География геология/Регионоведеие и региональная организация общества

 

                        Г.ғ.к., доцент   Мұса Қ.Ш., Жарасова А.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Қазақстан Республикасының көші-қон үрдісінің әлеуметтік экономикалық аспектілері

Демографиялық процестердің ішінде халықтың миграциясы маңызды орын алады. Өйткені миграцияға - қоғамдағы саяси, әлеуметтік және экономикалық  өзгерістерге шұғыл көңіл бөлетін жауапты сипат тән. Қоғамды дұрыс басқару және тиімді әлеуметтік- экономикалық саясат жүргізу үшін миграциялық ағымдардың көлемі мен мигранттардың құрамын бағдарлай білу, оны тудыратын факторлары мен салдарын анықтай білу  қажет.

Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері халықтың көшіп-қону мәселелеріне де тікелей әсерін тигізіп, ұдайы ықпал етіп отырады.

Қазақстан Республикасындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты, халықтың көшіп-қону мәселелері бүгінгі күннің көкейтесті мәселесіне айналып отыр.

Қазақстан Республикасы халқы санының 1960-1990 жылдардың аралығында  өсуі әлеуметтік-экономикалық жағдайымыздың  жақсаруына байланысты. Демографиялық үрдістің мұндай көрсеткіші белгілі бір уақыт аралығында  болатын құбылыс, яғни халықтың хал-ахуалынан туындайтын көрсеткіш. [1]

1990 жылдардың ортасында республикадағы демографиялық жағдай кенет нашарлап, ұзақ уақыттық даму бағыттарын басқаша тұрғыдан бағалау қажет болды. Бұл ретте өтпелі кезеңнің демографиялық үрдістері қаншалықты ұзақ немесе қысқа уақытты алатынын білу қажет. Өйткені демографиялық үрдістер әлеуметтік-экономикалық факторлардың барлығымен тығыз байланысты. Республикадағы адамдардың табиғи өсіміндегі жедел қарқынды өзгерістер өтпелі кезеңнің қазіргі уақытында жоғары көрсеткіштерді көрсетіп тұр деуге болады. Ол өзгерістер қатарына туудың төмендеуі, өлім-жітім санының өсуі, табиғи өсімнің күрт түсуі, көші-қон ағынының көрсеткіштері  сияқты үрдістер жатады. [2]

Қазақстандағы қазіргі  қалыптасқан тұрақты даму жағдайына  демографиялық  көрсеткіштерді жақсартудың мына бір жолын ескерген жөн, яғни басқа елдерден  көшіп келушілерге барынша жағдай жасау. Кезінде әртүрлі саяси, тарихи, әлеуметтік жағдайлардың асыра сілтеушілік соқыр саясатынан қандастарымыз көрші жатқан елдерге ығысып кеткені мәлім.Сондықтан бұл мәселені оңтайлы шешу жолдары Қазақстан Республикасы Конституциясының 11-бабында: ”Республикада өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік беріледі”-деп көрсетілген [1].

       Халықтың саны жөніндегі ғылыми теория еңбек ететін халықты қоғамның басты өндіргіш күші, бүкіл қоғамдық өндірістің негізі ретінде қарастырады. Көші-қон үрдісін зерттеуге ғылыми тұрғыдан жан-жақты     баға берген М.Б. Тәтімов және басқалары. Халық табиғатпен (табиғи ортамен) үнемі әрекеттесе отырып, оны қайта түлетуде белсенді рөл атқарады. Сонымен бірге, халық, жасалатын бүкіл материалдық игіліктердің басты тұтынушысы болып табылады [4].

Халықтың көші-қоны дегеніміз - адамдардың әр түрлі аумақтар шекаралары арқылы  мекен-жайын тұрақты немесе азды-көпті ұзақтықтағы уақыттағы уақытқа өзгерту үшін көшіп қонулуры.Халықтың көші-қоны миграциялық ағымдардан құралатын болғандықтан, осы ұғымды көпше түрде де «көші-қондар», «халықаралық көші-қондар» және т.б. деп қолданады.

