УДК:631.581:633.63
Қысқа ротациалы
қант қызылша ауыспалы егісінде көң және минералды
тынайтқыштарды қолдану
Күлкеев Е.Е. а.ш.ғ.к.
«Қазақ егіншілік
және өсімдік шаруашылық ғылыми-зерттеу институты»
Жамбыл филиалы
Суармалы егін шаруашылығының ең
өзекті мәселелерінің бірі топырақ
құнарлығы және ауыл шаруашылық дақылдарынан
жоғары өнім алу болып табылады.
Бұл мәселелер тек қана
ғылыми дәлелденген ауыспалы егісін қолдану мен қатар,
көң және минералды тыңайтқыштарды бірге пайдалана
отырып жоғары нәтижеге жетуге болады.
Қант қызылшасы бағалы
техникалық дақыл, Қазақстанда суармалы алқаптарда
өсіріледі.
Қант қызылшасы Қазақстанда
80-жылдардың аяғына дейін 80-85 мың гектарда өсіріп
түсімділігі әр гектардан орташа 250-290 ц-ға дейін жеткен.
Жалпы өнімі 2,0 – 2,4 млн. тоннаны құраған, соның
ішінде Жамбыл облысында 40 – 45 мың гектарда өсірілген.
Кейінгі 2000-2001 жылдары Жамбыл облыс ауыл
шаруашылық департаментінің баяндамасы бойынша қант
қызылшасы 3,0-3,5 мың гектарда орналасқан және
алынған өнімінің түсімділігі орташа әр гектардан
– 120 ц-дең аспаған. Қант зауытының өндірілген қант
қызылшасынаң таза қантын көлемі – 4,1 мың тоннаны
құрады, яғни тұтыну стандарты бойынша бір жылда жан
басына 15,2 кг-ға есептегенде, барлық өндірілген қант
Жамбыл облысының түрғындарын 27 пайыз қамтамасыз еткен.
Бұл проблеманың маңызды екенін
ескеріп отырып облыста «Қант бағдарламасы әзірленген», онда
қант қызылшасының егіс көлемін 12-15 мың гектарға
дейін жеткізу және жылына қантты 30-35 мың тоннаға
дейін өндіруді жоспарланған, сонымен облыс қажеттілігін
ғана емес, Республикамыздың басқа өңірлеріне
өткізуді қамтамасыз етуге жағдай туындайды.
Кейінгі жылдары қант қызылшасын
өндірумен айналысатын шаруашылықтардың экономикалық
жағдайы төмендеп және 8-10 танапты ауыспалы егістігін
қолдана алмайтынының әсерінен топырақтың
құнарлығы төмендеп, арам шөптер өсіп,
көптеген өсімдік зиянкестермен, аурулар пайда болған.
Осы проблемаларға байланысты Жамбыл облыс
тәжірибие станциасында (қазіргі «ҚЕжӨШҒЗИ» Жамбыл
филиалы) 2003-2005 жылдары кіші және орташа шаруашылықтарға
арналған қысқа мерзімді (үш танапты) ауыспалы
егістігінің ауыл шаруашылық дақылдарының
өнімдеріне әсері және көн-минералдық
тыңайтқыштардың тиімділігін зерттеу жұмыстары
жүргізілді.
Үш танапты ауыспалы егістіктер
келесі схема бойынша қойылады
№ пп |
1 схема |
2 схема |
3 схема |
1 |
Күздік бидай |
Күздік бидай+ қарақұмық (қонақ өсімдік) |
Күздік бидай+тары (қонақ өсімдік) |
2 |
Қант қызылшасы |
Қант қызылшасы |
Қант қызылшасы |
3 |
Лобия (фасоль) |
Ақ түйнек (картофель) |
Жүгері дәнге |
Осы үш танапты ауыспалы егістіктерінде
көң және минералдық тыңайтқыштары тек
қант қызылшасына ғана бір рет үш жылдық ауысымда
(ротация) беріледі, ал келесі дақылдар осы
тыңайтқыштардың екінші және үшінші жылғы
әсерін пайдаланады.
Тыңайтқыштар келесі мөлшер
бойынша беріледі: 1. Тыңайтқышсыз – (бақылау варианты) 2. N300P92K120
(Фон) 3. Фон + көң 60
т/га 4. Көң 60 т/га.
