Экономические
науки/9. Экономика промышленности.
Бекбергенова
Ж.Т.
Каспийский
Государтсвенный Университет Технологии и Инжиниринга
Біріккен кәсіпорындардың Қазақстан
экономикасындағы орны.
Егеменді
Қазақстанның бүгінгі дамуының тәжірибесі
ондағы нарықтық қатынастардың
қарқындап өсуімен көрінеді. Бұл дамуда ең
жоғарғы қарқынды
республиканың халық шаруашылығының алғашқы
буындары болып табылатын түрлі кәсіпорындардың дамуында
көрінеді.
Біріккен
кәсіпорындар- бұл халықаралық еңбек кооперациясы
негізіндегі сауда, ғылыми-зерттеу және басқа да
қызметтер, кәсіпорынның интеграциялық түрлері.
Біріккен кәсіпорындар, кәсіпорын қызметімен байланысты шет
елдермен халықаралық байланыс түрінде, өнім
өндірумен және өзара табыс бөлісумен біріккен
және де өнім өндірудегі
және коммерциялық туәкелшілік қызметіне байланысты
кәсіпорын қызметі. Олардың қатысушылары болып ұлттық және шет ел азаматтары мен заңды тұлғалар бола алады.
Экономикадағы
қиындылық жағдайларына қарамастан еліміздің
территориясында қызмет ететін біріккен және шетел
кәсіпорындарының саны жылдан-жылға өсуде. 2008
жылдың 1 қаңтарында тіркелген біріккен
кәсіпорындардың саны 8601 болды, ол 2006 жылмен салыстырғанда
1,2 есе өскенін көрсетеді. 2008 жылы Қазақстан
Республикасы бойынша тіркелген біріккен кәсіпорындардың ішінде:
·
ірі кәсіпорындар саны –121;
·
орта кәсіпорындар – 272;
·
шағын
кәсіпорындар – 8202.
Бұл
көрсеткіштер Қазақстан Республикасында шағын және орта
кәсіпкерлікті дамыту үшін жағымды жағдайлардың
жасалғанын байқатады.
Қазақстан Республикасында тіркелген
біріккен кәсіпорындардың 3544-і үй бұйымдарын
және автокөлікті жөндеу, сауда саласында, 1164-і өндіру
өнеркәсібінде, 1227-ы қозғалмайтын мүлікпен
операциялар жасау кәсіпорындарында қызмет етеді. Қазақстан
территориясында тіркелген біріккен кәсіпорындардың саны
жылдан-жылға өсуде.
Қазақстан
Республикасында біріккен кәсіпорындардың санының және
түрлерінің көбеюі мен дамуын экономикада болып жатқан
келесідей өзгерістермен түсіндіруге болады:
·
сыртқы экономикалық саясаттың либерализациялануы;
·
ашық экономика саясаты;
·
экономикадағы институционалдық және
құрылымдық қайта құрулар;
·
Қазақстанда жүргізіліп отырған басқа да
оңды әлеуметтік-экономикалық реформалар.
Біріккен
кәсіпорындар республиканың сыртқы экономикалық
байланыстарына белсенді түрде қатысады. Бұны біз біріккен
кәсіпорындардың сыртқы саудасынан көре аламыз.
