ББК 66.033.141.3 (5
каз)
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі негізгі
мәселелер мен оны жетілдіру жолдары
Турабаева М.Б., Шокенова
А.Т.
(Теміртау қ. Қарағанды
мемлекеттік индустриялық
университеті)
Басқару
жүйесінің азаматтық
қоғамның қалыптасуы мен елдің тиімді дамуында,
демократияның жетілуінде маңызы зор. Сондықтан мұндай
жүйені құруға деген теориялық және
тәжірибелік қызығушылық әрқашан заңды
және өз тарапынан ақталады.
Басқару
– бұл басқару субъектісінің басқару объектісіне
мақсатты түрде бағытталған және үнемі
ықпал ету үрдісі. Объект ретінде адам, әлеуметтік
қоғам, жалпы қоғам, қоғамдық
үрдістер сияқты әртүрлі құбылыстар мен
үрдістер бой көрсетеді.[1]
Жергілікті
атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың және астананың, ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) әкімі
басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта
жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі
басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.[2]
Тәуелсіздік
алғаннан бері Қазақстан Республикасы экономикалық
және саяси дамумен қоса елдегі мемлекеттік басқару
жүйесін реформалауда да кең көлемде дамытуға
бағыт алды. Басқару жүйесін құруда оның
қызметі мен құрылымына елдің нарықтық
экономикаға екпінді ауысуы, шаруашылық қызметтің
жан-жақты либерализациялануы әсер етті. Елімізде кең
көлемде жүргізілген реформалардың нәтижесінде
мемлекеттік басқарудың жүйесі қалыптасты.
Мемлекеттік
бақарудың қажеттілігі табиғи, еңбек,
материалдық және ақпараттық қорларды тиімді
пайдалануға, табысты әділетті қайта бөлуге және
негізгі әлеуметтік құқықтарды кепілдендіруге,
қоғамдық тәтіпті қалыптастыруға
бағытталған мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету
қажеттілігінен туындайды.
Қазақстан
егемендігін жариялағалы мемлекеттік аппаратты жаңарту саласында
ұдайы реформалар жүзеге асыруда. Өйткені, еліміз КСРО-дан
басқару органдарының бір-бірінің қызметін
қайталау, басқару деңгейлері арасында жауапкершіліктің
анық межеленудің болмауы сияқты бұрынғы
жүйенің жағымсыз жақтарын мұраланды. Осы
мәселелерді тиімді шешу үшін еліміздің басқару
жүйесінде айтарлықтай істер тындырылуы тиіс екендігі даусыз.
Мәселен, кезең-кезеңімен орталықсыздандыру,
басқару деңгейлерінің функцияларын қатаң
анықтау, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін
дамыту жөніндегі жұмыстарды атқару өзектілігі
күннен күнге артуда.
Жергілікті өзін-өзі басқару жайлы сөз
қозғасақ, мұнда, ең бастысы, жергілікті орындарда
атқарушы мен уәкілетті билік тежемелік пен тепе-теңдік
жүйесін орнату көзделуде. Жергілікті өзін өзі
басқарудың органдарының функциялары мен
уәкілеттіктерін, ішкі құрылымын, қаржыландыру
көздері және қорғану тетіктерін ойластыру керек.
Сонымен қатар, облыс әкімдерін сайлау кезінде аса
мұқияттылық танытқан абзал.[1]
Халықтың
мемлекеттік аппаратқа деген көзқарасы мемлекеттік
қызметтердің сапасымен және қолжетімділігімен
байланысты екенін атап өту керек.
Мемлекеттік
қызметтер көрсетудің қолданыстағы стандарттары
мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін, мемлекеттік
қызметтің сапасы мен қолжетімділігі
көрсеткіштерінің нормативтік және міндетті түрде
орындалуға тиіс мәндерін, шағым беру тәртібін
және байланысу ақпаратын, сондай-ақ мемлекеттік
қызметтер көрсету кезіндегі уақытша шектеулерді белгілейді.
Алайда,
қазіргі кезде мемлекеттік органдардың қызметінде мемлекеттік
қызмет көрсету кезінде тиімсіз ұйымдастырушылық
және ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік
қызметтер көрсетудің бекітілген стандарттарын бұзу
фактілері байқалуда. Бұл заңды және жеке
тұлғалардың мемлекеттік қызметтер сапасы мен
қолжетімділігіне тиісті дәрежеде қанағаттанбауына
әкеп соғады.
Мемлекеттік
қызметшілердің кәсіби деңгейінің төмен
болуы, бюрократия көріністері және мемлекеттік қызметтерді
көрсету кезінде әкімшілік кедергілердің болуы мемлекеттік
қызмет имиджіне кері әсерін тигізуде және халық пен
бизнестің мемлекеттік органдар жұмысына
қанағаттанбауының негізгі себебі болып табылады.
Қазіргі
таңда елімізде іске асырылып жатқан әкімшілік
реформалардың алдында бірсыпыра міндеттер тұр – мемлекеттік
аппараттың көлемін оңтайландырумен бірге оның
тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметкерлердің
жауапкершілігін арттырумен қатар олардың әлеуметтік беделін
көтеру.
Жоғарыда
көрсетілген түйткілді мәселелерді ескере отырып, мемлекеттік
қызмет жүйесінің одан әрі үдемелі дамуын
және оны мемлекеттік басқаруды жаңғырту процестерімен
өзара тығыз байланыста реформалауды қамтамасыз ету
қажет.