  Көші-қон ағымы аталған кезеңнің,уақыт аралығының ішінде келу мен    кетудің ортақ аудандарын еншілейтін мигранттардың жиынтық санынан құралады:ол көші-қон бағытының көрсеткіштерінің бірі болып саналады.Мәселен,қайсы бір аймаққа көшіп келгендердің жалпы санынан өзге әрбір аймақтан келген ағымдарды бөліп қарауға болады.Тура және кері-қон ағымдарында бөледі. Бір-біріне қарама-қарсы бағытталған екі көші-қон ағымдарының мөлшері бойынша үлкенін басым ағым ретінде ал қарқыны төменірегін-қарама-қарсы ағым ретінде белгілейді.Басым және қарама-қарсы ағымдардың арасындағы айырмашылық-екі аудан арасындағы таза ағым,ал басым және қарама-қарсы ағымдардың сомасы екі аудан арасындағы халықпен алмасу деп аталады. Түрлі коэффициенттердің көмегімен жүргізілетін көші-қон ағымдарының талдауы көші байланыстарының тиімділігін анықтау үшін қажет. Халықтың көші-қоны аумақтық көші-қонудың бөлігі болып табылады.Халықтың көші-қонын сәйкестендірудегі негізгі критерийлердің бірі - аумақтардың (мемлекеттің,облыстың,қаланың және т.с.с.) әкімшілік шекараларынан өту. Осы негізде ең алдымен сыртқы көші-қон (эмиграция және иммиграция) мен ішкі көші-қонды ажыратады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасына қатысты көші-қон үдерістерінің себептерінен туындайтын қозғалыстардың мынандай топтары анықталған:

·                       Этникалық қазақтардың эмиграциясы мен иммиграциясы (соның ішінде оралмандар);

·                       өзге этникалық топтардың эмиграциясы мен иммиграциясы (соның ішінде – еңбек миграциясы);

·                       ішкі миграция (көші-қон);

·                       реэмиграция (ата- жұртқа оралу);

·                       мигранттар транзиті;

·                       заңсыз көші-қон (соның ішінде – адамдарды саудалау).

Осы топтардың барлығы әр түрлі көлемде егде жастағы адамдарды қамтиды. Бірақ мигранттар арасында еңбекке қабілетті жастағы адамдар саны басым. Елге келген мигранттардың қартаюы маңызды мәселе болғандықтан, 40-50 жастағы адамдардың құрылымына мән берудің маңызы зор. Осындай адамдардың ең көп саны еңбек мигранттарының үлесіне тиеді.

Иммиграция пұрсаты бойынша, келген оралмандарға мемлекет заңнама бойынша тұрғын үй сатыпалуға қаражаттар бөліп, бір жолғы жәрдемақылар берсе де,оралмандар Қазақстанға қалай көшудің және квотаға қалай енудің жай-жапсарлары туралы ақпараттың жеткіліксіздігін атайды (жазбаша критерийлердің болмауынан,олардың бұған мүмкіндіктері бар ма, жоқ па, сол жағын түсінулері қиын соғады). Оралмандар қағида бойынша,кедей елдерден келеді және олар әр түрлі көмекке мұқтаж болады,солардың қатарында медициналық көмек,тұрғын үй мәселесін шешуге байланысты көмек,тілге үйрету көмегі, мамандық алу және қайтадан мамандануға байланысты көмек және т.б.көмек бар. Әдетте оралмандар жастар және кемел жастағы адамдар болады. Олардың ең басым бөлігі Өзбекстаннан, Монғолиядан және Ресейден келсе, біразы Қырғызстаннан, Қытайдан, Тәжікстаннан, Түркменстаннан келді. Болашақта оралмандар өздерінің егде жастағы туған туысқандарын да Қазақстанға көшіруге ұмтылатынын ұйғаруға болады. Қазақстанға көшкенге дейін оралмандар негізінен ауылдық жерлерде қоныстанатын болады[5].

