Жұмаділлаева
С., Аллашова Ф.
А.Ясауи
атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті, Қазақстан
АВ-17-8(OH)
АНИОНИТІ ҚАТЫСЫНДА СУЛЬФОСАЛИЦИЛ ҚЫШҚЫЛЫ ГИДРАЗИНОЛИЗІНІҢ
МЕХАНИЗМІН ЗЕРТТЕУ
Карбон
қышқылдарының гидразидтері және олардың
туындылары физиологиялық активті
заттар, мономерлер және жартылай өнімдер ретінде ауқымды
қолданысқа ие болғандықтан , қазіргі кезде оларды
синтездеу әдістері зерттеушілердің назарын аударып жүр.
Айталық алкил- және
арилгидразидтер медициналық практикада жиі қолданылады [1].
Гидразидтерді алу үшін карбон қышқылы мен
гидразингидратты катализатор қатысында тікелей әрекеттестіру перспективті әдіс болып саналады [2]. Соңғы
кезде гетерогенді катализаторларды қолдану арқылы карбон қышқылдарынан практикалық
жағынан маңызды гидразидтерді
синтездеу өзекті мәселе болып табылады.
Ароматты карбон қышқылдарынан өздеріне
сәйкес гидразидтерді ионитті катализатор қатысында синтездеу
мүмкіншілігі [2] көрсетілген. Бірақ гидразинолиз реакциясының механизмі қазіргі
уақытқа дейін жеткілікті дәрежеде зерттелмеген.
сульфосалицил сульфосалицил қышқылының
қышқылы
гидразиді
Ұсынылып отырған жұмыстың
мақсаты алғашқы
рет сульфосалицил қышқылынан АВ-17-8(ОН) аниониті қатысында
сульфосалицил қышқылының гидразидін синтездеу реакциясының механизмін
ИҚ-спектроскопиялық
әдіспен зерттеу болып табылады.
Әдебиеттік мәліметтерді [3] ескере отырып, АВ-17-8(ОН)
ионалмастырғыш шайыр қатысында сульфосалицил
қышқылының гидразинолиз реакциясы гетерогендік катализ
бойынша жүзеге асады деп болжауға болады және процестің
жүруіне полимерлі-байланысқан аммоний иондары және ОН-
иондары жауапты болады.
(CH3)3N+OH- ↔
(CH3)3N+ + OH-
|
|
~
~
Сонымен қарама –қарсы иондар (ОН), сол
сияқты полимерлі төртіншілік аммоний бекітілген иондар [CH3)2N+]
бастапқы зат сульфосалицил қышқылы (ССҚ) молекуласымен
әрекеттесіп, каталиттік орталық ретінде әрекет көрсете
алады.
Сульфосалицил қышқылының
ИҚ-спектрінде 2800-3800 см-1жиіліктегі интенсивті жолақтар С-Н, О-Н топтарының валенттік тербелістеріне
жатады. Сульфо топтың сіңіру жолақтары 1260-1150 см-1
жиілікте асимметриялық тербелістерге, 1080-1010см-1 жиілікте
симметриялық тербелістерге сәйкес келеді. 1340 және
1346 см-1 жиіліктегі жолақтар – СОО-
тобының валенттік тебелістерін көрсетеді. Сонымен бірге мұнда
1600-1400 см -1 сіңіру аймағындағы жолақтар
бензол сақинасының скелетті тербелістеріне жатады. 1000-1500 см-1
жиіліктер арасындағы жолақтар О-Н тобының деформациялық
тербелістеріне сәйкес келеді.Сульфосалицил қышқылының анионит бетінде адсорбциялануы оның
карбоксилат анионына дейін гидролизденуі арқылы жүреді.
Карбоксилат ионының анионит бетінде түзілуіне ИҚ-спектрде 1370-1620
см-1 аралығында интенсивті жолақтардың пайда болуы
нұсқайды. Біздің жорамалдауымыз бойынша АВ-17-8(ОН)
анионитінің бетінде адсорбцияланған карбоксилат-анионы ары
қарай гидразингидратпен әрекеттесіп, анионит бетінде гидразид
түзіледі және ол біртіндеп ерітіндіге десорбцияланады.
Анионит бетінде гидразидтің
түзілуі ИҚ-спектріне қарай анықталады. Сульфосалицил
қышқылы гидразидінің ИҚ-спектрінде 3326,3269см-1
жиіліктегі сіңіру жолақтары N-H тобының валенттік
тербелістеріне жатады.1626 см-1 жиілікте интенсивті жолақтар
байқалады.Олар С=О тобының валенттік тербелістеріне сәйкес
келеді.Сонымен бірге мұнда 1600-1400см-1сіңіру
аймағындағы жолақтар бензол сақинасының скелетті
тербелістеріне, 3000-2800см1 сіңіру аймағындағы
жолақтар NH2 тобының валенттік тербелістеріне жатады.SO2
–топтың симметриялы және асимметриялы валенттік тербелістерінің
жиіліктері күшті төмендетілген және олардың сіңіру жолақтары
асимметриялық тербелістер үшін 1260-1150 см-1,
симметриялық тербелістер үшін
1080-1010 см-1 жиіліктер аралығында болады. 1000-1500 см-1жиіліктер
арасындағы жолақтар N-H тобының деформациялық
тербелістеріне сәйкес келеді.
Сонымен
алашқы рет сульфосалицил қышқылының АВ-17-8(ОН)
аниониті қатысында гидразинолиз реакциясының механизмі
ИҚ-спектроскопиялық
әдіспен зерттелді.Реакция анионит бетінде адсорбциялық
комплекстердің түзілуі арқылы жүретіндігі
анықталды.
Әдебиет
1.
Колла В.Э., Бердинский И.С. Фармакология и химия производных гидразина.
Йошкар-Ола: Марийское кн. изд., 1976.-264 с.
2.
Джумадуллаева С., Рахметова Г. Сульфосалицил
қышқылының
гидразинолизін гетерогенді катализатор қатысында зерттеу.Материалы
VIII международной научно-практической канференции «Европейская наука XXI века 2012» с. 43
3. Беллами Я. Инфракрасные спектры молекул. -М.: Изд. иностр. лит.,
1980. -975с.