Жоғары оқу орындарындағы кредиттік жүйе бойынша оқытудың ерекшіліктері

Махашова П.М.

Тараз мемлекеттік педагогикалык институты

Макашева О.М.

Алматы экономика және  статистика академиясы

 

   Дүниежүзіндегі халықтың білім деңгейін котеруге бағытталған стратегияның негізі болып саналатын 1997 жылғы сәуірде Лиссабонда жарияланған ''Еуропа регионындағы жоғары білімге байланысты квалификацияларды қабылдау жөніндегі'' конвенцияға біздің еліміз алдыңғы қатарлы 42 елдің бірі болып қол қойды, сонымен бірге, 1999 жылғы қабылданған білім берудің дүниежүзілік бір ғана кеңістігін құруға арналған Болонья декларациясын мақұлдады.

   Болонья декларациясына қол қойған барлық елдер жоғары білім берудің екі сатылы деңгейіне көшуі тиіс.

   Соңғы жылдары Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында кең көлемді әдістемелік жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, білімнің жаңа стандарттары мен типтік бағдарламалар жасалды, еңбек практикасының талаптарына байланысты оқу жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұндары қайта қаралып,өзгертілді, оқу курстарының жинақталған білімдік бағдарламалары енгізілді, Кейбір пәндердің атаулары шетелдік білім беру жүйесіне сәйкес өзгертілді.

   Қазақстанда кредиттік оқу жүйесіне көшудің алғашқы нәтижелері студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) ролін күшейту керектігін көрсетті, себебі аудиториялық сабақтардың сынын тиімді түрде кеміту және мәселенің студенттің өзіндік жұмыстарына негіздеу шәкірттердің білімін өз бетінше көтеруіне және өз бетінше дамуына, сыни көзқарас пен ойлау қабілеттерін арттыруына зор ықпалын тигізері сөзсіз.

   Осы заманғы болып жатқан интеграциялық құбылыстар қоғам тіршілігінің барлық жағына өз әсерін тигізді. Халықаралық процестермен қатар жүруге ниеттелген мемлекет қазіргі кезде қалыптасқан барлық ғылымдандырудың көріністеріне тікелей назар аударды.

   Соңғы 10-15 жылда шетел мемлекеттерінің білім жүйесінде жоғары секірмелілік жасады. Әрбір қоғам өмірінде мәдени, экономикалық,саяси қалыптасқан ескі көзқарастары түбегейлі өзгеріске ұшырайтың кезең болады.Қоғамның дамуындағы мәдени парадигманың өзгерісі адамдарды қобалжытпай қоймайды.

   Кредиттік оқыту технологиясы оқытудың бағытсыз жүйесі-оқу процесінің ұйымдастыру тәсілін белгілейтін оқушыларға белгіленген шегінің (құраушы қалауы және оқытудың қосымша түрлері бойынша) білім беру  процесінің жеке жоспарлау мүмкіндігі болады. Қатаң жүйеде, белгіленген көлемде, оқыту логикасының сәйкес, белгіленген мерзімде білімдік кәсіптік бағдарлама пәндерін білімгерлерге оқытатындығын бағытты оқыту жүйесі жобалайды.

   Техникалық және кәсіптік білімді енгізу, біздің республикамыздың жоғары оқу орындарының тәжірибесі мен халықаралық жинақтамай тәжіриебенің оқып білу мүмкін емес. Солай болғандықтан, осы технология Қазақстанның жоғары оқу орындарында белсенді жұмыс еткендіктен отандық тәжірибені оқу мәнді болады, одан басқада аймақтық жоғары оқу орындарының жинақталған тәжіриебесін есепке ала отырып, консультация және әдістемелік көмек көрсету.

   Кредиттік оқыту технологиясы Қазақстанның жоғары білім жүйесіне ұлттық білім беру бағдарламаларын халықаралық мойындау, студенттер мен оқытушы-профессорлық құрамның ұтқырлығын қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.

        Кредиттік технологияның негізгі ерекше белгілері

·             білім алушылар үшін оқу жоспары пәндерін таңдау теңдігі;

·             әр студенттің өз жеке оқу жоспарын қалыптастыруы ісіне қатысуы;

·             сынақ бірліктері-кредиттер жүйесін жүргізу;

·             оқу үрдісінің баспа және электронды түрдегі қажетті әдістемелі материалдармен қамтамасыз етілуі;

·             студенттердің оқу пәндерін меңгеруін бағалауда балдық рейтингтік жүйенің міндетті түрде қолданылуы;

    Кредиттік оқыту жүйесінің артықшылықтары не? 