  БҰҰ келуші және кетуші адамдар санының қатарынан халықаралық мигранттарды анықтаудың келесі критерийлерін ұсынады:

·        халықаралық мигрант-байырғы тұрғылықты елін өзгерткен

адам.Байырғы тұрғылықты ел дегеніміз-сол адам тұратын ел,яғни адамның,қағида бойынша,күнделікті демалыс уақыты аралығын өткізетін тұрғын үйі бар ел. Шетелге демалуға, еңбек демалысына,достары мен туған-туыстарына, жұмыс бабымен, емделу үшін немесе діни рәсіммен қажылыққа барудағы қысқа мерзімдік сапарлар сол адамның байырғы тұрғылықты елін өзгертпейді;

·        ұзақ мерзімді мигрант-кемінде бір жыл мерзімде өзінің байырғы

тұрғылықты елі болып табылмайтын өзге елге келуі,өйткені келген елі үшін ұзақ мерзімді эмигрант болып саналса,келген ел үшін ұзақ мерзімді эмигрант болады;

·        қысқа мерзімді мигрант-өзінің тұрғылықты елі болып табылмайтын

елге кемінде үш ай мерзімде, бірақ бір жылдан аспайтын уақытқа келетін адам,оған елге демалысқа,еңбек демалысына туған-туысқандарын көруге,іскерлік мақсаттарда, емделуге немесе діни мақсаттағы қажылыққа байланысты сапарлар жатпайды. Халықаралық көші-қон статистикасының мақсаттары үшін басқа мерзімді мигранттардың байырғы тұрғылықты елі болып келген уақыт аралығындағы тұратын елі саналады [6].

Көрші елдерден келетін еңбек мигранттарының көпшілігі мәселесі реттелмеген мигранттар болып табылады, соның салдарынан олар жұмыс берушілердің арзан еңбек ресурсы көбірек пайдаланылады. Иммигранттардың көпшілігі  оралмандармен салыстырғанда, анағұрлым үлкен жастағы адамдар. Олардың үштен екісінен астамы–25-54 жастағы  аға буынға жататын адамдар. Қазақстанға көшкенге дейін, иммигранттар, негізінен, қалада тұрған. Иммигранттардың қажеттілігі мына жағдаймен анықталады. 1991 жылдан 2003 жылғы уақыт аралығында Қазақстаннан 2,9 млн-ға жуық адам(халықтың 20%-ға жуығы)қоныс аударған,әрі солардың қатарында еңбекке қабілетті тұрғындар 65%-ға дейін болған. Көптеген жоғары білікті мамандар мен жұмысшылардың елден кетуіне байланысты республикадағы өнеркәсіп,білім сияқты салалар мен басқа да салалар бойынша еңбек нарығында еңбек ресурстарының тапшылығы пайда болды және ол осы уақытқа дейін сақталып отыр. Қазақстанға жұмыс күшінің көші-қоны сонымен қатар Қырғызстан мен Өзбекстандағы экономикалық мәселелерге, Тәжікстандағы соғыстан кейінгі қайта құрулардың қиындықтарына қатысты да ынталандырылады. Бұл орайда иммиграция әркелкі екі ағынға (лекке) бөлінеді:

1.  Шетелдік жұмыс күшін заң жүзінде тарту

2.  Реттелмейтін еңбек көші-қоны.

Екінші лек біріншісінен анағұрлым артық-лицензиялар бойынша Қазақстанда 11,8 мың иммигрант жұмыс істейді,реттелмейтін еңбек иммиграциясы 200-ден 500 мыңға дейінгі адам санымен өлшенеді. Ішкі мигранттар–негізінен,25-39 жастағы (43,5%) және 15-24 жастағы (30,6%) адамдар

1-кесте

Сыртқы миграция, (мың адам)                                                               

Жылдар

Сыртқы миграция

Сонымен қоса

Миграция сальдосы

келгені

кеткені

ТМД елдері

алыс шет ел

келгені

кеткені

келгені

кеткені

2000

-108 307

47 442

155 749

43 460

116 707

3 982

39 042

2001

-88 162

53 548

141 710

49 932

101 009

3 616

40 701

2002

-62 012

58 211

120 223

54 206

85 317

4 005

34 906

2003

-8 306

65 584

73 890

60 781

49 260

4 803

24 630

2004

2 789

68 319

65 530

61 831

46 929

6 488

18 601

2005

22 668

74 807

52 139

65 829

40 698

8 978

11 441

2006

33 041

66 731

33 690

56 635

30 271

10 096

3 419

2007

10 962

53 397

42 435

42 613

39 767

10 784

2 668

2008

1 117

46 404

45 287

31 425

42 908

14 979

2 379

2009

7 502

41 485

33 983

32 075

31 725

9 410

2 258

 

