Современные информационные технологии/ 3.Программное обеспечение
Аға оқытушы
Күзенбаева А.А
А. Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қазақстан
КІШІ БИЗНЕСТЕ ТАУАРЛАРДЫҢ ЕСЕПТІК
ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ
Тауар жүруінің есебі кіші бизнесте ертеректе
қағаздық құжат арқылы жасалды. Бұл
процесс көп уақытты алды және қағаздық
құжаттың көп мөлшерінен жетілдірмеген жүйені
ұсынды.
Бүгінгі таңда, тауар жүруінің есебі жұмысын
талдау нәтижесінде барлық талаптарды ескеретін автоматтандырылған
деректер базасын басқару бағдарламасын құру
қажеті туды. Бұндай программалар керекті талдауды тез және
сапалы өңдіруге мүмкіндік береді.
Есептің мақсаты жаңа жазбаларды қосуға,
жазбаларды жоюға, керекті жазбаларды іздеуге, барлық мүмкін
есеп берулерді шығаруға рұқсат ететін берілгендерді
сақтау және өңдеу автоматтандырылған
жүйесін шығару және құру тапсырмасы болып
табылады.
Берілген
бағдарламалық кешен төмендегідей ақпаратпен
қамтамасыз етілуі керек: қоймада сақталатын тауар туралы, қоймаға
түсетін барлық тауарлар туралы, сауда нүктелеріне
түсетін барлық тауарлар туралы, сауда нүктелерінен ақша
жинау туралы, сауда нүктесіндегі соңғы ревизиядан кейінгі
тауарлар туралы.
Тауар туралы ақпараты бар формада, яғни қоймада, фильтрленген тауарды өзгертуге,
қосуға, жоюға, іздеу салуға, есеп жасауға,
баспадан шығаруға, суммасын есептеуге болады. Осындай
әрекеттерді "Сауда нүктесіндегі тауар" және "Ақша
жинау журналы " формаларында да орындауға болады.
"Қоймаға тауардың түсуі" формасында қоймаға тауар қосуға,
барлық қоймаға түскен тауар жайлы ақпарат
жазылған құжатты
ашуға мүмкіндік туады..
"Сауда нүктесіне тауардың түсуі ", формасында сауда нүктесіне түскен тауар жайлы ақпарат
жазылған құжатты экран бетіне шығаруға, іздеу
жүргізуге, экранға есепті шығаруға немесе баспадан
шығару мүмкіндігі туады.
Анықтамалықтар формасында тауарды қосуға,
өзгертуге, жоюға, сонымен қатар, ақпарат іздеуге
болады.
Бұл
реляционды деректер базасының құрылымын құрастыру
кезінде кейбір ДББЖ – нің бір-бірімен ішкі байланысты қамти алмауын
ескеру қажет. Мысалы, MySQL for Linux.
Бұл бір ДББЖ –нен екінші ДББЖ –не көшу үшін
қажет.
Сурет 1.
Бағдарламалық өнімнің РДБ құрылымы
"Қолданушылар" формасында
қолданушыларды қосуға, жоюға, тіркелген
қолданушылардың аты мен парольдерін өзгерте аламыз. Осы жерде
қолданушылар құқықтарын қоса аламыз.
Жоғарыда аталған
формалардың бәрін ең басты негізгі формада ашу
мүмкіндігін қарастыру қажет.
Бұл бағдарламада негізінен тауар қозғалысының есебінің келесі
кезеңдерін қарастырып кету қажет:
-
Қоймадағы тауар жөніндегі ақпаратты сақтау;
-
Қоймадағы барлық тауарлардың түсуі
жөніндегі ақпаратты сақтау;
-
Саудалық нүктелердегі тауарлардың барлық
түсуі жөніндегі ақпаратты сақтау;
-
Қапталғандардың құрылуы.
Осы
бағдарламаны жазу қорытындысында шағын бизнестегі тіркеу
қозғалысы үшін бағдарламалық кешен
құрылады.
Өңдеуге дейінгі бағдарламалық кешенді
кәсіпорын тауар тіркеу қозғалысының қолмен еңгізу
тәсілін пайдаланды. Бағдарламалық өнімді еңдіруден
кейін осы ортадағы кәсіпкердің еңбек өнімділігі ұлғаяды.
Әдебиеттер:
1.
Фаронов В.В. Система
программирования Delphi. – СПб.: БХВ – Петербург,
2003. – 912 с.
2.
Архангельский А.Я.
Программирование в Delphi 7. – М.: ООО «Бином-пресс»,
2004. – 1152 с.
3.
Сухарев М.В. Основы Delphi. – БХВ –
Петербург, 2003. – 932 с.: ил.
4.
П.Дарахвелидзе,
Е.Марков, О.Котенок Программирование в Delphi .-СПб.:БХВ – Санкт-Петербург, 2000.-784 с.