ОӘЖ 37.036/371.3/780
МЕКТЕПТЕГІ ҚОЛДАНБАЛЫ КУРСТАРДЫ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Болатбекова Г.С.
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық
білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған
жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа
ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған
білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және
әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді
мақсат етеді. 12 жылдық білім мазмұнының негізгі мақсаты – қарқынды дамып
келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге
икемді, жеке басының, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай
өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын, білімді, шығармашылыққа
бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны
қалыптастыру [1].
Қазақстандағы
мектептік білім беру реформасын жүзеге асыру аясында ҚР МЖБС - 2002 ережелеріне сәйкес 2006/2007 оқу жылынан бастап 10-11 сыныптарда қоғамтану - гуманитарлық, жаратылыстану - математика бағыттары бойынша оқушыларды бағдарлы оқыту
енгізілді. Стандарт негізінде оқытудың екі
бағыты бойынша пәндік бағдарламалар әзірленіп,
тәжірибелік сынақтан өткен жалпы білім беру мектептерінің 10-11 сыныптарында пайдаланылған алғашқы отандық бағдарлы оқулықтар мен оқу-әдістемелік
кешендер дайындалынды [7].
Мектептердің басым бөлігінде бағдарлы пәндердің икемді емес жиынтығынан
құралған бағдарлы оқу жоспарларының қатаң варианттары бекітілген.
Кішігірім ауыл мектептерінде бағдарлы сыныптардың құрылуына
байланысты да проблемалар пайда болуда. Кадрлық және материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігіне байланысты бірқатар мектептер тиімділігі аз ішінара бағдарлы ті енгізуде (мысалы, бір
пәнді тереңдетіп оқыту).
Бағдарлы оқыту принциптерін іс жүзінде жүзеге асыра
алатын мұғалімдерді
дайындау және қайта даярлау
мәселесі өте өткір тұр.
Оқытуды бейімдеудің бағыты
- белгілі білім салаларындағы топтық пәндерді жоғары деңгейде оқып үйренуді
қамтамасыз ететін бағдарлы
оқытудың ұйымдық формасы. Оқудың бағдарлы
бағыттарын таңдау оқушылардың
сұраныстарына, ата-аналардың пікіріне, мектептің мүмкіндіктеріне
сәйкес анықталады [2].
Оқу процесіне қатысушылардың жеке мүдделерін ескеру бағдарлы оқуды таңдау кезінде іске асырылады.
Бағдарлы оқу - оқу бағытының ішінде оқушы тандап алатын, оқушының танымдық
сұранысын және ынтасын қанағаттандыруға әрі оның жеке білімдік траекториясын
іске асыруға бағытталған
бағдарлы пәндердің және
қолданбалык курстардың
жиынтығы.
Оқушының әлеуметтендіру мүмкіндіктерін кеңейту бағдарлы
оқытуды енгізудің мақсаттарының бірі болғандықтан,
білім беру ұйымы белгілеген рәсімдерге
сәйкес өз таңдауын және оқу бейімін өзгертуге
оқушының құқы
болуы тиіс .
Қолданбалы
(элективті) курстар орта мектептің жоғарғы буындарында кәсіптік
оқытуда негізгі роль атқарады. Қазақстан
Республикасы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында
жоғарғы сыныптарда оқыту мазмұнын дифференциалдау 3 түрлі курстардың:
базалық, бағдарлы және қолданбалы өзара
байланыстылығы негізінде іске асырылады. Алайда, әр курстың өзіне
тән басымдылық міндеттері бар.
Базалық - жалпы білім беретін курстар барлық
оқушылар үшін міндетті және ол жалпы білім беру дайындығының
инвариантты бөлігін бейнелейді.
Бағдарлы курстар кейбір пәндерді тереңдетіп
оқытуға және мектеп бітірушілерді кәсіптік білім беруге
бағытталған.
Қолданбалы курстар әр оқушының
ынтасы мен бейімділігіне байланысты ұйымдастырылады. Бұл курстар
жеке білім бағдарламасын құрудың негізгі құралы
болып табылады.
Қолданбалы курс (таңдау бойынша
курс) бағдарлы оқыту жүйесінің маңызды рөлін
атқарады. Факультативті курстан басқа, мектепке қатысты, жоғарға
сыныптарға арналған қолданбалы курс.
Қазақстан
Республикасында жақын арада жоғарғы мектептік білімде бағдарлы
оқыту енгізілді, құрамалық бөлік жалпы білімдік
базаға байланысты тереңдетілген (мамандандырылған және
бағдарлы) және қолданбалы курстар. Әртүрлі
курстарды орындағанда мұғалімдер жолында қиындықтар
болуы мүмкін. Олардың формальді білімнің , дарындылығы
мен қолдана білуі іске асырылады. Бақылаушының сұрағы
актуальді, бақылау құрамалық бөлік болып
табылады, оқытудың компанентті процесі, программалық
материалды меңгерумен байланысты, бекітуі мен қолданылуы, тиімді
методтарды қолданылуымен, дер кезінде орнатуға көмектеседі,
сонан соң оқу процесінде аяқталмаған істі жүргізеді,
оқу материалдарының жетіспеушілігін қолға алады және
ары қарай жұмыс істеуіне көмектеседі.