2-кесте

Ішкі миграция, (мың адам)

Жылдар

Ішкі миграция

Сонымен қоса

Аймақ аралық

Аймақтық

2000

276 699

145 903

130 796

2001

271 728

136 390

135 338

2002

269 092

103 868

165 224

2003

291 758

107 646

184 112

2004

317 928

127 474

190 454

2005

298 627

131 012

167 615

2006

295 057

131 303

163 754

2007

311 740

139 542

172 198

2008

344 343

157 974

186 399

2009

364 766

171 872

192 894

 

Екінші лек біріншісінен анағұрлым артық-лицензиялар бойынша Қазақстанда 11,8 мың иммигрант жұмыс істейді,реттелмейтін еңбек иммиграциясы 200-ден 500 мыңға дейінгі адам санымен өлшенеді. Ішкі мигранттар–негізінен,25-39 жастағы (43,5%) және 15-24 жастағы (30,6%) адамдар.

Халықтың ішкі миграциясына бір елдің ішіндегі әкімшілік-аумақтар арасындағы көшіп-қону жатады. Халықтың көші-қоны:қалалық, қала аралық және ауылдық жердегі көші-қон болып бөлінеді. Қазақстандағы ішкі көші-қон екі фактормен анықталады:

● еңбек өнімділігі жоғары емес және соған сәйкес еңбекақысы төмен дәстүрлі (ауылшаруашылық) секторлардың есебінен экономиканың жаңа заманға сай секторларын (өнеркәсіпті,қала құрылысын, қызмет көрсету саласын) кеңейтудің жалпы заңдылығына байланысты  фактор;

● қала тұрғындарының жинақылығы мен оның сыртқы көші-қонға даярлығына байланысты фактор.

Қазіргі кезде ауылдан қалаға көшіп-қонудың негізгі себебі- табыстар деңгейіндегі әрелкілік болып табылады,сондықтан ішлі мигранттардың басым бөлігі–еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар. Қазақстанның ауылшаруашылығында өнімнің еңбекті көп қажетсінуін азайтатын жаңа технологиялар ендіруге байланысты еңбек рыногындағы сұраныс пен жұмыспен қамтылу да төмендейді,сөйтіп,ішкі көші-қонның негізгі факторы жұмыссыздық болады. Қазір Қазақстанның ауылшаруашылығында,орман және балық шаруашылықтарында елдің 35%-дан астам жұмыс күші жұмыспен қамтылғандықтан,ал осы сектордағы жалақы ең төмен деңгейде сақталып отырғандықтан,ол ішкі көші-қон үшін негізгі себепке айналады деп нық сеніммен айтуға болады. Ауыл мигранттары үшін Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтары ең тартымды қалалар болып табылады. Қала халқының жинақылығы мен сырқы көші-қонға даярлығы,ауыл тұрғындарының қалаға келген үлкен легіне қарамастан, Қазақстандағы қала тұрғындарының 1991 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта 57,3%-дан 56%-ға дейін төмендеуіне себеп болды. 1999 жылдан халықаралық көші-қон қарқынының төмендеуіне байланысты жағдай өзгере бастады және 2004 жылға қарай қала халқының үлесі 56,7%-ды құрады [7].

Реэмигранттар- (ата -жұртқа оралушылар) негізінен 1990-шы жылдарда Қазақстаннан  Ресейге көшкен және 2000-шы жылдарда елге қайтып оралған адамдар. Ресейде олар, негізінен, Сібір және Орталық Ресей қалаларында тұрған. Реэмигранттардың Қазақстаннан кетулеріне өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын өзгертуге байланысты әрекеттері себеп болған. Кәсіптік және әлеуметтік жағдайға қарай өзгерген факторлардың жиынтығы олардың қайтып оралуларына қозғау салды. Анағұрлым жоғарғы білімді және әлеуметтік жағдайы жақсы адамдар, қағида бойынша, өздерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешкен, бірақ олар психологиялық бейімделу мәселесіне кездескен. Анағұрлым төмен деңгейдегі білімі бар адамдар ең алдымен әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселесінен қиындық көрген (мамандық бойынша жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселелері) [3].

