Интеграциялық өркендеу әлемдік деңгейдегі Қазақстанның экономикалық дамуындағы жетістіктер

Дауренбекова С.Н., аға оқытушы.

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университет, Тараз қ.

Қадыров Ғ.Р., аға оқытушы.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университет, Тараз қ.

 

Қазақстанның халықаралық аренадағы экономикалық бәсекелестігі  мен белсенділігін арттыру, халықтың өмірсүру сапасын арттыру жаңа көзқарастар мен өзгеше әдістер әкелуде. Ал Қазақстанның кәзіргі интеграциялық даму жолында сыртқы экономикалықсаясатының басты бағыты көпвекторлық. Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма жыл­дығын кешегі кеңестік кеңістіктегі елдер арасында өзін қайта жаңғыру көшбасшысы сапына көтерген түбегейлі саяси және әлеу­меттік-экономикалық реформалар жасау жолындағы ауқымды да зор жетістіктермен қарсы алып отыр. Біздің мемлекетіміздің халықаралық жо­ғары беделінің айшықты дәлелі Қазақ­стан­ның ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалығы және Астана Саммитін ең жоғары дәрежеде өт­кізуі болып табылады. Төрт мұхит кеңіс­тігіндегі барлық беделді мемлекеттердің басшылары қатысқан жаһандық басқосуда 54 мемлекеттің қатысуымен қорытынды құжат – Астана декларациясының қабыл­да­нуы бұл Саммиттің тарихи маңызы мен сал­мағын еселей түссе керек. Қазақстан ұлттық мемлекеттілігінің негізін қалады және нығайтты, елдің ау­мақ­тық тұтастығын және мызғымас шекарасын қамтамасыз етті, экономиканы на­рықтық даму жолына түсіріп, әлемдік қауымдастыққа ойдағы­дай интеграцияланды. Қазақ­стан­да бірден-бір барынша қарқынды даму жолындағы экономика құ­рылды, ашық демократиялық қо­ғамдық институт қалып­тасты­рыл­ды, тұрғындардың әлеуметтік өмір стандарттары жақсарды. Ең бастысы – осы жылдар ішінде көпұлтты көпконфессиялы Қа­зақ­стан халқы ел ішіндегі ерекше тұрақтылық және барлық көрші мемлекеттермен бейбіт жағдайда өмір сүріп келеді. Қазақстанға ха­лықаралық қоғамдастықтағы ең беделді де ықпалды мемлекет ретіндегі шынайы атақпен қатар, өзі­нің әлеуметтік-экономикалық дамуы жо­лында елеулі жетістіктерге жеткен мемлекет деген үлкен баға да берілді. Осы орайда, ең алдымен, Қазақстанның осындай зор жетістіктерге жетуінің ерекше маңызды факторларының бірі 2030 жылға дейінгі Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясының қабылдануы және ой­да­ғы­дай жүзеге асырылуы болып отырғандығын ерекше атап көрсеткен жөн. Сонау бір өкпені қысқан өтпелі кезеңде, 1997 жылы қабыл­данған «Қазақстан-2030» Стратегия­сы өзінің бойына ең маңызды базалық тұжырымдар мен қағидаттарды сіңіре білді. Оның стратегиялық бағыттарының дұ­рыс­тығы, басымдықтардың дәл таңдап алынуы бүгінде қазақстандықтар орынды мақтан тұтатын зор табыстардың тұғыры болды.

Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында тұңғыш рет Ұлттық қор құрды. Қазір бұл қорда 33 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жинақталып, ел экономикасының бо­лашағына сенімді серпін беруде. Бұл қор қыз­меті күні кешегі әлемдік қаржы-эко­номикалық дағдарыстың ұлттық эконо­микаға тигізетін кері әсерлерін жеңілдетіп, болашақ тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму жолына негіз қалады.Қазір елдегі инфляция белгіленген шектен аспайды. Ұлттық валюта бағамы тұ­рақты қалпында сақталуда. Елдің халық­аралық алтын-валюта қоры 64 миллиард АҚШ долларынан асып түсті. Мемлекетте тар­тымды инвестициялық ахуал қалып­тас­ты. Қазақстан ТМД елдері ішінде нарықтық экономикасы дамыған мемлекет ретінде танылды. Бүкіләлемдік Банк Қазақстанды әлемдегі шетелдік инвестиция үшін ең тар­тымды ел ретінде таныды. Қазақстан өзінің экономикалық дамуының өтпелі кезеңін жоғары деңгейде жүргізе отырып, жаңа сапалы даму деңгейі – әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 елдің құрамына кірмек. Экономикалық даму жолында жасалған табысты реформалар Қазақстанға қоғамды демократияландыруға ерекше жоғары мүм­кіндіктер берді.