Қазіргі
кездегі ең жақсы мектептердің бір жоғарғы
сыныптарға арналған бағдарлы оқыту негізінен ол 3 бөлімнен
тұрады:
-
Базалық (негізгі)
-
тереңдетілген (мамандандырылған)
-
қолданбалы (дамытушылық).
Егер де алғашқы екеуімен бәрі түсінікті,
өйткені ол жоба кәдімгі мектептерде де қолданылады, ал қолданбалы
курс олардан сәл өзгешелеу. Біріншіден – оған байланысты
нормативті құжаттар дайындалмаған. Екіншіден – оған
байланысты дайындалған жобалар тәжірибеден өтпеген және
қана баяндама ретінде қалған. Үшіншіден – қолданбалы
курсқа байланысты базалар дайындалмаған және ғылыми
зерттеулерді күтуде. Төртіншіден – қолданбалы курсқа
байланысты жасалған жалпы жоба жоқ. Қолданбалы курстың педагогикалық маңызын
бағалай отырып, оның ғылымғы деген қажеттілігін
есте сақтау қажет.
Базалық
жалпы білімді курстар барлық оқушыларға білімнің
міндетті инварианттық бөлімін көрсетеді және жалпы
білімді дайындықтың аяқталуына
бағытталған. Бағдарлы курстар әр пәннің
терең зерттеуін қамсыздандырады және ең біріншіден
мектеп бітірушілердің келесі кәсіптік біліміне дайындайды. Қолданбалы
курстар әр оқушының қажеттілігімен, бейімділігімен
байланысты. Тек қана осы ғана индивидуалды жалпы білімді
программаны құруға мүмкіндік береді, өйткені көбінесе
олар оқушының талдауымен, қабілеттілігімен, кейінгі өмірдегі
мақсатпен байланысты. Бірден айтып кететін жайт, қолданбалы курс
авторлық болып табылады және ол оқу жоспарына арналған уақыттан аспайды, тәжірибе
көрсеткендей ол 16 дан 134 сағатқа дейін болып келеді. Айтылған
курстық жұмыста тек қана мынадай қолданбалы курс қарастырылған:
оған уақыты 34 сағаттан
аспайды, өйткені мұндай ауқымды курстар мазмұнды және
практикалық жүйелерге бөлінген.
Қолданбалы
курстар жалпы білімдік курстар және кәсіптік курстардан
ерекшелінеді, формасы бойынша, мазмұны бойынша мектептегі білім берудегі
индивидуалды әдіс болып саналады. Олар тікелей білім берудегі мақсаттарға,
міндеттерге, өмірдегі жоспарларға байланысты. Қолданбалы
курстар – ол таңдалынған білім берудегі жоғарғы
сыныптардың білім беру жоспарына кіру міндетті деп кездейсоқ
айтылмаған. Сондықтан да қолданбалы курстардың өткізу
барысында 4 түрлі бақылау өткізуге болады:1.Кіріспе
2.Ағынды 3.Аралық 4.Қорытынды. Ал бағдарлы және базалық
курстарда бастапқы бақылаудан бас тартуға болады. Бұл
оның сатысын және оқу деңгейін анықтауға
арналғандығына байланысты.
Бастапқы
бақылаудың ең оңай түрі анкета және әңгіме.
Анкеталық бақылау мұғалімге қиыншылық тудыруы мүмкін. Анкетадағы сұрақтар
кейде ойдағыдай нәтиже бермеуі де мүмкін. Оқушылардың
жүйелі түрде өзіндік жұмысқа ынталануы, ұмтылуы,
өзінше сынып және үй жұмысын орындауы, берілген жұмысқа
жауапкершілік сезімі ағымдағы бақылауда үлкен мәні
бар. Қолданбалык курстарда ол әр сабақта жүзеге асады,
және ақпарат алуға бағытталған. Талдай отырып, мұғалім
өзінің түзетулерін енгізеді. Мысалы мазмұнының оқу
әдісінің, өзгеруі. Ол тағыда мұғалімге оқушылардың
білім сатысын көрсетеді және оқушыларға қандай
материал беруін болжамдайды. Жалпы түрде келгенде ағымдағы бақылау
сұрақ жүйесі, бақылау, кеңес, шығармашылық тапсырмалар арқылы жүзеге
асады.Шептік бақылау тек қана
көлемі 34 сағаттық қолданбалы курстарда ғана мүмкін,
өйткені осы сияқты курстар
бөлімнен тұрады және рубежкалық бақылау бір-
бірімен келісетін бөлімнін зерттеуінің аяқталуы. Шептік бақылаудағы
құралдардың арасында кішігірім жобалар, тесттер, жеке
тапсырмалар қолданылады. Қолданбалы курс қорытынды бақылаумен аяқталады. Мұғалім оқушының
алған білімін, дағдыларын, іскерлігін анықтайды. Қолданбалы
курстар жобалық жұмыспен немесе белгілі тақырыптағы
рефератпен аяқталады. Бақылаудың құралын нақты
таңдау біріншіден қолданбалы курстың бағыты мен мақсатына,
екіншіден мазмұнына, үшіншіден дайындықтың сатысына және
оқушының интелектуалды дамуына байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан
Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы.
2.Қазақстан
Республикасы «Білім » туралы Заңы.- Астана, 2007.
3.Қонақова К.
және т.б. ҚР мектептерінде бейінді
оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар.–А:Ы.Алтынсарин
ат.ҚБА,2006- 32 б.
4.Қазақстан
Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
5.Бастауыш мектеп. 2009
ж.