Экономические науки”/ 4.Инвестиционная деятельность и фондовые рынки.

Ибраева Жанар

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің магистранты

Капанова Ш.А.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарынның магистрі

Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы

Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыру: қазіргі жағдайы мен даму жолдары

 

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық үдеріс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық үдерісті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

Экономиканың нақты секторларының дамуы бiздiң Қазақстанның болашағына зор ықпал eтeтiнi белгiлi. Әрбiр елдiң экономикалық өcyi жаңа ірі масштабты жобалардың көмегiнсiз, инвестиция және инновация, саяси тұрақтылықтан және қаржылық жүйенiң тұрақтануынан, инвесторлардың сенiмдiлiгiмен, ұлттық өндiрiстiң тиiмдi дамуынсыз қалыптасуы мүмкін емес. Олар үшiн:  жетілген саяси құрылым; кәсіпорындар үшін кешенді стратегияны өңдеу; бәсекелiк жағдайын ғылыми-техникалық прогреске сай орындау; елдiң қауiпсiздiгiн нығайту; адамның тұлғa екендiгiн көрсете бiлу;  инвестицияны дұрыс пайдалану қажет.

«Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Біз Қазақстанда өңірімізге жұмыс істеуге дайын инвесторлар үшін барынша тартымды жағдай жасауға тиіспіз»-деп атап өтті [1, 2б].

Қазақстанның аграрлық секторы үлкен экспорттық мүмкіндіктерге және инновациялар енгізу үшін жоғары әлеуетке ие. Азық-түлікке деген қажеттілік әлемде жыл сайын өсе беретін болады. Бізге бұл мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды.

Мемлекет ауыл шаруашылығына орасан көмек көрсетіп отыр. Бізге жеке инвестициялардың аграрлық өндіріске тәуекелін төмендету үшін қарыздарды кепілдендіру мен сақтандырудың мемлекеттік жүйесін жасап енгізу керек.

Фермерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту үшін балама жолдар табу қажет. Мемлекетке астық саласын ұйымдастыру және құрылымдау, біртұтас астық холдингін құру қажет. Ет өндірудің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жобаны жүзеге асыруды белсендірек ету қажет [2, 2б].  

Инвестиция саласындағы нарықтық өзгерістердің ұзақ мерзімге арналған бағыттарын белгілейтін инвестициялық стратегияның басты жолдары еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында көрсетіп берді. Инвестициялар – жалпы мемлекет үшін әлеуметтік – экономикалық дамуы үшін, сондай-ақ шаруашылық субъектілер қызметіне маңызды. Инвестициялық үдерістің ұлғаюына негізінен қаржы нарығының дамуы, қаржы құралдардың болуы, қаржылық институттардың қызметтері әсер етеді. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасу үдерісі инвестициялық қызметтің сипатын және шарттарын елеулі өзгертті.

Инвестициялар ақша қаражаттары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.

Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салынымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.                             

Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» ҚР Заңына (8.01.2003 жылдың) сәйкес, «Инвестициялар – бұл лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері» [3, 5б]. 

Қызылорда облысындағы «РЗА» акционерлік қоғамы көпсалалы кәсіпорын болып табылады. Негізгі қызмет түрі болып құрылыс-монтаждық жұмыстармен айналысса, бұған қоса «РЗА» акционерлік қоғамы қазіргі таңда өз көрсететін қызмет сферасын кеңейтті: күріш өсіру, қайта өңдеу және қаптау; сүт өнімдерінің өндірісі және оларды өткізу, шұжық және нан пісіру өнімдері; ірі және кіші мүйізді малды көбейту; жанар-жағар майды өткізу; теміржол және техникаларды арендаға алып, қызмет көрсету.   

Қазақстан Республикасының Парламентінің ашық сессиясының ІV шақырылысында: шағын және орта бизнестің бәсекелестігінен мемлекеттік толық бәсекелестікке дейінгі бағдарламаның бетінде сай келеді. Президент алға қойған мәселесі – ірі 50 елдің қатарына қосылу болып отыр [4, 10б].