2-кесте
Облыстар бойынша
біріккен және шетел кәсіпорындарының сыртқы саудасы
|
2006 |
2007 |
2008 |
|||
экспорт |
Импорт |
Экспорт |
импорт |
Экспорт |
импорт |
|
Барлығы |
5235662.4 |
2979016.3 |
5934338.3 |
3383934.8 |
9387010.7 |
4350399.7 |
Ақмола |
737.1 |
838.2 |
6944.8 |
2157.6 |
31784.5 |
27083.7 |
Ақтөбе |
349728.7 |
189355.7 |
561194.8 |
204178.5 |
1380773.4 |
465096.3 |
Алматы |
24003.2 |
104304.7 |
22109.7 |
137468.8 |
24080.0 |
198667.5 |
Атырау |
1535418.4 |
1111131.1 |
1528728.8 |
1397023.0 |
3218331.73 |
1656525.1 |
Шығыс
Қазақстан |
68719.4 |
30238.8 |
76311.7 |
110225.6 |
18331.7 |
22811.9 |
Жамбыл |
371.5 |
7015.8 |
1004.8 |
1364.3 |
3241.7 |
4170.7 |
Батыс
Қазақстан |
330079.7 |
32595.1 |
363365.5 |
133148.0 |
627643.6 |
149255.9 |
Қарағанды |
1463221.3 |
216666.8 |
1561509.1 |
276666.1 |
1877488.7 |
242592.9 |
Қызылорда |
7770.2 |
2094.6 |
9070.2 |
7163.3 |
16814.6 |
13630.4 |
Қостанай |
30826.1 |
40534.6 |
536181.8 |
72374.4 |
838063.6 |
83924.2 |
Маңғыстау |
222585.7 |
258673.4 |
375082.6 |
75582.3 |
457983.8 |
73818.6 |
Павлодар |
282744.7 |
100466.0 |
245266.9 |
56892.1 |
269264.3 |
75040.0 |
Солтүстік
Қазақстан |
57.4 |
9830.7 |
6073.9 |
9371.3 |
26353.8 |
11464.1 |
Оңтүстік
Қазақстан |
2894.5 |
31858.2 |
22497.9 |
27483.0 |
52585.2 |
29930.1 |
Астана
қаласы |
37001.0 |
24881.2 |
37825.2 |
50113.7 |
59772.3 |
237066.5 |
Алматы
қаласы |
571003.5 |
818531.4 |
581170.6 |
822722.8 |
471342.4 |
1059321.8 |
Диаграмма-1.
Экспорттың жалпы көлемінде шетел және біріккен
кәсіпорындардың үлес салмағының динамикасы.
Бұл
көрсеткіштерден біз экспорт пен импорттың жылдан жылға
өскенін байқап отырмыз. Егер, экспорт 2006 жылы 5324 млн. АҚШ
долларын, 1509 ал импорт млн. АҚШ
долларын құраса, онда 2008 жылы экспорт 9387 млн. АҚШ долларына, ал импорт 4350млн. АҚШ
долларына өсті.
Экспорттың жалпы
көлемінде біріккен кәсіпорындардың үлесі – 58,3%, ал
импорттың жалпы көлемінде – 29,9% құрайды .
Біріккен
кәсіпорындардың экспорттық құрылымында негізгі
үлес салмағы мынандай өнімдерге келеді: минералды
өнімдердің - 68%, металл өнімдерінің - 20%, тамақ
өнімдерінің - 4%, химиялық өнімдердің - 3%,
машиналар, құрал-жабдықтар, көлік
құралдары, приборлар, аппараттардың - 2%, ал импорттық
құрылымында негізгі үлес салмақ мынандай
өнімдерге келеді: машина, құрал-жабдықтар, көлік,
приборлар - 43%, химиялық өнімдердің - 13%, тамақ
өнімдерінің - 7%.
Шетел инвестицияларының
салалық құрылымын талдау капитал салымдарының шикізат
салаларына келетіндігін көрсетеді (мұнай және газ).
Мұнайгаз өнеркәсібі Қазақстанның
экономикалық дамуының қозғаушы күші болып
табылады. Одан басқа, берілген салада шетел капиталының қатысуы
біріккен кәсіпорындарының әлемдік мұнай, газ
нарығына кіруіне, машина және құрал-жабдықтар
ұлттық өндірісінің батыс және Азия елдерімен
байланыстың дамуына және бекуіне жағдай жасайды.
Республика
аймақтары дамуының ерекшеліктерін талдау бәсекеге қабілетті,
қызықтыратындай минералды-шикізат ресурстары бар аймақтар
көрсетілген артықшылықтарға иеленбейтін
аймақтарға қарағанда едәуір ұтымды,
қолайлы жағдайда екендігін көрсетеді. Сонымен қатар,
біріккен кәсіпкерліктің
дамуына инфрақұрылымның болуы және оның даму
деңгейі айтарлықтай әсер етеді.
