Б.Қасым – Абай андағы
ҚазҰПУ,
ф.ғ.д., профессор
Етістіктің грамматикалық категорияларын оқыту
әдістемесі
Етістік – сөз табының таптастырылуының үш
ұстанымға толық жауап беретін, мағынаға да, тұлғаға
да, қызметке де бай
категория. Етістіктің мағынасын, морфологиялық
көрсеткіштерін және синтаксистік ерекшеліктерін байқатуда,
негізінен, әңгімелесу, сұрақ-жауап, салыстыру
әдістерін басшылыққа алу қажет. Әңгіме әдісінде етістіктің қимыл,
амал-тәсіл, іс-әректе ұғымдарының атауы екендігі
анықталып, олардың сұрағы айқындалады да,
етістіктің үнемі зат – обьектімен және қимылды
орындаушы – субьектімен табиғи байланыста болатындығы
заңдастырылып отырылуға тиіс. Сонымен қатар,
оқушылардың шығармашылық ізденістерінің
нәтижесінде етістік сөздердің үнемі мезгіл,
уақыт, кеңістікпен де байланысып, қоғам
құбылысының алуан түрлі жайы да сол сөздер
арқылы танитындары да ескертіледі.
Бірінші қадам. Адам сөйлейді. Құс ұшады. Сиыр
мөңірейді деген сөйлемдердегі мағыналары анықталады.
Әрбір сөйлемге адам қайтеді? құс қайтеді?
сиыр қайтеді? деген сұрақтар қойылып,
сөйлеу қимылы адамға,
ұшу қимылы құсқа,
мөңіреу қимылы сиырға тән екені аңғартылады.
Мұнан соң бұл үш жалаң сөйлемде орындаушы
қимылдың иесі – адам, құс, сиыр екені
ескертіліп оқушыларға кім
сөйлейді? не ұшады? не мөңірейді? деген
сұрақ тіркестеріне жауап алу арқылы түсіндіріледі.
Екінші қадам. Тұқым себілді. Егін шығады. Астық
орылады
деген сөйлемдердегі тұқым,
егін, астық сөздеріне қайтеді? деген сұрақ қойып,
оқушыларды ойландырып, оларға қойылған
сұраққа себіледі,
шығады, орылады деген жауап
алынады да, бұл сөздердің іс-әрекет,
қимыл-амалдың атаулары екені
түсіндіріледі. Келесі тұқым,
егін, астық дегендерге не
себіледі? не шығады?не орылады?не жиналады? деген
сұрақтарды да оқушыларға айтқызып, тұқым, егін, астық сөздерінің
қимылымен байланысты екендігі және қимылды істеуші – субъект
емес екендігін жоғарыдағы адам,
құс, сиыр сөздерінің мағыналарымен салыстыра жаттықтырылады.
Үшінші қадам. Жаңбыр жауады, Қар ериді. Жер көгереді дегендердегі жауады, ериді, көгереді сөздері
де қайтеді? деген
сұраққа жауап болып, алуан түрлі
қимылдың атауы болып
тұрғанын оқушылардың өздеріне айтқызу
қажет. Мұнан соң Жаңбыр қашан жауады? Қар қашан ериді? Жер
қашан көгереді? деген сұрақтар қойылып,
оқушылардан толық жауап алынады. Қашан? Сұрағының етістік сөздеріне
қойылып тұрғаны аңғартылып,
іс-әрекеттің мезгіл, мерзімімен байланысты екені
түсіндіріледі.
Төртінші қадам.
Бала
өседі. Ата-ана баланы тәрбиелейді
деген сөйлемдерден өседі,
тәрбиелейді деген сөйлемдерден өседі, тәрбиелейді деген қимыл атауларын таптырып,
бұларды бала, ата-ана сөздерінен басқа тағы да
қандай сөздермен тіркестіріп, байланыстырып айтуға болады
деген ойландыру, іздену сұрағын қойып, ағаш өседі, шөп өседі, гүл өсседі,
астық өседі немесе мұғалім
тәрбиелейді, халық тәрбиелейді деген сияқты
мысалдыр ұсынылады. Бала
өседі, ағаш өседі дегендердегі өседі сөздерінің мағынасындағы
ерешелікті оқытушы өзі айтуы керек. Демек, бала өседі дегендегі өседі, ер жетеді, үлкен болады дегендегі білдірсе, ағаш өседі дегендегі өседі – ұзарады, биіктейді дегенді білдіретінін
аңғарту барысында оқушы ұғымына синоним сөздер ендіріледі.