Нұрсұлтан Әбішұлы кешегі кеңестік кеңістіктегі ең жемісті және тиімді интеграциялық бірлестік – ЕурАзЭҚ-тың бастауында ғана тұрған жоқ, сонымен бірге оны алға жылжытатын нағыз интеграция «моторы» болғандығын атап көрсетті.Ең алдымен, Қа­зақ­стан Президентінің 1994 жылы М.­В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік уни­вер­си­те­тінің қабырғасында сөйлеген тарихи сөзінде айтылған батыл еура­зиялық идея ЕурАзЭҚ-тың бүгінгі жетістіктерінен нақты көрініс та­уып, өмірде іс жүзіне асырылып отыр. Еуразиялық мемлекеттер одағын құру ту­ралы сонда айтылған жобада бұл идея «кеңестік кеңістікте экономикалық-әлеумет­тік жаңғыруды, тұрақтылықты және қауіп­сіздікті нығайту мақсатындағы егемен мем­лекеттердің интеграциялану формасы» деп айқындалған болатын. ЕурАзЭҚ-тың құ­рылуы кеңестік кеңістіктегі елдердің мем­лекетаралық қатынасы тарихында аса зор оқиға болды. Ол мемлекеттер арасындағы интеграциялық қатынастарды жаңа сапалы деңгейге шығарды. Бұл ретте біздің мемлекеттеріміз үшін өзара сауда-экономикалық байланыстарды жаңа стратегиялық бағыт­тарға шығарып, бүгінгі геосаяси жағдайға сәйкес келетін түбегейлі жаңа байланыс­тарды орнатуға тура келді. Бүгінде ЕурАзЭҚ-тың жемісті дамып келе жатқандығын барша жұрт көріп отыр. 2010 жылы 5 шілдеде Қоғамдастықтың 10 жылдығына байланысты Астана қаласында өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің мәжілісінде қабылданған бірлескен мәлім­демеде былай деп атап көрсетілді: «Дамудың жаңа сапалы деңгейіне шығу үшін интеграциялану стратегиясының маңызын жете тү­сіне отырып, Қоғамдастыққа мүше мемлекеттер ХХІ ғасырға халықаралық «Еуразия­лық экономикалық қоғамдастығын» құру арқылы кіріп отыр». Біз өзара тиімді ын­тымақтастықтың және сенімнің жаңа қа­ғидаттарына негізделген ұйым құрдық.

Астанада өткен ЕурАзЭҚ-тың Мем­лекет­аралық кеңесінің мәжілісінде Қазақстан Республикасының Президенті былай деп атап көрсетті. Алғаш құрылғаннан бері 10 жыл өткеннен кейін біз ЕурАзЭҚ-тың кеңестік кеңістікте құрылған ең жемісті интеграциялық бірлестік болғандығын зор се­німмен атап өтіп отырмыз. Бүгінде бұл біздің мемлекеттеріміздің экономика, ғылым, әлеуметтік және басқа да салаларда инте­грациялануды тереңдететін шынайы алаңына айналып отыр. Қол жеткізген осы жетістіктерді сақтап қана қалмай, осы орайдағы әлемдік озық тәжірибелерді есепке ала оты­рып, біздің Қоғамдастығымыздың дамуы мен гүлденуін қамтамасыз етуіміз керек.

Қоғамдастық 2003 жылы БҰҰ-ның Бақы­лау­шысы дәрежесіне ие болды. 2007 және 2010 жылдардың желтоқсан айында БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында БҰҰ және ЕурАзЭҚ арасындағы ынтымақтастық хатта­ма­сына қол қойылды. ЕурАзЭҚ мүше-мем­ле­кеттері арасындағы кезекті жаһандық мәселе – Бірыңғай экономикалық кеңістік құру болып табылады. Оның мақсаты жұмыс күші­нің, капиталдың, қызметтің және тауар­лардың еркін қозғалысына жағдай жасайтын нарықтық үдерістерге негізделген эконо­ми­каны реттеудің бірыңғай тәсілдерін қамта­масыз ету және үйлесімді құқықтық норма­ларды қалыптастыру болып табылады. 2009 жылы желтоқсан айында Алматы қаласында болған Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы пре­зиденттерінің бейресми саммитінде Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру жө­нін­дегі 2010-2011 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді. Бұл жоспар бо­йынша, екі жыл ішінде, яғни 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін Бірыңғай экономикалық кеңістікті құруды қамтамасыз ететін халықаралық келісімдер пакетіне қол қою және оны іс жүзіне асыру мәелелері қарастырылған. Президенттердің саяси ерік-жігері және тараптар үкіметтерінің, Қоғамдастық құры­лымдарының белсенді түрде жүргізген жұ­мысының нәтижесінде бұл міндеттерді ең қысқа мерзімде іске асыруға мүмкіндік жасалды. Яғни 2010 жылы 19 қарашада үкімет басшылары алғашқы 4 келісімге қол қойса, 2010 жылдың 9 желтоқсандағы ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің (Кеден одағының жоғарғы органы) отырысында Бірыңғай экономикалық кеңістікті  құруға қажетті қалған 13 келісімге қол қойылды. Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын құруды аяқтау – кеңестік кеңістік шең­бе­ріндегі интеграциялық үдерістерді жүргі­зудің дәуірлік құбылысы болды. Нарықтық қағидаттарға негізделген экономиканы реттеудің бірыңғай тетіктері қалып­тас­тырылып, үйлесімді құқықтық нормалар қолданысқа енгізіледі. Осы кеңістік ая­сында бірыңғай инфра­құрылым жұмыс істейді және салық, ақша-кредит, қаржы-валюта, сауда жә­не кеден салаларында келісілген саясат жүргізіледі