Көші-қон үдерістеріне көші-қон желілерін құру өз ықпалын тигізеді. Көші-қон желілері көші-қон шығындары мен қауіп-қатерлерін азайту арқылы осы үрдістерді жеңілдетеді. Көші-қон желілері, әсіресе, еңбекке жарамсыз адамдар үшін ерекше маңызды, өйткені осы желі әлгіндей адамдарға қолдау көрсетудің жүйесін құрады. Мәселен, егер қазіргі мезетте егде жастағы халықтың осал ішкі жинақылығы туралы айтатынболсақ,ал көші-қон желілері құрылғаннан кейін жинақылық айтарлықтай өседі.

 Халықтың көші-қоны тек экономика мен әлеуметтік саланың дамуындағы емес, сондай-ақ ұлтаралық қатынастардағы өзгерістерді сезінетін өзіндік барометр болып табылады. Нарықтық қатынастар өтетін күрделі кезеңде көші-қон үрдістері айтарлықтай өзгеріске ұшыраған, олардың құрылымы мен экономикалық факторлардың анықталуының сақталу кезіндегі себептер өзгереді. Өндіргіш күштердің орналасуы мен дамуындағы қозғалыстармен, сондай-ақ мезгілді және маятниктік орын ауыстырулармен байланысты болып келетін көші-қонмен қатар, олардың біздің қоғамға тән емес жаңа түрлері пайда болады. Олардың ішінен ұлтаралық қақтығыстар, экономикалық және табиғи апаттар нәтижесінде туындайтын мәжбүрлік көші-қон деп аталатын түрін бөліп көрсетуге болады. Бұған, сондай-ақ, қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздерінің тарихи отандарына қайтып оралуымен байланысты болып келетін көші-қонды да жатқызуға болады [2].

Көші-қонның классикалық түрлері сияқты, оның жаңа түрлері де бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды, бір жағынан халықтың көші-қондық белсенділігін арттыратын, ал екінші жағынан осы үрдістерді тежейтін жалпы факторлар біріктіреді.

Қазіргі кезеңде көші-қон сипатын айқындайтын басты қозғаушы күш – нарықтық қатынастардың дамуы. Бұрынғы одақтық республикалардың жаңа экономикалық қатынастарға өту үрдісі жұмысшылар мен өндірістік саланың босауы есебінен, сондай-ақ жұмыссыздар тобының пайда болып, оның экономикалық дамудың тұрақты факторына айналуының нәтижесінде халықтың көші-қон белсенділігін артуын тудыратыны даусыз. Халықтың көші-қон қозғалысының төмендеуі, негізінен елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың шиеленісуімен, яғни Кеңес Одағының ыдырауымен байланысты. Адамдар тұрғылықты жерін ауыстыруды біршама кейінге қалдырып, сол жерде тұрақтай тұрады. Тек төтенше жағдайлар - ұлттық белгілер бойынша қудалау, ұлтаралық қақтығыстар ғана адамдарды үйреншікті жерінен кетіріп, оларды босқындарға айналдырады. Халықтың көші-қонына әсер ететін факторларға, сондай-ақ, елдің, әсіресе ірі қалаларындағы экологиялық және криминогенді жағдайлардың нашарлауын жатқызуға болады. Көші-қонның жаңа кезеңінің айрықша ерекшелігі бұрыннан да айқын көрініс беретін көші-қонның ұлтаралық факторлары болып табылады. Көші-қон үрдістерінің  нәтижесінде халықтың этноұлттық құрылымының өзгерісін талдау өте маңызды болып келеді[1].

