А. ш. ғ. д. Қожабаев Ж.І., Бейсембаев М.Қ.
Қазақ егіншілік және өсімдік
шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан
Арпа
егістігіндегі топырақ
ылғалының алғы
дақылға тәуелділігі
Қазіргі
таңда дақылдардың ауыспалы егістегі кезектесіп орналасуы
және олардың уақыт талабына сай түрлі үлгілерін
құрастырған кезде топырақ ылғалының
көп жиналып әрі мейлінше
ұзақ сақталуын қамтамасыз ететін агротехникалық
тәсілдер түбегейлі жан-жақты зерттелу үстінде. Топырақтың
су режимінің тұрақсыздығы және оның
қалыптасатын ауа райына тікелей тәуелділігі - қоршаған
ортадағы тәлімі жерлерге ғана тән ерекшелік. Сол
себепті қатаң тәлімі жер топырағының су режимі
бүтіндей шайылмайтын түрге жатқызылады. Былайша
қарағанда, жауын-шашыннан жиналған ылғал қоры
топырақтың терең қыртыстарына жеткенімен, өте
төмендегі су деңгейінен
көтерілетін түтікті ылғалмен жалғаса алмайды.
Аталған ылғалдан төмен орналасқан топырақ
деңгейінде жоғарғыдағы қабаттармен
салыстырғанда ылғал көлемі айтарлықтай дәрежеде
кем болады.
Ауыл
шаруашылығы дақылдарының
жоғары өнімділігі мен ойдағыдай өсіп-дамуын
қамтамасыз ететін факторлардың бірі- олардың өсу
кезеңі бойына ылғалмен толық және бір қалыпты жабдықталуы.
Топырақтағы ылғал қорына байыпты талдау жасау
дамудың жекелеген кезеңдерінде өсімдіктердің сумен
жабдықталуын анықтаса, ал мұндай әдіс зерттелінетін
агротехникалық тәсілдердің тиімділігін тезірек ұғынуға мүмкіндік
береді.
Қазақстанның
оңтүстік-шығысындағы жиі қайталанатын
құрғақшылық пен тұрақты ылғал
тапшылығы әрдайым зерттеушілерге топырақтың су
режимін жақсартуды және
оларды реттеудің жаңа жолдарын іздестіруді міндеттейді. Сол себепті
өсімдіктердің топырақ ылғалын ұтымды пайдалануын
жақсартуға бағытталған барлық
агротехникалық шаралардың ғылыми және тәжірибелік
маңызы өте зор.
Жоғарыда
баяндалғандай, тәлімі аймақта кең таралған
сұр топырақта ең
көп ылғал көлемі наурыз-сәуір айларында жиналады,
бірақ та ауыспалы егістегі ылғал сіңген топырақ қабатының тереңдігі мен ондағы тиісті
ылғал қоры тек ауа райы жағдайларына ғана емес, сонымен
қатар алғы дақылға да байланысты анықталады.
Математикалық
есептеулер себер алдында (r=0,85+0,20), түптенуде (r=0,77+0,25)
және масақтану кезеңінде (r=0,59+0,33) байқалатын арпа
өнімі мен топырақтағы өнімді ылғал
мөлшерінің арасындағы жоғары оң
тәуелділіктің барлығын көрсетеді.
Топырақ
ылғалының қоры мен дән өнімінің
арасындағы тәуелділік коэффициентін талдау арпа өнімін
құрауда негізгі рөльді ерте көктемдегі топырақ
ылғалының қоры атқаратындығын дәлелдейді
және осы шаманың мәніне басты назар аударылуы керек.
Ерекшелік ретінде сирек те болса кездесіп тұратын мынадай
құбылысты айта кеткеніміз артық болмас:
күзгі-қысқы мезгілдегі ауа райының қолайсыз
жағдайларына қарай көктемгі топырақ ылғалы
жетімсіз жиналса, онда арпа өнімінің қалыптасуы өсу
кезеңіндегі жауын-шашынның мөлшеріне тікелей байланыста
өтеді.
Ылғалы жеткіліксіз тәлімі
аймақтарда топырақ ылғалы
құнарлылықтың негізгі құрамдас бөлігі
болып табылады. Сондықтан оның ауыспалы егістегі өнім
бірлігіне жұмсалатын шығынын қарастырудың
айтарлықтай маңызы бар.
Жүргізілген бақылаулар
ылғал шығынының бұл түрі алғы
дақылға және нақты жылдың жауын-шашынмен
қамтамасыз етілу дәрежесіне қарай өзгеретіндігін
көрсетеді. Орта есеппен 14 жыл
ішінде 1 центнер дән түзу үшін жұмсалған жалпы
ылғал шығыны барлық алғы дақылдар бойынша
9,1-18,0 мм аралығында ауытқыған. Дәлірек айтсақ,
ауыспалы егіс жүйесіндегі алғы дақылдардан кейін
орналасқан арпа егістігіндегі ылғал шығыны 9,1-12,4 мм
құраса, ал тек қана танабы ауыспайтын арпа егістігіндегі
бұл көрсеткіш салыстырмалы
түрде үлкен шамаға жеткен.