Етістіктің
категориялары. Етістіктің грамматикалық
категорияларының көрсеткіштері. Етістіктің
грамматикалық категорияларының көрсеткіштері бар, олар: 1) қосымшалар,
2)
аналитикалық форманттар (АФ). Етістіктің
грамматикалық категорияларының мағынасы қосымшалар
арқылы беріледі. Етістіктің грамматикалық
категорияларының мағынасын білдіретін қосымшалар екі түрлі: 1) грамматикалық
жұрнақтар, 2) жалғаулар. Грамматикалық
жұрнақтар деп етістіктің грамматикалық
категорияларының мағынасын білдіретін жұрнақтар
аталады. Оларға: етістіктің болымдылық-болымсыздық
категориясыгың жұрнақтары 1) (-ма және
нөлдік жұрнақтар); 2) қимылдың өту
сипаты категориясының жұрнағы (-қылы, -ғыла,
-ғышта, -ыңқыра, -ымсыра); 3) есімшенің жұрнақтар
(-ған,
-ар, атын, -у, -мақ); 4) көсемшенің
жұрнағы (-ып, -а, -ғалы, -ғанша); 5) бұйрық
райдың нөлдік жұрнағы Æ; 6) қалу
райдың жұрнағы (-ғай); 7) шартты райдың
жұрнағы (-са); 8) өткен шақтың
жұрнақтары (-ды, -п, -ған, -атын); 9) осы
шақтың шақтың жұрнақтары ( -а,
-ыр); 10) келер шақтың жұрнақтары (-е,
-ар, -мақ) жататыны оқыту барысында нақты тілдік деректер, жаттығулар мен тапсырмалар арқылы
түсіндіріледі. Етістіктің грамматикалық категорияларының
аналитикалық форманттарының (АФ)
күрделенген құрамы, грамматикалық
көрсеткіштер екені, грамматикалық мағынаны
білдіретін тілдік бірліктер екені түсіндіріледі.
Қимылдың өту сипаты категориясы. Өмірде қимыл түрлі тәсілмен жасалатыны, қимылдың
өту сипаты категориясы –
көп мағыналы категория деп танылатын, тілде қимылдың
түрліше жасалуы, алуан түрлі ерекшеліктері, қазақ
тілінің грамматикалық құрылысындағы арнайы
категория екені туралы және түрлі
тәсілмен берілетіні тілдік деректермен түсіндіріледі.
Жаттығулар арқылы бекітіледі. Етістіктің модалділік
мағынасы, оның етістіктің рай категорияларынмен байланысы. Модалділік мағына –
тілдің түрлі деңгейіне қатысты, өте кең
өрісті тілдік категория екені
түсіндіріледі.
Етістіктің рай категориясын оқыту. Етістіктің рай категориясы –
мағына жағынан да аса бір күрделі тақырыптың
бірі. Етістіктің райын түсіндіру, қимыл,
іс-әрекеттердің өзіндік реңк (рай) белгілерін
аңғартуда көп ойланып, көп ізденуді қажет етеді.
Рай деген граматикалық атаудың өзін түсіндіру
оңай емес, абстракт ұғым. Етістіктің өз ішіндегі
қимыл ерекшеліктері атауларының бәрі өз
мағыналарына сай лайықты аталады. Ал рай категориясының атауы
тым абстрактылы, әдетте ауа райы,
адамның райы деген мағынада рай
сөзі қолданыла береді. Бұл тіркес құрамындағы
рай сөзі реңі, өңі дегендердің мағынасына
жуықтасады, бірақ оған
да толық келе бермейтін жайттар екені сөз болады. Осы сияқты
рай сөзі етістіктерде де жұмсалады. Рай категориясы субьект
(істеуші, сөйлеуші) мен амал-әрекеттің арасындағы
қарым-қатынастың әртүрлі реңктерде болатын
шындық көріністерді білдіретіндігі айтылып, түсіндіріледі.