Бірыңғай экономикалық кеңістікке мү­ше мемлекеттер азаматтарының екінші бір мемлекет аймағында құқықтық дә­режелері реттелініп отырылады. Сонымен бірге білім алуға рұқсат етіледі. Жоғары және орта кәсіптік білім беру дипломдары Бірыңғай экономикалық кеңістікке мү­ше мемлекеттер арасында бірдей танылады

Капиталдың бірыңғай рыногын қалып­тастыру қаржы, банк және сақтандыру ры­ноктарына барлығының бірдей еркін қа­тысуы, валюталық реттеу нормаларын үй­лестіру, бірыңғай төлем-есеп айырысу жүйе­лерін құру және ортақ валюта ры­ногын қалыптастыру арқылы жүзеге асы­рылады Бірыңғай экономикалық кеңістікті  құру жөніндегі жоғарыда айтылған бағыттарды іс жүзіне асыру, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер үшін тауар­лардың, қызметтердің, жұмыс күшінің және капиталдың барлығына бірдей ортақ рынок қалыптастыруға жағдай жасайды. Бірыңғай экономикалық кеңістік құру – бұл біріншіден, біздің бір­ыңғай кеңістігімізде еркін бәсекелестікті дамыту және инновациялық белсенділікті арттыру болып табылады. Бәсекелестік – рынокқа шығарылатын тауарлардың және қызметтердің сапасын арттырудың бірден-бір тиімді жолы. Сонымен бірге ол бизнесті шынықтырады, өндірісті жақсартады, шы­ғын­ды азайтып, еңбек өнімділігін арт­ты­рады. Біздің мемлекеттеріміздің ара­сындағы ортақ рыноктағы еркін тауар ай­налымы Кеден одағына мүше мемлекет­тердің басқалармен бәсекелестікке түсуіне ықпал жасайды. Жаңа жағдайда біз тауар сапасы үшін тек өзара бәсекеге түсіп қана қоймаймыз, сонымен., өзара сауда қатынас­тары барысында кедендік және басқа да кедергілердің жойылуы Беларусь, Қазақ­стан және Ресей мемлекеттерінің кә­сіп­орындары арасында өнім өндіру коопе­ра­ция­ларын дамытуға қолайлы жағдай туғы­зып, қолбайлау болып отырған мәселелерді шешуге ықпал етеді. Бірыңғай экономикалық кеңістікті  қалыптастыру нәтижесінде мүмкін болатын ережелер мен нормаларды үйлестіру кәсіпорындарда бә­секеге қабілетті өндіріс құруға және оларды инновациялық даму жолына түсіруге ба­рын­ша жағдай жасайды. Осының бәрі біз­дің мемлекеттеріміздің экономикасының бар­лық саласын әртараптандыруға жағдай жасап, кешегі стандарттардан бас тартып, ертең және болашақта кең сұранысқа ие болатын өнімдер шығаруды қамтамасыз ете­ді. Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру біздің ел­дері­міздің арасындағы жаңа интеграциялық бас­тамаларға серпін береді. Біздің ха­лық­тарымыздың әл-ауқатын арттыру, мемлекет­теріміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуе­тін дамытуды жылдамдату мақсатында мүше-мемлекеттер экономикасының жа­қын­дасуына жағдай жасайды.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Мадиярова Д.Н. Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауіпсіздік. Оқу құралы. Алматы, 2000.

2. Елемесов Р.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар.Оқу құралы. Алматы. Казунив. 2002.

3.Назарбаев Н.Ә. «Жаңа кезең – жаңа экономика». Егемен Қазақстан. 16 желтоқсан 2004.

4. «Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында». Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан. 19 ақпан 2005.