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы №373 – ІІ «Инвестиция туралы» Заңына сәйкес, ҚР Үкіметі «Қызметтердің белсенділік деңгейіне жататын классификаторларының тізімінде» бұл кәсіпорын көрсететін қызметтер түрі жататындықтан, салық салудың жеңілдіктеріне ие бола алады.

Қазақстан Республикасы Президентінің  2010 жылғы 19 наурыздағы «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламасы және  Қазақстан Республикасы Президентінің бірқатар Жарлықтарының күші жойылуы туралы» № 958 Жарлығына, ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жеделдетілген индустриалды- инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру  бойынша ҚР Үкіметінің Іс шаралар жоспарын бекіту туралы» №302 Қаулысына сәйкес аймақтық индустрияландыру  Картасы әзірленіп облыс әкімдігінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі №38 шешімімен бекітілді.

2010 жылы индустрияландыру Картасы шеңберінде жалпы сомасы 26 млрд. теңге болатын 11 жоба іске асырылды, 400 жаңа жұмыс ашылды.

Индустрияландыру Картасын іске асыру таукен, мұнайхимия, мұнайгаз өнеркәсібінің, жол саласының агроөнеркәсіп секторының, энергетиканың дамуына ықпал етті. Соның ішінде «РЗА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Голштино фриз» венгерлік тұқымды 660 бас ірі қара малға сүт тауарлы фермасы пайдалануға берілді. Ферма жылына 10,8 мың тонна сүт өнімдерін шығарады [5, 8 б].

Тамақ өндірісі және ауыл шаруашылығы өнімдерін шикі түрде қайта өңдеудің бәсекеге қабілеттілігін көтеруде, кәсіпорындарға айналым қаражаттарын толтыру үшін субсидиялау ретінде бюджеттік бағдарламалар, екінші деңгейлі банктер ұсынатын несиелер және несие сыйақылары жүзеге асырылады. 2007 жылы бұл республикамыздың 140 шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындарына банктен 16 366,9 млн теңге бөлінді.

Барлық субсидиялау ставкалары екінші деңгейлі банктердің несиелері және оның ставка сыйақылары бойынша бес жыл ішінде қайта өңдейтін кәсіпорындарға құюын қаратып, бұл сала бойынша 58,1 млрд тенге, яғни әрбір бюджеттік субсидияның бір теңгесі несиелік қаражаттың 15 теңгесін өзіне қаратты. Бес жыл ішінде етті сатып алу ақшалай мазмұнда 15% (1504,5 млн теңгеден 1724 млн теңгеге дейін) өсті, сүт - 21% (2058,6 млн теңгеден 2500,0 млн теңгеге дейін), дән-дақылдар - 27% (14346,8 млн теңгеден 18219,4 млн теңгеге дейін) өсті.

2006 жылдан бастап кәсіпорындардың ИСО және ХАССП халықаралық стандарттарының базасына сәйкес шығындарды зерттеу, менеджменттік сапа мен қауіпсіздікпен сертификатталуына бюджеттік субсидиялаудың бағдарламалары жүргізіліп жатыр.

2007 жылы республикалық бюджеттен бұл жоғарыдағы көрсетілген мақсаттарға 100 млн теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта ИСО және ХАССП сапалы менеджмент жүйесінде 100 кәсіпорын енгізілген.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші 8 сала бойынша қосымша құнға қосылатын  салықты төлеу бойынша төмендетуі, 2007 жылдың басына қарай 3,5 млрд теңгеге жуық қаражаттар өз меншігінде қалып, оларды өндіріс модернизациясына, жаңа өнім түрлерін шығаруға, қосымша шикі фабрикаттарды сатып алуға, дайын өнімді өткізу көлемін ұлғайтуға жұмсау үшін пайдалануға мүмкіндік берді. Бұған қарамастан, 2007 жылы бұл салалардан алынған қосымша қосылатын  салық бойынша түсімдер екі есеге өсіп, корпоративті табыс салығы 20,7% құрады. Бұл байланыста, барлық ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші салаларға қосымша қосылатын  салық бойынша салық салудың жеңілдетілген режимі таралған.