Мысалы: Оқимын, оқиын,
оқысамшы, оқымақшы, оқырсың, оқысам игі
еді, оқыған екенмін, оқыр ма екен, оқып келпті,
оқығалы отыр деген
етістіктердегі қимыл, амал-тәсілдер өзара салыстырылып,
олардағы реңктік ерекшеліктер ажыратылуы керек. Оқу
қимылының орындалу, істелу барысында түрліше
көзқарас, түрліше хабардың барлығы
аңғартылады. Сөйтіп, іс-әркеттің
шындыққа, ақиқатқа қатынасын білдіретін
етістік түрлері рай деп аталатынына мән беріледі. Етістіктің
төрт түрлі райы бар: бұйрық рай, шартты рай, ашық
рай, қалау рай.
Бұйрық райды
оқыту. Әдетте
етістік атауларының бәрі бұйрық мағынада
жұмсалады. Мысалы: сен оқы, ол оқысын дегендегі оқы, оқысын
деген бұйрық етістіктер сөйлеуші біреуге немесе
тыңдаушыға оқу туралы бұйрық етістіктер
сөйлеуші біреуге немесе тыңдаушыға оқу туралы
бұйрық беріп тұрғандығы түсіндіріледі [1].
Сөйтіп, бұйрық мағынада қолданылатын етістік
түрі бұйрық рай деп аталады. Бұйрық рай II
және III жақта қолданылады. Негізгі, туынды етістік
атаулардың бәрі де бұйрық райдың II жағының екінші түрінде
айтылатыны ескертіледі. Мысалы: кет, кетір, ал, алдыр, алғыз, шегеле,
шегелт, көшір, ойлат, ойлатқыз, түсір т.б. Бұйрық
райлы етістіктер жекеше түрде
де, көнше түрде де
жіктеледі. Бұйрық райдың жіктелуі басқа жіктелетін
сөздерден ерекше, сондықтан бұйрық райлы
етістіктің жіктелуіндегі жіктік жалғауының варианттарын мына
түрде саралап, нақтылап берген жөн болады. Бұйрық
райдың жекеше түрінің I жағында жіктік жалғауы
дауыстыдан кейін -йын, -йін,
дауыссызх дыбыстан кейін, -айын, -ейін болып жалғанады. II жақтың
арнайы түрінде жалғау болмайды. II жақтың сыпайы
түрінде -ыңіз, -іңіз, -ңыз, -ңіз, III
жақта -сын, -сін болып
жалғанатыны мысалдармен түсіндіріледі. Бұйрық
райдың I жағы үнемі
қалау, тілекті білдіреді.
Шартты райды оқыту. Шартты райлы етістіктер істің
қимылдың істелуі, істелмеу шартын білдіреді. Шартты рай болымды,
болымсыз етістіктерге -са, -се жұрнағы
жалғңану арқылы жасалатыны түсіндіріледі. Мысалы: барса, бармаса, келсе, келмесе, оқыса,
оқымаса т.б.
Шартты райлы етістіктер құрмалас сөйлемнің
бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы ретінде жиі
қолданылатыны ескеріліп; Абайлар
келсе, ауыл тегіс жатып қалған екен (М.Ә.) Біздер барсақ, олар жүріп
кетіпті деген сөйлемдердің құрылымы
төңірегінде сұрақ-жауап әдісі арқылы
түсіндіріледі.
Шартты рай етістігі көмекші етістіктермен тіркесіп, күрделі
баяндауыш құрамында жиі қолданылатыны да ескертіледі [2].
Шартты райлы етістіктер сөйлемде қолданылу ыңғайына
қарай кейде мезгіл мағынасын да білдіретінінен де мәлімет берілуі қажет.
Мысалы. Мен келсем, ол кетіп
қалған екен деген
сөйлемді талдату барысында келсем деген сөз мезгіл мағынасын
білдіріп тұр.