Аймақтар
бойынша біріккен кәсіпорындардың өндіретін өнімдері
қатарына отын, қара металдар, жүн шикізаты және одан
өндірілген бұйымдар, былғары шикізаты және аң
терісі жатады. Қазіргі кезде біріккен кәсіпорындар жоғарғы
технологиялы өнімдерді өндіреді: электронды-есептеуіш машиналар,
телевизиондық аппаратура, медициналық өлшеуіш
құралдары және аппараттар.
Қазіргі
кезде Қазақстанда біріккен кәсіпкерліктің дамуына
саяси-экономикалық тұрақсыздық жағдайы ғана
емес, сонымен қатар инфрақұрылымның нашар дамуы,
ақпараттармен қамтамасыз етудің әлсіздігі,
қазақстандық басқарушылардың нарықтық
экономика жағдайындағы жұмыс тәжірибесінің
жоқтығы кедергі жасап тұр. Қазақстанның
территориялық бірлестіктерінің негізгі өзгешелігі (көліктік-жағрафия
жағдайы, шикізат ресурстарының болуы, өндірістік
құрылымы, әлеуметтік даму дәрежесі, кадрлардың
квалификациясы және т.б.) оның әр аймағындағы
біріккен кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін алдын-ала
анықтайды.
Бірақ
Қазақстандағы мүлдем немесе дерлік өнім
өндірумен айналыспайтын біріккен кәсіпорындардан шетел біріккен
кәсіпорындарының айырмашылығы жаңа техникалық
процестерді және бұйымдарды, өндірістік объектілердің
біріккен ғимараттарын өндеу мақсатында
ғылыми-техникалық және өндірістік кооперациялануы
үшін құрылатындығында. Қазақстандағы
біріккен кәсіпорындар көбінесе экспорттық-импорттық
операцияларды жүзеге асырады, делдалдық қызмет
көрсетумен айналысады және жалпы экспорт көлемінің 98%
құрайтын шикізатты шығаруымен шұғылданады.
Бірақ қазіргі
кезде облыстық үкімет органдарының біріккен кәсіпкерлік
қызметіне әсер ететін қозғаушы күші жоқ.
Салық жүйесі жергілікті басқару органдарына
жоғарғы класты инфрақұрылым жасауына шетел капитал
ағымын ынталандыру үшін
салық жеңілдіктерін беру мәселелерін шешуіне және т.б.
кедергі жасайды.
Сонымен, тікелей
ұлттық және шетел инвестициясын тартудың ең
маңыздысы өзгерістерді Қазақстан Республикасының
мемлекеттік комитетінің үкімінің бекітуімен белгілі
жағдайларды ескере отырып, толықтырылып немесе керісінше қажетсіз
объекті салықтық жеңілдіктер үшін алып тасталынып,
түзетіліп отыруға тиісті.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып,
мынадай қорытындыға келуге болады. Қазақстан
Республикасындағы шет ел инвестициясын тарту механизмі және
біріккен кәсіпорындар құру жеткілікті көлемде
өнделмеген. Шет ел инвестицияларын толассыз тартуды көбейтуге негіз
болатын, елдегі саяси, экономикалық және социалдық
тұрақтылық және экономикалық дағдарыстан шығу,
шет ел капиталын тартудың жетілдірілген түрлері, соның
ішінде біріккен кәсіпорындар
құру капитал қорын
молайтуға мүмкіндіктер береді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Информационно-статистический
сборник «Казахстан: 2003-2004годың, Алматы, Агенство РК по статистике.
2. Деятельность совместных предприятий.
//Каржы-каражат. Финансы Казахстана 4/98.
2.
Закон Республики
Казахстан «О государственной поддержке прямых иностранных инвестиций» 24.04.98.
3.
Создание и развитие
совместных предприятий в Казахстане.
Транзитная экономика 1/99.
4.
Совместное предприятие:
закономерности развития и перспективы. Е. Е.Смирнова. Н.В. Хвалынска.