Минералдық тыңайтқыштардың
мөлшері жердің құрамындағы нақты NPK–ның
болуына байланысты баланс әдісімен анықталды. Тәжірибе
жүргізілген стационардың жалпы көлемі 3,6 га,
тәжірибенің қайталауы төрт реттен, әр нұсқаның
(вариант) көлемі 100 м2. Зерттеу жұмыстары сұр
топырақта жүргізілді. Механикалық құрамына
байланысты бұл топырақ-сазды топыраққа жатады.
Топырақтын беткі қабатындағы қарашірік мөлшері –
1,30%, жалпы азоттың 0,106-0,127
%, фосфордың 0,135-0,153%, ал нитраттың бар болғаны 12,3 мг,
меңгеріп алатын фосфордың мөлшері 45,0 мг және
калийдің 211 мг 1 кг құрғақ топырағында
құрайды.
Біздің жүргізілген зерттеу
жұмыстарының нәтижесі бойынша (кесте 1). Орташа 2003-2005
жылдарының аралығында қант қызылшасының ең
жоғарғы өнімі минералдық және көң
тынайтқыштар бірге берілген үшінші нұсқада (Фон +
көң 60 т/га) және алдынғы дақыл күздік
бидай+тарыдан кейін егілген қант қызылшасы өнімі – 563,2 ц/га
құрады, күздік бидайдан кейін – 544,7 ц/га және
күздік бидай+қарақұмықтан кейін – 508,0 ц/га өнім
алынды, қант жиынтығы сәйкес – 79,9; 77,3 және 72,1
ц/га жиналды, ал тек қана көң тынайтқышы (60 т/га)
қолданған нұсқада алдынғы дақыл күздік
бидай+тарыдан кейін егілген қант қызылшаның өнімі
және қантың жиналған көлемі сәйкес 484,3
және 68,8 ц/га құрады және күздік бидайдаң
кейін – 461,7 және 65,5 ц/га, ал күздік
бидай+қарақұмықтан кейін – 421,8 және 59,9 ц/га алынды.
Сондай-ақ тек қана минералды тыңайтқыштар
қолданған нұсқада да жоғары өнім алынды,
күздік бидай+тарыдан кейін егілген қант қызылшасының өнімі
және қанттың жинтығы сәйкес – 457,1 және
64,4 ц/га құрады, күздік бидайдан кейін 434,1 және 61,6
ц/га, ал күздік бидай+қарақұмықтан кейін 407,8
және 57,5 ц/га алынды. Ең төменгі өнім және
қант жинтығы бақылау нұсқада байқалды. Алдынғы
дақыл күздік бидай+тарыдан кейін 218,7 және 31,5 ц/га,
күздік бидайдан кейін 207,7 және 29,9 ц/га, ал күздік
бидай+қарақұмықтан кейін 206,2 және 29,9 ц/га
құрады.
1–кесте.
Алдыңғы дақылдын және көң-минералдық
тыңайтқыштардың қант қызылшасының
өнiмiне әсерi (орташа 2003-2005 жылдары)
Ауыспалы егiстiк схемасы |
Көрсеткiшi |
Нұсқалар |
|||
Бақылау (тыңай-тқышсыз) |
Мине- ралдық NPK (Фон) |
Фон+ көң 60т/га |
Көң 60 т/га |
||
Күздiк бидай - Қант қызылшасы
– Лобия |
Өнiмдiлiгi,
ц/га. |
207,7 |
434,1 |
544,7 |
461,7 |
Қантылығы,
% |
14,4 |
14,2 |
14,2 |
14,2 |
|
Қант
жиынтығы, ц/га |
29,9 |
61,6 |
77,3 |
65,5 |
|
Күздiк
бидай+қарақұмық - Қант қызылшасы - Ақ
түйнек |
Өнiмдiлiгi,
ц/га. |
206,2 |
407,8 |
508,0 |
421,8 |
Қантылығы,
% |
14,5 |
14,1 |
14,2 |
14,2 |
|
Қант
жиынтығы, ц/га |
29,9 |
57,5 |
72,1 |
59,9 |
|
Күздiк бидай+тары - Қант
қызылшасы - Жүгерi |
Өнiмдiлiгi,
ц/га. |
218,7 |
457,1 |
563,2 |
484,3 |
Қантылығы,
% |
14,4 |
14,1 |
14,2 |
14,2 |
|
Қант
жиынтығы, ц/га |
31,5 |
64,4 |
79,9 |
68,8 |
Осындай дәл ұқсастық
жағдай, қант қызылшасынан кейiн егiлетiн
дақылдардың өнiмiне тыңайтқыштардың
әсерi байқалады (2 кесте), сонымен қатар минералдық
және көң тыңайтқыштар бiрге берiлген нұсқада
орташа үш жылда ең жоғары өнiм алынды, жүгерiден
(дәнге) – 85,1; лобиядан – 31,8 және ақ түйнектен –
343,1 ц/га, бақылау нұсқасына салыстырғанда
жүгерiден – 24,2 ц/га яғни 39,7%, лобиядан 10,8 ц/га яғни
51,4% және ақ түйнектен 128,8 ц/га яғни 60,1% өнiм
артық алынды.