Шартты райлы етістіктер -шы, -ші жұрнағы
жалғанып, өтіну, өкіну,
налу мағыналарын білдіретіні де айтылады. Мысалы. келсемші, барсамшы, оқысаңшы,
барсаңшы, келсеңші, оқысаңызшы,
көрсеңдерші, барсақшы т.б.
Ашық райды
оқыту. Ашық райлы
етістіктерде істің қашан істелген немесе істелетін шағы
және қайй жақта болатынын, болған жағы
ашық, анық білініп тұрады. Мысалы: оқыдым, оқыған едім, оқыған екен,
оқымақпын, оқыпты деген етістіктер істің
өткен шақ, келер
шақтарда істелетіні аңғартылып, қимыл-амалдың
қай жақта болатынын білдіретін жіктік жалғаулары да
көрініп тұрады.
Ашық райдың ерекшелігін білдіретін шақ, жақ
категорияларының жасалу жолы мен мағыналық жақтары
бұрын өтілген, таныс. Бұл жерде ашық райдың
мағыналық жағын ашып айту ғана мақсат етіледі.
Сөйтіп, іс-әрекеттің я өткен, я осы шақта, я келер
шақта болу-болмауын ашық рай делінеді деген тұжырымды
анықтама жасалады.
Қалау райды
оқыту. Қалау райды түсіндіру басқа рай
категорияларына қарағанда қиынырақ, оның себебі
қалау райының мағыналарында абстрактылы мағына
қамтылады [3]. Қалау райының мағыналарын сөйлем
ішінде танытқан жөн. Ол үшін Астанада оқығым келеді. Асқарды көрсем игі еді.
Ауылға барғайсың деген сөйлемдер ұсынып,
олардың мағыналарын анықталады. Сөйлемдердегі оқығым келеді, көрсем игі
еді, барғайсың дегендер істі істеуге адамның ықыласы,
ынтасы барлығын білдіреді. Осы етістіктерді оқығым келмейді, көрмесем игі еді,
бармағайсың деп болымсыздық мағынаға айналдырсақ,
істің істелуіне адамның ықыласы жоқтығын
білдіретіндігін салыстырыла түсіндіріледі. Сөйтіп, қимыл
иесінің іске ынтасы бар я жоқтығын білдіретін етістік
түрін қалау рай деп айтылатынына қорытынды жасалады.
Қалау райдың
жасалу жолдары:
Ø Етістік негізіне әуелі -қы, (-ғы, -кі), -гі
жұрнағы, одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанады
да, оған кел көмекші етістігі тіркесіп жасалады. Мысалы. оқы-ғы-м келді,
оқы-ғы-ңыз келді, оқы-ғы-сы келді,
оқы-ғы-мыз келді, оқы-ғы-ла-рың келді,
оқы-ғы-лар-ыңыз келді, оқы-ғы-ла-ры келді. Қалау райдың бұл түрінің болымсыз
түрі кел етістігіне -ма, - ме жұрнағы
жалғану арқылы жасалады. Оқы-ғы-сы
кел-ме-ген, айтқым кел-ме-ді.
Ø Шартты райлы
етістіктің жіктелу түріне игі сөзі мен е
көмекші етістігі
тіркесіп жасалады. Мысалы: Мен барсам игі
еді, сен барсаң игі еді,
сіз барсаңыз еді, сен барссаң игі едің, ол келсе игі еді т.б. Қалау райының бұл
түріне болымсыз -ма/ -ме, -ба/ -бе, -па/ -пе жұрнағы
шартты райлы етістік құрамында келеді. Мысалы: бармаса игі еді, бармасаң игі еді т.б.
Ø Етістік негізіне -қай/ -кей,
-ғай/ -гей
жұрнағы және жіктік жалғаудың тиісті
қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Мысалы. көр-гей-мін, көр-гей-сің,
бар-ғай-сың, біл-ггей-сің, кет-кей-сің т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Байтұрсынов А. Тіл
тағылымы. –Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.
2 Оралбай Н. Қазіргі
қазақ тілінің морфологиясы. Оқулық. –Алматы,
2007. – 390 б.
3 Қасым Б. Қазіргі
қазақ тілінің теориялық және қолданбалы
аспектісі.–Алматы: ЖК Волкова А.В., 2010. – 371 б.