек көрсету қажет [5, 17-18].
Қазақстан Республикасында
кредиттік оқу жүйесі 19 ғасырдың 90-шы
жылдарының ортасынан біртіндеп қалыптаса бастады. Елімізде
2007 жылы 15 тамызда «Білім туралы» жаңа заң қабылданды.
Осы заңның 11 бабында
білім жүйесі мәселелерінің бірі болып оқытуда
жаңа технологияларды тиімді пайдалану және енгізу, сонымен
қатар кредиттік, дистанциялық,
ақпараттық-коммуникациялық оқыту кәсіби
білімнің қоғамда және еңбек нарығында болып
жатқан өзгерістер қажеттілігіне тез үйлесуге
мүмкіндік туғызатыны атап көрсетілген. Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында
№66-шы «кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін
ұйымдастыру ережесі» әзірленген және бекітілген. Кредиттік
оқыту технологиясы — бұл білім беру технологиясы, өз
бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде
шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және
білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім беруді
таңдап алған
траекториясын регламенттеу болып табылады [6, 15-16].
1999 жылы 19 маусымда
жоғары білімнің бірыңғай құрылымын енгізу
үшін Болон декларациясы қабылданған болатын. Оған
29 ел қол қойды. Барлық ұлттық
жүйелерде, жоғары білім жүйесінің сынақтық
бірлігін енгізу үшін European Credit Transfer Sustem (ESTS) немесе
басқа, ESTS жүйесімен бірігіп, қайта сынақтауды қамтамасыз
ететін, сондай-ақ жинақтаушы қызметін, және де
академиялық оқу кепілдігін шет елде тану туралы шешім
қабылдану (1999 ж. ESTS 1062 европалық жоғары
оқу орындарына енгізілді) [7, 8-9].
Бiлiм
берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты
Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк
ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай
болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны
пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы
ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру
кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк бередi.
Бiлiм
берудi ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерi:
– ақпараттық және телекоммуникациялық
техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
– бiлiм берудi ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды
анықтап, жүзеге асыру;
– оқу-тәрбие үдерісіне жаңа
ақпараттық технологияны енгiзудi қамтамасыз ету бойынша
ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк
жұмыстарын жүргiзу;
– пәндер бойынша жасақталатын
жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және
оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын
ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiлдiру
бiлiм берудi басқаруда ақпараттық жүйенi
құру;
– бiлiм беру мекемелерiнiң
қызметкерлерi үшiн бағдарламалық-техникалық
құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық
бағдарламаларды, электрондық оқулықтарды
жасақтау;
– педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз
қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi
түрде бiлiктiлiктерiн көтеру.
Білім
беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың
біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі
міндеттерінің бірі екендігі даусыз. Педагог мамандардың
біліктілігін көтеруді ақпараттандыру, қажеттілікті шешу
барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық
технологияны өз қызметтеріне пайдалану, педагог мамандардың
ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық
мәдениетін және ақпараттық құзырлығы
сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі
бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Адамзат
өркениеті жер бетінде орныққалы бері одан өз орнын
ойып тұрып алып келе жатқан мемлекеттердің жөні ерекше.
Олар: Сингапур, Малайзия мемлекеттері. Халқының
басына күн туып, тағдырдың тәлкегіне түсіп, мемлекеттің
келешегі қыл үстінде тұрған кезде де жоқтан бар
жасап, артта қалған мемлекетті әлемнің
алдыңғы қатарына шығарған көшбасшыларды
тарих ұмытпайды. Соның ішінде Азияның Ли Куан Ю (Сингапур),
Махатхир Мохамад (Малайзия) секілді данышпан көшбасшылардың
басынан кешіргені таңғаларлық жағдай. Ұлыбританияның
әскери базаларына әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан
тәуелді болған Сингапур, Қытай мен Үндістан саудагерлері
мен қолөнершілерінің қолына қарап отырған
Малайзия данышпан көшбасшыларының саясаты арқасында 30-40
жылдың ішінде әлем мойындайтын деңгейге көтерілді.
Ал, біздің еліміз – аталған
елдерге қарағанда халқы анағұрлым сауатты,
көзі ашық, көкірегі ояу, тарихы терең, жері мен табиғаты
бай мемлекет. Сондықтан, Президент
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік
жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек
Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы
Қазақстанның тиімді және әлеуметтік даму жолында екендігінің
нақты белгісі болып табылады. Сонымен қатар, әрбір ЖОО-ды
тамамдаған жас маман еңбекке тартылып,
жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүруді
өзіне жат нәрсе деп тауып, халқым үшін, - деп
қызмет етсе, қазақ елінің Сингапур мен Малайзияның
тәжірибесін әлемге қайта танытуына толық
мүмкіндігі бар [8, 2-3].
Президентіміздің
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20
қадам» атты мақаласы халықтың әлеуметтік
жағдайын көтеруге, қоғамдағы әділетсіздік
пен теңсіздікті жоюға бағытталған. Сонымен қатар,
бұл мақала қоғам мен мемлекеттің келешегін
ойлаған мыңдаған ғалымдардың
көңілінен шықты және
біздерге, яғни ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамына
да нақты іс-қимылдар бағытын айқындап отыр.
Қазіргі
таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі
тұғырнамасы – білім болып табылады. Жаңа заман жаңа
көзқарас тудырып, іргелі жаңғыртулар жасау мен
білімді дамытудың жаңа сапалық деңгейін қажет
етіп отырған кезеңде Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өз назарында ұстап
отыруының орны ерекше.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Қазақстан
Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012
жылғы 27 қаңтардағы
«ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ
-ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ» атты
Қазақстан халқына Жолдауы. e.gov.kz/wps/portal/Content?.../3.../president/..
2.
«Нақты бағыттар мен шешімдер бастауы». www.egemen.kz/?p=327214
3.
С.М. Өмірбаев
Білім. Алматы. — 2006 ж. № (29)
Ғылыми-педагогикалық журнал Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» заңы 27.07.2007 ж.
4.
Қаланова Ш.М.,
С.М. Өмірбаев Қазақстан Республикасының
жоғары оқу орындарына кредиттік оқыту технологиясын енгізу
туралы. Жоғары кәсіби білімге сынақтар
өлшемдерінің жұйесін енгізудің мәселесі:
Бүкілресейлік кеңестің мағұматтары. 23 сәуір
2003 ж., Мәскеу қ., В.Н. Чистохвалова — М.,
2003 ж.
5.
Қазақстандағы
кредиттік оқыту жүйесінің негізі
С.Б. Әбдіғапарова, Г.К. Ахметова, С.Р. Ибатуллин,
А.А. Құсаинов, Б.А. Мырзалиев, С.М. Өмірбаев;
Алматы -2004 ж.
6.
«Кредиттік
оқыту технологясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ережесі»
№ 566 24.11.2007 ж.
7.
Е.У. Медеуов
Кредиттік оқыту жүйесі: өту өту
қиыншылықтары И.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік
университеті. 2006 ж.
8.
Бейсенбі, 27
қыркүйек, 2012. «Жалпыға Ортақ Еңбек
Қоғамына жол». Александр ТАСБОЛАТОВ. «Егемен Қазақстан» газеті.