Қазіргі таңда өзінің жұмысын «РЗА» акционерлік қоғамы 2000 жылдан құрылыстық-монтаждау жұмысты орындаудан бастап, әлеуметтік мәнді, көптеген салалық, табысты өндірістік азық-түлік тауарларын шығара отырып, өз қызметін үкіметтің агроөнеркәсіптік кешенді даму бағдарламасына сәйкес әртараптандырды.

Кәсіпорын тұқымдық мал шаруашылығымен ауыл шаруашылығы мәдениетін өсірумен айналысады. Шаруашылық территориясында күріш өндіру зауыты, сүт өнімдері, шұжық, нан өнімдері зауыттары ашылған. 

Соңғы жылдарда өндіріске озық технологияларды енгізу және жұмыскерлердің іскерлігі өндірісті екі есеге ұлғайтты. Соған қоса өндірілген өнім - 100% табиғи және Қазақстандық құраммен.

Құрылған өндіріс Қазақстанның азық-түліктік қауіпсіздігін жоғарылатып отыр. Кәсіпорын өнімдерді елдегі ішкі нарыққа шығара отырып 90% өндірілген күрішті экспортқа жібереді.

Кәсіпорынның міндеті – сапалы, отандық құрамдық өнімді нарыққа шығару арқылы Қызылорда облысының ауыл шаруашылық саласын дамыту.

Кәсіпорынның мақсаты:

1. Кәсіпорынның коммерциялық пайдасының көлемін өсіру;

2. Мамандардың біліктілігін жоғарылату;

3. Өндірілетін өнімдердің көлемін өсіру мен ассортименттерін кеңейту;

4. Жаңа өткізу нарықтарына шығу;

5. Банктік міндеттемелерді жабу.

Қазіргі уақытта бұл жоғарыдағы көрсетілген жетістіктерге жету үшін кәсіпорын мынадай жұмыстардың тізімін орындау керек:

1. Қаржылық және маркетингтік аудитті іске асыру.

2. Кәсіпорынның барлық бизнес-үдерістеріне реинжиринг өткізу.

3. Өнімнің сапалылығына жаңа бақылау жүйесін енгізу.

4. Жаңа маркетингтік  стратегиялардың орындалуын бастау.

5. Жұмыскерлердің біліктілігін көтерудің программасын меңгерту.

«РЗА» акционерлік қоғамының соңғы жетістіктерінің бірі ірі бәсекелес шетелдік мердігерлер арасында жеңіске жетті. Мысалы: егер Түркменияның компаниялары алдыңғы уақытта ресейлік күріштен алып отырса, қазір олар толығымен Қазақстандық өнімге көшті.

«РЗА» акционерлік қоғамы өзінің тәжірибесінде еліміздің мемлекеттік саяси бөлімі анықтағандай өндірістің әсерін әртараптандыру, ұтымды кластерлік көзқарас енгізу жұмыстарын көрсете отырды.

Аграрлық бағыттың дамуы игерілмеген жер участкелерінде: Мұратбаев, Майдакөл, Түктібаев және Бекарыстан би тұрғын нүктелерінде жүзеге асырылды. Қазіргі таңда «РЗА – АГРО» ЖШС бұл аумақта өсірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің бар түрін өсірумен айналысады. 2011 жылы 3000 га күріш, 1022 га өткен жылдың жоңышқасы, 865 га ағымдағы жылға жоңышқа, 1190 га арпа, 750 га сүрлемге жүгері себілген. Дән сақтау көлемі шаруашылықта 24000 мың тоннаға дейін.

