Э.С.Сейсенбиева

Старший преподаватель кафедры казахской литературы

КазГосЖенПУ

 

Ғ.Қараштың діни шығармаларына араб әдебиетінің әсері

 

Ғұмар Қараш шығармасынан ислам дініне килігіп кеткен кейбір күл қоқыстан тазартуды алдына мақсат етіп қойған көктен түскен кітап көп ойшыл Ғұмардың: "Терең ойлап, тесе тексергенде һәр нәрсе де болған секілді-ақ, шариғаттың да ресімі бар. Һәм рухы-мақсуды бір. Шариғаттың ресімін, сынын-сымбатын кешіп пішетұғын һәрбір замандағы мұжтаһад ғұлама ийіті болып, ғылым фәқа деген шығарылып фәқай мұғәбәр фәтуә кітаптары таралып, ел-жұрт соныменен ғамал істейді. Һидәия, уәқая, Қазыхан сияқты мұғтабар китаптары болды. Әрине бұлардағы айтылып кесіліп-пішілген нәрселер біреуі де мәңгілік емес. Һәр уақыт адам баласының халі, тіршілігі, заманы өзгерумен бұлар да өзгеріп тұрады. Пайғамбарымыздың (Ғ. С.) заманалардың өзгеруіменен хәкімдер өзгереді деген сөзінен мұрад, осы шариғаттың ресімі сын-сымбаты өзгеруі.

Шариғаттың рухы - мақсуды құран - шарифте баян етіледі, бұл мәңгілік, бұл ескірмейді, тозбайды. Бұл рух түрлі заманда түрлі сүгіреттелсе де, өзі саф таза балқып, көңілі соқыр емес адамдарға көрініп тұрады. Бұл рух мұнан мың жыл бұрын қалай болса, хазірде де солай, құранның мәңгілік жол басшысы болуы осы жөнменен" - (27, 216 б) деуінен ақынның Алла жолы мен пайғамбар жолының арасын бөліп көрсетіп отырғанын анық аңғарамыз. Оның өз дүнитанымында Алла шексіз, мәңгілік есебінде қаралады, бірақ пайғамбар әулиелер жөнінде жақсы ойлар айтып, белгілі бір тұжырымдарға келген.

                  Жалқаулықты, бос жүрісті тастағанын,

                  Орынсызға дәулет мүлкін шашпағанын.

                  Керек жерде бойды балап қашпағанын,

                  Тірлікте көзімізбен көреміз бе?

 

                  Әулие деп көрінгенге бас ұрмауын,

                  Дін деп қорқып ақиқатты жасырмауын.

                  Ешнәрсені өлшеуіне асырмауын,

                  Тірлікте көзімізбен көреміз бе?

                 

                  Өз жеріне шыққан кенді өзі алғанып,

                  Әдемілеп айқыш- үйқыш жол салғанын.

                  Еуропаның өнерінен үлгі алғаның,

                  Тірлікте көзімізбен көреміз бе? (27, 128 б)

-  деген өлең жолдарынан көрінгенге әулие деп бас ұру надандық деп тапқан. Сондықтанда, әулиелік жолдың бағытын дұрыс біліп барып ғана, оған тағзым етуге шақырған.

Ғұмар Қараш әулиелік жол бар, бірақ барша халыққа айтылған жол әділдік, рақымдылық жолда болуды ұсынған. Алла сүйіспеншілігіне жетем деп сопылық, әулиелік жолға түсудің дұрыс еместігін айтқан. Барша халық сопылық, әулиелік жолды қаласа, онда Алланың адал парызын кім орындайды деген болатын. Дүниеде жақсылық пен жамандық қатар тұрғанда адамның таңдау еркіндігі өзінде, дін адамның өзіне таңдау яғни, еркіндік береді. Бірақ, осы еркіндікте дін деп ақиқатты жасырмауға шақырады.

Ғұмар Қараш ақиқатты осы нақты дүние, тіршілік деп білген. Сондықтанда  ақын адамдардың күнделікті тіршілік барысында жақсылыққа да, жамандыққа да бой алдыртып жататындығын қалыпты жағдай деп түсіндірген.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.     Қараш Ғ. Замана. А., Ғылым, 1994ж., 240 бет

2.     Тәжімұратов М.  Ғұмар Қараштың ақындығы. Диссер.фил.ғ.к., А.,1993, 148 бет.

3.     Таирова Б.Л. Ғұмар Қараштың философиялық көзқарасы. Философ. ғыл.канд. А.,2007ж., 125 бет.

4.     Кенжалиев И. Ғұмар Қарашұлы туралы кейбір тың мәліметтер. Ақиқат, 1995ж., №4, 75 бет