Жоғары оқу орындарында кредиттік жүйемен оқытудың

маңызды жолдары

Макашева О.М.

Алматы экономика және  статистика академиясы

Махашова П.М.

Тараз мемлекеттік педагогикалык институты

 

Қазақстан соңғы жылдары жоғары оқу жүйесінде түбегейлі реформалар атқару жөнінде дайындалуда. Бұл мақсатпен конференниялар, семинарлар ұйымдастырылуда. Осы конференциялар және семинарлар нәтижесінде батыс елдерінде көп жылдан бері қолданылып келе жатқан кредиттік жүйеге көшу жөнінде ортақ ой-пікір туды деп айтуға болады.Қазіргі кезде кредиттік жүйе жан-жақты талдаумен өтуде. 

1980-ден бері дамыған және дамушы көп елдерде оның ішінде әсіресе Еуропада жоғары оқу жүйесінде түбегейлі реформалар байқалуда. Бұл реформалар Еуропаның жоғары оқу жүйесін АҚШ-ның жүйесіне сәйкестендірді деп айтуға болады. Жапония-да да сондай реформалар атқарылды. Атқарылған реформалар ішінде ең маңыздысы кредиттік жүйеге көшу болып табылады. Оған қоса, жоғары оқу саласында жаhаңдану байқалуда.Бұған байланысты, АҚШ, Еуропа елдері және басқа да дамыған елдерде қолданылып келе жаткан кредиттік жүйеге көшу, жоғары оқудың сапасын көтеру және жаhандану үрдісіне қосылу тұрғысынан өте маңызды.

Елімізде кредиттік оқу жүйесі 19 ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан стихиялы қалыптаса бастады. 15 тамызда 2007 жылы (Білім туралы) жаңа заң қабылданды, осы заңда(кредиттік оқыту технологиясы ұғымы) заңнамада анықталған. Осы заңның 11 бабында 9п. білім жүйесі мәселелерінің бірі болып оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану және енгізу, сонымен қатар кредиттік, дистанциялық, ақпараттық-коммуникациялық оқыту кәсіби білімнің қоғамда және еңбек нарығында болып жатқан өзгерістер қажеттілігіне тез үйлесуге мүмкіндік туғызатыны белгіленген.

Қазақстан Республикасының (Білім туралы) Заңын іске асыру мақсатында (кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі) әзірленген және бекітілген,№66,22 қараша 2007 ж., осы ереже білімнің барлық деңгейі үшін құптауға лайық. Кредиттік оқыту технологиясы-бұл білім беру технологиясы, өз бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім беруді таңдап алған траекториясын регламенттеу.

Кредиттік технологияның ең басты мазмұны- академиялық бағдарламалардың икемділігі мен әрбір студент үшін оқытудың жеке траекториясы қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты, студенттердіңөздік жұмысын оқу-әдістемелік жатқан толықтыру қажет.

Жоғарыда қойылған міндеттерді шешу үші төмендегідей әдістер мен тәсілдер қолданылады;

-   институттың жұмыс стратегиясын жоспарлау;

-   ұлттық және халықаралық ұйымдардың маман даярлау сапасы өлшемдері талаптарын сараптау және осы  өлшемдерді қанағаттандыратын шаралар жасау;

-   жұмыс оқу жоспарлары мен білім беру қызметін оқу-әдістемелік жаткан қамтамасыз етуді жетілдіру;

-   оқу үрдісіне инновациялықтехнологияны және оқытудың интерактивті әдістерін енгізу және студенттердің өздік жұмысыныңрөлін күшейту.

Кредиттік окыту технологиясы оқытудың бағытсыз жүйесі-оқу процесінің ұйымдастыру тәсілін белгілейтін оқушыларға белгіленген шегінің(құрауыш қалауы және оқытудың қосымша түрлері бар) білім беру процесінің жеке жоспарлау мүмкіндігі болоды. Қатаң жүйеде, белгіленген колемде, оқыту логикасына сәйкес, белгіленген мерзімде білімдік кәсіптік бағдарлама пәндерін оқушыларға оқытатындығын бағытты оқыту жүйесі жобалайды.

Техникалық және кәсіптік білімді енгізу, біздің республикамыздың жоғары оқу орындарының тәжірибесі мен халықаралық жинақтамай тәжіриебенің оқып білу мүмкін емес. Солай болғандықтан, осы технология Қазақстанның жоғары оқу орындарында белсенді жұмыс еткендіктен отандық тәжірибеніоқу мәнді болады, одан басқа да аймақтық жоғары оқу орындарының жинақталған тәжіриебесін есепке ала отырып,консультация және әдістемелік көмек көрсету.