Минералды және көң тыңайтқыштарын
бөлек берiлген нұсқаларда осындай айырмашылық
байқалады.
Көң және минералдық
тыңайтқыштардың әсерi үшiншi жылғы егiлетiн
күздiк бидай және қонақ өсiмдiктердiң
(тары, қарақұмық) өнiмдерiнеде әсерi
байқалады. Орташа үш жылдық мәліметтер бойынша ең
жоғары күздiк бидайдың өнiмі үшiншi
нұсқасында байқалды – 58,6 ц/га, алдыңғы
дақыл лобия, бақылау нұсқасымен салыстырғанда
22,9 ц/га яғни 64,1% артық өнім алында, ақ
түйнектен кейiн – 54,1 ц/га, бақылау нұсқасынаң –
21,9 ц/га яғни 68,0% артық және жүгерiден кейiн – 48,8
ц/га, бақылау нұсқасынаң – 20,2 ц/га яғни 70,6%
жоғары (3 кесте).
Күздiк бидайдан кейiн егiлетiн
қонақ өсiмдiктердiң өнiмiде үшiншi нұсқасында
жоғары болды, тарыдан – 8,4 ц/га және
қарақұмықтан – 9,8 ц/га өнiм алынды бақылау
нұсқасына салыстырғанда тарыдан – 3,0 ц/га яғни 55,5%
және қарақұмықтан – 3,4 ц/га яғни 53,1%
өнiм артық алынды.
Күздiк бидайдаң және
қонақ дақылдарынан алынған өнімі екiншi
(минералдық) және төртiнiшi (көң)
нұсқаларда тынайтқышсыз (бақылау) нұсқасына
салыстырғанда жоғары болды.
2 – кесте. Көң
және минералдық тыңайтқыштардың екiншi
жылға ауыл шаруашылық дақылдардың өнiмдiрiне
әсерi.
Ауыспалы егiстiк схемасы |
Нұсқалар |
Жылдар |
Бақылау нұсқаға салыстырғанда |
|||||||
2003 |
2004 |
2005 |
2003-2005 |
ц/га |
% |
|||||
Лобия өнiмi |
||||||||||
Күздiк бидай - Қант қызылшасы - Лобия |
Бақылау |
27,5 |
20,0 |
15,7 |
21,0 |
- |
- |
|||
Минералдық NPK (Фон) |
32,8 |
22,9 |
20,1 |
25,3 |
4,3 |
20,4 |
||||
Фон+көң 60 т/га |
36,9 |
29,9 |
28,6 |
31,8 |
10,8 |
51,4 |
||||
Көң 60 т/га |
34,4 |
23,2 |
26,4 |
28,0 |
7,0 |
33,3 |
||||
НСР05 |
3,1 |
3,1 |
1,2 |
|
|
|
||||
Р. % |
2,9 |
3,9 |
3,3 |
|
|
|
||||
Ақ түйнек өнiмi |
||||||||||
Күздiк бидай+ қарақұмық – Қант қызылшасы
- Ақ түйнек |
Бақылау |
246,0 |
230,5 |
166,3 |
214,3 |
- |
- |
|||
Минералдық NPK (Фон) |
311,4 |
296,1 |
230,6 |
279,4 |
65,1 |
30,4 |
||||
Фон+көң 60 т/га |
381,1 |
361,5 |
286,8 |
343,1 |
128,8 |
60,1 |
||||
Көң 60 т/га |
330,6 |
310,4 |
263,6 |
301,5 |
87,2 |
40,7 |
||||
НСР05 |
40,7 |
11,8 |
31,0 |
|
|
|
||||
Р. % |
4,1 |
1,3 |
6,5 |
|
|
|
||||
Жүгерi өнiмi |
||||||||||
Күздiк бидай +тары - Қант қызылшасы -Жүгерi |
Бақылау |
66,6 |
55,2 |
- |
60,9 |
- |
- |
|||
Минералдық NPK (Фон) |
78,5 |
70,2 |
- |
74,3 |
13,4 |
22,0 |
||||
Фон+көң 60 т/га |
94,1 |
76,1 |
- |
85,1 |
24,2 |
39,7 |
||||
Көң 60 т/га |
83,1 |
73,0 |
- |
78,0 |
17,1 |
28,1 |
||||
НСР05 |
8,8 |
2,3 |
|
|
|
|
||||
Р. % |
3,5 |
2,1 |
|
|
|
|
||||
3–кесте. Алдыңғы дақыл
және көн және минералдық
тыңайтқыштардың күздік бидаимен қонақ
дақылдарының өніміне әсері (орташа 2003-2005 жж.)