2006 жылдың қазан айында күріш өндірісіне кластерлік жүйе енгізу мақсатында жаңадан күрішті қайта өңдеу зауыты қуаты 5,5 тн/сағ және экологиялық таза өндіріс минималды кету және алып тастау тапсырылған.

Зауыт толық технологиялық цикльді орындайды – шала күрішті қабылдайды, өңдейді, дайын өнімді буып-түйеді. Ақталған дән жергілікті дүкендерге, прилавоктарға және экспортқа Ресей, Украина, Тәжікстан, Белоруссия, Түркменстанға жіберіледі.

Тұрғындарды нан өнімімен қамтамасыз етуде «РЗА» акционерлік қоғамында нан, бөлке, макарон және кондитерлік өнімдердің 12 түрін шығаратын «Нан цехы» жұмыс істейді. Алмастыру кезеңінде 1000 кг ұн өндіреді. Келесі маңызды болып келетін кәсіпорынның бөлімшесі – мал шаруашылық жұмысы. Бүгінгі күнде шаруашылықта 166 бас түйе, 311 бас ат, 217 бас ірі мүйізді мал, 3100 бас жергілікті тұқымдас қойлар бар. Тайпалық шаруашылықта 1332 бас ірі мүйізді мал бар.

«РЗА» акционерлік қоғамында келесі өндірістік кезеңнің кластерлерін қамтамасыз ету мақсатында күніне өнімділігі 2 тонна шығаратын «Шұжық цехы» салынған. Кәсіпорын барлық халықаралық стандарттардың талаптарына сай болады және европалық жоғары өндіргіштік жабдықтармен жабдықталған. Өнімдер жергілікті базарда және Қазалылық, Қармақшы және Арал аудандарымен Байқоңыр қаласындағы дүкендердің нүктесінде іске асырылады.

Еншілес кәсіпорын «РЗА – ТРАНС» ЖШС көлік инфрақұрылымын жақсартумен ауыл шаруашылығымен құрылыс бойынша қызмет етеді. Кәсіпорынның автобазасында 150 көлік және 75 тіркемелер, жабық гараждар, аккумуляторлық, пісіретін (сваркалық) және токарлық цехтар бар.

Кәсіпорын орындаған құрылыс жобаларының ішінде: мемлекеттік бағдарлама бойынша «Ауыз су», «Таза су»; Арал - Сарбұлақ топтық су құбыры

IV кезеңі, 100 керуеттерге арналған комплексті туберкулез ауруханасы; Арал - Сарбұлақ топтық су құбыры V кезеңдік – кенттегі, Әйтеке би және Қазалы қаласындағы су құбырын қайта конструкциялау, сонымен бірге Арал, Қармақшы және Қазалы ауданындағы құрылыс - су құбыры.

Соңғы жаңа жоба – кәсіпорындағы замануи 660 арналған ірі сүтті  тауарлық ферма (бірінші этаптан өткен) және сменасына 30 тонна қуаттылықпен жұмыс істейтін сүтті қайта өңдеу зауыты болып табылады. Қазалылық сүтті комплекстің өнімі – Қазақстан бойынша ең жалғыз кәсіпорын, яғни сапасымен ірі батыстық үлгілермен бәсекелес бола алады.

Бұл ерекше жоба Қазақстанның 2010 – 2014 жж арналған индустриализациялау программасы бойынша жүзеге асырылған. Инвестициялық жобаның бірінші этаптағы сомасы – 2 228,3 млн теңге оның ішінде 15%-ы «РЗА» акционерлік қоғамының өз қаражаттарынан салынған. Инвестициялық жобаның орындалуына барлық сүт өнімі өндірісінің технологиясымен азық базасынан бастап, сауым жер, өндіріс, қайта өңдеу және соңғы тұтынушыға дейінгі өнімнің орындалуы қамсыздандырылды.