Оқу процесінің негізгі кезеңін жоспарлауда техникалық және кәсіби білімді кредиттік оқыту жүйесіне ауысуды ұйымдастыруда, осы бағытта кемшіліктерді талдай отырып, сөзсіз қиыншылықтар тудыратынын айта кету керек;

Бірінші кезеңде кридиттік оқыту технологиясын енгізу арқылы осы салада нормативтік-құқықтық құжаттарды оқыту, қызметкерлер құрамын осы технология бойынша жұмыс істеуге үйрету, лауазымдық міндеттерді және спецификаны есепке ала отырып, кредиттік технология бойынша біліктілігін арттыру курсын әзірлеу қажет:

Екінші кезең жалпыға бірдей мемлекеттік стандартқа сәйкес әзірленген типтік оқу жоспарларын зерттеу болады. Типтік оқу жоспары оқу процесінің құрылымы мен мазмұнын регламенттейтін негізгі құжат болады (техникалық және кәсіби білім үшін кредиттік технологияның сәйкестігіне жаңа мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттарды әзірлеу қажет).

Үшінші кезеңде академиялық күтізбені бекіту болады. Айта кету керек, академиялық күтізбе дәстүрлі оқу процесінің кестесін ерекшелеу. Оның ерекшелігі академиялық күнтізбеде оқу-бақылау шаралары ғана емес, сонымен қатар мерекеліккүндер де міндетті түрде көрсетілген. Студенттер шетел оқу орындарында жеке пәндерден білім алғысы келсе, олар каникул кезеңі туралы ақпаратты біліп қоймау, сонымен қатар басқа да демалыс күндерін,мысалы, ұлтық мерекелерді де білулеріне байланысты.

Төртінші кезеңде оқу процесін жоспарлауда элективтік пәндер тізімдемесі (ЭПТ) қалыптасуды, барлық оқу пәндер тізбесі беріледі, білім беруге нақты бағдарламаларды таңдап алуға құрауым болып кіреді (оқушыға пәнді таңдап алуға құқық беру қажет, одан басқа, ол басқа оқу орнынан пәнді таңдап алса, кредитті жинай алады, дұрыс білім беру кеңестігін құру үшін, барлық техникалық және кәсіби білім оқу орындары кредиттік технологияға көшуге тиісті);

   Бесінші кезеңде студеттер ұсынылған КЭТ негізінде жеке оқу жоспарын құрастырады(ЖОЖ), жеке оқу жоспары әрбір оқушының бөлек білім алу траекториясын анықтап, эдвайзер көмегімен белгіленген тәртіппен тіркеу бөлімшесінде әр оқу жылына оқушының өзімен оқу пәндеріне алдын ала жазылу бойынша қалыптасады;

Алтыншы кезеңде оқу процесіне енген барлық оқу-бақылау шараларының кешені мен бар оқу пәндерін толық көрсететін жұмыс оқу жоспарын құрастырады. Мамандықтар бойынша ЖОЖ барлық жеке жоспарлардың бірігу болып табылады.

Қорытынды кезеңде оқу сабақтарының кестесі жасалады.

Кредитік техпология бойынша оқу процесін жосарлау кезеңдерін талдай отырып, біз оның жағымдыжағда, артықшылығында белгілейміз. Тек оқытышының ғана емес, оқушылардың да академиялық еркіндіктерін кеңейту; оқушылармен пәндерді таңдау(50%-ға дейін) оқытушының жағынан кең спетр ұсыныстарын таңдау болып келеді. Бұл екі жақтында жауапкершілігін тудырады, осының нәтижесінде оқу процесі тең дәрежелі адамдар сұхбатына айналады.Кредиттік оқыту жүйесін іске асырудың жеке жұмысын ұйымдастыру болады. Кредиттік оқыту технологиясының келесі позитивтік жағы-оқу материалын жүйелі бақылап, сапалы меңгертіп қадағалау. Позитивтік жағын айта отырып, біз бір қатар мәселелерді шешуіміз қажет және кредиттік оқыту технологиясына ауыртпалықсыз көшуге мүмкіндік туады. Қазіргі заманның білім талабы білім беру технологиясын белсенді енгізу болады.

Оқу процесін негізгі кезеңін жоспарлауда техникалық және кәсіби білімді кредиттік оқыту жүйесіне ауысуды ұйымдастыруда, осы бағытта кемшіліктерді талдай отырып, сөзсіз қиыншылықтар тудыратынын айта кету керек.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1.      С.М. Өмірбаев Кредиттік оқыту жүйесі: принциптер мен концепциялардың маңызы. Білім Алматы-2006ж.№(29) Ғылыми-педагогикалық журнал

2.      Қаланова Ш.М., С.М. Өмірбаев Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына кредиттік оқыту технологиясын енгізу туралы. Жоғары кәсіби білімге сынақтар өлшемдерінің жүйесін енгізудің мәселесі: Бүкілресейлік кеңестің мағұматтары.23 сәуір2003ж., Мәскеу қ., В.Н. Чистохвалова-М.,2003ж.-100б.

3.      О.А. Цапова Кредиттік жүйе. Біліктілігін арттыру курстарының лекция материалдары Кредиттік оқыту технологиясы.