Ауыспалы егiстiк схемасы |
Нұсқа |
Күздiк бидай |
Қонақ
өсiмдiк |
|||||||
өнiмi, ц/га |
бақылау нұсқаға
салыстырғанда |
Тары |
қарақұмық |
|||||||
өнiмi, ц/га |
бақылау нұсқаға
салыстырғанда |
өнiмi, ц/га |
бақылау нұсқаға
салыстырғанда |
|||||||
ц/га |
% |
ц/га |
% |
ц/га |
% |
|||||
Алдыңғы
дақыл лобия |
||||||||||
Күздiк бидай - Қант қызылшасы -
Лобия |
Бақылау |
35,7 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Минералдық NPK (Фон) |
47,3 |
11,6 |
32,5 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
|
Фон+көң 60 т/га |
58,6 |
22,9 |
64,1 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
|
Көң 60 т/га |
49,7 |
14,0 |
39,2 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
|
Алдыңғы
дақыл ақ түйнек |
||||||||||
Күздiк бидай - Қант қызылшасы
- Ақ түйнек |
Бақылау |
32,2 |
- |
- |
- |
- |
- |
6,4 |
- |
- |
Минералдық NPK (Фон) |
44,3 |
12,1 |
37,5 |
- |
- |
- |
8,5 |
2,1 |
32,8 |
|
Фон+көң 60 т/га |
54,1 |
21,9 |
68,0 |
- |
- |
- |
9,8 |
3,4 |
53,1 |
|
Көң 60 т/га |
46,5 |
14,3 |
44,4 |
- |
- |
- |
8,9 |
2,5 |
39,0 |
|
Алдыңғы
дақыл жүгерi |
||||||||||
Күздiк бидай+тары - Қант қызылшасы
- Жүгерi |
Бақылау |
28,6 |
- |
- |
5,4 |
- |
- |
- |
- |
- |
Минералдық NPK (Фон) |
40,2 |
11,6 |
40,6 |
6,7 |
1,3 |
24,1 |
- |
- |
- |
|
Фон+көң 60 т/га |
48,8 |
20,2 |
70,6 |
8,4 |
3,0 |
55,5 |
- |
- |
- |
|
Көң 60 т/га |
43,2 |
14,6 |
51,0 |
7,3 |
1,9 |
35,2 |
- |
- |
- |
Қорытынды
Жүргiзiлген зерттеу
жұмыстарының нәтижесi бойынша келесi қорытынды
жасауға болады: үш танапты ауыспалы егiстiкте көң
және минералдық тыңайтқыштарды үш жылда бір рет қолдану
өте тиiмдi, себебi оның әсерi тек қант
қызылшасына емес, қант қызылшасынан кейiн екiншi және
үшiншi жылы өндiрiлетiн дықылдардың өнiмiне де
жағымды әсер етедi.
Зерттеу жұмыстарының
нәтижесi бойынша ең жоғары өнiм минералдық
және көң тыңайтқыштарды бiрге
қолданған үшiншi нұсқасында байқалады.
Резюме
Мақалада Жамбыл облысында сұр
топрақта зертелген үш танапты қант қызылша ауыспалы
егісінде қолданған көң және минералдық
тынайтқыштардын ауыл шаруашылық дақылдардын өнімдеріне
әсері түралы мәселелер қаралған.
В данной статье расмотренны вопросы по
возделыванию сельскохозяйственнных
культур в 3-х
польном свекловичном севообороте, с внесением за ротацию севооборота оптимальных
доз органо-минеральных удобрений на лугово-сероземных почвах юга Казахстана.
In the article is given questions on cultivation agriculture in three years suger
beet rotations, with entering optimum dozes of organic-mineral fertilizers under a sugar beet on meadow-gray soils.