1-кесте. Алғы дақыл мен өсу
кезеңіндегі жауын-шашын мөлшеріне байланысты 1 ц арпа дәнін
түзу үшін жұмсалған ылғал шығыны, мм
Алғы дақыл |
Себер алдынғы ылғал қоры,
мм |
Өсу кезеңіндегі
жауын-шашын мөлшері |
Жинар алдындағы
ылғал қоры |
Өсу
кезеңіндегі жалпы ылғал шығыны |
Дән
өнімі, ц/га |
1 ц дәнге
жұмсалған жалпы ылғал шығыны, мм |
Орта есеппен 14 жыл
ішінде |
||||||
1 |
131,3 |
88,6 |
15,2 |
204,7 |
22,5 |
9,1 |
2 |
107,5 |
88,6 |
9,1 |
187,0 |
16,1 |
11,6 |
3 |
92,8 |
88,6 |
7,0 |
174,4 |
14,1 |
12,4 |
4 |
65,4 |
88,6 |
4,2 |
149,8 |
8,3 |
18,0 |
Қуаңшылық
жылдары |
||||||
1 |
105,7 |
27,3 |
0 |
133,0 |
12,0 |
11,1 |
2 |
82,7 |
27,3 |
0 |
11,0 |
6,1 |
18,0 |
3 |
71,0 |
27,3 |
0 |
98,3 |
4,4 |
24,3 |
4 |
47,7 |
27,3 |
0 |
75,0 |
1,4 |
53,6 |
Ылғалы орташа
жылдары |
||||||
1 |
137,2 |
76,9 |
2,3 |
211,8 |
22,3 |
9,5 |
2 |
113,0 |
76,9 |
0 |
189,9 |
14,7 |
12,9 |
3 |
96,8 |
76,9 |
0 |
173,7 |
12,5 |
13,9 |
4 |
69,0 |
76,9 |
0 |
145,9 |
8,3 |
17,6 |
Ылғалды жылдары |
||||||
1 |
139,6 |
134,9 |
39,8 |
239,2 |
29,1 |
8,2 |
2 |
115,8 |
134,9 |
25,4 |
229,8 |
23,8 |
9,7 |
3 |
101,0 |
134,9 |
19,6 |
220,8 |
21,9 |
10,1 |
4 |
71,8 |
134,9 |
11,8 |
199,4 |
12,4 |
16,1 |
Ескерту:1-Сүрі жерге
егілген арпа; 2–Арпаның сүрі жерден кейінгі екінші дақылы;
3-Арпаның сүрі жерден кейінгі үшінші дақылы;
4-Ауыспайтын арпа егістігі.
Арпаның өсу кезеңіндегі жауған
жауын-шашынның мөлшеріне қарай егістікте
жұмсалған ылғал шығынының көлемі де
өз алдына сөз етуге тұрарлық. Мәселең,
аталған кезеңдегі жауын-шашыны бар болғаны 27,3 мм
құраған қуаңшылық жылдары ылғал
шығыны күрт өсіп, сүрі жердегі егістікте 11,1 мм,
арпаның екінші дақылында 18,0 мм, үшінші дақылында 24,3
мм, ал ауыспайтын егістікте
шамадан тыс 53,6 миллиметрге дейін көбейген. Керісінше, арпаның
пісіп-жетілу мерзімінде орта есеппен 139,6 мм жауын жауған ылғалды
жылдары түзілетін өнім бірлігіне жұмсалған ылғал
әлдеқайда төмендеп,
зерттеуге алынған түгел алғы дақылдарға
сәйкес небары 8,2-16,1 мм арасында ғана өзгеріс тапты.
Бір
ескеретіні, қара сүрі жердегі ылғалдың жеткілікті
жиналуынан жылдың жауын-шашынмен қамтамасыз етілуіне байланысты
1 центнер дән үшін
жұмсалған жалпы ылғал шығынының арасында аса
үлкен айырмашылық байқалмайды.
Атап айтқанда,
қуаңшылық және ылғалды жылдары
жұмсалған ылғал шығыны сүрі танаптағы
егістікте тиісінше 11,1 және 8,2 мм құраса, екінші
дақылында – 18,0 және 9,7 мм, үшінші дақылында - 24,6
және 10,7 мм, ал ауыспайтын егістікте - 53,6 және 16,1 мм аралығында ауытқушылық
сезіліп, соңғы үш алғы дақылдар бойынша
ылғалдың тапшылығы айқын аңғарылады.
Сонымен, ылғалы жеткіліксіз
тәлімі жерге енгізілген ауыспалы егістегі топырақ
ылғалының ағымы мен арпа егістігінің сумен
қамтамасыз етілуі алғы дақылға және өсу
кезеңіндегі жауын-шашын мөлшеріне қарай айтарлықтай
шамада өзгеріп отырады. Ауыспалы егістегі арпаның орны сүрі
жерден алыстаған сайын егістіктің сумен жабдықталу
дәрежесі әжептеуір төмендей береді.
Резюме
В статье рассматривается влагообеспеченность посевов
ярового ячменя на богарных землях юго-востока Казахстана в зависимости от
предшественников и количества осадков в
течение вегетационного периода. Доказано преимущество места ячменя в
севообороте по сравнению с бессменными посевами.