    Қазақстан жоғары оқу орындарының жоғары білім туралы дипломдарын әлемдік университеттік қоғамдастықтың мойындауы.

   Білім сапасының халықаралық стандарттарға сәйкестігі, сол арқылы қазақстандық жоғары мектептің халықаралық білім кеңістігіне кірігу үрдісін қамтамасыз ету.

   Академиялық еркіндік және оқу бағдарламаларының коп нұсқалылығы, пәндер мен оқытушыларды таңдау мүмкіндігі.

   Оқу үрдісі мен жеке білім алу  жолын және мамандандыруды таңдауды ұтқыр жоспарлау мүмкіндігі.

   Студенттерге академиялық ұтқырлықтарды  қамтамасыз етумен шектелмей, сонымен қатар жаңа жағдайларға бейімдейтін икемдерді қалыптастыруға, алған білімді іс жүзінде пайдалана білуге көмек көрсету;

   Оқу үрдісін барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдармен  қағаз жүзінде және электронды түрде қамтамасыз ету;

   Оқытудағы мәжбүрлеу әдісінен студенттің өзін білім алуға белсенділендіруге көшу. Мұнда студенттің өздік жұмысына баса назар аударылады,ол бітірушілерді (өмір бойы) оқуға дағдыландыруы керек.

   Студенттердің аудиторлық және жұмыстарының тиімді арақатынастарын белгілеу.

   Қазақстан Республикасының Болон декларациясының принциптерін қабылдауына байланысты білім беру процесі осы жүйеге қарай бейімделуде, яғни мемлекеттік деңгейде көптеген құжаттар қабылданды. Оны білім берудің көп сатылы концепциясын, Қазақстан Республикасы білім берудің 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, оқыту процесінде білімгер еңбегінің өлшемі ретінде кредиттік жүйені ендіруді және білім сапасын ISO-900 талаптарына сәйкестендіру жұмыстарынан көруге болады. Оқытудың кредиттік жүйесі-білім берудің бейсызықтық (нелинейный) жаңа технологиясы. Бұл жүйе-білімгерге өз бетінше, шығармашылық негізде, білім алуды өз жағдайында бейімдеп, оқуға мүмкіндік беретін технология. Бұл жүйенің дәстүрлі жүйеден айырмашылығы-мемлекет стандарт талаптарына сай жоғары деңгейдегікәсіптік білімді білімгер өз белсенділігі арқылы меңгереді.

   Білім беру оқытудың кредиттік технология жүйесін алғаш рет 1869 жылы Алирикодағы Гарвард университетінің ректоры Чарльз Элиот енгізген. Бұл жүйе білім саласын жетілдіру мақсатында мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін қолданылады. 1988 жылдан бастап Еуропа елдері кредиттік жүйені пайдалана бастады. 1999 жылғы 18-19 маусым айында Еуропа мемлекеттерінің білім министрінің бірлескен отырысында кредиттік оқытудың Еуропалық жүйесі қабылданды.

  Барлық оқу орындарында кредиттік жүйемен оқытуда сабақтарда инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін қолдану маңызды.Студенттердің білім сапасын арттыруда кредиттік жүйеде оқыту өте тиімді, себебі: студеттер өз бетінше ізденіп,көптеген ақпараттар алады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.      О.А. Цапова Кредиттік жүйе. Біліктілігін арттыру курстарының лекция материалдары Кредиттік оқыту технологиясы.

2.      С.М. Өмірбаев Кредиттік оқыту жүйесі: принциптер мен концепциялардың маңызы. Білім Алматы-2009ж.№(14) Ғылыми-педагогикалық журнал

3.      Қаланова Ш.М., С.М. Өмірбаев Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына кредиттік оқыту технологиясын енгізу туралы. Жоғары кәсіби білімге сынақтар өлшемдерінің жүйесін енгізудің мәселесі: Бүкілресейлік кеңестің мағұматтары.23 сәуір2009ж., Мәскеу қ., В.Н. Чистохвалова-М.,2010ж.-100б