*119710*

ШОРТАН-БУРАБАЙ КУРОРТТЫ АЙМАҒЫ МОЛЛЮСКАЛАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН АЙЫРҚҰЙРЫҚ  ЦЕРКАРИЯЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЙЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДАР

 

Утебаева Б.Х., Арыстанов Е.А.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

 

 Strigeidae тұқымдасының сорғыштары Бурабай көлдерінде кездесетін құстардың  паразиттері, ал олардың дернәсілдік кезеңі омыртқалы жануарларда ( балықтарда, амфибилирде, рептилилерде ) кең таралған, олар қосымша немесе аралық ие қызметін атқарады. Strigeidae тұқымдасының тіршілік айналымы өте күрделі: көпшілігі үш кейде төрт иелерді алмастыру арқылы өтеді. Стрегейд тұқымдасының барлық церкарилері қосымша иеге        ( екінші аралық ие ) енгеннен кейін Tetracotyle секілді  метацеркарийге айналады.

Церкарилермен жұмыс жасаған кезде, олардың морфологиясын, тіршілік әркетін, даму циклін білу қажет. Жас зерттеуші ғалым жұмыс жүргізер кезде осы дернәсілдердің құрлымын терең үйрену үшін церкарияларды тірілей  зерттеп, ғылыми әдебиеттермен салыстыру қажет. 

Осы мақалада бізде церкариялардың морфологиясы туралы ғылыми әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, стрегейд тұқымдасының церкарияларының  морфологиясы туралы мәліметтерді келтірдік.

Спороцисталарда дамитын, құйрығы айырқұйрықты болып келетін стрегеид тұқымдасының  церкариялерін айырқұйрық церкарилер немесе фуркоцеркария деп атайды.  Фуркоцеркариилердің құйрығының негізігі бөлімі құйрық бағанасы және екі тармақтары немесе фуркадан тұрады.

Церкарилердің денесінде  кутикулярлы тікеншелер шашыранқы немесе денені орап орналасады.Денесінің арқа және құрсақ жағында тікеншелер әртүрлі болады. Сорғыштары дамыған. Ауыз сорғышы көптеген фуркоцеркарийлерде  алдыңғы органға айналған, ол қосымша ие денесіне ену процесінде   негізгі  роль атқарады. Stregeidае және  Diplostomatidаe  тұқымдастарының церкарилерінің алдыңғы органы 8-12 қатар түзетін кутикулярлы тармақ тәрізді  тікенді түзіліспен жабдықталған. Кейбір церкарилерде ( p.Alaria , p.Trihobilharzia)  алдыңғы органда ерекше безді клеткалар орналасады, ол да ену процесінде негізгі роль атқарады. Алдыңғы органда ауыз тесігі болады, кейбір церкарилерде(p.Cotylurus, Diplostomatidаe) алдыңғы жағында бір немесе бірнеше қысқа, алға қарай бағытталған тікеншелер немемсе «ену тікеншелері»  орналасады.

Әдетте құрсақ сорғышы жақсы дамыған, айналасында бірнеше қатар болып орналасқан тікенді түзілістерді көруге болады. Орналасу және  сан мөлшері түрді анықтауда негізгі белгі болып табылады. Кейбір тұқымдас  түрлерінде  рудимент құрсақ сорғышы  немесе мүлдем болмайды.

Асқорыту жүйесі Apatemon туысы өкілдерінен басқаларында жақсы дамыған. Ол ауыз тесігінен, алдыңғы органды жарып өтетін жұтқыншақ алдынан, жұтқыншақтан және өңештен тұрады. Құрсақ сорғыштың алдында 2 тармаққа бөлінетін ішек тармақтарынан тұрады. Ішек тармақтарының даму дәрежесі  және оның ұзындықтары басқа органдарға қарағанда туыс өкілдерінде тұрақты және анықтаушы белгісі болып табылады. Асқорыту дамымаған тұқымдас Schistosomatidae. Bucephalidae  тұқымдасының церкарилерімен  мариталарында  асқорыту жүйесі қапшықтәрізді  ішектен, құрсақ сорғышының маңында ашылады. Осы немесе басқа церкариялар түрлерінде морфологиялық белгі  бірклеткалы ену  бездерінің орналасуы және саны маңызды роль атқарады. Бездер құрсақ сорғышының алдында, бүйірінде немесе артында орналасады. Кейбір фуркоцеркарилерде ену бездері жойылған. Себебі қосымша иеге активті енуінің жоғалуынан[1].

Зәр шығару жүйесі фуркоцеркарийлерде қарапайым. Негізінен протонефридиялар бүкіл денеге тараған. Екі топтағы капилярлар алдыңғы жинақтаушы арнаға, үш топтағы капилярлар артқы жинақтаушы арнаға құйылады. Бұл арналар бір-бірімен тоғысып, латеральды коллекторлы каналды түзіп, ол нәзік қабырғалы қуыққа құйылады. Қуықтан  құйрық бағанасының ортасымен жіңішке каудаль каналы  кетіп, ол екі тармақ  түзеді. Комиссуралар құрсақ сорғыштың үстінен және төменгі жағынан өтіп жинақтаушы арналарды байланыстырып тұрадыСтрегеид церкарияларында қуықты екіге бөліп тұрғандай паренхима участогі немесе  «Корт  аралшасы»  болады [2].

Церкарияларда жүйке жүйесі алдыңғы орган мен құрсақ сорғыштың ортасында орналасқан ми ганглиясынан  тұрады. Кейде құйрық бағанасында  жеке нерв жасушаларын көруге болады, оның өсінділері ұзын сезімтал өсіндімен байланысқан. Бұл өсінділер кутикулярлы емес, плазмалық өсіндіге жатады. Сан мөлшері және орналасу тәртібі түрді анықтауды негізгі белгі болып табылады. Қысқалау және сирек орналасқан өсінділер құйрық тармақтарында және фуркацеркаридің  денесінде кездеседі.

Көптеген фуркоцеркарилердің құйрық бағанасының зәр шығару каналының екі жағында ірі клеткалар каудаль денелері болады. Бір түрдің церкарияларында каудаль денесінің формасы мен сан мөлшері жасқа байланысты өзгереді. Дөңгелек каудаль денесіндегі өнімнің гликогеннің шығысына байланысты оның пішіні  дұрыс емес жұлдыз формасына ие болады және  содан кейін көрінбей кетеді.

Фуркоцеркарийдің көбі спороцисталарда дамиды.

 

Әдебиеттер

 

1.     Гинецинская Т.А.,  Добровольский  А.А. К фауне личинок трематод пресноводных моллюсков дельты Волги.  Астрахань: Труды Астраханского   заповедника. 1964. С. 64-77

2.  Судариков В.Е. Трематоды фауны СССР. Стригеиды. – Москва : Наука, 1984.С.3-21

 

                                  Ғылыми жетекші – к.б.н.,доцент Арыстанов Е.А.