Көші-қон үрдістері бұзушы сипатқа ие болмай, біріктіруші қызмет атқару үшін, белгілі бір мақсатты көздейтін көші-қон саясаты қажет. Көші-қон үрдістерін басқару мәселесі арнайы келісімдерде, сонымен қатар сол мемлекеттер арасындағы көші-қон мәселелері жөніндегі екі жақты келісім жасасу негізінде көрініс табу қажет.

Қоныс аударудың мүмкін болатын масштабтарын бағалау кезінде, ең алдымен, экономикалық факторларды ескеру қажет. Кез-келген аумақ белгілі бір өмірлік сыйымдылыққа ие болады (яғни, жұмыс орындарының саны, жыртылған жер аумағы, үй, пәтер қоры). Бұл шектеулер қалаларға да қатысты (тіркеу тәртібі өзгертілсе де).

Қоныс аудару кезінде, босқындарды жаңа жерге орналастыру кезінде олардың құрамының ерекшеліктерін толық ескеру қажет: ауыл немесе қала тұрғыны ма, мамандығы қандай және жүргізген шаруашылығының түрі, балаларының және қамқорында үлкен  жастағылардың болу-болмауы.

Осыған байланысты қоныс аудару мәселесінің жалпы одақтық бағдарламасын дайындау алға қойылған. Бұл бағдарламада аз игерілген аумақтарды қоса, мүмкін болатын орындарды, қоныс аударушыларды орналастыруға кететін қажетті шығындарды қарастырған жөн. Аталған мақсаттарға байланысты көші-қон үрдістерін қозғайтын, ТМД елдеріне мүше барлық мемлекеттер арқылы қаржы-қаражат жинақталатын арнайы аймақаралық қор құру қажет. Ал қоныс аудару ерікті түрде жүзеге асырылуы керек.

Біздің елімізде көші-қон маңызды роль атқарады. Көші-қон мәні келесі объективті жағдайлар арқылы анықталады: еліміздің ұлан-ғайыр аумағы; әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны мен деңгейінің айтарлықтай кеңістіктік дифференциациясы, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейі; ТМД-да әлі күнге дейін негізгі көші-қон тасқыны болып табылатын, ауылдан қалаға қарай ағылған қарқынды урбанизация үрдісі.

1950-жылдардың ортасынан 1980-жылдардың аяғына дейін дәл осы факторлар КСРО-дағы халық көші-қонының масштабы мен бағытын анықтаған болатын, ал соңғы уақытта бұларға жаңа факторлар қосылды: босқындардың толық тасқынын тудырған ұлтаралық қақтығыстар; ұлттық шекара ашу үрдісін күшейтіп, ұлттық және әлеуметтік қатынастарды тежеген республикалардың егемендігін алу үрдісі.

Соңғы бірнеше онжылдық ішінде әлемде экономикалық жағдайларға тәуелсіз, тек қана саяси себептер нәтижесінде туындаған едәуір саяси сипатқа ие болған көші-қон үрдісін  байқауға болады. Осы уақытқа дейін саяси көші-қондар қоғамның азғантай тобын қамтыса, ал біздің ғасырда бұл үрдіс уақыт өткен сайын дамып келеді. Бұл көші-қондар халықтың барлық түрдегі жаппай орын ауыстыруын, мысалы, мемлекеттік шекараның өзгеруі нәтижесіндегі халықтың өз еліне өтуін, дискриминацияның әралуан түрлерінен халықтың жаппай қашуын және т.б. кіріктіреді.

 

Әдебиеттер:

 

1.                       Арынов Е.М. Прогноз демографического развития РК до 2015 г.-Алматы, 1997. -57с.

2.                       Сергеева А.М. Қоныстанудың географиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселелері.- Алматы, 2000. -116 б.

3.                       Қазақстан Республикасының конституциясы (11 бабында)

4.                       Баранский Н.Н. Экономическая география. М.: 1986.-256с.

5.                       Зайончковская Ж.А. Миграция населения. М.: 1992.-243с.

6.                       Хорев Б.С., Чапек В.Н. Проблема изучения миграции населения. –М.: 1978.-213 с.

7.                       Хомра А.У. Определение и классификация форм миграции населения. –Киев:1974. -260с.