Современные информационные технологии/2. Вычислительная техника и программирование

т.ғ.к., Рахманова Ж.С., Бохатаев О.Т.

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті

 

Инновациялық тәсілдердің озық тәжірибелерін пайдалану

 

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Біздің мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі жас мамандар.

Білімгерлерге өмір талабына сай білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-техникалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселердің бірі.

Бұл мәселелерді ойдағыдай шешу жоғарғы оқу орнының материалдық базасына, оқу-әдістемелік құралдардың ғылыми-әдістемелік негізде жасалуына, оқытушылардың еңбекті жаңа технологиялық тұрғыда, яғни оқу үрдісінің бүгінгі күн талабына сай ұйымдастырылуына байланысты.

Ғылыми-теориялық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көрсететін әдіс-тәсілдерді көбінде «жаңашыл, инновациялық» деп атайды.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа технологияның негізіне жататындар:

- білімгердің қабілеттерін арттыру; - білімгердің өз бетінше жұмыс істеуі; - білімгердің іздену дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа технологияны қолдану келесі кезеңдер арқылы іске асады: оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру.

Бұл мәселені жан-жақты үрдіс ретінде қабылдауын және инновациялық технологияны пайдалануға ықпал ететін көптеген шартты жағдайларды білуді талап етеді. Оқытудың инновациялық технологиясының талаптарын, салаларын, құрылымын, қолдану деңгейлері мен кезеңдерін талдай отырып, ЖОО-да кәсіби пәндерді оқытуда пайдалану шарттарының мәнін, әдістерінің, іс-әрекеттерінің өзара байланыс жүйесін төмендегідей көрсетуге болады.

Қазіргі таңда білімді ақпараттандыру жүйесін дамыту процесіне үлкен үлес қосатын негізінен – жоғарғы дәрежелі ақпараттық жүйелер. Оларға жататындар: бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электрондық оқулықтар, мультимедиалық оқулықтар және мультимедиалық бағдарламалар. Сондықтан бұл жүйелер - ең жоғарғы дәрежелі оқыту технологияларының құрылымы болып табылады.

Программалау біліктілігінің жүйелі қалыптасуы соңғы уақытта пайда бола бастаған электронды оқулықтармен тиімделе түседі. Ал электрондық оқулықтарды білім беру процесін ақпараттандыру құралының бірі деуге болады. Электрондық оқулықтар-ғылыми негізде дайындалған ақпараттық өнім, яғни электрондық оқулықтар оқыту процесінің автоматтандырылған формасы.

Қазіргі таңда автоматтандырылған оқыту жүйелерін, соның ішінде электрондық оқулық жасаудың көптеген түрлері қарастырылған. Оқу материалдарын ұсыну түрлері бойынша негізінен олар 3 түрге бөлінеді: жай түрі, мультимедиалық, гипермәтіндік.

Мультимедиалық электрондық оқулық - ол оқу материалдарын демонстрацияланған түрде таратады. Мұнда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен түсіндіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1 Сурет- ЖОО-да кәсіби пәндерді оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалану шарттары

Оқыту жүйесінің типтері бойынша электрондық оқулық жасаудың үшінші түрі – гипермәтіндік электрондық оқыту жүйесі. Гипермәтін - бұл информацияны басқарудың өзге тәсілдермен байланысқан түрі. Мұнда керекті пән және қажетті құжаттар мағынасы бойынша бір-бірімен байланысады және гипермәтін мазмұнымен танысу ақпараттық фрагмент арқылы жүзеге асады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана:, 2007.

2. Шамова Т.И., Малинин А.Н., Тюло Г.М. Инновационные процессы и ее развития. М:, 2003.

3. Юсуфбекова Н.Р. Тенденции и законы инновационных процессов в образовании. М:, 2001.