Д.Карабекова

«Түркістан Ахмет Ясауи» колледжі, Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру бөлімінің оқытушысы, Тркістан қаласы, Қазақстан.

ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИА МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕРІ

Білім берудің өзекті мәселелері – кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу [1].

Ш.Амонашвилидің «Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойына да сүйіспеншілік дарыта алмайды. Тек көркем шығарманы өзі жан-тәнімен сүйген, қабылдай білген, оның сиқырлы сырына қанық, адамды өзіне баурап, тәңірісін таныған ұстаз ғана оқушыларын көркем сөз өнеріне ынталандыра, құлшындыра алады. Шығарма мәтінінің тереңіне, астарлы бейнелі ойына, жан сүйсіндірер, ынтықтырар сәттеріне толғана ой жүгірткен, сондай жерлерін таңдап таба білген мұғалім шәкіртті шығарма оқуға қызықтыра, ынтықтыра алмақ» деген пікірінен жеке тұлғаның рухани – адамгершілігін дамыта оқытуда мұғалімге қойылатын талаптың маңыздылығын анық байқауға болады дегендей ұстаз өз ісінің шебері болуы керек. «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» өз бетімен ала алатын және алған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуына қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге сай оқытудың сапасын арттыру мәселесі жаңа оқыту технологияларын өз дәрежесіне сай қолдануға да тікелей байланысты [1].

Мұны Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасындағы мынадай жолдар «Білім беруді дамыту үшін оқытудың озық жүйелері мен технологияларын әзірлеу мен енгізу» талап етіп отыр [2].

Мектепте, жоғары оқу орнында сапалы оқу бағытын айқындайтын жаңа жолдардың бірі – пәндерді модульдік технология арқылы оқыту екендігі теориялық және тәжірибелік жағынан дәлелденуде. Бұл мәселені ғалымдар    Дж. Рассель, П.Юцявичене, М. Жанпейісова т.б дәлелдеп келеді. Модуль ұғымының этимологиялық мәні білімді қолданысқа, меңгеруге ыңғайлы етіп жүйелеу, шоғырландыру, жинақтау болып табылады. Модульдік технологиялармен қатар жаңа технологиялардың бірнеше түрін сабақ жүйесінде қолдануға болады. Қазіргі уақытта сабақ жүйесінде компьютерлік технология көп қолданылып жүр.

Мультимедиалық және Web-жобаларды сабақта қолданып, іске асыру үшін бірнеше этаптарда орындау керек. Мультимедиалық жобаны құрудың 4 негізгі этабы бар. Олар:

1.                Өзіндік тұрақтылығы бойынша жоспарлау. Жоба әрқашанда бір ойдан немесе құралдан басталады: жобаның мақсаты анықталады, ол пайдаланушыға  дейін жету керек. Авторлық жүйе бойынша әр мақсатты анықтау керек.  Біріншіден,  қандай жазушылық ғылымдар, суреттер, музыкалық және бейне – объектілер және басқа мультимедиалық құралдар және білім керек екенін жоспарлап, содан кейін жобаны жасауға кірісу керек.  Пайдаланушыларға шығармашылық және графикалық түрден қарағанда, қандай жағдайды қажет ететінін, жаңашылдық жүйенің құрылымын құру, жобаның мәтіндік мазмұнын оқытуды қарастыру керек. Осыған қанша уақыт кететінін анықтау керек. Қысқа  (prototype)  макетін талдау немесе   алғашқы жазбаны (proof-of-concept)  талдау керек. Жаңадан құрылған жобалар жеңілдікпен жасалып, келеңсіздікке әкеліп туғызады. Жобаның мазмұнын дұрыс анықтаса, ол тез құрылып, аз өзгертулерді қажет етеді.

2.                Талдау және өндірістік. Жоспарланған мәселелерді орындап соңғы бөлігіне дейін құру керек. Бұл бастамада тапсырыс берушілермен тығыз байланыста болу керек.

3.                Тестілеу. Әрқашанда бағдарламаны тестілеуді ұмытпау керек және жобаның мақсаты өз дәрежесіне жеткенін, базалық платформаларда дұрыс жұмыс істейтінін анықтау керек.

4.                Жеткізу. Жобаны қаптап оны пайдаланушыға жеткізу.

Мультимедиалық объект құру үшін өңдеу, бағдарламалық қамтамасыздандыру, керемет ойлар қажет.  Ал жақсы мультимедиалық жобаны құру үшін білім мен іскерлік қажет. Қарапайымнан басталатын мультимедиалық объекті талдау үшін команда қажет: суретті мамандар график бойынша салады, бейнені бейнелегіштер, дауысты дауыс режиссерлары, бағдарламалауды бағдарламалаушылар орындайды.   Заманауи ақпараттық жүйелерді қолдану дағдылары және олардың көмегімен кәсіби практикалық есептерді шешу іскерліктері мен практикалық маңызды есептерді ЭЕМ көмегімен шешу нәтижелерін сауатты интерпретациялау іскерлігі және оның нәтижелерін кәсіби практикалық іс-әрекеттерде қолдану дағдылары болашақ мұғалімнің бойында қалыптастыру басты назарда болады [3].

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.     С.М.Бобкина, Б.А.Жұмаділдин. Компьютерде жұмыс істеуді үйренейік. Оқу құралы. Алматы – 2000. 40б. 

2.     К.Беркімбаев. Информатика пәнінен ақпараттық мәліметтер. Оқу-әдістемелік құрал. Кентау, 2007ж. – 40б.

3. Устемиров.К.У. Современные образовательные технологии и технические системы обучения: метод. рекомендации / Устемиров К.У, Шаметов Н.Р, Бакиров Р.Т – Алматы,2006 -100стр.