Зауыт сүт өнімдерінің барлық түрлерін өндіреді: «Ақ – бұлақ» тауар маркасы атында: пастерленген, ультрапастерленген сүт, айран, қаймақ, сары май, ірімшік және басқа да табиғи сүттен жасалатын өнімдер. «РЗА – Асыл түлік» ЖШС сауын сүттің көлемін ұлғайтуда Венгриядан өзгеше сүтті тұқымдас – Голштино – фриз сиырларын әкелді.

Комплекс жоғары технологиялық, замануи жабдықтармен жабдықталған. Олар Германия, Голландия, Италия және Ирландиядан алынған. Барлық процес автоматтандырылған – климат – бақылау жүйесінен компьютерлендірілген сауын цехы, арналған әр жануардың жағдайын білетін типтерге дейін.

«РЗА» акционерлік қоғамының стратегиялық жоспарында сапалы сүт өнімдерін өте жоғарғы бәсекелестік әлем нарығына шығару болып отыр.

«РЗА» акционерлік қоғамының қызметі көптеген дипломдармен, медальдармен және облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі көрмелер мен конкурстарда жеңіске жетті. Солардың ішінде облыстық көрме сайысында: «Қазақстанның үздік тауары» (2005, 2006, 2007, 2010, 2011); республикалық көрме сайысында: «Қараөткел» (2006, 2007, 2011 жж); Гуанчжоу қаласындағы жәрмеңке (2006 ж); республикалық конкурс «Алтын сапа» (2007, 2010, 2011жж); «Парыз» (2009, 2010, 2011жж).

Бұдан басқа, «РЗА» акционерлік қоғамы «Достастық жұлдызымен» («Звезда Содружества») (2008ж) өзара тиімді серіктестік жүргізуі, Қызылорда облысы әкімінің жыл сайынғы дипломымен мал шаруашылығындағы жоғары көрсеткіштер үшін «Алтын дән» дипломымен, «Жыл көшбасшысы», «Сүт өнімдерінің өндірісі», «Шұжық өнімдерінің өндірісі» номинацияларында «Алтын көшбасшы» дипломын; «Қазақстандық құрам – 2011» көрмесіне қатысушы; «Душанбедегі халықаралық индустриалдық – сауда көрмесінің» сертификатымен марапатталған.

«РЗА» акционерлік қоғамы жоғарғы сапалы өнімдері мен көрсетілетін қызметтері: ИСО 9001:2008, СТ РК 9001-2001 менеджменттік сапалы жүйесінің сертификатына сәйкестендірілген, IQNET халықаралық сертификаттау жүйесімен «Русский регистр» сертификациялау Ассоциациясымен тіркелген. Бұл ИСО 22000-2006 сәйкес ХАССП жүйесі.

Кәсіпорын бұл жетістіктермен тоқталып қоймайды. Даму жоспарына Қазақстандық құраммен жасалған сапалы өнімді өткізудің көлемін өсіру арқылы нарықтағы үлесін жоғарылату; Қазақстанның солтүстік облысына «РЗА» акционерлік қоғамының өнімдерін жеткізу; Ресейге, европалық нарыққа шығу кіреді. Сондай-ақ жаңа өнімнің өндірісін кластерлеу қарастырылып жатыр. «РЗА» акционерлік қоғамы облыста, мемлекетіміздегі нарықта алдыңғы позицияда келе жатыр.

Әдебиеттер:

1.     «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы //Айқын, 30 қаңтар, 2010 ж.

2.     «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы //Сыр бойы, 28 қаңтар, 2012 ж.

3.     Инвестициялық жобалау: Оқу құралы./Әлжанова Н.Ш. – Алматы: Заң әдебиеті, 2007

4.     «РЗА» акционерлік қоғамының жарғысы: «РЗА» АҚ Акционерлері жалпы жиналысының 26.11.2010 жылғы №12 шешімімен бекітілген.

5.     Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы, Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 343 кезектен тыс IIL шешімімен бекітілген.