Центрден тепкіш құбырлы классификатор
Джолдасов С.К., т.ғ.к.,
Сарбасова Г., т.ғ.к., Бекмуратов М., к.т.н.
Екі қоспалы сұйықты құрылымы
бойынша бөлу мәселесі халық шаруашылығының
көптеген салаларына ортақ мәселе. Көбіне мәселені
шешу үшін ауқымды, электр энергиясын көп тұтынатын,
материалдарды көп қажет ететін құрылғылар немесе
қондырғылар қолданылады. Біз осы мәселені шешу
үшін қарапайым классификатор конструкциясын ұсынып отырмыз. Өнертабыс
центрден тепкіш классификаторларға жатады, ол кен байыту фабрикаларында,
химия, тамақ және өнеркәсіптің басқа
салаларында, сонымен қатар гидротехника да пайдаланылуы мүмкін.
Дөңгелек қималы сұйық
тасындыларын бөлу орны құбырдың дәл ортасынан
(өсінен) бөлінген сұйық қоспаларын айырғыш
классификатор белгілі [1]. Бұл классификатордың
кемшілігі, тасындылардың көп мөлшері таза су
аққан құбыршаға ағып кетуі және
тосқындарды шайып әкетуге кететін сұйық
өтімінің шектен тыс көп болуы.
Өнертабысты
қолдану барысында қатты бөлшекті тасындылардың тазалану
мөлшерін көбейту және оны бөлуге кететін
сұйық өтімін азайту міндеті қойылды. Осы
нәтижелерге жету үшін, түзу спираль тәрізді
бөліктері бар құбыр ретінде жасалған және екіге
бөлініп су ағатын арнадан және тосқынды ағызып
әкететін құбыршадан тұратын бөлігі бар центрден
тепкіш құбырлы классификаторда, құбыр тік бұрышты
қималы етіп жасалған.
Қимасының тікбұрышты орындалуы,
тосқындардың басым бөлігінің құбыр
қабырғасы төңірегіне жиналуына ықпал етеді
және қатты бөлшектерді ағызып әкететін өтім
қимасын кішірейтіп, оған шығындалатын сұйық
мөлшерін әлдеқайда кемітеді.
Құбырды тікбұрышты етіп орындау, центрден
тебуден әсер беретін күштің әсерінен
сұйықтағы әртүрлі қалқыған
қоспалардың бұрандалы ағын күшімен
құбыр қабырғасы төңірегіне жиналуына себін
тигізеді. Ал тосқындарды алып кетуге бөлінетін тесікті кішірейту –
шаюға шығындалатын сұйық өтімін үнемдейді.
Төменде
1-фигурада (сурет 1) қондырғының [2] жоғарыдан қарағандағы жалпы көрінісі, ал
2-фигурада екіге бөлінген, яғни тосқын бөлшектер
және таза су ағатын құбырлар қимасы
көрсетілген. Центрден тепкіш құбырлы классификатор
тікбұрышты құбырдан 1, бұрандалы ағысқа
келтіретін спираль тәрізді телімнен 2, суаққышты екіге
айыратын бөліктен 3, таза су алып кететін құбырдан 4
және тосқынды ағызып әкететін құбыршадан 5
тұрады.
Қондырғының
жұмыс істеу тәртібі төмендегідей. Тік бұрышты
қималы құбырда 1 ағып келе жатқан
сұйық, спираль тәрізді телімге 2 келіп, еріксіз
бұрандалы қозғалыс жасай бастайды. Бұл
қозғалысын жалғастыра отырып, суаққышты екі айыратын бөлікке 3 келгенде,
құбырдағы сұйық екіге
Сурет 1 – Ценетрден тепкіш
құбырлы классификатор
бөлінеді. Бұрылу радиусы аз
жағындағы құбыршада 5 қатты бөлшекті
тосқындар ақса, радиусының мәні көп жағында
4 таза су ағады.
Түзу
және спираль тәрізді бөліктері бар құбыр ретінде
жасалған және екіге бөлініп су ағатын арнадан
және тосқынды ағызып әкететін құбыршадан
тұратын бөлігі бар центрден тепкіш құбырлы
классификатордың ерекшелігі, құбыр тікбұрышты
қималы етіп жасалуында.
Ұсынылып
отырған қондырғыны қолдағы бар техникалық
құрралдарды пайдаланып жасауға толық мүмкіншілік
бар, себебі оның конструкциясы қарпайым, ал мұндай
түрдегі қондырғыларды жасап дағдыланған мекемелер
жеткілікті.
Қолданылған
әдебиеттер
1. Примеры расчетов по гидравлике. Под редакцией
А.Д.Альтшуля. М.: Стройиздат, 1977. 252с.
2. Центрден тепкіш құбырлы
классификатор. ҚР №11612 алдын-ала патенті. 15.06.2002, бюл. №6.