«Қазақстан
– 2030» стратегиясында айқындалған мемлекеттік қызметті
дамытудың басымдықтары: «кадрларды жалдау, даярлау және
жоғарылату жүйесін жақсарту»; «мемлекеттік қызмет –
ұлтқа қызмет ету»; «мемлекеттік қызметтің
жоғары абыройын қалыптастыру және қолдау» осы
тұжырымдамамен Қазақстан Республикасы мемлекеттік
қызметінің жетілдіру жолдарын қалыптастыруды қажет
етеді.[2]
Мемлекеттік
қызметтің жетілдіру жолдарын қалыптастыруда мемлекеттік
қызмет институтын одан әрі жетілдіруге, сыбайлас
жемқорлықпен күресті жүйелендіру, мемлекеттік
қызметке кірудің тиімді әрі айқын тәртібін,
үздіксіз кәсіби даму мүмкіндігін, жұмыс
нәтижелері мен ынталандыру жүйесінің өзара байланысын
қалыптастыруға аса назар аудару керек. Мемлекеттік
органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін күшейту,
оның ішінде осы органдардағы басшы адамдар сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылығын
жасаған жағдайда оның орнынан түсуіне дейінгі шараларға
көңіл бөлу керек.
Осы шаралар
мемлекеттік қызметшілерге қойылатын этикалық және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды күшейтуге
және халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін
арттыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік
қызметтер көрсету сапасы мемлекеттік қызметшілер жұмысы
тиімділігінің басты көрсеткіші болады, басқаша
айтқанда, мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметтерді
тұтынушы ретінде халыққа бағдарланатын болады.
Мемлекеттік
жоспарлау мен бюджеттеуге қатысты жаңа тәсілдерге
сәйкес мемлекеттік органдардың қызметі мемлекеттік
органдардың функциялары мен өкілеттіліктерінен туындайтын
мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағдарлануға тиіс.
Мемлекеттік органдар
қызметінің тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік органдарда
еңбекті ұйымдастыру мен менеджменттің, транспаренттік
және нақты лауазымды адамдардың жауапкершілігі
қағидаттарына негізделген шешімдерді қабылдау процестері мен
рәсімдерінің сапасын арттыруға бағытталған
нормативтік құқықтық, әдістемелік
және ұйымдастырушылық шаралар айқындалатын болады.[3]
Осыған
байланысты, ақпараттық технологияларды қолдану
қажеттігі арта түседі, бұл халыққа және
бизнеске қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органның
функцияларын оңтайландыру мен автоматтандыруға, әкімшілік
кедергілерді және халық пен бизнестің мемлекеттік органдармен
тікелей байланысын азайтуға бағытталған.
Әрбір
мемлекеттік органның жұмысында мыналар: ақпараттық
материалдарды БАҚ-та орналастыру; оңтайлы басқару шешімін
қабылдау үшін ақпараттық кеңістік пен
жұртшылық пікіріне мониторингі жүргізу; мемлекеттік
қызметшілердің жұртшылықпен тікелей байланыстары
(азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау, халықпен ресми
және бейресми кездесулер, жұртшылықтың қандай да
бір топтары тартылатын әртүрлі кеңейтілген кеңестер,
әртүрлі әлеуметтік және басқа да жобалар
таныстырылымы); азаматтардың әртүрлі санаттарының
өкілдерімен өзара интерактивті іс-қимыл жасасу және
басқалары осы бағыттағы тетіктер болуға тиіс.
Мемлекеттік
қызметтер көрсету сапасын арттыру және оларды көрсету
процесін басқару үшін тиімді сыртқы бақылауды енгізу
қажет, ол заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді
және уәкілетті мемлекеттік органды айқындауды талап етеді.
Заңнамада
мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсеткені, сондай-ақ
мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерін
бұзғаны үшін адамдардың жауапкершілігін қарастыру
керек.
Сонымен қатар,
көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалау үшін
халықпен кері байланыс тұрақты негізде, оның ішінде
мемлекеттік қызметтерді тікелей алу кезінде сауалнамалық сауалдарды
және жеке және заңды тұлғалардың
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мен қолжетімділігіне
қанағаттану дәрежесін айқындауға бағытталған
әлеуметтік сауалдарды өткізу жолымен орнатылатын болады.
Қазақстан
Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының
2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған
құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» 2009
жылғы 24 тамыздағы № 858 және «Қазақстан
Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 жарлықтарын
жетілдіру жолымен іске асыру көзделеді.
Қорта
айтқанда мемлекеттің әрбір ұсынған реформалары
қазақстандықтың қанатын қатайтып,
қадамын нығайта беруді көздеуі керек. Өйткені,
Қазақстан Республикасының ең басты қазынасы –
адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары екенін естен шығармаған абзал.
Әкімшілік реформалардың басты мақсаты – мемлекеттік
қызметкердің халқына адал қызмет жасауы.
Қолданылған ақпарат көздері
1. Шоманов А.Ж.,
Бельгибаев С.Т., Морозов А.А., Тастенов А.Ж., Утешев Д.А.
Реформирование системы государственного управления:
зарубежный опыт и Казахстан. Научное издание. – Алматы: КИСИ при Президенте РК,
2005. – 276 с.
2. Жамбылов Д. Саясаттану: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы,
2003. -288б.
3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік
қызметі жаңа моделінің концепциясы
http://www.kyzmet.kz/?lang=kz&id_1=88&type=.