Э.С.Сейсенбиева

Старший преподаватель

кафедры казахской литературы

КазГосЖенПУ                    

 

Ғұмар Қараш шығармаларындағы

алаш идеясы

 

Ғұмар Қараш жас кезінен өлең шығарып, ел аузынан халық ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинаған. ХХ ғасырдың басында қазақ жерінде арабша, татарша, түрікше басылымдарды оқып, сол кездегі заман мен дәуір жағдайын көріп, әдеби, тарихи, философиялық кітаптарды көп оқыған. Ислам дінін жетік білген Ғұмар Қараш дүниелік ғылымдардан мағлұмат алып, қазақша, татарша газет, журналдарда мақала мен өлеңдерін жария еткен.

     1910-1913 жылдар аралығанда ақын "Ойға келген пікірлерім", "Бала тұлпар", "Қарлығаш", "Өрнек", "Тумыш", "Бәдел-хаж" атты поэзиялық және философиялық алты жинағын шығарады.

    Ақын 1917 жылғы ақпан төңкерісіне және "Алаш" партиясынан қазақ елінің қоғамында үлкен өзгеріс болатынан сеніммен қарайды. Оны Ғұмар Қараштың 1918 жылы шыққан "Тұрымтай" жинағындағы "Көреміз бе?", "Келер ме екен?", "Алаштың азаматтарына" деген өлеңдерінен көруге болады. Ақын "Көреміз бе?" деген өлеңінде:

Жарық жолға бастаушыға ереміз бе?

Ақ жүректі шын ерлерге сенеміз бе?

Таза қанды, кірсіз жанды қазақ жұрты

Өз алдына ел болғанын көреміз бе?

     Ғұмар Қараштың ұлтшылдық сарында жазылған өлең жолынан өз ұлтының болашағын, халық тағдырын ойлағанын көреміз. Ақынның сонымен қатар, негізгі ойы елдік, бірлікте, өз билігі өзіндегі тәуелсіз ел болуды арман еткен. Жастайын дінді жетік меңгерген ақын төңкеріске де сын көзбен қараған. Оны ақынның "Неден қорқам?" деген өлең жолынан байқауға болады:

Мезгілсіз ерте туған таңнан қорқам,

Жауынсыз құр желдеткен шаңнан қорқам.

Таң туды, мезгіл жетті деп адасып,

Құрылған қараңғыда заңнан қорқам.

Теңгеріп жарлы, байды, құрып жұмақ,

Теп-тегіс жұртқа жеткен тойдан қорқам...

Асығыс істей салған істен қорқам,

Қандары тасқан қара күштен қорқам...

Ақын Ғұмардың бұл өлеңінен қоғамды өзгертуде қан төгіс, күшпен, зорлық-зомбылықты емес, яғни жұмаққа барудың басқа жолы барын айтады. Ақын Қазан төңкерісін қабылдамағанымен, болашақта қазақ елінің елдігін, бірлігін сақтайды деп сеніп артқан "Алашорданың" ұзаққа бармайтын да сезеді. Ақын "Көреміз бе?" деген өлеңінде былай деген:

"Алаш" атты орда құрып шалқығанын,

Бақ дәулетті туып өсіп балқығанын,

Әрбір істе қазақ исі аңқығанын,

Тірлікте көзімізбен көреміз бе?

Ғұмар Қараштың ұлтшылдық сарында жазылған өлеңінен туған елінің еркіндігін, елдігін аңсағанын және болашаққа зор арман-үмітпен қарағандығын аңғарамыз. Ел тағдыры, қоғам сипаты, өмірдің өзекті мәселелері ақын шығармаларының ең өзекті тақырыбы.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.     Қараш Ғ. Замана. А., Ғылым, 1994ж., 240 бет

2.     Тәжімұратов М.  Ғұмар Қараштың ақындығы. Диссер.фил.ғ.к., А.,1993, 148 бет.

3.     Тәжімұратов М. Сөзі түпсіз қараңғыға көз болған. Абай, 1996ж., №3, 34 бет.

4.     Таирова Б.Л. Ғұмар Қараштың философиялық көзқарасы. Философ. ғыл.канд. А.,2007ж., 125 бет.

5.     Кенжалиев И. Ғұмар Қарашұлы туралы кейбір тың мәліметтер. Ақиқат, 1995ж., №4, 75 бет